Samsung Смартфон Samsung Galaxy R (Oliver) Черный Инструкция по началу работы

Add to my manuals
34 Pages

advertisement

Samsung Смартфон Samsung Galaxy R (Oliver) Черный Инструкция по началу работы | Manualzz
GT-I9103
Жылдам бастау
нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығының
электрондық нұсқасын көру
Көбірек мағлұматты www.samsung.com вебсайтынан таба аласыз.
Нұсқаулықты Adobe Acrobat (.pdf) файлында алуға
болады. Егер сізде Adobe Reader бағдарламасы
болмаса, тегін бағдарламаны www.adobe.com
сайтынан жүктеп алуға болады.
Осы Samsung ұялы телефонын сатып алғаныңызға
алғыс білдіреміз. Бұл құрылғы Samsung компаниясының
ерекше технологиясы мен жоғары стандарттарына
негізделген жоғары сапалы ұялы байланыс пен ойынсауықпен қамтамасыз етеді.
• Бұл нұсқаулықтың мазмұны өнімнен немесе қызмет
көрсетуші провайдерлер немесе тасымалдаушы
берген бағдарламалық жасақтамадан ерекшеленуі
мүмкін және алдын ала ескертусіз өзгертіледі.
• Құрылғымен бірге берілген заттар мен қол жетімді
аксессуарлар аймағыңызға немесе қызмет көрсетуші
провайдерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
• Қосымша аксессуарларды жергілікті Samsung
делдалынан сатып алуға болады.
• Қамтамасыз етілген аксессуарлар құрылғыңызда өте
жақсы жұмыс істейді.
• Жинақта берілгендерден басқа аксессуарлар
құрылғыңызбен үйлеспеуі мүмкін.
Нұсқаулық белгішелері
Іске кіріcер алдында осы нұсқаулықта кездесетін
белгішелермен танысып алыңыз:
Ескерту—өзіңіздің немесе басқалардың
жарақаттануына себеп болатын жағдайлар
Сақтандыру—құрылғыңыздың немесе басқа
жабдықтың зақымдалуына себеп болатын
жағдайлар
2
Ескертпе—жазбалар, пайдалану кеңестері
немесе қосымша ақпарат
[ ]
Тік жақшалар—құрылғы пернелері
Авторлық құқық
Copyright © 2012 Samsung Electronics
Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқық туралы
заңдар бойынша қорғалған.
Бұл нұсқаулықтың ешқандай бөлігін кез келген үлгіде
немесе кез келген тәсілмен, электрондық немесе
механикалық болсын, оның ішінде фотокөшіру,
жазу немесе ақпарат сақтау құралына және қайтып
алу жүйесіне сақтау арқылы Samsung Electronics
корпорациясының алдын ала жазбаша келісімінсіз қайта
жасауға, таратуға, аударуға немесе беруге болмайды.
Сауда белгілері
• SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung
•
•
Electronics корпорациясының тіркелген сауда
белгілері.
Android логотипі, Google Search , Google Maps ,
Google Mail , YouTube , Android Market және
Google Talk — Google корпорациясының сауда
белгілері.
Bluetooth — Bluetooth SIG корпорациясының
дүниежүзіндегі тіркелген сауда белгісі.
™
™
™
™
™
™
®
3
• Oracle және Java – Oracle және/немесе оның
•
•
4
филиалдарының тіркелген сауда белгілері. Басқа
атаулар тиісті иелердің сауда белгілері болуы мүмкін.
Wi-Fi , Wi-Fi CERTIFIED логотипі және Wi-Fi логотипі
— Wi-Fi Alliance бірлестігінің тіркелген сауда
белгілері.
Телефон келісілмеген жиілікті қолданады және барлық
Еуропа елдерінде пайдаланылуға арналған. WLAN
желісін Еуропа Одағында үйлер ішінде шектеусіз
қолдануға болады, бірақ Францияда сыртта пайдалану
мүмкін емес.
Барлық басқа сауда белгілері мен авторлық құқықтар
олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
®
Құрастыру
SIM немесе USIM картасын және
батареяны орнатыңыз
1. Егер құрылғы қосулы болса, Қуат/Құлып пернесін
басып тұрыңыз, оны сөндіру үшін Сөндіру → Иә
опциясын таңдаңыз.
2. Артқы қақпағын шешіп алыңыз.
Артқы қақпағын алған кезде тырнақтарыңызды
зақымдап алмаңыз.
5
3. SIM немесе USIM картасын сары түсті
байланыстарын төмен қаратып салыңыз.
Антенна құрылғының артқы жағының жоғарғы
бөлігінде орналасқан. Антеннаға зақым
келтіретіндіктен, антеннаның қорғаныш таспасын
алмаңыз.
4. Батареяны салыңыз.
5. Артқы қақпағын орнына салыңыз.
6
Батареяны зарядтау
Құрылғыны алғаш пайдаланар алдында, батареяны
зарядтап алуыңыз қажет.
Тек Samsung бекіткен зарядтау құрылғылары
мен кабельдерді пайдаланыңыз. Рұқсат
етілмеген зарядтау құрылғылары немесе
кабельдер батареялардың жарылуына немесе
телефоныңыздың зақымдалуына себеп болуы
мүмкін.
Батарея толығымен таусылған болса, құрылғы қосу
мүмкін болмайды, тіпті зарядтау құралын қоссаңыз
да. Құрылғыны қоспас бұрын таусылған батареяның
бірнеше минут зарядталуын күтіңіз.
1. Жол адаптерінің кіші ұшын көп функциялы ұяға
қосыңыз.
Адаптерді дұрыс жалғамау салдарынан құрылғыға
зақым келуі мүмкін. Дұрыс қолданбау салдарынан
туындаған залалдар кепілдік қызмет көрсету
шараларына енгізілмейді.
7
2. Саяхат адаптерінің келесі үлкен ұшын қуат көзіне
қосыңыз.
Құрылғы зарядталып жатқанда, сенсорлық экран
электр қуатының тұрақсыз берілуіне байланысты
дұрыс істемеуі мүмкін. Солай болған жағдайда,
адаптерді құрылғыдан ажыратыңыз.
3. Батарея толық зарядталғаннан кейін, алдымен,
адаптерді құрылғыдан ажыратыңыз, содан соң қуат
көзінен суырып алыңыз.
Саяхат адаптерін ажыратпай, батареяны телефоннан
алмаңыз. Бұлай істеу құрылғыңызды зақымдауы
мүмкін.
Қуат үнемдеу үшін адаптерді пайдаланылмайтын
кезде ажыратып қойыңыз. Адаптердің қосқышы
жоқ, сондықтан электр қуатының берілуін тоқтату
үшін адаптерді ток көзінен ажыратып қою керек.
Адаптер пайдаланылмайтын кезде ток көзіне жақын
болуы керек.
8
Іске кірісу
Телефоныңызды қосу және өшіру
Құрылғыны қосу үшін Қуат/Құлып пернесін басып
тұрыңыз. Егер құрылғыңызды бірінші рет қоссаңыз,
құрылғыңызды реттеу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыны өшіру үшін Қуат/Құлып пернесін басып
тұрыңыз, Сөндіру → Иә опциясын таңдаңыз.
• Ұшақтар мен ауруханалар сияқты сымсыз
құрылғыларды пайдалану шектелген жерлерде
өкілетті қызметкерлердің барлық ескертулері мен
нұсқауларын орындаңыз.
• Телефонның желіден тыс қызметтерін ғана
пайдалану үшін Ұшақ режиміне ауысыңыз.
9
Құрылғы туралы білу
Жарық сенсоры
Жақындау
сенсоры
Құлақаспап
Алдыңғы
камера линзасы
Дыбыс деңгейі
пернесі
Сенсорлық экран
Бастапқы пернесі
Мәзір пернесі
Көп функциялы ұя
Микрофон1
Артқы камера
линзалары
Қуат/Құлып
пернесі
Ішкі антенна
Артқа пернесі
Микрофон
Құлақаспап ұясы
Ішкі антенна
Фото жарқылы
Артқы қақпағы
Динамик
1. Дауыс зорайтқыш мүмкіндігін немесе бейне жазған кезде ғана
қосылады.
10
Пернелер
перне
Қуат/
Құлыптау
Мәзір
Бастапқы
Артқа
Дыбыс
деңгейі
Функция
Құрылғыны қосу (басып тұрыңыз);
Жылдам мәзірлерге кіру (басып
тұрыңыз); Сенсорлық экранды
құлыптау.
Ағымдағы экрандағы қол жетімді
опциялардың тізімін ашыңыз; Жылдам
іздеу жолағын ашыңыз (басып
тұрыңыз).
Күту экранына қату; Жуырдағы
бағдарламалардың тізімін ашу (басып
тұрыңыз).
Алдыңғы бетке оралу.
Құрылғының дыбыс қаттылығын реттеу.
11
Сенсорлық экран
Құрылғының сенсорлық экраны элементтерді оңай
таңдауға немесе функцияларды орындауға мүмкіндік
береді. Сенсорлық экранды түрту, түртіп, ұстап тұру
немесе оның бетінде сүйреу арқылы оны басқарыңыз.
Күту экраны
Телефон күту режимінде болған кезде сізге күту
экраны көрініп тұрады. Күту экранынан индикаторлық
белгішелерді, виджеттерді, бағдарламалардың жедел
пернелерін және басқа да элементтерді көруге болады.
Күту экранында бірнеше тақта бар. Күту экранындағы
тақталардың біреуіне солға немесе оңға қарай өтіңіз.
Сондай-ақ, тиісті күту экранына тікелей бару үшін
экранның төмен жағындағы нүктені таңдауға болады.
Индикаторлық белгішелер
Индикаторлық белгішелер сигнал күшін, құрылғының
күйін, ағымдағы уақыт пен басқа да ақпаратты экранның
жоғарғы жағынан көрсетеді.
Виджеттер
Күту режиміндегі экранда қолайлы функциялар мен
ақпаратпен қамтамасыз ететін әр түрлі виджеттерді
пайдалануға болады. Виджетті күту режиміндегі экранға
қосыңыз немесе виджетті себетке алып тастаңыз.
12
Тіркесімдер тақтасы
Жедел пернелер тақтасынан жедел мәзірлерді
пайдалануға және жаңа хабарлар, келе жатқан оқиғалар
мен күйлері сияқты мәлімдемелер тізіміне өтуге
болады. Экранның жоғарғы жағындағы индикаторлық
белгішелерді түртіп, жедел пернелер тақтасын ашу үшін
саусағыңызды төмен түсіріңіз. Тақтаны жасыру үшін
тізімнің төменгі жағын жоғары қарай сүйреңіз.
Бағдарламаларға кіру
1. Күту режимінде мәзір режиміне кіру үшін
Қосымшалар опциясын таңдаңыз.
2. Басқа мәзір экранына қарай солға немесе оңға
өтіңіз.
Сондай-ақ, тиісті мәзір экранына тікелей бару үшін
экранның төмен жағындағы нүктені таңдауға болады.
3. Бағдарламаны таңдаңыз.
4. Алдынғы экранға қайту үшін [ ] басыңыз; Күту
экранына қайту үшін Бастапқы пернесін басыңыз.
Жақында кірген бағдарламаларға кіру
Соңғы рет кірген бағдарламаларды көру үшін Бастапқы
пернесін басыңыз.
13
Көп бағдарламаны ашу
Телефон бір уақытта көп бағдарламаны іске қосу арқылы
көп тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.
Көп бағдарлама ашу үшін бағдарламаны пайдаланып
жатқанда Бастапқы пернесін басып, күту режиміне
оралыңыз, сосын ашылатын бағдарламаны таңдаңыз.
Мәтін енгізу
Виртуалды пернетақтамен немесе қолмен жазу
режимінде мәтін енгізуге болады. Сондай-ақ, мәтінді
көшіріп қою үшін өңдеу параметрлерін пайдалануға
болады.
Samsung пернетақтасы
Samsung пернетақтасында әр түрлі пернетақта (мысалы,
QWERTY және 3x4 пернетақталары) және қолмен жазу
режимі берілген.
Мәтінді QWERTY немесе 3x4 пернетақталарымен
енгізгенде, болжамды мәтін мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бұл мүмкіндік енгізілетін сөзді болжап, ұсыныстар
көрсетеді.
Мәтін енгізгенде, QWERTY пернетақтасын кеңейтіп
көрсету үшін құрылғыны бұрыңыз.
14
Swype пернетақтасы
Swype пернетақтасының көмегімен пернетақтадағы
пернелермен жылжу арқылы мәтін енгізуге болады.
Сөздің бірінші таңбасын түртіп, келесі таңбаларға өтіңіз,
сосын соңғы таңбада саусағыңызды алыңыз.
Қоңырау шалу немесе жауап беру
Телефон нөмірін енгізу немесе контактілер тізімінен
нөмір таңдау арқылы қоңырау шалуға болады.
Сондай-ақ, соңғы терілген нөмірлерді қайта теру үшін
қоңыраулар журналына кіруге болады.
Қоңырау шалу
Теру экранын ашып, телефон нөмірін енгізіңіз, сосын
опциясын таңдаңыз. Бейне қоңырау шалу
үшін
опциясын таңдаңыз.
Қоңырауға жауап беру
Қоңырау келген кезде
жылжытыңыз.
белгішесін оңға қарай
Хабар жіберу және алу
Мәтіндік (SMS), мультимедиалық (MMS) хабарлар немесе
электрондық пошта хабарларын жазуға және жіберілген
не қабылданған хабарларды қарап шығуға немесе
басқаруға болады.
Үй қызмет көрсету аясынан тыс жерде хабарлар алу
немесе қабылдау үшін қосымша төлемақы алынуы
мүмкін. Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет
көрсетуші провайдеріңізге хабарласыңыз.
15
Мәтіндік және мультимедиалық хабар
Қарапайым мәтіндік хабар немесе құрамында мәтін,
сурет, бейнежазба және дыбыстық файлдар болуы
мүмкін мультимедиалық хабар жасауға және жіберуге
болады.
Электрондық пошта хабары
Электрондық пошта хабарларын жіберу үшін
құрылғыңыздағы электрондық пошта бағдарламасын
пайдалануға болады. Электрондық пошта хабарларын
жібермес және қабылдамас бұрын электрондық
поштаның есептік жазбасын қосуыңыз керек.
Интернетке қосылу
Сымсыз жергілікті желі мүмкіндігі немесе ұялы байланыс
желілері арқылы интернетке сымсыз қосылуға болады.
Веб-бағдарламаларды ашып, веб-беттерді шолыңыз.
Таңдаулы веб-беттерге бетбелгі қоюға немесе әр түрлі
интернет параметрлерін пайдалануға болады.
Веб-беттерге кіру және медиа файлды жүктеу
үшін қосымша ақы төлеу талап етілуі мүмкін.
Қосымша мәліметтер алу үшін қызмет көрсетуші
провайдеріңізге хабарласыңыз.
16
Сақтандыру шаралары
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын өзіңізді және басқаларды
жарақаттап алмау немесе құрылғыңызға зақым келтірмеу үшін
төмендегі ақпараттың барлығын оқып шығыңыз.
Ескерту: Электр тоғының соғуына, өрттің шығуына
және жарылуға жол бермеңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын
пайдаланбаңыз немесе электр розеткаларына көп құрылғы
қоспаңыз
Электр шнурына су қолдарыңызбен тиіспеңіз немесе
зарядтағышты шнурынан тартып ажыратпаңыз
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Зарядтап жатқан кезде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
немесе құрылғыңызға су қолдарыңызбен тиіспеңіз
Зарядтағышты немесе батареяны қысқа тұйықтамаңыз
Зарядтағышты не батареяны түсіріп алмаңыз немесе
оларға соққы келтірмеңіз
Өндіруші мақұлдамаған зарядтағыштармен батареяны
зарядтамаңыз
Найзағай кезінде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
Құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін, соның салдарынан электр
тогының соғу қаупі артады.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion)
батареяны қолданбаңыз
Литий ион батареяларын қоқысқа қауіпсіз жолмен тастау үшін
жергілікті өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
17
Батареялары мен заряд құрылғыларын күтіммен
пайдаланыңыз және дұрыс тәртіппен тастаңыз
• Құрылғыңызға арналып жасалған және тек Samsung корпорациясы
бекіткен батареялар мен зарядтағыштарды пайдаланыңыз.
Сәйкес келмейтін батареялар мен зарядтағыштарды пайдалану
құрылғыңыздың қатты зақымдануына немесе бұзылуына әкеліп
соғуы мүмкін.
• Батареяларды не құрылғыларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе құрылғыларды тастаған кезде
барлық жергілікті ережелерді сақтаңыз.
• Батареяларды немесе құрылғыларыңызды ешқашан жылыту
құрылғыларының, мысалы, қысқа толқынды пештердің,
духовкалардың немесе жылыту радиаторларының үстіне немесе
ішіне қоймаңыз. Қызып кеткен батарея жарылуы мүмкін.
• Батареяны ешқашан бұзбаңыз немесе теспеңіз. Батареяларды
сыртқы жоғары қысым әсерінен қорғаңыз, бұл ішкі қысқа тұйықталу
және қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяларды және зарядтағыштарды
зақымданудан қорғаңыз
• Құрылғыңызды және батареяларды өте суық немесе өте ыстық
температураларға шығармаңыз.
• Шамадан тыс температуралар құрылғы пішінінің өзгеруіне себеп
болып, заряд сыйымдылығын және құрылғыңыз бен батареялардың
пайдаланылу мерзімін қысқартуы мүмкін.
• Батареяларды металл заттарға тигізбеңіз, себебі бұл заттар
батареяларыңыздың + және – терминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты зақымдануына
әкеліп соғуы мүмкін.
• Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі аумақтарда
пайдаланған кезде барлық қауіпсіздік ескертулері
мен ережелерін сақтаңыз
Құрылғыңызды тыйым салынған жерлерде өшіріп
қойыңыз
Белгілі бір аумақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін
ережелердің барлығын сақтаңыз.
18
Құрылғыңызды басқа электрондық құрылғылардың
жанында пайдаланбаңыз
Көптеген электрондық құрылғылар радио жиілік сигналдарын
пайдаланады. Құрылғы басқа электрондық құрылғыларға кедергі
келтіруі мүмкін.
Құрылғыңызды электр кардиостимулятордың жанында
пайдаланбаңыз
• Құрылғы электр кардиостимуляторға кедергі келтіретіндіктен,
құрылғыны электр кардиостимуляторға мүмкіндігінше 15 см
ауқымында пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғыңызды пайдалану керек болса, электр
кардиостимулятордан кемінде 15 см алыс тұрыңыз.
• Электр кардиостимуляторға келетін кедергіні мүмкіндігінше азайту
үшін құрылғыңызды электр кардиостимуляторға қарама-қарсы
тұрған құлағыңызға пайдаланыңыз.
Құрылғыңызды ауруханада немесе радио жиілік арқылы
кедергі келтіруі мүмкін медициналық жабдық жанында
пайдаланбаңыз
Егер кез келген медициналық жабдықты жеке пайдалансаңыз,
жабдықтың радио жиіліктен қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін жабдық
өндірушісіне хабарласыңыз.
Егер есту құрылғысын пайдалансаңыз, радио
сигнал кедергісі туралы ақпарат алу үшін өндірушіге
хабарласыңыз
Кейбір есту құрылғыларына құрылғыңыздың радио жиілігі кедергі
келтіруі мүмкін. Есту құрылғысының қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін
өндірушіге хабарласыңыз.
Құрылғыны жарылыс қаупі бар орталарда сөндіріңіз
• Батареяны алғанша, құрылғыңызды жарылыс қаупі бар орталарда
сөндіріңіз.
• Жарылысқа қаупі бар орталарды әрқашан ережелерді, нұсқауларды
және белгілерді орындаңыз.
• Телефонды жанармай толтыру орындарында (қызмет көрсету
стансаларында) немесе жанармайдың немесе химиялық заттардың
жанында пайдаланбаңыз, және жарылғыш облысы.
• Тез тұтанатын сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
құрылғы, оның бөлшектері немесе аксессуарлары бар жерде
сақтамаңыз немесе орналастырмаңыз.
19
Құрылғыңызды ұшақта сөндіріп қойыңыз
Құрылғыңызды ұшақта пайдалану заңға қайшы. Құрылғыңыз ұшақтың
электрондық навигациялық құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Автокөліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың
радио жиілігінен дұрыс істемеуі мүмкін
Көліктің электрондық құрылғылары құрылғыңыздың радио жиілігінен
дұрыс істемеуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өндірушіге
хабарласыңыз.
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалануға
қатысты барлық қауіпсіздік ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Автокөлікті қауіпсіз жүргізу бірінші жауапкершілігіңізге жатады.
Заңмен тыйым салынса, көлік жүргізгенде ұялы телефоныңызды
ешқашан пайдаланбаңыз. Өзіңіз бен басқалардың қауіпсіздігі үшін
жақсылап жаттығып алып, төмендегі кеңестерді есіңізде ұстаңыз:
• Спикерфонды пайдаланыңыз.
• Құрылғыңызбен және жылдам теру және қайта теру сияқты
қолайлы мүмкіндіктерімен танысыңыз. Бұл мүмкіндіктер ұялы
телефоныңызда қоңырауды күттіруге қоюға немесе қабылдауға
қажетті уақытты азайтуға көмектеседі.
• Құрылғыңызды оңай алатын жерге қойыңыз. Көзіңізді жолдан
алмай, сымсыз құрылғыға ауысуға болады. Егер келген қоңырауды
қолайсыз уақытта қабылдасаңыз, дауысты поштаға оған сіз үшін
жауап бергізіңіз.
• Сөйлесіп отырған адамға көлік жүргізіп келе жатқаныңызды
білдіртіңіз. Жол қозғалысы қиын жерлерде немесе қауіпті ауа райы
жағдайларында сөйлесуді тоқтата тұрыңыз. Жаңбыр, көктайғақ, қар,
мұз және қиын жол қозғалысы қауіпті болуы мүмкін.
• Телефон нөмірлерін жазбаңыз немесе іздемеңіз. Әдістерін жазып
алу немесе мекенжай кітапшасын қарап шығу негізгі көлікті қауіпсіз
жүргізу міндетінен назарыңызды аударады.
• Қолайлы кезде теріп, жол қозғалысына өтіңіз. Қозғалмай тұрғанда
немесе орныңыздан қозғалмас бұрын қоңырауларды қойыңыз.
Автокөлік тоқтап тұрған кезде қоңырауларды жоспарлап көріңіз.
Егер қоңырау шалу, біраз нөмірлерді ғана теру керек болса, жолды
айналарыңыздан тексеріп алыңыз, сосын жалғастырыңыз.
20
• Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп келе жатқан адамдарға
көлік жүргізіп келе жатқаныңызды білдіртіп, назарыңызды жолдан
аударатын әңгімелесулерді тоқтата тұрыңыз.
• Құрылғыңызды көмек шақыру үшін пайдаланыңыз. Өрт, жолкөлік оқиғасы болған немесе медициналық көмек қажет болған
жағдайларда жергілікті төтенше қызмет нөмірін теріңіз.
• Төтенше жағдайларда басқаларына көмектесу үшін құрылғыңызды
пайдаланыңыз. Егер жол-көлік оқиғасын, қылмыстық оқиғаны
немесе адам өмірлері қауіп-қатерге түскен күрделі төтенше
жағдайды көрсеңіз, жергілікті төтенше қызмет нөміріне
хабарласыңыз.
• Қажет болған кездерде жол жанындағы көмек немесе арнайы,
төтенше емес көмек қызметі нөміріне хабарласыңыз. Егер күрделі
қауіп-қатер алып келмейтін бұзылып тұрған көлікті, көліктің
бұзылып тұрғаны туралы белгіні, ешкім жарақаттанбаған жеңіл жолкөлік оқиғасын немесе білетін көлігіңіздің ұрланғанын көрсеңіз,
жол жанындағы көмек немесе басқа арнайы, төтенше емес қызмет
нөміріне хабарласыңыз.
Ұялы телефоныңызға дұрыс күтім жасау және
пайдалану
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
• Ылғал мен сұйықтықтардың барлық түрі құрылғының бөлшектерін
немесе электрондық схемаларын зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы
болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы
өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында
қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыңызды шаң, лас жердерде пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз
Шаң құрылғыңыздың дұрыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды еңкейіп тұрып пайдаланбаңыз
Егер құрылғыңыз түсіп кетсе, ол зақымдалуы мүмкін.
21
Құрылғыңызды ыстық не суық жерлерде сақтамаңыз.
Құрылғыңызды -20° C - 50° C аралығында пайдаланыңыз
• Құрылғыңыз жабық көлікте қалып кетсе, ішкі температура
80° C-тан жоғары асатындықтан жарылуы мүмкін.
• Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, автокөліктің
панелінің үстінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
• Батареяны 0° C - 40° C аралығында сақтаңыз.
Құрылғыңызды монеталар, кілттер және алқа сияқты
металл бөлшектермен бірге сақтамаңыз
• Құрылғыңыздің пішіні өзгеруі немесе істемей қалуы мүмкін.
• Егер батарея терминалдары металл заттарға тиіп тұрса, өрттің
шығуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
• Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті
өрістерден зарядсыздануы мүмкін.
• Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон
карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті
өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.
• Магниттік ілмектері бар жүк кейстерін немесе жабдықтарды
пайдаланбаңыз және телефоныңызды магниттік өрістің ықпалында
ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды
пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары
қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
• Батарея ағып кетуі мүмкін.
• Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға
соққы тигізбеңіз
• Құрылғыңыздың экраны зақымдалуы мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Егер құрылғыңызда камера немесе шам болса, жарқылды
адамдардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз
Жарқылды көзге жақын пайдаланудан уақытша көрмей қалуы немесе
көздеріне зиян келуі мүмкін.
22
Жарқыраған жарыққа шыққанда сақтық шараларын
пайдалану
• Құрылғыңыз пайдаланылғанда, бөлмеде біраз жарық қалдырыңыз
және экранды көзіңізге қатты жақын ұстамаңыз.
• Бейнелерді көріп отырғанда немесе жарыққа негізделген
ойындарды ұзақ уақыт ойнағанда жарқыраған жарыққа шықсаңыз,
тұрып қалуы немесе бұлыңғырлануы мүмкін. Егер қолайсыздықты
сезінсеңіз, құрылғыны пайдалануды бірден тоқтатыңыз.
Қайталама әрекеттерден шығатын жарақаттардың
тәуекелін азайту
Пернелерді басу, экранда таңбалардың суретін саусақтарыңызбен
салу сияқты әрекеттерді қайталап орындағанда, қолдарыңызда,
мойныңызда, иықтарыңызда немесе денеңіздің басқа бөліктерінде
ыңғайсыздықты сезінуіңіз мүмкін. Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланғанда, құрылғыны бос ұстап, пернелерді ақырын басыңыз,
сосын жиі үзіліс жасаңыз. Егер осылайша пайдаланғанда немесе одан
кейін сізге ыңғайсыз бола берсе, пайдалануды тоқтатып, дәрігерге
қаралыңыз.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
• Батареяны тиісті мерзімінен ұзақ зарядтау оның жарамдылық
уақытын қысқартады, сондықтан батареяларды бір аптадан артық
зарядтауға болмайды.
• Уақыт өтісімен пайдаланусыз жатқан батареялар зарядын жоғалтуы
мүмкін, сондықтан оларды пайдаланар алдында зарядтау керек.
• Пайдаланылмай тұрғанда зарядтағыштарды қорек көзінен
ажыратыңыз.
• Батареяларды тек арналған мақсаттарына пайдаланыңыз.
Өндіруші бекіткен батареяларды, зарядтағыштарды,
аксессуарларды және керек-жарақтарды пайдаланыңыз
• Жалпы батареяларды не зарядтағыштарды пайдалану
құрылғыңыздың өмірін қысқартуы немесе құрылғының дұрыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
• Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
23
Құрылғыны не батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
• Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарылуына себеп болуы мүмкін.
• Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс
пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыға сөйлеген кезде:
• Кәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен
ұстаңыз.
• Микрофонға тікелей сөйлеңіз.
• Құрылғыңыздың ішкі антеннасына тиіспеңіз. Антеннаға тиіскеннен
қоңырау шалу сапасы төмендеуі немесе құрылғының қажетті
деңгейден көп радио жиілік жіберуіне себеп болуы мүмкін.
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
• Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту
қабілетінің зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
• Көлік жүргізіп келе жатқанда қатты дыбыстар
шығару назарыңызды аударып, апатқа алып келуі
мүмкін.
• Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс
қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін
немесе музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс
қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.
• Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы
гарнитурада пайда болуы мүмкін. Құрғақ
жерлерде гарнитураларды пайдаланбаңыз немесе
гарнитураны құрылғыға қосардың алдында
статикалық электр тогын зарядсыздандыру үшін
металл затқа тигізіңіз.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда
сақтық шараларын пайдаланыңыз
Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде
ұстамаңыз
Сізге зиян келтіруі немесе құлап кетсеңіз, құрылғыны зақымдауы
мүмкін.
24
Құрылғыңызды бөлшектемеңіз, түрін өзгерпеңіз немесе
жөндемеңіз
• Құрылғыңызға енгізілген өзгертулер не түрлендірулер өндірушінің
кепілдігін жарамсыз етеді. Жөндету үшін құрылғыңызды Samsung
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Жарылуға не өрттің шығуына себеп болатындықтан, батареяны
бөлшектемеңіз немесе теспеңіз.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін. Егер өнімнің бояуына
немесе металл бөлшіктеріне аллергияңыз болса, теріңіздің қышуы
немесе ісуі мүмкін. Ондай болған жағдайда, өнімді пайдалануды
тоқтатып, дәрігерден ақыл-кеңес алыңыз.
Құрылғыңызды тазалаған кезде:
• Құрылғыңызды не зарядтағышты сүлгімен не шүберекпен сүртіңіз.
• Батареяның терминалдарын мақтамен не сүлгімен тазалаңыз.
• Химикаттар не тазалағыш құралдар пайдаланбаңыз.
Экран сызылған немесе сынған болса, телефонды
пайдаланбаңыз.
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Құрылғыны арналған мақсатына пайдаланудан басқа
мақсатқа пайдаланбаңыз
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын
мазаламаңыз
Балаларға құрылғыңызды пайдалануға рұқсат етпеңіз
Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға рұқсат
етпеңіз, себеб олар өздерін және басқаларды ұруы, құрылғыны
зақымдауы немесе қоңырау шалып, шығын келтіруі мүмкін.
Ұялы телефондарды және жабдықты сақтықпен
орнатыңыз
• Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
25
• Құрылғыңызды және оның аксессуарларын көліктің қауіпсіздік
жастығы орналасқан жердің жанына немесе үстіне қоймаңыз.
Қауіпсіздік жастығы бірден желге толып кеткен жағдайда дұрыс
орнатылмаған сымсыз жабдық ауыр жарақаттануға себеп болуы
мүмкін.
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан
құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай
қалады.
SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты пайдалану
• Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап
жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл
әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
• Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
• Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын
тексеріңіз.
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс
аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында
төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
• Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына
жауапты емес.
• Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
26
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды
басқаларға мазмұн иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны
сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші
авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз
пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Спецификалық сіңіру нормасы (ССН) куәлігі
туралы ақпарат
Құрылғыңыз Еуропалық Одақтың (ЕО) адам ағзасына радио және
телекоммуникациялар жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио
жиілігіндегі (РЖ) энергияның әсер ету шектемелерін белгілейтін
стандарттарға сай келеді. Мұндай стандарттар адам ағзасының әр
килограмына 2,0 Вт шамасынан жоғарғы деңгейде (Спецификалық
сіңіру нормасы немесе ССН ретінде белгілі) әсер ететін ұялы
телефондардың сатылуына жол бермейді.
Сынақ кезінде осы модель үшін байқалған ең жоғары ССН көрсеткіші
0,283 Вт/кг болып шықты. Қалыпты қолданыста негізгі ССН көрсеткіші
әлдеқайда төменірек болуы мүмкін, өйткені бұл құрылғы сигналды
ең жақын байланыс бекетіне жеткізуге ғана қажетті радио жиілік
энергиясын шығаратындай етіп жасалған. Мүмкіндігінше төменгі
деңгейлерді автоматты түрде тарату арқылы құрылғыңыз РЖ
энергиясының сізге әсер етуін азайтады.
Бұл нұсқаулықтың артындағы Сәйкестік туралы декларация
құрылғыңыздың Еуропалық радио және терминал
телекоммуникациялар жабдығы (РТТЖ) директивасына сәйкес
келетіндігін көрсетеді. ССН және қатысты ЕО стандарттары туралы
толық ақпарат алу үшін Samsung веб-сайтына кіріңіз.
27
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ жəне басқа да жеке жинақ жүйелері бар
Еуропа елдеріндегі қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе қосымша
əдебиеттегі осы таңба өнімнің жəне оның электрондық
керек-жарақтарының (мысалы, зарядтағыш
құрылғысының, құлақ аспабының, USB кабелінің) қызмет
мерзімі аяқталғанда басқадай тұрмыстық қалдықтармен
бірге тасталмауы қажеттігін білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам
денсаулығына зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды
болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек
айырып алыңыз да, материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы
тимейтіндей қайта қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге
жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын
оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің шығарушыларымен
байланысып, сатып алу келісім-шарттарының шарттары мен
ережелерін тексеруі тиіс.
Осы өнім батареяларын сәйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару жүйелері бар
басқа еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы бұл
таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет ету мерзімінің
соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен бірге жойылмауы
тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген жердегі Hg, Cd
немесе Pb символдары батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасын
мөлшері 2006/66 ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып
түсетіндігін білдіреді. Егер батарея тиісінше жойылмаған болса, бұл
заттар адам денсаулығы немесе қоршаған ортаға зиянын тигізуі
мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін және материалдық қайта
пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа қоқыс түрлерінен
ажыратып алыңыз және жергілікті, тегін батареяларды қайтару жүйесі
арқылы қайта пайдаға асырыңыз.
28
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық
регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің
қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын
және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің
қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді.
Символ сандық код және/немесе әріп белгілері
түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.
Жауапкершіліктен бас тарту
Осы құрылғыда қатынауға болатын кейбір мазмұн мен қызметтер
үшінші тараптардың иелігіне жатады және авторлық құқықтар, сауда
белгісі және/немесе басқа да интеллектуалдық меншік заңдарымен
қорғалады. Мұндай мазмұн мен қызметтер тек жеке коммерциялық
емес пайдалануына беріледі.
Мазмұн иегері немесе қызмет провайдері арқылы рұқсат етілмеген
қандай да бір мазмұн немесе қызметтерді қандай да бір дәрежеде
қолдана алмайсыз. Осы бас тартудан Рұқсат етпейінше, жоғарыда
көрсетілгендермен шектелмей, осы құрылғымен көрсетілетін қандай
да бір мазмұнды немесе қызметті қандай да бір дәрежеде түрін
өзгерту, көшіру, қайта басып шығару, жүктеу, жариялау, жіберу, аудару,
сату, туынды еңбектерді жасау, қолдану немесе тарату құқығыңыз жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ КЕПІЛДІКСІЗ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. SAMSUNG МҰНДАЙ БЕРІЛГЕН МАЗМҰН
НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТТА АЙҚЫН
НЕМЕСЕ ТҰСПАЛДАНҒАН КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG САТУҒА
ЖАРАМДЫЛЫҚ ПЕН БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТТА ҚОЛДАНУҒА СӘЙКЕСТІК
КЕПІЛДІКТЕРІН ҚОСА, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, ҚАНДАЙ ДА
БІР ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ
АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ҚАНДАЙ ДА БІР МАЗМҰН НЕМЕСЕ
ҚЫЗМЕТТІҢ ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, МЕРЗІМДІЛІГІНЕ, ЗАҢҒА
СӘЙКЕСТІІГІНЕ НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ ЖӘНЕ
ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҰҚЫПСЫЗДЫҚ ҮШІН ШАРТ
НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ДА
29
БІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ РЕТТІК
ЗАЛАЛДАР, ШЫҒЫНДАР Е БОЛМАСА БАСҚА ДА ТУЫНДАЙТЫН
НЕМЕСЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАМТЫЛҒАН
АҚПАРАТТЫ НЕМЕСЕ МҰНДАЙ ЗАЛАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІНДІГІ
ЕСКЕРТІЛГЕНДІГІНЕ ҚАРАМАСТАН, СІЗ НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАП
АРҚЫЛЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУҒАН ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ
ЕМЕС.
Үшінші тарап кез келген уақытта тоқтатылуы немесе үзілуі мүмкін және
Samsung қандай да бір мазмұнның немесе қызметтің қандай да бір
уақыт кезеңі үшін қол жетімді болатынына кепілдік бермейді. Мазмұны
мен қызметтер үшінші тараптар арқылы Samsung басқармайтын
желілер және беріліс желілері көмегімен беріледі. Осы бас тартудан
толықтығын шектемей, Samsung айқын түрде осы құрылғы арқылы
болатын кез келген мазмұн немесе қызметтің үзілуі немесе тоқтатылуы
үшін айқын түрде бас тартады.
Samsung мазмұн және қызметтерге қатысты сатып алушыларға қызмет
көрсету бойынша жауапкершілік тартпайды немесе жауапты емес.
Сәйкес мазмұн немесе қызметке қатысты қандай да бір сұрақ немесе
сұрау сәйкес мазмұны мен қызметтік провайдерге бағытталуы тиіс.
30
Көшпелі абоненттік радиостанция (Ұялы телефон)
Samsung GT-I9103
Желі ішінде көшпелі радиотелефонды байланыс стандарттары жұмысына арналған
GSM 900/1800 жəне UMTS 900/2100
Көлемі (Ұ/Е/Т):
125.7 x 66.7 x 9.65 мм
Салмағы:
135 г.
1 Аккумулятор*:
Стандартты. Li-Ion, 1650 mAh
Күту режимінде 620 сағатқа дейін,
Сөйлесу режимінде 9 сағатқа дейін
Тауардың қызмет көрсету мерзімі: 3 жылға дейін.
Басты пайдаланушылық сипаттама:
Жұмыс диапазондары GSM 850/900/1800/1900 и WCDMA 850/900/1900/2100
GPRS/EDGE/HSDPA/HSUPA
Cortex A9 Dual екі-ядролы процессор
Сенсорлық SC-LCD - дисплейі, 16 млн түстер, 4,2" диагоналды (480x800 пиксель)
5,0 Мпикс камерасы, бейне ролик жазу функциясымен
Видеоқоңырауларға арналған 1,3 Мпикс алдыңғы камерасы
Android 2.3 операциялық системасы, Android Market қосымшалар тізбесі
Жад 8 Гб, жад картасына арналған слот microSD 32 Гб дейін
Музыкалық плеер, видео-плеер, офистік құжаттарды қарап шығу
Кітап дүкені, музыкалық дүкені, E-book кітапті оқуға арналған қосымша
Дауыс ізденуі, Push E-mal, IM, SNS, Social Hub
USB 2.0, Bluetooth 3.0, Wi-Fi 802.11 a/b/g/n
A-GPS, 3.5 мм аудиошығу
*Аккумулятордың жұмыс уақыты ұялы желі конфигурациясына,
станциялық базаға дейінгі қашықтықтан, SIM-карта түрінен, жердің рельефінен жəне т.б байланысты.
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың арыздарын қабылдайтын мекеме
ЖШС "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Қазақстан Республикасының аймағында пайдаланушылардың арыздарын қабылдайтын
мекемесінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050000, Наурызбай Батыр к-сі, 31, 6-7 қабат
Қызмет көрсету мерзімі: 3 жыл
Кепіл кепілдік талон шарты бойынша беріледі
Тауар Сертификатталған
Өндіруші
Самсунг Электроникс Ко.Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы
Корея, Кёнги провинциясы, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА,
Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Қытай
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, Гуангдонг провинциясы,Қытай
4."Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.", Йенпхонг Ай, Йентранг Комьюн Өнеркәсіптік паркі,
Йенпхонг округі, Бэкнинх провинциясы, Вьетнам
Абонентская радиостанция носимая (мобильный телефон)
Samsung GT-I9103
предназначена для работы в сетях подвижной радиотелефонной связи стандартов
GSM 900/1800 и UMTS 900/2100
Размеры (В/Ш/Г):
125.7 x 66.7 x 9.65 мм
Вес:
135 г.
1 Аккумулятор*:
Стандартный, Li-Ion, 1650 mAh
до 620 часов в режиме ожидания
до 9 часов в режиме разговора
Срок службы товара: 3 года
Краткие характеристики:
Рабочие диапазоны GSM 850/900/1800/1900 и WCDMA 850/900/1900/2100
GPRS/EDGE/HSDPA/HSUPA
Двуядерный процессор Cortex A9 Dual
Сенсорный SC-LCD-дисплей 4.2", 16 млн. цветов (480x800 пикселей)
5,0 Мпикс камера с возможностью записи видеороликов
1,3 Мпикс Фронтальная.камера для видеозвонков
ОС Android 2.3, каталог приложений Android Market
Память 8 Гб, поддержка карт памяти microSD до 32 Гб
Музыкальный плеер, видеоплеер, просмотр офисных документов
Книжный магазин, Музыкальный магазин, Приложение для чтения E-book
Голосовой поиск, функции Push E-mal, IM-клиент, SNS, Social Hub
USB 2.0, Bluetooth 3.0, Wi-Fi 802.11 b/g/n
A-GPS, Разъем 3.5 мм
*время работы аккумулятора зависит от конфигурации сотовой сети,
расстояния до базовой станции, типа SIM-карты, рельефа местности и т.п.
Организация, принимающая претензии на территории Республики Казахстан:
ТОО "Самсунг Электроникс КЗ энд Централ Эйжа"
Адрес организации, принимающей претензии на территории Республики Казахстан:
Республика Казахстан, Алматы, 050000, ул. Наурызбай Батыра, 31, 6-7 этаж
Cрок службы: 3 года
Гарантия предоставляется в соответствии с условиями гарантийного талона
Товар Сертифицирован
Изготовитель:
Samsung Electronics Co.Ltd.
Адрес изготовителя:
Корея, провинция Кёнги, Сувон, 443-742
416, Маетан-3Донг, Ёнгтонг-Гу
1. "Самсунг Электроникс Ко., Лтд", 94-1, Имсо-Донг, Гуми-Сити, Кунг-Бак, Корея, 730-350
2. "Тянжин Самсунг Телеком Технолоджи Ко., Лтд", Вейву Роад, Микроэлектроникс Индастриал Парк ТЕДА,
Ксиквин Дистрикт Тянжин 300385, Китай
3. "Самсунг Электроникс Хуижоу Ко., Лтд.", Ченжианг таун, Хуижоу, провинция Гуангдонг, Китай
4.'Самсунг Электроникс Вьетнам Ко., Лтд.', Промышленный парк Йенпхонг Ай, Йентранг
Комьюн, округ Йенпхонг, провинция Бэкнинх, Вьетнам
Сәйкестікті растау (R&TTE)
Біз,
Samsung Electronics
Өзіміздің толық жауапкершілікпен төмендегі өнімге
GSM WCDMA Wi-Fi ұялы телефоны : GT-I9103
қатысты осы растау беріліп, төмендегі стандарттарға және басқадай нормативті
құжаттарға сәйкес екендігін растаймыз.
ҚАУІПСІЗДІК EN 60950-1 : 2006 +A11:2009
МСК EN 50360 : 2001 / AC 2006
EN 62209-1 : 2006
ЭМС EN 301 489-01 V1.8.1 (04-2008)
EN 301 489-07 V1.3.1 (11-2005)
EN 301 489-17 V2.1.1 (05-2009)
EN 301 489-19 V1.2.1 (11-2002)
EN 301 489-24 V1.5.1 (10-2010)
РАДИО EN 301 511 V9.0.2 (03-2003)
EN 301 908-1 V4.2.1 (03-2010)
EN 301 908-2 V4.2.1 (03-2010)
EN 300 440-1 V1.6.1 (08-2010)
EN 300 440-2 V1.4.1 (08-2010)
EN 300 328 V1.7.1 (10-2006)
EN 300 893 V1.5.1 (12-2008)
Осымен [барлық қажетті тесттер қатары өткізіліп], аталмыш өнімнің 1999/5/EК
Нұсқаулығының барлық негізгі талаптарына сәйкестігін растаймыз.
10 Бапта аталып, 1999/5/EК Нұсқаулығының [IV] Қосымшасында сипатталған
Сәйкестігін тексеру процедурасы төмендегі Өкілетті тұлғаны(ларды) тарта отырып
өткізілді:
BABT, Forsyth House,
Churchfield Road,
Walton-on-Thames,
Surrey, KT12 2TD, UK*
Идентификациялық белгі: 0168
Техникалық құжаттаманың сақталу орны:
Samsung Electronics QA Lab.
Оны сұрату бойынша алуға болады.
(ЕО аумағындағы өкілдік)
Samsung Electronics Euro QA Lab.
Blackbushe Business Park, Saxony Way,
Yateley, Hampshire, GU46 6GG, UK*
2011.06.28
Joong-Hoon Choi / Лаборатория меңгерушісі
(берілген орны және күні)
(өкілетті тұлғаның аты-жөні мен қолтаңбасы)
* Бұл Samsung Қызмет орталығының мекен-жайы болып табылмайды. Samsung қызмет көрсету
оратлығының мекенжайын немесе телефон нөмірін кепілдік картасынан қараңыз немесе
өнімді сатып алған сатушыға хабарласыңыз.
Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың бағдарламалық
жасақтамасына немесе қызметті жеткізушіге қатысты өзгеше
болуы мүмкін.
Kies (PC Sync) бағдарламасын
орнату үшін
1. Ең соңғы Kies нұсқасын Samsung веб-сайтынан
(www.samsung.com/kies) жүктеп, оны
компьютеріңізгеорнатыңыз.
2. Компьютердің деректер кабелімен құрылғыңызды
компьютеріңізге жалғаңыз. Samsung Kies
автоматты түрде ашылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Kies анықтамасын
қараңыз.
.O.02.0072
www.samsung.com
Printed in Korea
GH68-35112A
Kazakh. 06/2012. Rev. 1.1

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Key Features

  • 10.6 cm (4.19") 800 x 480 pixels AMOLED
  • 1 GHz
  • 8 GB 32 GB
  • 3G Single SIM
  • 802.11a, 802.11b, 802.11g Bluetooth 3.0+HS
  • Single camera 5 MP
  • 1650 mAh
  • Android 2.3

Related manuals

Download PDF

advertisement