HP | ProDisplay P201m 20-inch LED Backlit Monitor | HP ProDisplay P201m 20-inch LED Backlit Monitor Пайдаланушы нұсқаулығы

HP ProDisplay P201m 20-inch LED Backlit Monitor Пайдаланушы нұсқаулығы
HP ProDisplay СКД артқы жарығы бар
мониторлар
Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2012 Hewlett-Packard Development
Company, L.P.
HP компаниясының өнімдері мен
қызметтеріне барлық кепілдік түрлері тек
көрсетілген өнімдер мен қызметтермен
қоса берілетін кепілдік туралы
мəлімдемелерде көрсетіледі. Бұл
құжаттағы ешбір деректер қосымша
кепілдіктерді беру ретінде түсінілмеуі
керек. HP компаниясы осы құжатта болуы
мүмкін техникалық немесе редакторлық
қателерге немесе жіберілген қателерге
жауапты емес.
Бұл құжатта авторлық құқықпен
қорғалған жекеменшік ақпарат бар.
Hewlett-Packard компаниясының алдын
ала жазбаша келісімінсіз бұл құжаттың
ешбір бөлігін көшіруге, қайта жасауға
немесе басқа тілге аударуға болмайды.
Бірінші басылым (Қараша, 2012)
Құжат бөлігінің нөмірі: 711877-DF1
Осы нұсқаулық туралы
Бұл нұсқаулық монитор мүмкіндіктері, мониторды орнату жəне техникалық сипаттамалар
туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылайша ерекшеленген мəтін нұсқауларды орындамау жарақат алуға
немесе өлімге əкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Осылайша ерекшеленген мəтін нұсқауларды орындамау жабдықтың
зақымдалуына немесе ақпараттың жоғалуына əкелуі мүмкін екенін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ:
Осылайша ерекшеленген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iii
iv
Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны
1 Өнім мүмкіндіктері ............................................................................................................. 1
HP СКД мониторлары ............................................................................................................. 1
2 Мониторды орнату ............................................................................................................. 3
Тұғырын салу ......................................................................................................................... 3
Артқы компоненттері .............................................................................................................. 4
Кабельдерді қосу ................................................................................................................... 4
Алдыңғы тақтаның басқару элементтері ................................................................................. 7
Мониторды реттеу ................................................................................................................. 9
Мониторды қосу ..................................................................................................................... 9
Монитор тұғырын алу ........................................................................................................... 10
Мониторды орнату ................................................................................................ 10
Кабель қыстырғышын орнату ............................................................................................... 12
3 Қосымша ақпаратты іздеу ................................................................................................ 13
Өнім қолдаулары ................................................................................................................. 13
4 Техникалық сипаттамалар ................................................................................................ 14
P191 моделі ......................................................................................................................... 14
P201 жəне P201m модельдері .............................................................................................. 14
P221 моделі ......................................................................................................................... 15
Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы .............................................................. 16
P191 моделі .......................................................................................................... 16
P201 жəне P201m модельдері ............................................................................... 16
P221 моделі .......................................................................................................... 17
Пайдаланушы режимдеріне кіру ........................................................................................... 17
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі .................................................................................................... 17
v
vi
1
Өнім мүмкіндіктері
HP СКД мониторлары
СКД мониторларында белсенді матрица, TFT тақтасы бар. Монитор моделі мен мүмкіндіктері
төмендегілерді қамтиды:
●
P191 үлгісі, 47 см (18,5-дюйм) диагональді дисплейдің көру аймағының ажыратымдылығы
1366 x 768, сонымен бірге төменгі ажыратымдылық үшін толық экран қолдауы
көрсетілген; бастапқы арақатынасын сақтау кезінде кескіннің ең үлкен көлемі үшін
теңшелетін өлшемдерді қамтиды
●
P201 жəне P201m үлгілері, 50,8 см (20-дюйм) диагональді дисплейдің көру аймағының
ажыратымдылығы 1600 x 900, сонымен бірге төменгі ажыратымдылық үшін толық экран
қолдауы көрсетілген; бастапқы арақатынасын сақтау кезінде кескіннің ең үлкен көлемі үшін
теңшелетін өлшемдерді қамтиды
●
P221 үлгісі, 55 см (21,5-дюйм) диагональді дисплейдің көру аймағының ажыратымдылығы
1920 x 1080, сонымен бірге төменгі ажыратымдылық үшін толық экран қолдауы
көрсетілген; бастапқы арақатынасын сақтау кезінде кескіннің ең үлкен көлемі үшін
теңшелетін өлшемдерді қамтиды
●
Дəстүрлі CCFL артқы жарығымен салыстырғанда қуатты азырақ тұтынатын
жарықдиодының артқы жарығы бар жарқыл бермейтін тақта
●
Отырған немесе тұрған қалыпта немесе жан-жаққа жүргенде көруге мүмкіндік беретін көру
бұрышы
●
Еңкейту мүмкіндігі
●
Монитордың иілгіш тақтасын орнату туралы шешімдерді ұсынатын алынбалы тіреуіш
●
VGA аналогын берілген VGA сигналдық кабелімен қамтамасыз ететін бейне сигнал кірісі
●
DVI аналогын берілген DVI-D сигналдық кабелімен қамтамасыз ететін бейне сигнал кірісі
(кейбір модельдерде)
●
біріктрілген динамиктер жəне аудио кабелі (кейбір модельдерде)
●
Қосымша HP спикерлер жинағын, HP жылдам шешілетін ілгішін жəне HP USB графикалық
адаптерін қолдайды.
●
Амалдық жүйе қолдау көрсетсе, қосу жəне ойнату мүмкіндігі
●
Экранның бүйірін көру үшін (бөлек сатылатын) сүзгілерді салуға арналған құпиялылық сүзгі
слоттары
●
Қосымша кабель қыстырғышына арналған монитордың артындағы қауіпсіздік слот ережесі
●
Кабельдер мен сымдарды қоюға арналған кабельдің басқару мүмкіндіктері
●
Экрандық дисплей реттеулерін оңай орнатып, экранды оңтайландыру үшін бірнеше тілде
берілген
HP СКД мониторлары
1
2
●
Монитор параметрлерін реттеу жəне ұрлықтан қорғау мүмкіндігіне арналған HPдисплей
көмекшісі
●
DVI кірісінде HDCP көшіруден сақтау
●
Монитор драйверлерін жəне өнім туралы құжатнамаларды қамтитын ықшам дискідегі
бағдарламалық құрал мен құжатнама
●
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі қуатты азайтып тұтыну талаптарына сəйкес келеді
●
Energy Star® талаптарына сəйкес
●
Бұл өнімдердің қауіпсіздік нұсқаулықтары, сертификаттары мен ережелері монитормен
бірге жабдықталған ықшам дискідегі HP СКД мониторлар нұсқаулығы құжатында
Бап 1 Өнім мүмкіндіктері
2
Мониторды орнату
Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған
құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Тұғырын салу
1.
Тұғырды монитор қорбаынан алып, үстел үсті сияқты тегіс беткейге орналастырыңыз.
2.
Екі қолыңызбен мониторды қорабынан алып, монитордың негізін тұғырдың үстіне
орналастырып, орнына түсіру үшін төмен қарай басыңыз. Тұғырдың орынан дұрыс
түскенінен көз жеткізіп, еңкейту бұрышын реттеңіз.
ЕСКЕРТУ: СКД тақтасының бетін ұстамаңыз. Тақтаны басу түстің біркелкі болмауына немесе
сұйық кристалдардың бағытының өзгеруіне əкеледі. Бұлай болған жағдайда, экран қалыпты
жағдайға қайтып келмейді.
Cурет 2-1 Монитордың тұғырын бекіту
ЕСКЕРІМ: Негізді алып тастау үшін негіздің төменгі бөлігінің ортасында орналасқан
сырғытпаны ішіне қарай итеріп, негізді тіреуіштен тартып шығарыңыз.
Тұғырын салу
3
Артқы компоненттері
Cурет 2-2 Артқы компоненттері
Компонент
Функция
1
Айнымалы ток куат
коннекторы
Айнымалы ток қуат сымын мониторға қосады.
2
Аудио коннекторы
(кейбір модельдерде)
Аудио кабелін мониторға қосады.
3
DVI-D (кейбір
модельдерде)
DVI-D кабелін мониторға қосады.
4
VGA
VGA кабелін мониторға қосады.
Кабельдерді қосу
1.
4
Мониторды компьютер жанындағы ыңғайлы, жақсы желдетілетін жерге қойыңыз.
Бап 2 Мониторды орнату
2.
Кабель жинайтын қысқышын(1) екі жағын сыртқа тартып, қысқышты тіреуіштен (2) көтеріп
алып тастаңыз.
Cурет 2-3 Кабельді басқару қысқышын алып тастау
3.
VGA немесе DVI-D сигналдық кабелін қосу (кейбір модельдерде).
ЕСКЕРІМ: Монитор аналогты немесе сандық кірісті қолдауы мүмкін (кейбір
модельдерде). Бейне режимін пайдаланылатын бейне кабелі анықтайды. Монитор қай
кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді
алдыңғы тақтадағы +/source түймесін немесе Мəзір түймесін басу арқылы экрандағы
дисплей арқылы таңдауға болады.
4.
●
Аналогтық жұмысы үшін берілген VGA сигналдық кабелін пайдаланыңыз. VGA
сигналдық кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы VGA ұяшығына жəне
екінші соңын компьютердегі VGA ұяшығына қосыңыз.
●
DVI сандық жұмысы үшін берілген DVI-D сигналдық кабелін пайдаланыңыз. DVI-D
сигналдық кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы DVI коннекторына жəне
екінші соңын компьютердегі DVI коннекторына қосыңыз.
Берілген аудио кабелінің бір ұшын монитордың аудио ұяшығына (таңдаулы үлгілерде), ал
екінші ұшын компьютердің артқы тақтасындағы аудио шығыс ұяшығына қосыңыз.
Кабельдерді қосу
5
5.
Қуат сымының бір соңын монитордың артқы жағындағы айнымалы ток қуат коннекторына
жəне екінші соңын қабырғадағы электр розеткасына қосыңыз.
Cурет 2-4 Кабельдерді қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуын немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау
үшін:
Қуат сымы ашасының жерге қосу контактісін ажыратпаңыз. Жерге қосу қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған электр
розеткасына қосыңыз.
Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын электр розеткасынан суыру арқылы өшіріңіз.
Қауіпсіздігіңіз үшін қуат сымдарының немесе кабельдердің үстіне ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай етіп немесе оларға шалынбайтындай етіп
орналастырыңыз. Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Электр розеткасынан
ажыратқанда сымды ашасынан ұстаңыз.
6
Бап 2 Мониторды орнату
6.
Кабельді басқару қысқышын пайдалану арқылы кабельдерді орнына бекітіңіз. Тұғырдың
қысқышын төмен қарай түзу басып, қысқыштың бүйірлеріндегі ойықтарды тұғырдағы
саңылауына түсіріңіз.
Cурет 2-5 Кабельді басқару қысқышын орнату
Алдыңғы тақтаның басқару элементтері
Cурет 2-6 Монитордың алдыңғы тақтаның басқару элементтері
Кесте 2-1 Монитордың алдыңғы тақтаның басқару элементтері
Басқару элементі
1
Функция
Мəзір
Экрандық мəзірді ашады, таңдайды немесе одан
шығады.
Алдыңғы тақтаның басқару элементтері
7
Кесте 2-1 Монитордың алдыңғы тақтаның басқару элементтері (жалғасы)
Басқару элементі
2
Функция
Минус
немесе
немесе
Mинус/дыбыс
(P201m)
3
Плюс/негіз
Экрандық мəзір қосылған болса, экрандық мəзір
арқылы артқа өтіп, реттеу деңгейлерін азайту үшін
басыңыз.
Экрандық мəзір қосылмаған болса, дыбыс деңгейін
реттеу жолағын қосу үшін басыңыз. Дыбыс деңгейін
реттеу үшін - немесе + түймесін басыңыз (кейбір
модельдерде).
Экрандық мəзір қосылған болса, экрандық мəзір
арқылы алға өтіп, реттеу деңгейлерін жоғарылату үшін
басыңыз.
Экрандық мəзір қосылмаған болса, бейне сигнал кірісін
таңдайтын source түймесін қосу үшін басыңыз (VGA
немесе DVI).
4
OK/авто
Экрандық мəзір қосылған болса, ерекшеленген мəзір
элементін таңдау үшін басыңыз.
Экрандық мəзір қосылмаған болса, экрандық кескінді
оңтайландырған кезде автоматты түрде реттеу
мүмкіндігін қосу үшін басыңыз.
5
Қуат
Мониторды қосады немесе өшіреді.
6
Қуаттың жарықдиоды
Ақ = Толық зарядталды.
Сары = Күту режимі.
Жыпылықтайтын сары түс = Автоматты түрде өшіру
таймерінің режимі.
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзір моделін көру үшін http://www.hp.com/go/sml сайтындағы HP
тұтынушыға өзіндік жөндеу қызметтерін ұсынатын мультимедиа плеері бөліміне өтіңіз.
8
Бап 2 Мониторды орнату
Мониторды реттеу
Монитор тақтасын көз деңгейіне ыңғайлы етіп орнату үшін, оны алға немесе артқа еңкейтіңіз.
Cурет 2-7 Мониторды еңкейту
Мониторды қосу
1.
Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2.
Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық
кескінді көрсетудің нəтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай зақымдалуды
болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса,
мониторды өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP
кепілдігі күйіп кеткен пикселдері бар мониторларды қамтымайды.
* Ұзақ уақыт кезеңі болып 12 сағат қатар пайдаланбау табылады.
ЕСКЕРІМ: Қуат түймесін басқанда монитор қосылмаса, қуат түймесі бектіліп тұруы мүмкін.
Бұл функцияны өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Экрандық мəзірдегі қуаттың жарықдиодын өшіруге болады. Монитор алдындағы
Мəзір түймесін басып, Управление (Басқару) > Индикатор питания на панели (Алдыңғы тақта
қуатының жарықдиоды) > Выкл Өшіру параметрлерін таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, монитор күйі туралы хабар бес секунд ішінде көрсетіледі. Хабар қосылып
тұрған кіріс түрін (DVI немесе VGA) жəне автоқосқыштың бастапқы параметрін (қосу немесе
өшіру; зауыттың əдепкі параметрі қосылған күде болады), əдепкі сигнал (зауыттың əдепкі мəні VGA), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы жəне ұсынылған алдын ала
орнатылған дисплей ажыратымдылығын көрсетеді.
Монитор автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады жəне
көрсету үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс қосылған болса, монитор əдепкі кіріс көзін
Мониторды реттеу
9
көрсетеді. Əдепкі бойынша орнатылған негіз қосылған кірістердің бірі болмаса, монитор ең
жоғарғы бағалаудың артықшылық кірісін келесі ретпен көрсетеді: DVI, одан кейін VGA.
Экрандық мəзірде əдепкі бойынша орнатылған негізді өзгерту үшін алдыңғы тақтада Мəзір
түймесін басыңыз жəне Управление источником > Источник по умолчанию тармағына
өтіңіз.
Монитор тұғырын алу
Монитордды тұғырдан алып, қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына
орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, қуат жəне сигналдық
кабельдерінің екеуі де ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.
1.
Сигналдық жəне қуат кабельдерін монитордан ажыратыңыз жəне алып тастаңыз.
2.
Монитордың бетін төмен қаратып таза, құрғақ матамен жабылған тегіс бетке қойыңыз.
3.
Тұғырды мониторға бекітіп тұрған төрт бұранданы (1) алып, тұғырды (2) монитордан шешіп
алыңыз.
Cурет 2-8 Мониторды тұғырға бекітіп тұрған бұрандаларды алу
Мониторды орнату
Монитор тақтасын қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына орнатуға
болады.
10
Бап 2 Мониторды орнату
ЕСКЕРІМ: Бұл құрылығы UL немесе CSA тізімдеген қабырғаға бекіту кронштейн арқылы
қамтамасыз етіледі.
1.
Тұғырды монитор панелінен алыңыз. Монитор тұғырын алу 10-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Бұл монитор VESA өнеркəсіптік стандартына сəйкес 100 мм орнату тесіктерін
қолдайды. Мониторға қосымша ілгіш бекіту үшін төрт 4 мм, биіктігі 0,7 жəне ұзындығы 10
мм бұрандалар қажет болады. Ұзын бұрандаларды пайдаланбау керек, себебі олар
мониторды зақымдауы мүмкін. Өнеркəсіптің орнату құралының VESA өнеркəсіптік
стандартына сəйкес келетінін жəне жүйенің салмағын көтеретінін тексеру маңызды. Ең
жақсы өнімділік үшін монитормен бірге берілген қуат жəне бейне кабельдерін пайдалану
маңызды.
2.
Мониторды бұралмалы ілгішке (бөлек сатылады) бекіту үшін 10 мм төрт бұранданы
бұралмалы ілгіш тақтасындағы тесіктер арқылы монитордың орнату тесіктеріне салыңыз.
Cурет 2-9 Мониторды орнату
Мониторды басқа орнату құрылғысына бекіту үшін жəне мониторды мықтап бекіткеніңізге
көз жеткізу үшін орнату құрылғыларымен берілген нұсқауларды орындаңыз.
3.
Кабельдерді монитор тақтасына қайта қосыңыз.
Монитор тұғырын алу
11
Кабель қыстырғышын орнату
Мониторды орнатылған нəрсеге HP компаниясы өндірген қосымша кабель қыстырғышымен
бекітіңіз.
Cурет 2-10 Кабель қыстырғышын орнату
12
Бап 2 Мониторды орнату
3
Қосымша ақпаратты іздеу
Төмендегілер туралы қосымша ақпарат алу үшін монитормен берілген ықшам дискідегі HP СКД
мониторлары туралы анықтамалық нұсқаулық бөлімін қараңыз:
●
Монитор өнімділігін оңтайландыру
●
Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар
●
Ықшам дискісінен бағдарламалық құралды орнату
●
Экрандық мəзірді пайдалану
●
Бағдарламалық құралды Веб-сайттан жүктеу
●
Агенттік тəртібі туралы ақпарат
●
Жиі орын алатын ақаулықтарды шешу нұсқаулары
Өнім қолдаулары
Мониторды пайдалану жəне реттеу туралы қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com/
support сайтына өтіңіз. Елді немесе аймақты таңдаңыз, Өнім туралы құжат жəне ақауларды
жою бөлімін таңдағаннан кейін, іздеу терезесіне монитордың үлгісін енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Қолданушы нұсқаулығын, сілтеме нұсқаулығын жəне драйверлерді мына жерден
алуға болады: http://www.hp.com/support.
Егер нұсқаулықта немесе HP СКД мониторларын қолдану нұсқаулығынан сұрақтарыңызға
жауап табылмаса, қолдау тобына хабарласыңыз. АҚШ-та көмек алу үшін мына сайтты қараңыз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Əлем бойынша көмек алу үшін, мына сайтты қараңыз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Онда мына əрекеттер бар:
●
HP техника маманымен чат арқылы кеңесу
ЕСКЕРІМ: Қолдау чаты өз тіліңізде қол жетімсіз болса, ағылшын тілнде қолдауға болады.
●
Электрондық пошта арқылы қолдау көрсету
●
Қажетті телефон нөмірлерін табу
●
HP қызмет көрсету орталығын табу
Өнім қолдаулары
13
4
Техникалық сипаттамалар
ЕСКЕРІМ: Барлық техникалық сипаттамалар HP компонент өндірушілері берген əдеттегі
техникалық сипаттамалар болып табылады; жұмысы əртүрлі болуы мүмкін.
P191 моделі
Кесте 4-1 P191 сипаттамалары
Ең жоғары салмақ (орамсыз)
Өлшемдері (тұғырымен бірге)
Биіктігі
Тереңдігі
3,2 кг
7,1 фунт
34,0 см
13,4 дюйм
14,3 см
5,63 дюйм
44,.93 см
17,69 дюйм
Ені
Ең үлкен графикалық ажыратымдылық
1366 x 768 (60 Гц) аналогтық кіріс
Ең қолайлы графикалық ажыратымдылық
1366 x 768 (60 Гц) аналогтық кіріс
Қуат
100-240 В айнымалы ток 50/60 Гц
Кіріс терминалы
Кабелі бар бір VGA коннекторы
Еңкейту
30°
Жұмыс температурасы:
50-35° C
32-95° F
Жұмыс биіктігі:
Теңіз деңгейінен 5,000 м дейін
жоғары
Теңіз деңгейінен 16,404 м
дейін жоғары
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат үшін http://www.hp.com/go/productbulletin бөлімін ашып, үлгіңізге арналған QuickSpecs
бөлімін қараңыз.
P201 жəне P201m модельдері
Кесте 4-2 P201 жəне P201m сипаттамалары
Ең жоғары салмақ (орамсыз)
Өлшемдері (тұғырымен бірге)
Биіктігі
Тереңдігі
3,5 кг
7,7 фунт
35,92 см
14,14 дюйм
15,11 см
5,95 дюйм
48,20 см
18,98 дюйм
Ені
Ең үлкен графикалық ажыратымдылық
1600 x 900 (60 Гц) аналогтық кіріс
1600 x 900 (60 Гц) сандық кіріс
14
Бап 4 Техникалық сипаттамалар
Кесте 4-2 P201 жəне P201m сипаттамалары (жалғасы)
Ең қолайлы графикалық ажыратымдылық
1600 x 900 (60 Гц) аналогтық кіріс
1600 x 900 (60 Гц) аналогтық кіріс
Қуат
100-240 В айнымалы ток 50/60 Гц
Кіріс терминалы
Кабелі бар бір VGA коннекторы;
Кабелі бар бір DVI коннекторы
берілген кабелі бар бір аудио
коннекторы (тек P201m моделі үшін)
Еңкейту
25°
Жұмыс температурасы:
5- 35° C
41-95° F
Жұмыс биіктігі:
Теңіз деңгейінен 5,000 м дейін
жоғары
Теңіз деңгейінен 16,404 м
дейін жоғары
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат үшін http://www.hp.com/go/productbulletin бөлімін ашып, үлгіңізге арналған QuickSpecs
бөлімін қараңыз.
P221 моделі
Кесте 4-3 P221 сипаттамалары
Ең жоғары салмақ (орамсыз)
Өлшемдері (тұғырымен бірге)
Биіктігі
Тереңдігі
4,0 кг
8,8 фунт
37,9 см
14,92 дюйм
16 см
6,3 дюйм
51,8 см
20,39 дюйм
Ені
Ең үлкен графикалық ажыратымдылық
1920 x 1080 (60 Гц) аналогтық кіріс
1920 x 1080 (60 Гц) сандық кіріс
Ең қолайлы графикалық ажыратымдылық
1920 x 1080 (60 Гц) аналогтық кіріс
1920 x 1080 (60 Гц) сандық кіріс
Қуат
100-240 В айнымалы ток 50/60 Гц
Кіріс терминалы
Кабелі бар бір VGA коннекторы;
Кабелі бар бір DVI коннекторы
Еңкейту
30°
Жұмыс температурасы:
50-35° C
32-95° F
Жұмыс биіктігі:
Теңіз деңгейінен 5,000 м дейін
жоғары
Теңіз деңгейінен 16,404 м
дейін жоғары
ЕСКЕРІМ: Қосымша ақпарат үшін http://www.hp.com/go/productbulletin бөлімін ашып, үлгіңізге арналған QuickSpecs
бөлімін қараңыз.
P221 моделі
15
Алдын-ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы
Төменде тізімделген дисплей ажыратымдылығы өте жиі пайдаланылатын режимдер жəне
зауыттың əдепкі мəні ретінде орнатылады. Монитор алдын ала орнатылған режимдерді
автоматты түрде таниды жəне оларда кескін дұрыс өлшемде жəне экран ортасында
көрсетіледі.
P191 моделі
Кесте 4-4 Зауытта алдын ала орнатылған режимдер
Алдын
ала
орнат
ылған
Пиксель пішімі
Көлденең жиілік
(кГц)
Тік жиілік (Гц)
1
640 x 480
31,47
59,94
2
720 x 400
31,47
70,09
3
800 x 600
37,88
60,32
4
1024 x 768
48,36
60,00
5
1280 x 720
45,00
60,00
6
1280 x 1024
63,98
60,02
7
1366 × 768
48,00
60,00
P201 жəне P201m модельдері
Кесте 4-5 Зауытта алдын ала орнатылған режимдер
16
Алдын
ала
орнат
ылған
Пиксель пішімі
Көлденең жиілік
(кГц)
Тік жиілік (Гц)
1
640 x 480
31,469
59,940
2
720 x 400
31,469
70,087
3
800 x 600
37,879
60,317
4
1024 x 768
48,363
60,004
5
1280 x 720
45,00
59,94
6
1280 x 1024
63,98
60,02
7
1440 x 900
55,93
59,88
8
1600 × 900
60,00
60,00
Бап 4 Техникалық сипаттамалар
P221 моделі
Кесте 4-6 Зауытта алдын ала орнатылған режимдер
Алдын
ала
орнат
ылған
Пиксель пішімі
Көлденең жиілік
(кГц)
Тік жиілік (Гц)
1
640 x 480
31,469
59,940
2
720 x 400
31,469
70,087
3
800 x 600
37,879
60,317
4
1024 x 768
48,363
60,004
5
1280 x 720
45,00
60,00
6
1280 x 1024
63,981
60,02
7
1440 x 900
55,935
59,887
8
1600 x 900
60,00
60,00
9
1680 x 1050
65,29
59,954
10
1920 x 1080
67,50
60,00
Пайдаланушы режимдеріне кіру
Мына жағдайларда бейне контроллерінің сигналы кездейсоқ алдын ала орнатылмаған режимді
шақыруы мүмкін:
●
Сіз стандартты графикалық адаптерді пайдаланып жатқан жоқсыз.
●
Сіз алдын ала орнатылған режимді пайдаланып жатқан жоқсыз.
Егер бұл орын алса, экрандағы дисплейді пайдалана отырып, монитор экранының
параметрлерін қайта реттеу керек болуы мүмкін. Өзгертулерді режимдердің кез келгеніне
немесе барлығына енгізуге жəне жадта сақтауға болады. Монитор жаңа параметрді автоматты
түрде сақтайды, содан кейін жаңа режимді дəл зауытта алдын ала орнатылған режимге ұқсас
таниды. Зауытта алдын ала орнатылған режимдермен қоса, осы жерде енгізіліп, сақталатын
кемінде 10 пайдаланушы режимі бар.
Қуатты үнемдеу мүмкіндігі
Мониторлар қуатты үнемдейтін күйге қолдау көрсетеді. Егер монитор көлденең синхронды
сигналдың немесе тік синхронды сигналдың, немесе екеуінің де жоқ екенін анықтаса, қуат
үнемдеу режиміне енеді. Осы сигналдарды анықтау кезінде монитор экраны бос болады, артқы
жарығы өшіріледі жəне қуат жарығы сары болып жанады. Мониторлар қуатты үнемдеу
режимінде тұрғанда, ол тек қана 5 ватт қуат пайдаланады. Монитор қалыпты жұмыс істеу
режиміне келу үшін, аздап қызуы қажет.
Пайдаланушы режимдеріне кіру
17
Қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін (кейде қуатты басқару мүмкіндіктері деп аталады) орнату
туралы нұсқауларды компьютер нұсқаулығынан қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Қуат үнемдеу қызметі қуат үнемдеу функциясы бар компьютерлерді қосқанда ғана
жұмыс істейді.
Монитордың қуат үнемдеу құралы арқылы монитордың алдын ала белігленген уақытта қуат
үнемдеу режиміне кіру параметрін бағдарламалап қоюға болады. Монитор қуат үнемдеу
режиміне енгенде қуат шамы сары болып жанады.
18
Бап 4 Техникалық сипаттамалар
Was this manual useful for you? yes no
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the work of artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

Download PDF

advertising