Samsung | GT-B9150 | Samsung GT-B9150 Руководство пользователя

GT-B9150
Пайдаланушы
нұсқаулығы
www.samsung.com
Осы нұсқаулық туралы
• Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
• Суреттер мен скриншоттардың сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін.
• Мазмұн соңғы өнімнен я болмаса қызмет көрсетушілер немесе байланыс операторлары
қамтамасыз еткен бағдарламадан басқаша болуы мүмкін, әрі алдын ала ескертусіз
өзгертілуі мүмкін. Нұсқаулықтың соңғы нұсқасын Samsung веб-сайтында қараңыз:
www.samsung.com.
• Орталық процессорды және ЖЖҚ көп пайдалануды қажет ететін мазмұн (жоғары
сапалы мазмұн) құрылғының жалпы өнімділігіне әсер етеді. Құрылғының техникалық
сипаттамаларына және пайдаланылатын ортаға байланысты мазмұнға қатысты
қолданбалар дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Құрылғымен бірге келетін әдепкі қолданбалар жаңартылуы керек және алдын ала
ескертусіз енді қолдау көрсетілмеуі мүмкін. Егер құрылғымен бірге берілген қолданба
туралы сұрағыңыз болса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы
орнатқан қолданбалар үшін қызмет көрсетушілерге хабарласыңыз.
• Мазмұн пайдаланушының компьютерінің операциялық жүйесінен басқаша болуы
мүмкін.
• Құрылғыда дербес компьютерлердегі функцияларға ұқсас функциялар бар, бірақ кейбір
мүмкіндіктер басқаша және оларға қолдау көрсетілмейді.
• Бағдарламалар мен олардың функциялары ел, аймақ немесе аппараттық жасақтама
сипаттамалары бойынша ерекшеленуі мүмкін. Samsung компаниясынан басқа кез келген
провайдерден алынған қолданбалар тудырған өнімділік мәселелеріне Samsung жауапты
емес.
• Құрылғының амалдық жүйесін өзгерту немесе ресми емес көздерден бағдарламаларды
орнату құрылғының ақаулықтарына және деректердің бүлінуіне немесе жоғалуына
әкелуі мүмкін. Бұл әрекеттер Samsung лицензиялық келісімін бұзу болып табылады және
кепілдікті жоюы мүмкін.
• Құрылғыны ең соңғы бағдарламалық жасақтамаға жаңартуға болады. Қосымша
ақпаратты Samsung веб-сайтынан қараңыз.
• Бұл құрылғымен бірге берілген бағдарламалық құрал, дыбыс көздері, тұсқағаздар,
суреттер және басқа мультимедиа шектеулі пайдалану үшін лицензияланған. Бұл
материалдарды шығарып алып, коммерциялық немесе басқа мақсаттарға пайдалану
авторлық құқық туралы заңдарды бұзғандық болып саналады. Мультимедианы заңсыз
пайдалануға толығымен пайдаланушылар жауапты.
2
Осы нұсқаулық туралы
Нұсқаулық белгішелер
Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар
Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар
Ескерту: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Авторлық құқық
Copyright © 2013 Samsung Electronics
Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung
Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз, бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін
кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде,
фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде
сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.
Сауда белгілері
• SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген
сауда белгілері.
™
™
™
™ Movies және
• Android логотипі, Google , YouTube , Google Play Store, Google Play
Google Play Music — Google корпорациясының сауда белгілері.
®
™
• Bluetooth — Bluetooth SIG корпорациясының дүние жүзіндегі тіркелген сауда белгісі.
• HDMI, HDMI логотипі және «High Definition
Multimedia Interface» термині — HDMI Licensing LLC
компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері.
3
Осы нұсқаулық туралы
®
™
™
™ және Wi-Fi логотипі —
• Wi-Fi , Wi-Fi Protected Setup , Wi-Fi Direct , Wi-Fi CERTIFIED
Wi-Fi Alliance ассоциациясының тіркелген сауда белгілері.
Құрылғы гармониялық емес жиілікті пайдаланады және барлық еуропалық елдерде
пайдалануға арналған. WLAN желісін Еуропалық Одақта іште шектеусіз пайдалануға
болады, бірақ сыртта пайдалануға болмайды.
• Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар сәйкес иелерінің меншігі болып
табылады.
®
®
DivX , DivX Certified және байланысты логотиптер —
Rovi корпорациясының және оның филиалдарының
сауда белгілері және лицензия бойынша пайдаланылады.
DIVX БЕЙНЕСІ ТУРАЛЫ
®
DivX DivX LLC компаниясы, Rovi корпорациясының филиалы, жасаған сандық бейне пішім
болып табылады. Бұл — DivX бейнелерін ойнататынын тексеру үшін қатал сынақтардан өткен
ресми DivX Certified құрылғысы. Файлдарыңызды DivX бейнелеріне түрлендіру туралы
қосымша ақпарат және бағдарламалық құралдар алу үшін www.divx.com веб-сайтына кіріңіз.
®
DIVX VIDEO-ON-DEMAND ТУРАЛЫ
®
Бұл DivX Certified құрылғысын сатып алынған DivX Video-on-Demand (VOD) фильмдерін
ойнату үшін тіркеу керек. Тіркеу кодын алу үшін DivX VOD бөлімін құрылғының орнату
мәзірінен тауып алыңыз. Тіркеуді аяқтау жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін
vod.divx.com веб-сайтына өтіңіз.
®
®
DivX Certified ажыратымдылығы HD 720p дейінгі DivX бейнені, соның ішінде жоғары
сапалы мазмұнды ойнатуға арналған.
4
Мазмұны
Жұмысты бастау
Веб және желі
7
Негізгі мүмкіндіктер
27
Шолушы
7
Құрылғының құрылымы
29
Screen Mirroring
9
Орама құрамы
9
Орнату
11
Құрылғыны қосу
12
Смартфонға қосу
13
Аудио жабдықты қосу
14
Құрылғыны ысыру
Мультимедиа
Негіздер
30
Музыкалық
31
Галерея
32
Бейне ойнатқыш
33
YouTube
Қолданба және
мультимедиа дүкендері
15
Экранды басқару
19
Мәтінді енгізу
19
Бастапқы экран
20
Қолданбаны ашу
21
Қолданбалар экраны
22
Есептік жазбаларды орнату
22
Хабарландырулар
23
Файлдарды тасымалдау
24
Пайдаланушы профильдерін орнату
25
Деректердің сақтық көшірмесін жасау
немесе қалпына келтіру
Утилиталар
26
Wi-Fi желісіне қосылу
37
POLARIS Office
38
Google
39
Менің файлдарым
39
Жазылған
39
McAfee VirusScan
5
34
Video Hub
34
Play Store
35
Samsung Apps
36
Play Movies
36
Play Music
Мазмұны
Параметрлер
40
Параметрлер туралы
40
Wi-Fi
41
Bluetooth
41
Ethernet
41
Жақын құрылғылар
41
Жақын құрылғ-ң мазм-н ойн.
42
Дыбыс
42
Дисплей
42
Сақтау орны
42
Қосымша реттегіші
43
Орын қызметтері
43
Экранды құлыптау
43
Мүшелерді басқару
44
Қауіпсіздік
44
Тіл және енгізу
46
Мазмұнның сақтық көшірмесі және
қалпына келтіру
46
Сақтық көшірме және қалпына келтіру
46
Тіркелгі қосу
46
Меңзерді жылжыту
46
Дыбыстың шығуы
47
Күні және уақыты
47
Қол жетімділік
47
Құрылғы туралы
Қосымша
48
Құрылғыны жаңарту
50
Ақаулықтарды жою
Қауіпсіздік ақпараты
6
Жұмысты бастау
Бұл құрылғыны HDMI қолдайтын үлкен экрандарда мультимедиалық файлдарды ойнату үшін
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, үйдегі бұлт қоймасы арқылы файлдарды сақтауға және жанұямен
бөлісуге болады. Мазмұнды кері жүктеу және жүктеу, бірнеше пайдаланушы тіркелгісін қосу
және басқару, экран (ТД немесе монитор) үшін қашықтан басқару құралы және т.б. ретінде
пайдалану үшін смартфонда HomeSync қолданбасын орнатыңыз.
Негізгі мүмкіндіктер
Құрылғының негізгі мүмкіндіктері мыналарды қамтиды:
• Үлкен жад бар үйдегі бұлт қызметі
• Бірнеше пайдаланушыны басқару
• NFC мүмкіндігінің көмегімен оңай реттеу
• Автоматты кері жүктеу
• Үлкен экрандарда мультимедианы ойнату
• Экран көшірмесі
• HomeSync қолданбасының көмегімен оңай басқару
Құрылғының құрылымы
Хабарлау шамы
Қуат түймесі
Жергілікті желі
кабелінің порты
Функциялар
түймесі
S/PDIF порты
Қуат адаптерінің
порты
USB порты (3.0)
microUSB порты
HDMI кабелінің
порты
7
Жұмысты бастау
Атау
Функция
• Құрылғыны қосу немесе өшіру үшін басып тұрыңыз.
Қуат түймесі
• Құрылғыны ысыру үшін 8 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
• Смартфонмен қауіпсіз жұптауды растау үшін басыңыз.
Функциялар түймесі
• Скриншот түсіру үшін бірнеше секунд бойы басып тұрыңыз.
Қуат адаптерінің
порты
• Қуат кабелін қуат көзіне қосыңыз.
microUSB порты
• Компьютерге microUSB кабелі арқылы жалғаңыз.
HDMI кабелінің порты
USB порты (3.0)
• Мониторға (ТД немесе компьютер) HDMI кабелін
пайдаланып қосыңыз.
• USB кабелі арқылы смартфон немесе камера, сыртқы USB
сақтау құрылғысы сияқты үйлесімді құрылғыға жалғаңыз.
• Пернетақтаға немесе тінтуірге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
S/PDIF порты
• Аудио жабдыққа S/PDIF кабелін пайдаланып қосыңыз.
Жергілікті желі
кабелінің порты
• Желіге жергілікті желі кабелін пайдаланып қосылыңыз.
Кейбір нәрселер, соның ішінде, мониторлар, смартфондар және перифериялық
құрылғылар құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін.
Хабарлау шамы
Хабарлау шамы келесі түстермен құрылғының күйі туралы ескертеді.
Түс
Көк (тұрақты)
Жасыл (тұрақты)
Күй
• Желі қосылған
• Деректерді жүктеуге немесе кері жүктеуге дайын
• Келе жатқан оқиғалар
• Қолданба жаңартылуда
Қызыл
(жыпылықтайды)
• Ішкі қатты диск (HDD) танылмады
Сары (тұрақты)
• Желіге қосылу қатесі
8
Жұмысты бастау
Орама құрамы
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз.
• Құрылғы
• Қуат адаптері/қуат сымы
• Жергілікті желі кабелі
• HDMI кабелі (A-A)
• Құрылғымен бірге берілген заттар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
• Қосымша қосалқы құралдарды сатып алуға болады: USB кабелі, S/PDIF кабелі және
microUSB кабелі.
• Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Орнату
1 Құрылғыны HDMI қолдайтын мониторға HDMI кабелін пайдаланып жалғаңыз.
Қосымша ақпаратты монитордың пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
9
Жұмысты бастау
2 Желіге қосылу үшін жергілікті желі кабелін құрылғыдағы жергілікті желі кабелінің
портына жалғаңыз.
• Статикалық IP мекенжайын орнату үшін Қондырғ-р → Ethernet → Ethernet
құрылғысын конфигурациялау тармағына өтіңіз.
• Құрылғыға смартфон пайдаланатын Wi-Fi желісіне автоматты түрде қосылуға
мүмкіндік беруге болады немесе Wi-Fi желісіне Қондырғ-р → Wi-Fi тармағына
өту арқылы қосылуға болады. Бірақ, жақсырақ қосылымды орнату үшін жергілікті
желі кабелін пайдалану ұсынылады.
3 Құрылғыға қуат адаптерін жалғаңыз, содан кейін қуат сымын розеткаға қосыңыз.
10
Жұмысты бастау
Құрылғыны қосу
1 Құрылғыны қосу үшін Қуат түймесін басып тұрыңыз.
2 Жалғанған мониторды қосыңыз.
Жоғары сурет сапасына қол жеткізу үшін құрылғыны бірінші рет орнатқан кезде
экрандық нұсқауларды орындаңыз және бастапқы экранға қиыстыру үшін экранның
арақатынасын таңдаңыз. Немесе Қондырғ-р → Дисплей → Экран өлшемі
тармағына өтіңіз.
Құрылғыны өшіру
Құрылғыны өшіру үшін Қуат түймесін басып тұрып және Қуат түймесін қайта басып тұрып,
OК опциясын таңдаңыз.
Экранды басқару жолы туралы қосымша ақпарат алу үшін 15 бетін қараңыз.
Қолданбалар жұмыс істеп тұрғанда құрылғыдан қуат адаптерін ажыратпаңыз. Бұлай
істеу дұрыс емес жұмыс істеуге немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
11
Жұмысты бастау
Смартфонға қосу
Құрылғыны жалғаңыз және смартфонда тіркеңіз. Мазмұнды кері жүктеуге және жүктеуге,
бірнеше пайдаланушы тіркелгісін қосуға және басқаруға, экран (ТД немесе монитор) үшін
қашықтан басқару құралы ретінде пайдалануға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.
Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін HomeSync қолданбасын Samsung Apps немесе Play Store
сайтынан жүктеу және смартфонда орнату керек.
Смартфон NFC мүмкіндігін қолдайтын болса, HomeSync қолданбасын жүктеу үшін
смартфонның артын құрылғының ортасының жанындағы NFC антенна аумағына
тигізіңіз.
Смартфонға қосылғаннан кейін құрылғы HomeSync қолданбасы белсендірілген сайын оған
автоматты түрде қайта қосылады.
Үйлесімді смартфондар туралы қосымша ақпаратты www.samsung.com сайтынан
қараңыз.
Смартфон NFC мүмкіндігін қолдаса
1 Смартфонда NFC мүмкіндігін белсендіріңіз.
2 HomeSync қолданбасын іске қосу үшін смартфонның артын құрылғының NFC
антеннасының аумағына тигізіңіз.
3 Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Смартфонның NFC антенна аумағы басқаша болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты
смартфонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
12
Жұмысты бастау
Смартфон NFC мүмкіндігін қолдамаса
Смартфон NFC мүмкіндігін қолдамаса, құрылғыны смартфонға Bluetooth мүмкіндігі арқылы
қосуға болады.
Егер смартфондағы Bluetooth мүмкіндігі ажыратулы болса, HomeSync қолданбасы
іске қосылған кезде Bluetooth мүмкіндігі автоматты түрде іске қосылады.
1 HomeSync опциясын түртіңіз.
2 → Құрылғыны қосу тармағын түртіңіз.
3 Анықталған құрылғылар тізімінен құрылғы атауын таңдаңыз.
4 Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Аудио жабдықты қосу
Құрылғыны үй кинотеатрлары сияқты аудио жабдыққа қосу мүмкін емес.
Құрылғыны аудио жабдыққа S/PDIF кабелін пайдаланып қосыңыз.
Пайдаланатын дыбыс шығысының пішімін Қондырғ-р → Дыбыстың шығуы
тармағына қол жеткізу арқылы таңдауға болады.
13
Жұмысты бастау
Құрылғыны ысыру
Құрылғы тұрып қалса немесе жауап бермей жатса, Қуат түймесін 8 секундтан көбірек басып
тұрыңыз.
Ысыру құрылғыны смартфоннан ажыратуы мүмкін. Құрылғыны қайтадан смартфонға
NFC мүмкіндігі немесе Bluetooth мүмкіндігі арқылы қосыңыз.
14
Негіздер
Экранды басқару
Смартфонды тінтуір ретінде немесе қашықтан басқару құралын пайдалнып экранды (ТД
немесе монитор) басқарыңыз.
Смартфонда HomeSync →
ауысыңыз.
тармағын түртіп, содан кейін қажет басқару режиміне
• Қол жетімді басқару режимдері пайдаланатын смартфонға байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
• Сондай-ақ, экранды басқару үшін тінтуірді құрылғыдағы USB портына жалғауға
болады.
Түйме режимін пайдалану
Көк жақтауды жылжыту үшін жоғары, төмен, сол немесе оң түймесін түртіңіз. OK опциясын
түртіп, фокусталған элементті таңдауға болады.
Айна тінтуір режиміне ауысу.
Жүгіргі режиміне ауысу.
ТД қолданбасын іске қосу.
15
Негіздер
Жүгіргі режимін пайдалану
Басқару тақтасын түртіп және айналдыру жүгіргілерімен тізімдерді айналдырып, экранды
басқарыңыз.
Айна тінтуір режиміне ауысу.
Түйме режиміне ауысу.
ТД қолданбасын іске қосу.
Айна тінтуірді пайдалану
опциясын түртіңіз.
Монитор экраны смартфонда пайда болады. Монитор экранын басқару үшін смартфондағы
сенсорлық экранды пайдаланыңыз.
Қашықтағы тінтуірді пайдалану
→ Қаш.басқарылатын тінтуір опциясын түртіңіз.
Смартфонды жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжытып және басқару тақтасын түртіп,
экранды басқарыңыз.
Алдыңғы басқару режиміне өту үшін
опциясын түртіңіз.
→ Түйме режимі немесе Курсор режимі
Меңзер жылдамдығын басқару
Қашықтағы тінтуірді немесе сенсорлық тақтаны пайдаланғанда меңзер жылдамдығын
реттеңіз.
→ Меңзер жылдамдығы түймесін басыңыз. Жүгірткіні солға немесе оңға сүйреңіз және
OК пәрменін таңдаңыз.
16
Негіздер
Басқару тақтасын пайдалану
Түрту
Қолданбаны ашу үшін, экрандық түймені басу үшін немесе экрандық пернетақтаны
пайдаланып таңбаны енгізу үшін саусақпен түртіңіз.
Сүйреу
Басқару тақтасын түртіп ұстап тұрғаннан кейін
солға немесе оңға сүйреңіз.
болып өзгергенде басқа бетке өту үшін
Басқару тақтасын түртіп ұстап тұрғаннан кейін
жоғары немесе төмен сүйреңіз.
болып өзгергенде тізімде жылжу үшін
17
Негіздер
Екі рет түрту
Бөлікті үлкейту үшін веб-бетте немесе суретте екі рет түртіңіз. Оралу үшін қайтадан екі рет
түртіңіз.
Шерту
Басқа тақтаны көру үшін бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында солға немесе
оңға шертіңіз. Веб-бетте немесе контактілер арқылы жылжу үшін жоғары немесе төмен
шертіңіз.
Шымшу
Екі саусақпен басқару тақтасын түртіп ұстап тұрыңыз да,
болып өзгергенде бөлікті
үлкейту үшін веб-бетте немесе суретте бір бірінен алшақтатыңыз. Кішірейту үшін шымшыңыз.
18
Негіздер
Мәтінді енгізу
Мәтінді енгізу үшін жүгірткіні мәтінді енгізу өрісіне орналастырыңыз да, экранда пайда
болған пернетақтаны пайдаланыңыз.
Алдыңғы таңбаны
жою.
Бас әріптерді енгізу.
Бас әріптерді енгізу.
Тыныс белгілерін
енгізу.
Буферден элементті
қосу.
Samsung
пернетақтасының
опцияларын орнату.
Бос орын енгізу.
Сондай-ақ, мәтінді енгізу үшін пернетақтаны құрылғыдағы USB портына жалғауға
болады.
Бастапқы экран
Бастапқы экран мультимедиалық файлдардың нобайларын және қолданбалардың
белгішелерін береді. Фотосуреттерді, бейнелерді немесе музыканы нобай көрінісінде
алдын ала қарау үшін Ұсынылған немесе Менің мазмұным опциясын таңдаңыз немесе
қолданбалардың белгішелерін қарау үшін Бағдарламалар опциясын таңдаңыз.
Бастапқы экранда бірнеше тақта бар. Басқа тақталарды көру үшін солға немесе оңға қарай
жылжытыңыз.
Аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді опциялар өзгеріп
отыруы мүмкін.
Басқа тақталарды
көру үшін таңдау.
Ашу керек алдын ала
қарау нобайын
таңдау.
Қолданба
таңбашасын таңдау.
19
Негіздер
Түймелер
Шарлау терезесін ашу үшін, меңзерді экранның төменгі жағына қойыңыз.
Түйме
Функция
• Соңғы қолданбалар тізімін ашу үшін басыңыз.
• Бастапқы экранды ашу үшін басыңыз.
• Алдыңғы экранға оралу үшін басыңыз.
Қолданбаны ашу
Қолданбалар экранын ашып, оны ашу үшін қолданба белгішесін таңдаңыз. Қолданбаны жабу
үшін
опциясын түртіңіз.
Жақында пайдаланылған қолданбалар ішінен ашу
Қолданбалар экранында болған кезде Соңғы бағдарламалар (Жуырдағы қолданбалар)
астындағы қолданба белгішесін таңдаңыз. Болмаса,
түймесін басып, ашылуы керек
қолданбаның белгішесін таңдаңыз.
Қолданбаны жабу
Бір уақытта бірнеше қолданбаны іске қосып, бірнеше тапсырманы орындап жатсаңыз, кейбір
қолданбалар баяулауы мүмкін. Сондай-ақ, ол жадтың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Құрылғының өнімділігін сақтау үшін пайдаланылып жатпаған қолданбаларды жабыңыз.
→ Тапс. рет. қолданбасын басыңыз да, жабу үшін қолданбаның жанындағы Аяқ-у
опциясын таңдаңыз.
Барлық іске қосылған қолданбаларды жабу үшін Барлығын аяқтау опциясын таңдаңыз.
20
Негіздер
Қолданбалар экраны
Қолданбалар экраны қолданбалардың, соның ішінде, кез келген жаңадан орнатылған
қолданбалардың белгішелерін көрсетеді. Соңғы пайдаланылған қолданбалардың белгішелері
экранның астында пайда болады.
Бастапқы экранда Бағдарламалар тармағына таңдаңыз.
Жаңадан орнатылған қолданбаға байланысты жаңа тақта қосылса, оңға сүйреу арқылы басқа
тақтаға өтіңіз.
Қолданбаларды орнату
Қолданбаларды жүктеу және орнату үшін Samsung Apps сияқты қолданбалар сайттарын
пайдаланыңыз.
21
Негіздер
Есептік жазбаларды орнату
Play Store сияқты Google қолданбалары Google есептік жазбасын және Samsung Apps
сайты Samsung есептік жазбасын қажет етеді. Құрылғыдан ең жақсы тәжірибені алу үшін
Google және Samsung есептік жазбаларын жасаңыз.
Есептік жазбаларды қосу
Google есептік жазбасын орнату үшін кірусіз Google қолданбасын ашқанда көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Google тіркелгісімен кіру немесе оны тіркеу үшін қолданбалар экранында Қондырғ-р →
Тіркелгі қосу → Google тармағын таңдаңыз. Содан кейін тіркелу үшін New опциясын
таңдаңыз немесе тіркелгіні орнатуды аяқтау үшін Existing опциясын таңдаңыз да, экрандық
нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыда бірнеше Google есептік жазбасын пайдалануға болады.
Samsung есептік жазбасын да орнатыңыз.
Есептік жазбаларды жою
Қолданбалар экранында Қондырғ-р тармағын таңдаңыз, Тіркелгі астында тіркелгі атауын
таңдаңыз, жоятын тіркелгіні таңдаңыз, содан кейін Есептік жазбаны жою опциясын
таңдаңыз.
Хабарландырулар
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышында құрылғының күйі және т.б. туралы есеп беретін
хабарландыру белгішесі пайда болады. Хабарландыру тақтасын ашу үшін
опциясын
таңдаңыз.
22
Негіздер
Файлдарды тасымалдау
HomeSync белсендірілгеннен кейін тіркелген құрылғыларымен (мысалы, смартфондар және
камералар) түсірілген суреттер және бейнелер құрылғыға автоматты түрде кері жүктеледі.
Сондай-ақ, мультимедиалық файлдарды тасымалдау үшін USB жад құрылғысын жалғауға
болады.
Кейбір қолданбалар келесі файл пішімдеріне қолдау көрсетеді. Құрылғының
бағдарламалық жасақтамасының немесе компьютердің операциялық жүйесінің
нұсқасына байланысты кейбір файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
• Музыка: mp3, m4a, 3ga, wma, ogg, oga, aac, wav және flac
• Сурет: bmp, gif, jpg және png
• Бейне: avi, wmv, asf, flv, mkv, mp4, 3gp және webm
• Құжат: doc, docx, dot, dotx, rtf, xls, xlsx, xlt, xltx, csv, ppt, pptx, pps, ppsx, pot, potx, pdf,
hwp, txt, asc және құпия сөзбен қорғалған MS office файлдары
Автоматты кері жүктеуді орнату
Смартфонды немесе камераны құрылғыға бірінші рет жалғасаңыз, автоматты кері жүктеудің
қалқымалы терезесі пайда болады. Иә опциясын түртіңіз де, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жалғанған смартфондармен және камералармен түсірілген фотосуреттер мен бейнелер
құрылғыға автоматты түрде жүктеледі.
Мультимедиалық құрылғы ретінде қосылу
1 Құрылғыны компьютерге microUSB кабелін пайдаланып жалғаңыз.
2 My computer (Компьютерім) қалтасын ашыңыз және құрылғы атауын екі рет басыңыз.
3 Компьютер мен құрылғы арасында файлдарды тасымалдаңыз.
23
Негіздер
4 Құрылғыдан microUSB кабелін ажыратыңыз.
• Файлдарды тасымалдау кезінде құрылғыдан microUSB кабелін ажыратыңыз. Бұлай
істеу деректердің жоғалуына немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Компьютер құрылғыда сақталған файлды ойнатып жатқанда құрылғыны
компьютерден ажыратпаңыз. Құрылғыны компьютерден ажыратпай тұрып
ойнатуды тоқтатыңыз.
• USB хабына жалғасаңыз, құрылғы танылмауы мүмкін. Құрылғыны тікелей
компьютердегі USB портына жалғаңыз.
Пайдаланушы профильдерін орнату
Әкімші Samsung тіркелгілері бар қонақтарды қоса алады және әр қонақ құрылғыға қатынаса
алады.
Бірнеше пайдаланушыны қосу
Бірнеше қонақты қосу және тіркелгілерді басқару үшін қолданбалар экранында Қондырғ-р
→ Мүшелерді басқару →
тармағын таңдаңыз да, ОК опциясын таңдаңыз. Samsung
тіркелгіңізге кіріңіз. Қонақтың Samsung тіркелгісінің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз
де, ОК опциясын таңдаңыз. HomeSync қолданбасын пайдаланатын қонақ құрылғыға кіре
алады.
Немесе қонақ әкімшінің Samsung тіркелгісімен құрылғыға қашықтан қатынасуды сұраған
кезде әкімшіден оны қабылдау немесе бас тарту сұралады. Қондырғ-р → Мүшелерді
басқару опциясын таңдап, сұрауды қабылдаңыз немесе қабылдамаңыз.
Қонақ тіркелгілерін әкімші тіркелгісімен бірдей аймақта тіркеу керек.
24
Негіздер
Жеке қойманы реттеу
Құрылғы ортақ, жеке және құпия қойманы қамтамасыз етеді. Әкімші немесе әр қонақ
пайдаланушының құпия қоймасы үшін құпия сөзді орнату арқылы қауіпсіз секторды жасай
алады.
Құпия қоймаға құпия сөз орнату үшін смартфондағы HomeSync → Жеке аумақ белгішесін
түртіңіз.
Жеке қойманың құпия сөзін ысыру үшін Қондырғ-р → Мүшелерді басақру тармағын
→ Құпиясөзді қалпына келтіру опциясын таңдаңыз.
таңдаңыз да,
Смартфон және құрылғы ең үлкен Bluetooth ауқымының (10 м) ішінде екеніне көз
жеткізіңіз.
Деректердің сақтық көшірмесін жасау
немесе қалпына келтіру
Сыртқы USB жад құрылғысын USB портына (3.0) жалғау арқылы деректердің сақтық
көшірмесін жасаңыз немесе оларды қалпына келтіріңіз.
Деректердің сақтық көшірмесін жасау
Қолданбалар экранында Қондырғ-р → Мазмұнның сақтық көшірмесі және қалпына
келтіру → Сақтық көшірме жасау тармағын таңдаңыз.
Samsung тіркелгіңізге кіріңіз, сақтық көшірмесін жасау керек деректерді таңдаңыз да, Сақтық
көшірмені бастау опциясын таңдаңыз.
Сыртқы USB жадына шифрланған деректердің сақтық көшірмесін жасасаңыз,
деректердің шифры ашылады және сыртқы USB жадын пайдаланатын кез келген
адам оларды көре алады.
Деректерді қалпына келтіру
Қолданбалар экранында Қондырғ-р → Мазмұнның сақтық көшірмесі және қалпына
келтіру → Қалпына келтіру тармағын таңдаңыз.
Samsung тіркелгіңізге кіріңіз де, Қалпына келтіру опциясын таңдаңыз.
• Жеке деректерді қалпына келтіргенде, деректер қайтадан шифрланады. Деректерді
қалпына келтіру үшін файлдарды немесе қалталарды өзгертпеңіз.
• Жеке деректерді басқа Homesync құрылғысына қалпына келтіру үшін алдымен
құрылғыда жеке қойманы жасау керек.
25
Негіздер
Wi-Fi желісіне қосылу
Интернетті пайдалану немесе басқа құрылғылармен мультимедиалық файлдарды бөлісу үшін
құрылғыны Wi-Fi желісіне қосыңыз.
Wi-Fi функциясын қосу және өшіру
Қолданбалар экранында Қондырғ-р → Wi-Fi тармағын таңдаңыз да, Wi-Fi қосқышын оңға
қарай сүйреңіз.
Wi-Fi желілеріне қосылу
Анықталған Wi-Fi желілері тізімінен желіні таңдап, қажет болса құпия сөзді енгізіңіз де, Қосу
опциясын таңдаңыз. Құпия сөзді қажет ететін желілер құлып белгішесімен көрсетіледі. Wi-Fi
желісіне қосылғаннан кейін құрылғы қол жетімді болған кез келген уақытта желіге автоматты
түрде қосылады.
Wi-Fi желілерін қосу
Егер қажет желі желілер тізімінде көрсетілмесе, желілер тізімінің төменгі жағында Wi-Fi
желісін қосу опциясын таңдаңыз. Желілік SSID өрісінде желі атауын енгізіңіз, қауіпсіздік
түрін таңдаңыз және бұл ашық желі болмаса құпия сөзді енгізіңіз, содан кейін Қосу
опциясын таңдаңыз.
26
Веб және желі
Шолушы
Бұл қолданбаны интернетті шолу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Шолушы опциясын түртіңіз.
Веб-беттерді көру
Мекенжай өрісін таңдап, веб мекенжайды енгізіңіз де, Өту опциясын таңдаңыз.
Жаңа терезені ашу.
Бетбелгілерді,
сақталған беттерді
және соңғы интернет
журналын көру.
Веб-мекенжайды
немесе кілт сөзді
енгізу.
Жаңа бетті ашу
немесе
→ Жаңа қойынды опциясын таңдаңыз.
Басқа веб-бетке өту үшін тақырып өрісінде солға немесе оңға жылжыңыз да, ашылатын
тақырыпты таңдаңыз.
Бетбелгілер
Ағымдағы веб-бетке бетбелгі қою үшін
Бетбелгі қойылған веб-бетті ашу үшін
опциясын таңдаңыз.
опциясын таңдаңыз да, веб-бетті таңдаңыз.
27
Веб және желі
Журнал
Жақында кірген веб-беттер тізімінен веб-бетті ашу үшін → Бетбелгілер → Журнал
→ Журналды тазалау опциясын таңдаңыз.
опциясын таңдаңыз. Журналды өшіру үшін
Ең көп кіретін веб-беттер тізімінен веб-бетті ашу үшін
кіретін тармағын таңдаңыз.
→ Бетбелгілер → Журнал → Көп
Сақталған беттер
Сақталған веб-беттерді көру үшін,
таңдаңыз.
→ Бетбелгілер → Сақталған беттер опциясын
Сілтемелер
Жаңа бетте ашу, сақтау немесе көшіру үшін веб-беттегі сілтемені басып тұрыңыз.
Сақталған сілтемелерді көру үшін,
→ Жазылған опциясын таңдаңыз.
Веб-беттерді бөлісу
Веб-бет мекенжайын басқалармен бөлісу үшін
28
→ Бетті бөлісу опциясын таңдаңыз.
Веб және желі
Screen Mirroring
Бұл қолданбаны жалғанған мониторда смартфонның дисплейін бөлісу үшін пайдаланыңыз.
Кейбір смартфондар құрылғымен үйлесімді болмауы мүмкін.
Құрылғыда экран көшірмесі мүмкіндігін пайдалану
Қолданбалар экранында Screen Mirroring қолданбасын таңдаңыз.
Смартфонда экран көшірмесі мүмкіндігін белсендіріңіз. Құрылғы атауын таңдаңыз және
бөлісу керек файлдарды таңдаңыз.
HomeSync қолданбасында экран көшірмесі мүмкіндігін
пайдалану
HomeSync қолданбасында
→ Screen Mirroring белгішесін түртіңіз.
Монитор экранында қазіргі уақытта HomeSync қолданбасын пайдаланып жатқан
смартфондардың немесе камералардың экраны пайда болады.
29
Мультимедиа
Музыкалық
Бұл қолданбаны музыканы тыңдау үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Музыкалық қолданбасын таңдаңыз.
• Құрылғының бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
• Пайдаланылатын кодталуға байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы
мүмкін.
Музыканы ойнату
Санатты таңдаңыз да, ойнатылатын әнді таңдаңыз.
Музыка ойнатқышының экранын ашу үшін экранның төменгі жағындағы альбом суретін
таңдаңыз.
Файл туралы
мәліметтерді көру.
Басқа опциялар
тізімін ашу.
Әндер тізімін ашу.
Қайталау режимін
өзгерту.
Кездейсоқ режимді
қосу.
Келесі әнге өту. Тез
алға қарай жылжу
үшін басып тұрыңыз.
Қазіргі уақытта
ойнатылып жатқан
әнді қайта бастау
немесе алдыңғы
әнге өту. Тез артқа
қарай жылжу үшін
басып тұрыңыз.
Ойнатуды уақытша
тоқтату және
жалғастыру.
30
Мультимедиа
Әндер тізімдерін жасау
Жеке әндер тізімін жасаңыз.
→ Жаға ойнату тізімі опциясын таңдаңыз да, тақырыпты енгізіңіз. OК опциясын
таңдаңыз.
Қазіргі уақытта ойнатылып жатқан әнді әндер тізіміне қосу үшін
опциясын таңдаңыз.
→ Ойнату тізіміне қосу
Көңіл-күй бойынша музыканы ойнату
Көңіл-күй бойынша топталған музыканы ойнатыңыз. Құрылғы әндер тізімін автоматты түрде
жасайды. Жаңа ән қосылғанда, Музыка. квадрат → опциясын таңдаңыз.
Галерея
Бұл қолданбаны суреттер көру үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Галерея опциясын таңдаңыз.
Слайдшоудағы суреттерді көру
Галерея қолданбасын іске қосу қол жетімді қалталарды көрсетеді. Ашу үшін қалтаны
таңдаңыз.
Суретті басып тұрып, слайдшоуда көрсетілетін суретті таңдаңыз да,
белгішесін таңдаңыз.
Бейнелерді ойнату
Бейне файлдар алдын ала қарауды
белгішесін көрсетеді. Көру үшін бейнені таңдаңыз.
Суреттерді өңдеу
Суретті көргенде,
опциясын таңдап, келесі функцияларды пайдаланыңыз:
• Сүйікті: суретті таңдаулылар тізіміне қосыңыз.
• Ойнатқышты өзгерту: мультимедианы бөлісу іске қосылған құрылғыларды іздеу.
• Бөлісу: суретті басқаларға жіберіңіз.
• Атын өзгерту: файлдың атын өзгерту.
• Солға бұру: сағат тіліне қарсы бұру.
31
Мультимедиа
• Оңға бұру: сағат тілімен бұру.
• Қию: қию және ішінде суретті сақтау үшін көк жақтау өлшемін өзгерту.
• Басып шығару: USB немесе Wi-Fi байланысы арқылы басып шығару. Құрылғы кейбір
Samsung принтерлерімен ғана үйлесімді.
• Өзгешеліктері: файл туралы мәліметтерді көрсету.
Бейне ойнатқыш
Бұл қолданбаны бейнелерді ойнату үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Бейне ойнатқыш опциясын таңдаңыз.
• Құрылғының бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты кейбір файл
пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
• Пайдаланылатын кодталуға байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы
мүмкін.
Бейнелерді ойнату
Ойнатылатын бейнежазбаны таңдаңыз.
Басқа опциялар
тізімін ашу.
Жолақты сүйреп
апару арқылы алға
қарай немесе артқа
қарай жылжу.
Ойнатуды уақытша
тоқтату және
жалғастыру.
Экран қатынасын
өзгерту.
Келесі бейнеге өту.
Тез алға қарай
жылжу үшін басып
тұрыңыз.
Ағымдағы бейнені
қайта бастау немесе
алдыңғы бейнеге
өту. Тез артқа қарай
жылжу үшін басып
тұрыңыз.
32
Мультимедиа
YouTube
Бұл қолданбаны YouTube веб-сайтындағы бейнелерді көру үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында YouTube опциясын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Бейнелерді көру
опциясын таңдаңыз да, кілт сөзді енгізіңіз. Бейнені көру үшін қайтарылған іздеу
нәтижелерінің біреуін таңдаңыз.
33
Қолданба және
мультимедиа дүкендері
Video Hub
Бұл қолданбаны мультимедиалық файлдарды ойнату үшін пайдаланыңыз.
Бастапқы экранда немесе қолданбалар экранында Video Hub қолданбасын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Санатты таңдаңыз да, бейнені таңдаңыз.
Play Store
Бұл қолданбаны құрылғыда іске қосуға болатын қолданбалар мен ойындарды сатып алу
және жүктеу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Play Store опциясын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Қолданбаларды орнату
Қолданбаларды санат бойынша шолыңыз немесе кілт сөз көмегімен іздеу үшін
таңдаңыз.
опциясын
Ақпаратты көру үшін қолданбаны таңдаңыз. Жүктеу үшін INSTALL опциясын таңдаңыз. Егер
қолданба үшін ақы алынатын болса, бағаны таңдап, сатып алу процесін аяқтау үшін экрандық
нұсқауларды орындаңыз.
• Кез келген орнатылған қолданба үшін жаңа нұсқа қол жетімді болғанда, жаңарту
туралы ескерту үшін экранның жоғарғы жағында жаңарту белгішесі көрсетіледі.
Хабарландыру тақтасын ашып, қолданбаны жаңарту белгішесін таңдаңыз.
• Басқа көздерден жүктеген қолданбаларды орнату үшін қолданбалар экранында
Қондырғ-р → Қауіпсіздік → Белгісіз көздер тармағын таңдаңыз.
34
Қолданба және мультимедиа дүкендері
Қолданбаларды жою
Play Store дүкенінен жүктелген қолданбаларды жойыңыз.
→ опциясын таңдаңыз, орнатылған қолданбалар тізімінен жою керек қолданбаны
таңдаңыз да, UNINSTALL опциясын таңдаңыз.
Samsung Apps
Бұл қолданбаны арнайы Samsung қолданбаларын сатып алу және жүктеу үшін
пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін www.samsungapps.com сайтына кіріңіз.
Қолданбалар экранында Samsung Apps опциясын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Қолданбаларды орнату
Қолданбаларды санат бойынша шолыңыз. Санатты таңдау үшін САНАТ опциясын таңдаңыз.
Қолданбаны іздеу үшін экранның жоғарғы жағында
кілт сөзді енгізіңіз.
опциясын таңдаңыз да, іздеу өрісінде
Ақпаратты көру үшін қолданбаны таңдаңыз. Оны жүктеу үшін Жүктеу немесе Сатып алу
опциясын таңдаңыз.
Кез келген орнатылған қолданба үшін жаңа нұсқа қол жетімді болғанда, жаңарту
туралы ескерту үшін экранның жоғарғы жағында жаңарту белгішесі көрсетіледі.
Хабарландыру тақтасын ашып, қолданбаны жаңарту белгішесін таңдаңыз.
35
Қолданба және мультимедиа дүкендері
Play Movies
Бұл қолданбаны фильмдерді немесе ТД шоуларын көру және жалдау үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Play Movies тармағын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
Play Music
Бұл қолданбаны құрылғыдағы музыканы тыңдау немесе Google бұлт қызметінен музыка
ағынын жіберу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Play Music тармағын таңдаңыз.
Бұл қолданба аймағыңызға немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы мүмкін.
36
Утилиталар
POLARIS Office
Бұл қолданбаны әр түрлі пішімдердегі құжаттарды, соның ішінде, электрондық кестелерді
және көрмелерді көру үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында POLARIS Office қолданбасын таңдаңыз.
Файл түріне байланысты кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Құжаттарды оқу
Пішін түрі, Browser немесе Favourites тармағын таңдаңыз да, ашатын файлды таңдаңыз.
Слайдшоуды бастау үшін
опциясын таңдаңыз.
Құжатта мәтіндік жолды іздеу үшін
опциясын таңдаңыз.
опциясын таңдаңыз да, келесі функциялардың біреуін пайдаланыңыз:
Құжат
• Zoom In/Out: көру өлшемін өзгерту.
• Бетбелгілерге қосу: бетбелгілерді көріңіз.
• View Settings: көру режимінің параметрлерін өзгерту.
• Барлығын оқу: құрылғыға бүкіл мәтінді дауыстап оқыту.
• Screen capture: экранның суретін түсіру.
• View Information: файл туралы ақпаратты көру.
37
Утилиталар
Көрме
• Zoom In/Out: көру өлшемін өзгерту.
• Слайд ескертпесі: слайдтардағы жазбаларды көріңіз.
• Screen capture: экранның суретін түсіру.
• View Information: файл туралы ақпаратты көру.
Электрондық кесте
• Zoom In/Out: көру өлшемін өзгерту.
• Жақтауды қатыру: таңдалған жолды орнында сақтау.
• Screen capture: экранның суретін түсіру.
• View Information: файл туралы ақпаратты көру.
Google
Бұл қолданбаны интернетте ғана емес, құрылғыдағы қолданбаларда және олардың
мазмұндарында іздеу үшін де пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Google қолданбасын таңдаңыз.
Құрылғыда іздеу
Іздеу өрісін таңдаңыз да, кілт сөзді енгізіңіз. Көрсетілген ұсынылған кілт сөздердің біреуін
таңдаңыз.
Іздеу ауқымы
Іздейтін қолданбаларды таңдау үшін → Settings → Phone search тармағын таңдаңыз да,
іздеу керек элементтерге құсбелгі қойыңыз.
38
Утилиталар
Менің файлдарым
Бұл қолданбаны құрылғыда сақталған барлық файл түрлеріне, соның ішінде, суреттерге,
бейнелерге, әндерге және дыбыстық клиптерге қол жеткізу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Менің файлдарым тармағын таңдаңыз.
Ашу үшін қалтаны таңдаңыз. Тектік қалтаға оралу үшін
каталогқа оралу үшін
опциясын таңдаңыз.
опциясын таңдаңыз. Түбірлік
Жазылған
Бұл қолданбаны қолданбалар арқылы қандай файлдар жүктелгенін көру үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Жазылған қолданбасын таңдаңыз.
Интернеттен жүктелген файлдарды көру үшін Интерн. жүктелгендер опциясын таңдаңыз,
я болмаса, басқа қолданбалардан жүктелген файлдарды көру үшін Басқа жүктелгендер
опциясын таңдаңыз.
Тиісті қолданбамен ашу үшін файлды таңдаңыз.
McAfee VirusScan
Бұл қолданбаны жұққан вирусты тексеру және құрылғыны зиянды бағдарламалар мен
вирустардан қорғау үшін оны жою үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында McAfee VirusScan қолданбасын таңдаңыз.
39
Параметрлер
Параметрлер туралы
Бұл қолданбаны құрылғыны теңшеу, қолданба параметрлерін орнату және есептік
жазбаларды қосу үшін пайдаланыңыз.
Қолданбалар экранында Қондырғ-р тармағын таңдаңыз.
Қосымша опциялар үшін жоғары немесе төмен жылжыңыз.
Wi-Fi
Wi-Fi желісіне қосылу және интернетке немесе басқа желілік құрылғыларға қол жеткізу үшін
Wi-Fi мүмкіндігін іске қосыңыз.
Опцияларды пайдалану үшін
опциясын таңдаңыз.
• Қосымша: Wi-Fi параметрлерін теңшеу.
• WPS баспалы түймесі: WPS баспалы түймесінің көмегімен қорғалған Wi-Fi желісіне
қосылыңыз.
• WPS PIN енгізу: WPS PIN енгізу көмегімен қорғалған Wi-Fi желісіне қосылыңыз.
Желілік мәлімдемені орнату
Құрылғы ашық Wi-Fi желілерін анықтап, қол жетімді болғанда хабардар ету үшін күй
жолағында белгішені көрсете алады.
Бұл мүмкіндікті іске қосу үшін параметрлер экранында Wi-Fi →
таңдаңыз, Желілік мәлімдеме құсбелгісін қойыңыз.
→ Қосымша тармағын
Wi-Fi Direct
Wi-Fi Direct екі құрылғыны тікелей Wi-Fi желісі арқылы, кіру нүктесінің қажеттілігінсіз қосады.
Параметрлер экранында Wi-Fi → Wi-Fi Direct опциясын таңдаңыз.
40
Параметрлер
Bluetooth
Bluetooth мүмкіндігі бар пернетақталарды немесе тінтуірді жалғау үшін Bluetooth мүмкіндігін
пайдаланыңыз.
Ethernet
Жергілікті желіге, интернетке немесе басқа желілік құрылғыларға қосылу үшін Ethernet
мүмкіндігін белсендіріңіз.
Жақын құрылғылар
Бірдей Wi-Fi желісіндегі басқа DLNA қолдайтын құрылғыларды іздеңіз және құрылғыларға
мультимедиалық файлдарды бөлісуге рұқсат етіңіз.
• Файл бөлісу: DLNA қолдайтын құрылғыларға құрылғыдағы мультимедиалық файлдарға
қол жеткізуге рұқсат ету үшін мультимедианы бөлісуді іске қосыңыз.
• Ортақ мазмұндар: мазмұнды басқа құрылғылармен бөлісу үшін орнатыңыз.
• Рұқсат етілген құрылғылар тізімі: құрылғыға қол жеткізе алатын құрылғылар тізімін
қараңыз.
• Рұқсат етілмеген құрылғылар тізімі: құрылғыға қол жеткізуге тыйым салынған
құрылғылар тізімін қараңыз.
• Жүктеу: мультимедиалық файлдарды сақтайтын жад орнын таңдаңыз.
• Басқа құрылғылардан жүктеу: басқа құрылғылардан кері жүктеулерді қабылдау үшін
орнатыңыз.
Жақын құрылғ-ң мазм-н ойн.
Мониторда басқа DLNA қолдайтын құрылғылардан мультимедиалық файлдарды ойнату үшін
құрылғыларды көрсетіңіз.
• Рұқсат етілген құрылғылар тізімі: құрылғыға қол жеткізе алатын құрылғылар тізімін
қараңыз.
• Тыйым салынған құрылғылар тізімі: құрылғыға қол жеткізуге тыйым салынған
құрылғылар тізімін қараңыз.
• Басқару элементіне кіру: басқа DLNA қолдайтын құрылғыларға құрылғыға қол
жеткізуге рұқсат ету-етпеуді реттеу.
41
Параметрлер
Дыбыс
Құрылғыдағы әр түрлі дыбыстардың параметрлерін өзгертіңіз.
• Дауыс қат.: музыка және бейнелер, жүйелік дыбыстар және хабарландырулар үшін
дыбыс деңгейін реттеу.
• Әдепкі хабарлау дыбысы: кіріс хабарлар сияқты оқиғалар үшін рингтонды таңдау.
Дисплей
Дисплей параметрлерін өзгертіңіз.
• Экран өлшемі: бастапқы экранға сәйкес келетін өлшемдер қатынасын таңдаңыз.
• Экран сақтағыш: экран қорғағышы үшін фон түрін таңдау.
• Шрифт стилі: дисплей мәтіні үшін қаріп түрін өзгертіңіз. Қаріптерді желіден алу
опциясын таңдау арқылы қаріптерді Play Store сайтынан жүктеуге болады.
• Қаріп өлшемі: қолданбаларды элементтерді жасау немесе көрсету үшін қаріп өлшемін
өзгертіңіз.
Сақтау орны
Құрылғының жады туралы ақпаратты көру.
Ішкі жадтың нақты қол жетімді сыйымдылығы көрсетілгеннен аз, себебі амалдық
жүйе мен әдепкі қолданбалар жад орнының бір бөлігін алады. Қол жетімді бос орын
құрылғыны жаңартқанда өзгеруі мүмкін.
Қосымша реттегіші
Құрылғыдағы бағдарламаларды қараңыз және басқарыңыз.
42
Параметрлер
Орын қызметтері
Орын туралы ақпарат рұқсаттарының параметрлерін өзгертіңіз.
• Орынға өту: ағымдағы орынды Google іздеу және басқа Google қызметтері үшін
пайдалану үшін орнатыңыз.
• Сымсыз желілерді пайдалану: ағымдағы орынды табу үшін Wi-Fi желілерін пайдалану
үшін орнатыңыз.
Экранды құлыптау
Құлыпталған экран параметрлерін өзгерту.
Мүшелерді басқару
Әкімшіні жойыңыз немесе Samsung тіркелгілері бар қонақтарды қосыңыз және олардың
тіркелгілерін басқарыңыз.
Қонақты қосу үшін
опциясын таңдаңыз.
Қонақты жою үшін
опциясын таңдаңыз.
Опцияларды пайдалану үшін
опциясын таңдаңыз.
• Әкімшіні жою: әкімшінің тіркелгісін жою.
• Сақтау орнын тазалау: жеке қойманы жою.
• Құпиясөзді қалпына келтіру: жеке қойманың құпия сөзін ысыру.
Құрылғыны өзгертсеңіз, жаңа құрылғыда жеке қойманы қалпына келтіру үшін жеке
қойманың құпия сөзі қажет.
43
Параметрлер
Қауіпсіздік
Құрылғыны қорғау параметрлерін өзгертіңіз.
• Брандмауэр: деректерді рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау үшін интернет брандмауэрын
белсендіріңіз.
• Құпиясөздерді көрінетін ету: құрылғыны енгізген кезде құпия сөздерді көрсетуге
орнатыңыз.
• Құрылғы әкімшілері: құрылғыда орнатылған құрылғы әкімшілерін көру. Құрылғы
әкімшілеріне құрылғыға жаңа саясаттарды қолдануға рұқсат етуге болады.
• Белгісіз көздер: қолданбаларды кез келген көзден орнату үшін таңдаңыз. Таңдалмаған
болса, қолданбалар тек Play Store сайтынан жүктеледі.
• Бағдарламаларды тексеру: бұл опцияны Google қызметіне орнатпай тұрып
қолданбада зиянды әрекеттер бар-жоғын тексеруге рұқсат ету үшін орнатыңыз.
• Сенімді ес. жазба мәліметтері: желілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін
куәліктер мен тіркелгі деректерін пайдалану.
• Құрылғы жадынан орнату: USB жадында сақталған шифрланған куәліктерді орнату.
• Есеп. жазба мәліметтерін өшіру: құрылғыдан есептік жазба мәліметтері мазмұнын
өшіру және құпия сөзді алып тастау.
Тіл және енгізу
Мәтінді енгізу параметрлерін өзгертіңіз. Таңдалған тілге байланысты кейбір опциялар қол
жетімді болмауы мүмкін.
Тіл
барлық мәзірлер мен қолданбалар үшін дисплей тілін таңдаңыз.
Өздігінен
мәтінді енгізу үшін әдепкі пернетақта түрін таңдаңыз.
44
Параметрлер
Google voice typing
Дауыспен енгізу параметрлерін өзгерту үшін Google voice typing астындағы Қондырғылар
опциясын таңдаңыз.
• Choose input languages: мәтінді енгізу үшін енгізу тілдерін таңдаңыз.
• Block offensive words: құрылғыны дауыспен енгізулерде дөрекі сөздерді танымайтын
ету үшін реттеу.
• Download offline speech recognition: дербес күйде дауыспен енгізу үшін тіл деректерін
жүктеу және орнату.
Samsung пернетақтасы
Samsung пернетақтасының параметрлерін өзгерту үшін Samsung пернетақтасы астындағы
Қондырғылар опциясын таңдаңыз.
• Тілдер енгізу: мәтінді енгізу үшін тілдерді таңдаңыз.
• Болжайтын мәтін: енгізуге байланысты сөздерді болжау және сөз ұсыныстарын көрсету
үшін болжалды мәтін режимін іске қосыңыз. Сондай-ақ, сөздерді болжау параметрлерін
теңшеуге болады.
• Созылмалы енгізу: мәтінді пернетақтаны жанап өту арқылы енгізу үшін орнатыңыз.
• Қосымша: қосымша параметрлерді өзгерту.
• Оқулық: Samsung пернетақтасының көмегімен мәтінді енгізу туралы мәліметтер алыңыз.
• Параметрлер қалп. келтіру: Samsung пернетақтасының параметрлерін алып тастау.
Мәтіннен сөйлеуге опция
• Таңдаулы TTS механизмі: сөзді синтездеу механизмін таңдаңыз. Сөзді синтездеу
механизмдерінің параметрлерін өзгерту үшін
опциясын таңдаңыз.
• Сөйлеу жылдамдығы: мәтінді сөзге түрлендіру мүмкіндігі үшін жылдамдықты
таңдаңыз.
• Мысал тыңдау: мысал үшін сөйленген мәтінді тыңдаңыз.
Меңзер жылдамдығы
құрылғыға қосылған тінтуірдің немесе трекпадтың меңзер жылдамдығын реттеу.
45
Параметрлер
Мазмұнның сақтық көшірмесі және
қалпына келтіру
Сыртқы USB жад құрылғысын жалғау арқылы деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз
немесе оларды қалпына келтіріңіз.
Сақтық көшірме және қалпына келтіру
Параметрлерді және деректерді басқару параметрлерін өзгертіңіз.
• Дер-імнің сақ. көш. жасау: Google серверіне параметрлердің және қолданба
деректерінің сақтық көшірмесін жасау үшін орнатыңыз.
• Есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау: Google сақтық көшірме есептік
жазбасын орнату немесе өңдеу.
• Автоматты қалпына келтіру: құрылғыда қолданбаларды қайта орнатқанда
параметрлерді және қолданба деректерін қалпына келтіру үшін орнатыңыз.
• Зауыттық деректер қалпына келтірілген: параметрлердің зауыттық әдепкі мәндерін
қалпына келтіру және барлық деректерді жою.
Тіркелгі қосу
Пайдаланатын Google немесе Samsung тіркелгісін қосыңыз.
Меңзерді жылжыту
Тінтуір меңзерін опция немесе түйме жанында ұстағанда қалқымалы терезелерде мазмұнды
алдын ала қарау немесе ақпаратты көру опцияларын орнатыңыз.
Дыбыстың шығуы
• Дыбыстың шығуы: құрылғыны HDMI құрылғыларына қосқанда пайдаланылатын
дыбысты шығару пішімін таңдаңыз. Кейбір құрылғылар кеңістіктік дыбыс параметрін
қолдамауы мүмкін.
46
Параметрлер
Күні және уақыты
Құрылғының уақыт пен күнді көрсету жолын басқару үшін келесі параметрлерге қол жеткізіп,
өзгертіңіз.
• Уақыт белдеуін таңдау: жергілікті уақыт белдеуін орнату.
• Күнді орнату: ағымдағы күнді қолмен орнату.
• Уақытты орнату: ағымдағы уақытты қолмен орнату.
• 24 сағаттық пішімді пайдалану: уақытты 24 сағаттық пішімде көрсету.
• Күн пішімін таңдау: күн пішімін таңдау.
Қол жетімділік
Қол жетімділік қызметтері белгілі бір физикалық мүмкіндіктері шектелгендерге арналған
арнайы мүмкіндіктер. Құрылғының қол жетімділігін жақсарту үшін төмендегі параметрлерге
қол жеткізу және ескерту.
• Қызметтер: дауыс, әуен немесе діріл жауабын беретін Talkback немесе Kickback сияқты
жүктелген арнайы мүмкіндіктер қолданбасын белсендіру.
• Қаріп өлшемі: қаріп өлшемін өзгерту.
• Мәтіннен сөйлеуге опция: сөз синтезі механизмдері үшін параметрлерді реттеу.
– – Таңдаулы TTS механизмі: сөзді синтездеу механизмін таңдаңыз.
– – Сөйлеу жылдамдығы: мәтінді сөзге түрлендіру мүмкіндігі үшін жылдамдықты
таңдаңыз.
– – Мысал тыңдау: мысал үшін сөйленген мәтінді тыңдаңыз.
• Вебтің арнайы мүмкіндіктерін жақсарту: бағдарламаларды веб-мазмұнына қол
жеткізуді оңайырақ ету үшін веб-сценарийлерді орнататын етіп орнатыңыз.
Құрылғы туралы
Құрылғы ақпаратына кіру және құрылғының бағдарламалық құралын жаңарту.
47
Қосымша
Құрылғыны жаңарту
Бағдарлама жүйелі түрде жоғарырақ нұсқаға жаңартылады. Оңтайландырылған
пайдаланушы интерфейсі үшін құрылғыны ең соңғы нұсқаға жаңартыңыз.
Микробағдарламаны сымсыз алу (FOTA) қызметі арқылы құрылғыны соңғы
бағдарламалық жасақтамаға тікелей жаңартуға болады.
Сымсыз жаңарту (FOTA)
1 Қолданбалар экранында Қондырғ-р тармағын таңдаңыз.
2 Құрылғы туралы тармағын таңдаңыз.
3 Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту опциясын таңдаңыз.
4 Жаңарту опциясын таңдаңыз.
• Функцияны бірінші рет пайдалансаңыз, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Елді
таңдаңыз және процесті аяқтаңыз.
• Қол жетімді жаңартулар бар болса, құрылғы серверге автоматты түрде қосылады.
48
Қосымша
Samsung Kies арқылы жаңарту
1 Samsung Kies қолданбасын компьютерге орнатыңыз.
Samsung Kies қолданбасын Samsung веб-сайтынан жүктеуге боалды.
2 Samsung Kies қолданбасын іске қосыңыз.
3 Құрылғы қосулы кезде құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып жалғаңыз.
4 Диалогтық терезе пайда болғанда Жаңарту опциясын таңдаңыз.
Егер диалогтық терезе пайда болмаса, құрылғы атауын таңдаңыз, → Негізгі ақпарат →
Микробағдарламаны жаңарту тармағын таңдаңыз.
5 Құрылғыны жаңарту үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жаңарту процесі аяқталғанда компьютерде аяқтау туралы хабар пайда болады және
құрылғы автоматты түрде қайта іске қосылады.
• Samsung Kies туралы қосымша ақпарат алу үшін Samsung веб-сайтын қараңыз.
• Құрылғыларға байланысты кейбір Samsung Kies функциялары басқаша болуы
мүмкін және алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
• Windows XP, Windows Vista және Windows 7 жүйелері Samsung Kies қолданбасын
қолдайды.
49
Қосымша
Ақаулықтарды жою
Экранда ештеңе пайда болмайды.
Қуат адаптері және HDMI кабелі дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
Экранынң кейбір бөліктері кесіледі.
Құрылғыны бірінші рет орнатқан кезде экрандық нұсқауларды орындаңыз және бастапқы
экранға қиыстыру үшін экранның арақатынасын таңдаңыз. Немесе Қондырғ-р → Дисплей
→ Экран өлшемі тармағына өтіңіз.
Музыка, бейне немесе басқа мультимедиалық мазмұн
ойнатылмайды.
• Құрылғының файл түрін қолдайтынына көз жеткізіңіз.
• Интернеттен жүктелген кейбір файлдарды ойнату мүмкін емес.
Құрылғы кір.
Құрылғыңызды сүлгімен немесе шүберекпен сүртіңіз. Химикаттарды немесе жуғыш заттарды
пайдалану құрылғының сыртының өңсізденуіне немесе коррозиялануына әкелуі мүмкін.
Құрылғыда сақталған деректер жойылған.
Құрылғыны ысыру алдында басқа жад тасушысында (мысалы, Samsung Kies) маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз. Samsung компаниясы кез келген дерек жоғалуы
үшін жауапты болмайды.
50
Қосымша
Құрылғы компьютерге microUSB кабелінің көмегімен қосылғанда
қосылым орнатылмайды.
• Құрылғыны MTP арқылы жалғау арқылы мультимедиалық файлдарды компьютерден
құрылғыға тасымалдауға болады.
• Егер Windows XP пайдаланушысы болсаңыз, компьютерде Windows XP 3 жаңарту бумасы
немесе одан жоғары нұсқа орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Компьютерде Samsung Kies 2.0 я болмаса Windows Media Player 10 немесе одан жоғары
нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғыға жергілікті желі кабелін жалғағанда желілік қосылым
орнатылмайды.
Егер статикалық IP мекенжайын пайдалану керек болса, статикалық IP параметрлерін
Қондырғ-р → Ethernet → Ethernet құрылғысын конфигурациялау тармағына өту
арқылы реттеңіз.
51
Қауіпсіздік ақпараты
Өзіңізді не басқаларды жарақаттап немесе құрылғыны зақымдап алмау үшін
құрылғыны пайдалану алдында құрылғы туралы қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз.
Кейбір мазмұн құрылғыңыз үшін қол жетімді болмауы мүмкін.
Ескерту
Қауіпсіздік ескертулерін және ережелерді сақтамау ауыр
жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Қорғалмаған қосылымдар ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Қуат сымын ылғалды қолмен ұстамаңыз немесе қуат сымын тартып
ажыратпаңыз
Бұлай істеу қысқа тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыға ылғалды қолдармен тимеңіз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
52
Қауіпсіздік ақпараты
Өндіруші бекіткен қосалқы құралдарды және жабдықтарды
пайдаланыңыз
Әмбебап қосалқы құралдарды немесе жабдықтарды пайдалану құрылғының қызмет ету
уақытын қысқартуы немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, бұл өрт тудыруы немесе құрылғының жарылуына әкелуі мүмкін.
Құрылғыны абайлап пайдаланыңыз және тастаңыз
• Құрылғыны ешқашан отқа тастамаңыз. Құрылғыны қысқа толқынды пеш, кәдімгі пештер
немесе радиаторлар сияқты қыздыру құрылғыларының үстіне немесе ішіне қоймаңыз.
• Құрылғыны ешқашан сындырып не тесіп алмаңыз.
• Құрылғыны жоғарғы сыртқы қысымға ұшыратпаңыз, ол ішкі қысқа тұйықталуға және
шамадан тыс қызуға себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны зақымдалудан қорғау
• Құрылғыны өте суық немесе ыстық температураларға шығармаңыз.
• Өте жоғары/өте төмен температуралар құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды пештердің,
ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары қысымды
контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне және өртке немесе электр
тоғының соғуына себеп болады.
Құрылғыны тістемеңіз немесе сормаңыз
• Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе өрт туындатуы мүмкін.
• Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.
• Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс пайдаланып отырғанына көз
жеткізіңіз.
53
Қауіпсіздік ақпараты
Абайлаңыз
Қауіпсіздік шараларын қолданбау және ережелерді
сақтамау ауыр жарақатқа немесе меншіктің
зақымдалуына әкелуі мүмкін
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың жанында
пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын пайдаланады. Құрылғы басқа
электрондық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды ауруханада, ұшақта немесе радио жиілік арқылы
кедергі келтіруі мүмкін көлік жабдығының жанында пайдаланбаңыз
• Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен, құрылғыны электр
кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см ауқымында пайдаланбаңыз.
• Медициналық құрылғыны пайдалансаңыз, құрылғыға осы құрал шығаратын
радиотолқындар әсері бар-жоғын анықтау үшін, құрылғыны қолдану алдында, оны
жасаушымен хабарласыңыз.
• Ауруханада құрылғыны өшіріңіз және әрқашан ережелерді сақтаңыз. Құрылғы
шығаратын радиотолқын кейбір медициналық жабдықтарға кедергі жасауы мүмкін.
Құрылғыға ауыр түтін әсерін тигізбеңіз
Бұлай істеу құрылғының сыртын зақымдауы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі
мүмкін.
Құрылғыны дыбыстық жүйелер немесе радио мұнаралар
сияқты радио жиіліктерді шығаратын құрылғылардың немесе
аппараттардың жанында пайдаланбаңыз
Радио жиіліктер құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
54
Қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
• Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды және белгілерді
орындаңыз.
• Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғы, оның
бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
Құрылғыдан оғаш иістер немесе дыбыстар шығып жатқанын
байқасаңыз я болмаса құрылғыдан түтін немесе сұйықтықтар шығып
жатқанын көрсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз
және оны Samsung сервис орталығына апарыңыз
Бұлай істемеу өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
Құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
• Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе электрондық шағын
схемаларын зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғы қосулы болса, өшіріңіз (құрылғы
өшпесе, сол күйінде қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін белгінің түсін өзгертеді.
Құрылғыңыз сумен зақымдандалған жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде сақтамаңыз.
Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура арасында пайдалану
ұсынылады
• Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай
істеу құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе
құрылғы жарылуы мүмкін.
• Құрылғыға тік күн сәулесінің ұзақ уақыт бойы әсер етуіне жол бермеңіз.
55
Қауіпсіздік ақпараты
Құрылғыға ауыр заттар қоймаңыз немесе құрылғыны басқа
электрондық құрылғылардың үстіне қоймаңыз
Құрылғы шамадан тыс қызып кетсе, құрылғы мен қосымшаларды
біраз уақыт пайдаланбай қоя тұрыңыз
Теріңізге шамадан тыс қызып кеткен құрылғы ұзақ уақыт бойы әсер етсе, қызыл дақтар
немесе пигменттер сияқты төменгі температура күйігі белгілері пайда болады.
Құрылғыны түсіріп немесе соғып алмаңыз
Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе жөндемеңіз
• Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің кепілдігін жарамсыз
етеді. Құрылғыға қызмет көрсету қажет болса, құрылғыны Samsung қызмет көрсету
орталығына алып барыңыз.
• Жарылуға немесе өрттің шығуына себеп болатындықтан, құрылғыны бөлшектемеңіз
немесе теспеңіз.
Құрылғыны тазалағанда мыналарды ескеріңіз
• Құрылғыңызды сүлгімен немесе шүберекпен сүртіңіз.
• Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы сыртының
түссізденуіне немесе тот басуына әкелуі мүмкін я болмаса ток соғуына немесе өртке
әкелуі мүмкін.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа мақсатқа
пайдаланбаңыз
Құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан құрылғыңыз зақымдануы мүмкін
және өндіруші кепілдігі жарамай қалады.
Кабельдерді күтіп ұстаңыз
• Құрылғыға кабельді қосқанда, кабель тиісті жаққа қосылғанын тексеріңіз.
• Күшпен немесе дұрыс емес кабельді қосу көп мақсатты ұяның немесе құрылғының басқа
бөлшектерінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
56
Қауіпсіздік ақпараты
Жеке деректерді қорғаңыз және құпия ақпараттың ағып кетуін
немесе дұрыс емес пайдаланылуын болдырмаңыз
• Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасап қойыңыз.
Samsung компаниясы кез келген дерек жоғалуы үшін жауапты болмайды.
• Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің сақтық көшірмесін
жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға жол бермеу үшін құрылғыңыздың
зауыттық мәндерін қалпына келтіріңіз.
• Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият оқыңыз. Көптеген
функцияларды немесе жеке ақпаратыңыздың көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін беретін
бағдарламалармен аса мұқият болыңыз.
• Мақұлданбаған немесе тыйым салынған қолдану түрлері туралы хабарламаларды есептік
жазбаңыздан оқыңыз. Жеке ақпаратыңыздың дұрыс қолданылмағанын байқасаңыз,
қызмет жеткізушісіне хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз немесе өзгертіңіз.
• Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін есептік
жазбалардың құпия сөздерін ауыстырыңыз.
• Белгісіз көздерден алынған қолданбаларды пайдаланбаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Авторлық құқықпен қорғалған материалдарды мазмұн иесінің рұқсатынсыз таратпаңыз.
Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық
құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған
құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Зиянда бағдарламалар және вирустар
Құрылғыны зиянды бағдарламалардан және вирустардан қорғау
үшін мына пайдалану туралы кеңестерді орындаңыз. Бұлай істемеу
деректердің бүлінуіне немесе жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұл кепілдік
қызметімен қамтылмаған болуы мүмкін
• Белгісіз қолданбаларды жүктемеңіз.
• Сенімді емес веб-сайттарға кірмеңіз.
• Күдікті хабарларды немесе белгісіз жіберушілерден келген электрондық хабарларды
жойыңыз.
• Құпия сөзді орнатыңыз және оны жиі өзгертіп отырыңыз.
• Пайдаланбаған кезде Bluetooth сияқты сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз.
• Егер құрылғы әдеттен тыс мінез-құлық көрсетсе, антивирустық бағдарламаны іске қосып
вирус жұққан-жұқпағанын тексеріңіз.
57
Қауіпсіздік ақпараты
• Жаңадан жүктелген қолданбалар мен файлдарды іске қосу алдында құрылғыдағы
антивирустық бағдарламаны іске қосыңыз.
• Компьютерде антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және вирус жұққанжұқпағанын тексеру үшін оларды жиі іске қосыңыз.
• Тізбе параметрлерін өңдемеңіз немесе құрылғының амалдық жүйесін өзгертпеңіз.
• Жүйелі түрде құрылғының операциялық жүйесін және антивирустық бағдарламасын
жаңартып отырыңыз.
Деректерді қауіпсіз сақтау
Құрылғыда сақталатын деректердің бүлінуін болдырмау
• Құрылғыға тиетін соққылар құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі немесе
деректерді бүлдіруі мүмкін. Құрылғыға соққылар тиюін болдырмаңыз.
• Тасымалдамай тұрып құрылғыны өшіріңіз.
• Вирустар деректерді бүлдіруі мүмкін. Әрқашан антивирустық бағдарламаларды
жаңартып тұрыңыз.
• Қолданбалар жұмыс істеп тұрғанда құрылғыны өшірмеңіз. Бұлай істеу құрылғыда
сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін.
• Қауіпсіз сақтау үшін әрқашан басқа жад құрылғысында деректердің сақтық көшірмесін
жасаңыз. Samsung компаниясы кез келген дерек жоғалуы үшін жауапты болмайды.
РЖ әсері
РЖ энергиясы туралы жалпы мәлімдеме
Құрылғыда таратқыш және қабылдағыш бар. Қосулы кезінде ол РЖ жиілігін қабылдайды
және жібереді. Құрылғымен байланысқанда қосылыммен жұмыс істейтін жүйе құрылғы
жіберетін қуат деңгейін басқарады.
(!) Денеде пайдалану
Радио жиілікті сәулелену әсеріне қатысты маңызды қауіпсіздік ақпараты. РЖ әсері
туралы нұсқауларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін құрылғыны денеден кемінде 20,0 см
қашықтықта пайдалану керек. Бұл нұсқауларды орындамау РЖ әсерінің тиісті нұсқаудан
немесе шектеулерден асуына әкелуі мүмкін.
58
Қауіпсіздік ақпараты
Радио жиілік өрістерінің әсерін шектеу
РЖ өрістерінің әсерін шектеу туралы ойлайтын адамдар үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы (WHO) кеңес береді. Осы тақырып туралы қосымша ақпаратты WHO басты бетінен
алуға болады: http://www.who.int/peh-emf.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Бөлек жинау жүйелері бар елдер үшін қолданылады)
Өнімдегі, қосымша құралдардағы немесе құжаттардағы осы белгі осы өнім мен
оның электрондық қосымша құралдарын (мысалы, зарядтағыш, гарнитура, USB
кабелі) басқа үй қоқыстарымен тастауға болмайтынын көрсетеді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін бақылаусыз
тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен
бөлек айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта
қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге жіберу үшін осы
элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына немесе
жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен байланысып, сатып
алу келісім-шарттарының шарттары мен ережелерін тексеруі тиіс. Осы өнім және оның
электрондық керек-жарақтары, жоюға арналған басқа коммерциялық қалдықтармен
араласпауы тиіс.
59
Қауіпсіздік ақпараты
Жауапкершіліктен бас тарту
Осы құрылғыда қатынауға болатын кейбір мазмұн мен қызметтер үшінші тараптардың
иелігіне жатады және авторлық құқықтар, сауда белгісі және/немесе басқа да
интеллектуалдық меншік заңдарымен қорғалады. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сізге
және коммерциялық емес мақсатта жеткізіледі. Мазмұн иегері немесе қызмет провайдері
арқылы рұқсат етілмеген қандай да бір мазмұн немесе қызметтерді қандай да бір дәрежеде
қолдана алмайсыз. Осы бас тартудан Рұқсат етпейінше, жоғарыда көрсетілгендермен
шектелмей, осы құрылғымен көрсетілетін қандай да бір мазмұнды немесе қызметті қандай
да бір дәрежеде түрін өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, жіберу, аудару,
сату, туынды еңбектерді жасау, қолдану немесе тарату құқығыңыз жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ КЕПІЛДІКСІЗ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. SAMSUNG
МҰНДАЙ БЕРІЛГЕН МАЗМҰН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТТА АЙҚЫН
НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНҒАН КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ ПЕН
БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУҒА СӘЙКЕСТІК КЕПІЛДІКТЕРІН ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН
ШЕКТЕЛМЕЙ, ҚАНДАЙ ДА БІР ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ
АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАЗМҰН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ,
ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, МЕРЗІМДІЛІГІНЕ, ЗАҢҒА СӘЙКЕСТІІГІНЕ НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА
КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҰҚЫПСЫЗДЫҚ ҮШІН ШАРТ
НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ДА БІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА,
КЕЗДЕЙСОҚ, ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ РЕТТІК ЗАЛАЛДАР, ШЫҒЫНДАР Е БОЛМАСА БАСҚА ДА
ТУЫНДАЙТЫН НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАМТЫЛҒАН
АҚПАРАТТЫ НЕМЕСЕ МҰНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІНДІГІ ЕСКЕРТІЛГЕНДІГІНЕ
ҚАРАМАСТАН, СІЗ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУҒАН
ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС.
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі мүмкін және Samsung қандай да
бір мазмұнның немесе қызметтің қандай да бір уақыт кезеңі үшін қол жетімді болатынына
кепілдік бермейді. Мазмұны мен қызметтер үшінші тараптар арқылы Samsung басқармайтын
желілер және беріліс желілері көмегімен беріледі. Осы бас тартудан толықтығын шектемей,
Samsung айқын түрде осы құрылғы арқылы болатын кез келген мазмұн немесе қызметтің
үзілуі немесе тоқтатылуы үшін айқын түрде бас тартады.
Samsung мазмұн және қызметтерге қатысты сатып алушыларға қызмет көрсету бойынша
жауапкершілік тартпайды немесе жауапты емес. Сәйкес мазмұн немесе қызметке қатысты
қандай да бір сұрақ немесе сұрау сәйкес мазмұны мен қызметтік провайдерге бағытталуы
тиіс.
60
Қосымша сыртқы құрылғысы
Samsung GT-B9150
Көлемі (Ұ/Е/Т):
183.5 x 135.8 x 29.9мм
Салмағы 742 г.
Тауардың қызмет көрсету мерзімі: 3 жылға дейін.
Басты пайдаланушылық сипаттама:
Play Store қосымшалар тізбесі
Exynos 5250 Gaia 1.7ГГц екі ядросы бар процессор
IPTV қолдау мүмкігі.
WiFi 802.11 a/b/g/n, Bluetooth 4.0, USB 3.0,HDMI, NFC
Ішкі жады 1ТБ.
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың
арыздарын қабылдайтын мекеме
ЖШС "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың
арыздарын қабылдайтын мекемесінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы,050059, Аль-Фараби к-сі, 36,
Алматы Қаржы Орталығы, Би ғимараты, 3 қабат
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жыл
Кепіл кепілдік талон шарты бойынша беріледі
Тауар Сертификатталған
Өндіруші
Самсунг Электроникс Ко.Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы
Корея, Кёнги провинциясы, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
Зауыттардың мекен-жайы
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА
Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Қытай
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, Гуангдонг провинциясы,Қытай
4."Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.", Йенпхонг Ай, Йентранг КомьюнӨнеркəсіптік паркі,
Йенпхонг округі, Бэкнинх провинциясы, Вьетнам
Дполнительное внешнее устройство
Samsung GT-B9150
Размеры (В/Ш/Г):
183.5 x 135.8 x 29.9мм
Вес 742 г.
Срок службы товара: 3 года
Краткие характеристики:
Каталог приложений Play Store
Двухъядерный процессор Exynos 5250 Gaia 1.7ГГц
Поддержка IPTV.
WiFi 802.11 a/b/g/n, Bluetooth 4.0, USB 3.0,HDMI,NFC
Память 1ТБ.
Организация, принимающая претензии на территории Республики
Казахстан:
ТОО "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Адрес организации, принимающей претензии на территории
Республики Казахстан:
Республика Казахстан, Алматы, 050059, пр. Аль-Фараби,36,
Алматинский Финансовый Центр, здание Би, 3 этаж
Cрок службы: 3 года
Гарантия предоставляется в соответствии с условиями гарантийного талона
Товар Сертифицирован
Изготовитель:
Самсунг Электроникс Ко.Лтд.
Адрес изготовителя:
Корея, провинция Кёнги, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
Адреса заводов
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА
Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Китай
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, провинция Гуангдонг, Китай
4."Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.", Промышленный парк Йенпхонг Ай, Йентранг
Комьюн, округ Йенпхонг, провинция Бэкнинх, Вьетнам
Аймаққа, қызмет көрсетушіге немесе бағдарламаға байланысты құрылғыдағы кейбір мазмұн
басқаша болуы мүмкін, әрі алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
www.samsung.com
Kazakh. 10/2013. Rev.1.0
Download PDF