HP | EliteDesk 705 G1 Base Model Microtower PC | HP EliteDesk 705 G1 Microtower PC

HP EliteDesk 705 G1 Microtower PC
Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы
HP EliteDesk 705 G1 Microtower
© Copyright 2014 Hewlett-Packard
Development Company, L.P.
Microsoft жəне Windows – Microsoft
компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген
сауда белгілері.
Осы жердегі мəліметтер ескертусіз
өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен
қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік –
осындай өнімдермен жəне қызметтермен
бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы
құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп
қаралмайды. HP компаниясы осы жерде
кездескен техникалық немесе өңдеу
қателері не жетіспеушіліктері үшін
жауапты болмайды.
Бірінші шығарылым: Маусым, 2014
Құжат бөлігінің нөмірі: 762919-DF1
Өнім туралы ескерту
Бағдарламалық жасақтама шарттары
Бұл нұсқаулықта көптеген үлгілерге
ортақ функциялар сипатталған. Кейбір
функциялар компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Осы компьютерге алдын ала орнатылған
кез келген бағдарламалық жасақтама
өнімін орнату, көшіру, жүктеу немесе
басқаша пайдалану арқылы сіз HP соңғы
пайдаланушы лицензиялық келісімінің
(EULA) шарттарымен келісесіз. Егер осы
лицензиялық шарттарды
қабылдамасаңыз, сіздің бір ғана
мүмкіндігіңіз – сатып алған орынның
өнімді қайтару саясатына сай өнімді
(құрылғыны жəне бағдарламалық
жасақтаманы) 14 күн ішінде қайтарып
беру.
Windows 8 нұсқаларында барлық
функциялар қол жетімді емес. Windows 8
жүйесін толығымен қолдану үшін,
компьютер жаңартылған жəне/немесе
бөлек сатылатын құрал, драйвер, жəне/
немесе бағдарламаны қажет етуі мүмкін.
Толығырақ ақпаратты
http://www.microsoft.com бөлімінен
қараңыз.
Windows 7 жүйесін толығымен қолдану
үшін, компьютер жаңартылған жəне/
немесе бөлек сатылатын құрал жəне/
немесе Windows 7 бағдарламасын орнату
үшін DVD драйвын қажет етуі мүмкін.
Толығырақ ақпаратты
http://windows.microsoft.com/en-us/
windows7/get-know-windows-7 бөлімінен
қараңыз.
Кез келген басқа толық ақпарат алу
немесе компьютердің ақысын толық
қайтару үшін жергілікті сату орнымен
(дүкен) хабарласыңыз.
Осы кітап туралы
Бұл нұсқаулық HP EliteDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз
етеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына
немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына
немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iii
iv
Осы кітап туралы
Maзмұны
1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1
Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері ................................................................................... 1
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері ................................................................................................ 1
Артқы тақта құрамдас бөлшектері ..................................................................................................... 2
Сериялық нөмір орны ......................................................................................................................... 3
2 Құрылғы жаңартулары .................................................................................................................................. 4
Қызмет көрсету функциялары ........................................................................................................... 4
Ескертулер мен сақтандырулар ......................................................................................................... 4
Компьютердің алынбалы панелін алу ............................................................................................... 4
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру ..................................................................................... 5
Алдыңғы жапқышын алу ..................................................................................................................... 6
Оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу ...................................................................................... 7
Алдыңғы жапқышын ауыстыру ........................................................................................................... 7
Жүйе тақтасының жалғаулары ........................................................................................................... 8
Қосымша жад орнату .......................................................................................................................... 9
DIMM құралдар ................................................................................................................... 9
DDR3-SDRAM DIMMs ........................................................................................................ 9
DIMM ұяшықтарын толтыру ............................................................................................... 9
DIMM құралдарын орнату ................................................................................................ 10
Кеңейту картасын алу немесе орнату ............................................................................................. 12
Диск орындары ................................................................................................................................. 16
Дискіні орнату жəне алу ................................................................................................................... 16
Жұқа оптикалық дискіні шығарып алу ............................................................................ 17
Жұқа оптикалық дискіні орнату ...................................................................................... 19
Қатты дискіні алу ............................................................................................................. 21
Қатты дискіні орнату ........................................................................................................ 22
Қауіпсіздік құлпын орнату ................................................................................................................ 25
Кабель бекітпесі ............................................................................................................... 26
Ілмелі құлып ..................................................................................................................... 26
HP бизнес PC қауіпсіздік құлпы ..................................................................................... 26
қосымшасы а Батарея ауыстыру .................................................................................................................. 31
v
қосымшасы ə Электр статикалық разряд .................................................................................................... 34
Электр статикалық разрядты болдырмау ....................................................................................... 34
Жерге қосу əдістері .......................................................................................................................... 34
қосымшасы б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету жəне жіберу
дайындықтары ................................................................................................................................................. 35
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық жəне күнделікті қызмет көрсету .................................... 35
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары ......................................................................... 35
Жұмыс істеу ...................................................................................................................... 36
Тазалау .............................................................................................................................. 36
Қауіпсіздік ........................................................................................................................ 36
Жеткізуге дайындау ......................................................................................................................... 36
Индекс ............................................................................................................................................................... 37
vi
1
Өнім мүмкіндіктері
Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері
Мүмкіндіктер үлгіге байланысты əр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған
құрал жəне бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін жəне қолдау көмекшісін ашу үшін
HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері
Драйв конфигурациясы үлгіге қарай əр түрлі болады. Кейбір үлгілерде бір немесе бірнеше
драйв саңылауын жабатын қақпақша болады.
Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері
1
1
Жұқа оптикалық диск (қосымша)
6
SD картасын оқу құралы
2
Қос күйлі қосу түймесі
7
Оптикалық драйвтың жұмыс шамы
3
USB 2.0 ұясы - зарядтау (қара)
8
USB 2.0 ұясы (қара)
4
USB 3.0 порттары (көк)
9
Микрофон/Құлаққап қосқышы
5
Құлаққап қосқышы
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы Microphone/Headphone қосқышына тығылған кезде, сұхбат терезесі қосқышты Line-In
микрофон құрылғысына немесе құлаққап екеуінің қайсысына қолданатыныңызды сұрау үшін пайда болады.
Windows тапсырмалар панеліндегі аудио менеджері белгішесін екі рет шерту арқылы қосқышты кез келген
уақытта қайтадан конфигурациялай аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: USB 2.0 порты - зарядтау ұясы Smart Phone сияқты құралдарды зарядтау үшін де қуат береді.
Зарядтау тогы қуат сымы жүйеге жалғанғанда да, тіпті жалғанбағанда да қол жетімді.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылып тұрғанда қосу түймесінің шамы ақ болып жанады. Қызыл болып жыпылықтаса,
компьютерде ақаулық бар жəне диагностика кодын көрсетіп тұр дегенді білдіреді. Кодты тексеру үшін
сақтау жəне қызмет көрсету нұсқаулығын қараңыз.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері
2
1
PS/2 пернетақта қосқышы (күлгін)
7
Қуат сымының қосқышы
2
USB 2.0 порттары (қара)
8
PS/2 тінтуір қосқышы (жасыл)
3
DisplayPort мониторының қосқыштары
9
RJ-45 желі қосқышы
4
VGA мониторын қосқыш
10
Сериялық қосқыш
5
USB 3.0 порттары (көк)
11
Аудионың кіріс қосқышы (көк)
1-тарау Өнім мүмкіндіктері
6
Қосылған аудио құралдардың шығыс
қосқышы (жасыл)
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясынан қосымша сериялық порт жəне қосымша параллель портқа тапсырыс беруге
болады.
Құрылғы Микрофон/Құлаққап қосқышына тығылған кезде, сұхбат терезесі қосқышты желілік микрофон
құрылғысына немесе құлаққап екеуінің қайсысына қолданатыныңызды сұрау үшін пайда болады. Windows
тапсырмалар панеліндегі аудио менеджері белгішесін екі рет шерту арқылы қосқышты кез келген уақытта
қайтадан конфигурациялай аласыз.
Графикалық карта жүйе тақтасы ұяларының біріне орнатылған кезде, графикалық картадағы жалғағыштар
жəне/немесе жүйе тақтасы қасындағы біріктірілген графикалар бір уақытта пайдаланылуы мүмкін.
Орнатылған арнайы графикалық карта мен бағдарламалық құрал конфигурациясы осы əрекетті анықтайды.
Жүйелік тақта кескіндерін Computer Setup (Компьютер параметрлері) бөліміндегі параметрлерді өзгерту
арқылы ажыратуға болады.
Сериялық нөмір орны
Əрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір жəне өнімнің жеке
анықтағыш нөмірі бар. Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау
шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
Сериялық нөмір орны
3
2
Құрылғы жаңартулары
Қызмет көрсету функциялары
Бұл компьютердің жаңартуды жəне қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15
немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған көптеген орнату процедуралары үшін
қажет.
Ескертулер мен сақтандырулар
Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс
нұсқауларын, сақтандыруларды жəне ескертулерді оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тоғы соғуы, құралдың қызып кетуі немесе өрт нəтижесінде болатын
жеке жарақаттар қаупінің алдын алу үшін:
Қуат сымын розеткадан ажыратып, ішкі бөлшектерін ұстамас бұрын олардың сууына мүмкіндік
беріңіз.
Телекоммуникациялар мен телефон жалғағыштарын желі интерфейсінің бақылау (NIC)
розеткаларына қоспаңыз.
Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі
Қуат сымын əрқашан жетімді орналасқан жерлік тоқ көзіне қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін болдырмау үшін Қауіпсіздік жəне жұмыс ыңғайлылығы нұсқаулығын
оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау жəне компьютер
пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау мен дұрыс жұмыс істеу ережелері сипатталған,
сонымен қатар, электр жəне механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл
нұсқаулық http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Тоқты қосып ішіндегі бөлшектерін жылжыту.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Жабдыққа қайта ток беру алдында корпусты қайта қойып, бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық қуат компьютердің немесе басқа құралдың электрлік бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Электр
статикалық разряд (34-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған болса, жүйелік тақтаға үнемі кернеу беріледі. Ішкі
бөлшектерінің зақымдалуын болдырмау үшін компьютерді ашу алдында қуат сымын қуат
көзінен ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін алу
Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет:
4
2-тарау Құрылғы жаңартулары
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Ашу панелінің тұтқасын (1) жоғары көтеріп, компьютерді артқа шамамен 12 мм (1/2 дюйм)
(2) сырғытыңыз, сосын ашу панелін компьютерден (3) шешіп алыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру
Ашу панеліндегі тілшелерді корпустағы (1) ұяшықтарға туралап, панельді алға қарай (2) орнына
түскенше сырғытыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру
5
Алдыңғы жапқышын алу
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
6
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6.
Жапқыштың (1) бүйіріндегі тартқышты көтеріп, шассидің (2) жапқышын айналдырыңыз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
Оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу
Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық дискінің саңылауын жабатын қақпақша болады. Оптикалық
дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу:
1.
Алынбалы панель мен алдыңғы жапқышты алыңыз.
2.
Бітеуіш жапқышты алу үшін, төменгі құлақшаны жоғары қара басып, жапқыштың (1)
жағындағы жоғарғы құлақшаны төмен қарай басыңыз, сосын жапқышты бітеуіштің (2)
алдыңғы жағынан бұрап шығарыңыз.
Алдыңғы жапқышын ауыстыру
Жапқыштың төменгі жиегіндегі үш ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіңіп,
жапқыштың жоғарғы жағын шассиге (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз.
Оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу
7
Жүйе тақтасының жалғаулары
Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
8
№
Жүйе тақтасының
қосқышы
Жүйе тақтасының
белгісі
Түсі
Құрамдас бөлшегі
1
PCI Express x16 a x4
төмендететін беріліске
қосылды
X4PCIEXP
ақ
Кеңейту картасы
2
PCI Express x1
X1PCIEXP2
қара
Кеңейту картасы
3
PCI Express x1
X1PCIEXP1
қара
Кеңейту картасы
4
PCI Express x16
X16PCIEXP
қара
Кеңейту картасы
5
Параллель орналасқан порт
PAR
қара
Қосымша қатар ұяшық
6
Сериялық порт
COMB
қара
Қосымша екінші сериялық ұяшық
7
DIMM4 (Арна A)
DIMM4
ақ
Жад модулі
8
DIMM3 (Арна A)
DIMM3
қара
Жад модулі
9
DIMM2 (Арна В)
DIMM2
ақ
Жад модулі
10
DIMM1 (Арна В)
DIMM1
қара
Жад модулі
11
SATA 3.0
SATA2
ашық көк
Бастапқы қатты дисктен басқа кез
келген SATA құрылғысы
12
SATA 3.0
SATA1
ашық көк
Бастапқы қатты дисктен басқа кез
келген SATA құрылғысы
13
SATA 3.0
SATA0
қою көк
Бастапқы аппараттық құрал
14
Батарея
BAT
қара
Батарея
2-тарау Құрылғы жаңартулары
Қосымша жад орнату
Компьютер 3 ара-қатынасты қос дерек үйлесімді динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR3SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған.
DIMM құралдар
Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркəсіптік-стандартты DIMM құралдарымен
толтырылуы мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын-ала орнатылған DIMM
болады. Жад қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 32 Гб-қа дейін орындауы
жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
DDR3-SDRAM DIMMs
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін, DDR3-SDRAM DIMM құралдары мына талаптарға сай болуы
тиіс:
●
өндірістік стандарты 240-істік
●
буферсіз ECC PC3-12800 DDR3-1600 МГц-сыйысымды емес
●
1,5 вольттық DDR3-SDRAM DIMMs құралдары
DDR3-SDRAM DIMMдер сондай-ақ:
●
CAS латенциясына 11 DDR3 1600МГц (11-11-11 уақытымен) қолдау көрсетеді,
●
құрамында міндетті түрде JEDEC SPD ақпараты болуы тиіс
оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
●
512-Mбит, 1-Гбит, жəне 2-Гбит ECC-емес жад технологияларын
●
жалғыз-жақты жəне екі-жақты DIMM құралдарды
●
x8 жəне x16 DDR құрылғысымен жасалған DIMM құрылғылар; x4 SDRAM арқылы жасалған
DIMM құралдарды қолдамайды
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ DIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
DIMM ұяшықтарын толтыру
Жүйе тақтасында əр арнаға екі ұяшықтардан келетін төрт DIMM ұяшықтары бар. Ұяшықтар
DIMM1, DIMM2, DIMM3 жəне DIMM4 атауларымен таңбаланған. DIMM1 жəне DIMM2 ұяшықтары
В арна жадында қызмет атқарады. DIMM3 жəне DIMM4 ұяшықтары А арна жадында қызмет
атқарады.
Жүйе DIMM құралдарының орнатуларына қарай автоматты түрде жалғыз арналы, қос арналы,
немесе икемді режимде жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: Жалғыз арна жəне теңгерілмеген қос арна жадының конфигурациялары график
жұмысын нашарлатады.
Қосымша жад орнату
9
●
Егер DIMM ұяшықтары жалғыз арнада орналасса, жүйе жалғыз арналы режимде жұмыс
істейді.
●
Егер А арнасындағы DIMM құралдар жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM
құралдар жадының толық сыйымдылығына тең болса, жүйе қос арналы жоғары орындау
режимінде жұмыс істейді. Мысалы, егер А арнасы екі 1-GB DIMM құралдарымен
толтырылса жəне В 2-GB DIMM біреуімен толтырылса, жүйе қос арналы күйде қызмет
атқарады.
●
Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының
толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді
жүйесінде ең аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін
жəне жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн,
арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі
қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А
арнасына тағайындалуы тиіс. Мысалы, егер сіз ұяшықтарды бір 2-GB DIMM құралымен
жəне үш 1-GB DIMM құралдарымен толтырып жатсаңыз, А арнасы 2-GB DIMM жəне бір 1GB DIMM құралымен жəне В басқа екі 1-GB DIMM құралдарымен толтырылуы қажет. Осы
конфигурациясының негізінде, 4-Гб қос арна ретінде жəне 1-Гб жалғыз арна ретінде іске
қосылуы қажет.
●
Барлық режимде ең жоғары жұмыс жылдамдығы жүйедегі ең баяу DIMM арқылы
анықталады.
DIMM құралдарын орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін шамамен
30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер
қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына əрқашан жабдықталып
тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу нəтижесінде жад модульдарына
немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты
жаңартқанда үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нəтижесінде пайда болатын
тотығу жəне/немесе қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад
модульдарын қолдану маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты
ұстап қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін,
Электр статикалық разряд (34-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге
зақым келуі мүмкін.
10
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модульдарын қосқанға немесе алғанға дейін
шамамен 30 секундтай кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне
қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына
əрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад модульдарын қосу немесе алу
нəтижесінде жад модульдарына немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі
мүмкін.
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сырты қызып кетуден болатын жеке жарақаттың қаупін азайту үшін,
қол тигізбес бұрын ішікі бөлшектерінің салқындауына уақыт беріңіз.
6.
Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2)
салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дəлдеңіз.
Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз.
Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең
болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін DIMM ұяшықтарын толтыру (9-бет) бетті
қараңыз.
7.
Модуль толығымен енгізілгенін жəне дұрыс орнатылғанын тексеру арқылы модульді
ұяшықтың ішіне төмен қарай басыңыз. Кертпелердің жабылғанын (3) тексеріңіз.
8.
Кез келген қосымша модуль орнату үшін, 6 мен 7-қадамды қайталаңыз.
9.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
10. Қуат сымын қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Компьютерді келесі жолы қосқанда, ол қосымша жадты автоматты түрде оқуы тиіс.
Қосымша жад орнату
11
Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютердің екі PCI Express x1 кеңейту ұяшығы, бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы жəне
бір x4 саңылауына қосылатын бір PCI Express x16 кеңейту ұяшығы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express x1, x8 немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұяшығына
орнатуға болады.
Қос графикалық деректер картасының конфигурациясы үшін, бірінші (бастапқы) карта a x4
ұяшығында берілісті төмендетпейтін PCI Express x16 ұяшығына орнатылуы қажет.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6.
Кертпенің тартқышын көтеріп жəне кертпені ашық жағына қарай айналдыру арқылы ұяшық
қақпағының тіреуішін босатыңыз.
7.
Дұрыс бос кеңейту ұяшығын жүйе тақтасына жəне сəйкес кеңейту ұяшығын компьютер
шассиінің артына орналастырыңыз.
8.
Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған
кеңейту картасын алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған
барлық кабельдерді ажыратыңыз.
12
2-тарау Құрылғы жаңартулары
а.
Егер бос ұяшыққа кеңейту картасын орнатып жатсаңыз, кеңейту ұяшығының
жапқыштарының біреуін жоғары сырғытып, корпустан шығарып алу керек немесе
кеңейту ұяшығын жауып тұратын артқы тақтадағы металл қалқаншаларды шешіп алу
үшін жалпақ ұшты бұрауышты пайдалану керек. Орнатылудағы кеңейту картасы үшін
тиісті қалқанды міндетті түрде алыңыз.
ə.
PCI Express x1 кəртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кəртішкені əрбір ұшынан
ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз.
Кеңейту картасын корпустың (2) ішкі жағынан шығарып алу үшін жоғары қарай тіке (1)
көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату
13
б.
9.
Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы
ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа
жəне алға қозғаңыз. Кеңейту картасын корпустың ішкі жағынан шығарып алу үшін
жоғары қарай тіке көтеріңіз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып алмаңыз.
Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз.
10. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың
қақпағын орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кеңейту картасын алған соң, жұмыс кезінде ішкі бөлшектерінің дұрыс
салқындауы үшін, орнына жаңа карта салу қажет немесе қақпағын жабу қажет.
14
2-тарау Құрылғы жаңартулары
11. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап
ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дəл келетіндей
етіп шассидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту
ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында
дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз.
12. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына
қойыңыз.
13. Қажет болса, орнатылған картаға сыртқы кабельдерді жалғаңыз. Қажет болса, жүйе
тақтасына сыртқы кабельдерді жалғаңыз.
14. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
15. Қуат сымын қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
Кеңейту картасын алу немесе орнату
15
16. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
17. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз.
Диск орындары
1
Жұқа оптикалық диск саңылауы
2
3,5 дюймдік екінші қатты диск орны
3
3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан
бөлек болуы мүмкін.
Компьютерде орнатылған сақтау құралдарының түрін, өлшемін растау үшін, компьютер
орнатуларын қосыңыз.
Дискіні орнату жəне алу
Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз:
16
●
Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк
түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек.
●
Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA
жалғағышына қосыңыз (SATA1 жəне SATA2 деген жапсырмалары бар).
2-тарау Құрылғы жаңартулары
●
HP компаниясы диск саңылауларының (1) қасына орнатылған қосымша төрт 6-32 күміс
түсті бекіту бұрандасын жабдықтаған. Орнату бұрандалары жоғарғы (қосымша) қатты диск
орнына орнатылған қатты дискілер үшін қажет. Егер төменгі орында бастапқы қатты
дискіні орнына салып жатсаңыз, күміс жəне көк түсті бекіту бұрандасын ескі дискіден
алып, жаңа дискіге орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ:
үшін:
Жұмысты жоғалтып алудың жəне компьютер немесе драйвтың бүлінуін болдырмау
Егер драйвты салсаңыз немесе алсаңыз, жұмыс жүйесін дұрыстап өшіріңіз, компьютерді
өшіріңіз жəне қуат сымын ажыратыңыз. Компьютер қосылып тұрғанда немесе күту режимінде
тұрғанда драйвты қозғамаңыз.
Драйвпен жұмыс істер алдында статикалық тоқтан аулақ екеніңізді тексеріңіз. Драйвпен жұмыс
кезінде қосқышты қозғамаңыз. Электростатикалық бүлінулер туралы қосымша ақпаратты
Электр статикалық разряд (34-бет) бөлімінен қараңыз.
Драйвты абайлап ұстаңыз; түсіріп алмаңыз.
Драйвты енгізгенде шамадан артық күш қолданбаңыз.
Қатты драйвты сұйықтан, суық немесе ыстық температурадан, монитор немесе спикер сияқты
магниттік өрісі бар заттардан қашық ұстаңыз.
Егер драйвты поштамен жіберу қажет болса, драйвты орамға немесе басқа қорғайтын орамға
салып, сыртына мынандай белгі қойыңыз: "Сынғыш: Абайлап ұстаңыз".
Жұқа оптикалық дискіні шығарып алу
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
Дискіні орнату жəне алу
17
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Алынбалы панель мен алдыңғы жапқышты алыңыз.
6.
Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) жəне дерек кабелін (2) ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Кабельдерді алатын кезде, кабельдің зақым алуын болдырмау үшін кабель
орнына тартқыш немесе қосқышты алыңыз.
7.
18
Дискінің астыңғы жағындағы жасыл босату тілшесін (1) ішке қарай басып, дискінің артқы
жағын құрсауынан босату үшін (2) алға қарай итеріңіз де, дискіні диск саңылауынан (3)
суырып алыңыз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
Жұқа оптикалық дискіні орнату
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6.
Алдыңғы жапқышты алыңыз. Егер құрылғыны бітеуіш жапқышпен жабылған саңылау ішіне
орнататын болсаңыз, бітеуіш жапқышты алыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Оптикалық
дискінің бітеуіш жапқышын алу (7-бет) бөлімін қараңыз.
7.
Орнатылған оптикалық дискіні алу үшін осы нұсқауларды орындаңыз. Жұқа оптикалық
дискіні шығарып алу (17-бет) бөлімін қараңыз.
8.
Босату ілмегіндегі шағын істікшелерді дискінің бүйіріндегі шағын тесіктерге туралаңыз да,
құлақшаны дискіге қарай қаттырақ басып жіберіңіз.
Дискіні орнату жəне алу
19
9.
Оптикалық дискіні диск орнының (1) ішіне қарай жасыл ілгек диск орнының (2) төменгі
жағына ілінгенше толығымен сырғытыңыз.
10. Оптикалық дискінің артынан қуат сымын (1) жəне дерек кабелін (2) қосыңыз.
11. Егер жаңа драйв орнатсаңыз, дерек кабелінің қарама қарсы ұшын жүйе тақтасындағы
ашық-көк SATA қосқыштарына (SATA1 жəне SATA2 деп белгіленген) жалғаңыз.
12. Алдыңғы жапқышты орнына салыңыз.
13. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
14. Қуат сымын жəне сыртқы құралдарды қайта жалғаңыз да, компьютерді қосыңыз.
15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
20
2-тарау Құрылғы жаңартулары
Қатты дискіні алу
ЕСКЕРТПЕ: Ескі қатты драйвты алғанға дейін, деректі жаңа қатты драйвқа өзгерте алатындай
ескі қатты драйвтағы деректердің көшірмесін жасағаныңызға сенімді болыңыз.
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6.
Қатты драйвтың артынан қуат сымын (1) жəне дерек кабелін (2) ажыратыңыз.
Дискіні орнату жəне алу
21
7.
Дискінің қасындағы жасыл ілгекті сыртқа қарай итеріп (1), дискіні орнынан сырғытып
шығарыңыз (2).
Қатты дискіні орнату
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Алынбалы панелін алу
6.
Сонымен қатар, 3,5 дюймдік қатты дискіні немесе 2,5 дюймдік қатты дискіні 3,5 дюймдік
диск саңылауына төменде көрсетілген үлгіге ұқсас адаптер арқылы орната аласыз.
●
22
2,5 дюймдік дискіні диск саңылауының сөресіне сырғытыңыз, дискінің жалғағышы
адаптер сөресіндегі жалғағышқа толығымен енгенін қадағалаңыз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
●
7.
Драйвты адаптер саңылауының сөресіне төрт қара M3 адаптер сөресінің
бұрандаларымен төрт жағынан бекітіңіз.
Төрт бекіту бұранданы дискінің (əр бүйірінде екеуден болады) бүйірлеріне орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төменгі қатты диск орнына күміс жəне көк түсті бекіту бұрандалары қажет.
Жоғарғы қатты диск орнына барлық күміс бекіту бұрандалары қажет. HP компаниясы
жоғарғы диск орнына қатты дискіні орнатып жатқан кезде пайдаланылатын қатты
дискілердің қасында корпуста орнатылатын төрт қосымша күміс түсті бекіту бұрандасын
жабдықтаған. Қосымша бекіту бұрандалары орнының суретін Дискіні орнату жəне
алу (16-бет) бөлімінде қараңыз. Төменгі орында қатты дискіні ауыстырғанда ескі дискінің
төрт күміс жəне көк түсті бекіту бұрандасын жаңа дискіге салыңыз.
●
Егер жоғарғы (қосымша) дискі орнына қатты дискіні орнатып жатсаңыз, корпустағы
қатты диск орындарының қасынан алуға болатын қосымша күміс түсті бекіту
бұрандаларын пайдаланыңыз.
Дискіні орнату жəне алу
23
●
8.
24
Егер төменгі (бастапқы) диск орнына қатты дискіні салып жатсаңыз, күміс жəне көк
түсті бекіту бұрандасын ескі дискіден алып, жаңа дискіге орнатыңыз.
Диск орнына бекігенше бекіту бұрандаларының жетекші ұяшықтармен бірге
орналасқанына көз жеткізе отырып, диск ұяшығына дискіні сырғытыңыз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
9.
Қуат кабелін (1) жəне дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Оптикалық дискілер үшін қуат кабелі жүйе тақтасынан қатты диск
саңылауларының артқы жағына ауыстырылатын екі басты кабель болып табылады.
10. Жаңа драйв орнатар болсаңыз, дерек кабелінің қарама-қарсы шетін сəйкес жүйе
тақтасының қосқышына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кез келген қатты дискінің жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін, бастапқы
қатты дискке арналған дерек кабелі жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қою-көк
қосқышқа жалғануы қажет. Екінші қатты драйвты қосатын болсаңыз, дерек кабелін SATA1
жəне SATA2 таңбасы бар ашық көк қосқыштардың біреуіне жалғаңыз.
11. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
12. Қуат сымын жəне сыртқы құралдарды қайта жалғаңыз да, компьютерді қосыңыз.
13. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Қауіпсіздік құлпын орнату
Төменде жəне келесі бетте көрсетілген қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін
қолдануға болады.
Қауіпсіздік құлпын орнату
25
Кабель бекітпесі
Ілмелі құлып
HP бизнес PC қауіпсіздік құлпы
1.
26
Қауіпсіздік кабелін тұрақты нысанға орау арқылы бекітіңіз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
2.
Кабель қыстырғышын монитордың артқы жағындағы кабель қыстырғышының ұясына
салыңыз да, құлыптың артқы жағындағы саңылауға кілтті салып, оны 90 градусқа бұрау
арқылы мониторға құлыпты бекітіңіз.
Қауіпсіздік құлпын орнату
27
28
3.
Қауіпсіздік кабелін монитордың артқы жағындағы кабель қыстырғышының саңылауы
арқылы өткізіңіз.
4.
Құрал кабелін кронштейннің ортасына (1) жатқызып, қауіпсіздік кабелін кронштейннің екі
тесігінің біріне енгізу(2) арқылы орамда жабдықталған кронштейнді басқа қосымша
құралдарды бекіту үшін қолданыңыз. Кронштейндегі тесіктердің қосымша құрал кабелін
бекітуге қолайлысын қолданыңыз.
2-тарау Құрылғы жаңартулары
5.
Пернетақта жəне тінтуір кабельдерін компьютердің шасси құлпынан өткізіңіз.
6.
Берілген бұрағышты пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз.
Қауіпсіздік құлпын орнату
29
30
7.
Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (1) енгізіңіз жəне құлыпты жабу үшін түймені (2)
итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
8.
Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз
қауіпсіздендіріледі
2-тарау Құрылғы жаңартулары
а
Батарея ауыстыру
Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны
ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз.
Компьютер 3-вольттық тиын тəріздес ұялы литий батареясымен келеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар.
Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт жəне күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту
үшін:
Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
60°C (140°F) градустан жоғары температурадан қашық ұстаңыз.
Сыртқы контактілерді бөлшектемеңіз, бұзбаңыз, теспеңіз, қысқа тұйықтамаңыз, не болмаса отқа
не суға тастамаңыз.
Тек осы өнімге арналған HP қосалқы батареясын қолданыңыз.
ЕСКЕРТУ: Батареяны ауыстырмас бұрын, компьютердің ҚМҚЖ (қосымша метал қышқылдық
жартылай өткізгіш) параметрлерін сақтаңыз. Батареяны алғанда немесе ауыстырғанда ҚМҚЖ
параметрлері өшіріледі.
Статикалық қуат компьютердің немесе қосымша жабдықтың электрлік бөлшектеріне зақым
келтіруі мүмкін. Бұл іс рəсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап қалып
статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Литий батареясын компьютерді AТқабырға көзіне қосу арқылы ұзағырақ
пайдалануға болады. Литий батареясы компьютер қуат көзін ҚОСЫЛМАҒАНДА ғана
қолданылады.
HP компаниясы пайдаланылған электрондық жабдықтарды, түпнұсқа HP басып шығару
картридждерін жəне қайта зарядталатын батареяларын қайта өңдеуге өткізуге шақырады.
Қайта өңдеу бағдарламалары туралы қосымша ақпарат: http://www.hp.com/recycle.
1.
Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2.
Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы
құралдарды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз жəне барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып
тұрса, жүйе тақтасында əрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің
алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
5.
Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
6.
Батарея мен батарея ұяшығын жүйе тақтасына орналастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер үлгілерінде батареяға жету үшін ішкі компонентін алып
тастау қажет болады.
31
7.
Жүйе тақтасындағы батарея ұяшығына қарай, батареяны ауыстыру үшін келесі
нұқсаулықтарды орындаңыз.
1-түрі
а.
Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз.
ə.
Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы
автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады.
2-түрі
а.
Батареяны ұяшығынан босату үшін батареяның шетінің үстінде тұрған қысқышты
қысыңыз. Батарея шыққанда, көтеріп алып шығыңыз (1).
ə.
Жаңа батареяны салу үшін, ауыстыратын батареяның бір жақ шетін оң жағы жоғары
қараған ұстағыштың ернінің астымен сырғытып салыңыз. Екінші жағынан төмен қарай,
қысқыш батареяның шетінен ұстап қалғанша итеріңіз (2).
3-түрі
а.
32
Батареяны орнында ұстап тұрған қысқышты (1) артқа тартыңыз да батареяны алып
шығыңыз (2).
а қосымшасы Батарея ауыстыру
ə.
Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды
орындаңыз.
8.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз.
9.
Компьютерді тоққа жалғаңыз жəне қосыңыз.
10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді
орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз.
11. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
33
ə
Электр статикалық разряд
Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа
статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін
азайтуы мүмкін.
Электр статикалық разрядты болдырмау
Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз:
●
Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау жəне тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын
алыңыз.
●
Статикалық тоққа сезімтал бөліктерін статиктен аулақ жерге жеткенше қораптарында
сақтаңыз.
●
Бөліктерін қораптан шығаруға дейін тұрақты жерге қойыңыз.
●
Айырларын, сымдарын жəне жабдықтарын ұстамаңыз.
●
Статикаға сезімтал бөлшектерін немесе жинақтарын ұстағанда жерге қосуды дұрыс
жасаңыз.
Жерге қосу əдістері
Жерге қосудың бірнеше əдісі бар Электостатикалық тоққа сезімтал бөлшектерді ұстағанда
немесе орнатқанда келесі əдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолданыңыз:
●
Жерлік сыммен жерлік жұмыс орнына немесе компьютер шассиіне қосылған білек бауын
қолданыңыз. Білек баулары жер сымдарында ең аз дегенде 1 мегом +/- 10 пайыз
қарсылығы бар икемді баулар. Жерге қосуды дұрыс қамтамасыз ету үшін теріге жабысқан
белдіктер тағу қажет.
●
Тұрған жұмыс орнында өкшебаулары, саусақбаулары, немесе етікбаулар қолданыңыз.
Өткізгіш еденде немесе матыда тұрғанда екі аяғыңызға да бау тағыңыз.
●
Өткізгіш өріс қызметіне арналған аспаптарды қолданыңыз.
●
Өріс қызметін жинағында статиканы тарататын жұмыс матысын алып жүріңіз.
Жерге қосуға қажетті дұрыс жабдықтар болмаса HP рұқсаты бар сатушымен немесе қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Статикалық тоқ туралы қосымша ақпарат алу үшін НР дилеріне, сатушыға немесе
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
34
ə қосымшасы Электр статикалық разряд
б
Компьютер жұмысы туралы
нұсқаулық, күнделікті қызмет
көрсету жəне жіберу дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық жəне күнделікті
қызмет көрсету
Компьютер жəне мониторды дұрыс орнату жəне күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз:
●
Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін жəне өте салқын немесе
ыстық жерден аулақ ұстаңыз.
●
Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз. Қажетті желдетуді қамтамасыз ету үшін
компьютер мен монитордың жақтарынан 10,2 cм (4-дюйм) бос орын қалдырыңыз.
●
Компьютердің желдеткішерін бөгеп, желдетуін азайтып тастамаңыз. Пернетақтаны құралға
тым жақын орналастырмаңыз, желдетуді тежеуі мүмкін.
●
Алынбалы панелінің немесе басқа кеңейту карталарының жапқышын жаппай компьютерді
қолданбаңыз.
●
Компьютерлерді бірі бірінің үстіне үймеңіз немесе бір біріне жақын қоймаңыз, əйтпесе
олардың қайта айналымдағы немесе қызып кететін ыстық ауасы бір біріне əсер етеді.
●
Егер компьютер тұйық жерде қолданылса, ауа соратын желдеткіш қамтамасыз ету керек
жəне жоғарыдағы нұсқаулықтарды орындау міндет.
●
Компьютер мен пернетақтадан сұйықты қашық ұстаңыз.
●
Монитордың желдеткіш ұяшықтарын ешқандай материалмен жабуға болмайды.
●
Жұмыс жүйесінің немесе басқа бағдарламаның қуат басқару функцияларын орнатыңыз
немесе іске қосыңыз, ұйқы күйін қоса.
●
Келесі қадамдарды жасар алдында компьютерді өшіріңіз:
◦
Компьютердің сыртын жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз. Тазалау өнімдерін
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы
мүмкін.
◦
Компьютердің жақтарындағы желдеткіш саңылауларын тазалап отырыңыз. Жүн, шаң,
жəне басқа бөтен заттар желдеткішті бөгеп, ауа жүрісін шектеуі мүмкін.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары
Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде
орындаңыз.
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық жəне күнделікті қызмет көрсету
35
Жұмыс істеу
●
Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нəтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін.
●
Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, əйтпесе құрылғы ішінде
ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге
дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз. Егер құрылғыны бірден қолдансаңыз, оқу барысында
ақаулық пайда болуы мүмкін.
●
Драйвты ылғалдығы жоғары жерден, шамадан тыс жоғары немесе төмен температура,
механикалық тердбеліс, немесе тікелей күн көзінен сақтаңыз.
Тазалау
●
Панельдері мен басқаруларын жұмсақ, құрғақ немесе жеңіл тазалағыш сұйықпен
ылғалданған шүберекпен тазалаңыз. Шашылатын тазалағыш заттарды құрылғыға тікелей
шашпаңыз.
●
Алкоголь, бензин сияқты еріткіштерді қолданбаңыз, зақым келтіреді.
Қауіпсіздік
Зат немесе сұйық драйвтың үстіне құлап кетсе, компьютерді бірден өшіріп, HP қызмет
көрсетушілеріне тексертіңіз.
Жеткізуге дайындау
Компьютерді жіберуге дайындық барысында мына ұсыныстарды орындаңыз:
1.
Сыртқы сақтау құрылғысына қатты дисктегі файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтаушы медиалардың электрлік немесе магниттік соққыларға ұшырамауын қадағалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Қатты драйв жүйе қуаты өшірілгенде автоматты түрде бекітіледі.
2.
Барлық алынбалы медианы алып тастаңыз.
3.
Компьютерді жəне басқа сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4.
Қуат сымын розеткадан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.
5.
Жүйе компоненттерін жəне сыртқы құрылғыларды қуат көздерінен, одан кейін
компьютерден ажыратыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді жібергенге дейін барлық тақталардың дұрыс орналасқанын
жəне тақта ұяшықтарына дұрыс қондырылғанын тексеріңіз.
6.
36
Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына
немесе оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
б қосымшасы Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету жəне
жіберу дайындықтары
Индекс
А
алдыңғы бітеуіш
жапқышты алу 7
алдыңғы жапқышы
алып тастау 6
ауыстыру 7
алдыңғы тақта құрамдас
бөлшектері 1
алу
алдыңғы жапқышы 6
кеңейту картасы 12
алынбалы
қатты драйв 21
артқы тақта құрамдас
бөлшектері 2
ашу панелін
алу 4
ашу панельді
орнына салу 5
Б
батарея ауыстыру 31
батареяны
алу 31
салу 31
бітеуіш жапқышты
алу 7
Д
дискілер
кабель қосқыштары
орнату 16
орны 16
16
Ж
жад
орнату 9
техникалық сипаттамалары
9
ұяны тарату 9
желдету нұсқаулықтары 35
жүйе тақтасының жалғаулары 8
жіберу дайындығы 36
К
кеңейту картасы
алып тастау 12
орнату 12
компьютерді ашу
панелі 4
компьютер жұмысы туралы
нұсқаулық 35
Қ
қатты дискті
орнату 22
қатты дискіні
алу 21
орнату 22
қауіпсіздік
кабель бекітпесі 26
ілмелі құлып 26
қауіпсіздікке арналған
HP бизнес PC қауіпсіздік
құлпы 26
құлыптар
кабель бекітпесі 26
ілмелі құлып 26
Т
техникалық сипаттамалары
жад 9
Э
элекростатикалық тоқ, зақымның
алдын алу 34
D
DIMM құралдар. Көріңіз жады
H
HP бизнес PC қауіпсіздік
құлпы 26
О
оптикалық диск
сақтандырулары 35
оптикалық дискіні
алу 17
орнату 19
оптикалық драйв
тазалау 36
орнату
диск кабельдері 16
жад 9
кеңейту картасы 12
орнату нұсқаулықтары 4
Ө
өнім жеке анықтағышының
орны 3
С
сериялық нөмір орны
3
Индекс
37
Was this manual useful for you? yes no
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the work of artificial intelligence, which forms the content of this project

Download PDF

advertising