Whirlpool | FTCD 97B 6H (EU) | Instruction for Use | Whirlpool FTCD 97B 6H (EU) пайдаланушы нұсқаулығы

Whirlpool FTCD 97B 6H (EU) пайдаланушы нұсқаулығы
Нұсқаулық
КЕПТІРГІШ
KZ
Қазақша
Мазмұны
Орнату, 18
Ескертулер, 20
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету, 22
Панель управления, 24
Кірлер, 24
Дисплей, 25
Бастау және бағдарламалар, 27
FTCD 97
Ақаулықтарды жою, 31
Көмек, 32
www.hotpoint.eu
Бұл таңба осы пайдаланушы
нұсқаулығын оқуды еске салады.
! Қажет болған кезде дереу қарап шығу мүмкін болуы үшін
бұл нұсқаулықты жақын жерде ұстаңыз. Бұл нұсқаулықты
әрдайым кептіргіш жанында сақтаңыз және құрылғыны
сатқан немесе берген кезде оны жаңа иелерге беріңіз,
солайша олар мұндағы ескертулер мен ұсыныстармен
танысады.
! Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: төмендегі
беттерде орнатуға қатысты маңызды ақпарат пен құрылғы
жұмысына байланысты пайдалы ұсыныстар қамтылған.
17
Орнату
10 mm
Кептіргіш
орнатылатын
орын
Кептіргіш үстелдің
үстіңгі тақтайының
15 mm
15 mm
астына орнатылатын
болса, кептіргіш
үстіңгі панелімен
одан жоғары орналасқан кез келген
нысандар арасында 10 мм аралық және
құрылғының бүйірлері мен қабырғалар
немесе жиһаздар арасында 15 мм
аралық болатынын қамтамасыз етіңіз.
Бұл тиісті ауа айналымының болуын
қамтамасыз етеді.
Құрылғыны артын қабырғаға тигізіп
орнату керек.
Желдету
Кептіргіш ылғалдылығы жоқ және тиісті ауа айналымы
бар бөлмеде орнатылғанына көз жеткізіңіз. Кептіру
барысында судың конденсациялануына мүмкіндік беру
үшін кептіргіш айналасындағы ауа ағыны өте маңызды;
кептіргіш жабық жерде немесе шкаф ішінде орнатылса,
ол дұрыс жұмыс істемейді.
Кептіргіш кіші немесе суық бөлмеде қолданылса, біраз
конденсация түзілуі мүмкін.
Су ағызу
Кептіргіш канализация құбырына жақын орнатылса,
суды осы құбырға қосуға болады. Бұл су ыдысын
босатып отыру қажеттілігін жояды. Кептіргіш кір жуғыш
машина үстінде немесе оның жанында орнатылған
болса, бір канализация құбырын ортақ пайдалануға
болады. Канализация құбырының биіктігі кептіргіштің
түбінен 3 дюймнен (1 метрден) аспауы керек.
Бар түтікті А суретінде көрсетілген жерден ағытып
алыңыз, ұзындығы қолайлы түтікті бекітіп, В суретінде
көрсетілген қосыңыз.
Кептіргіш тұрақты орнына қойылған кезде түтік
қысылып қалмауына немесе онда түйіндер пайда
болмауына көз жеткізіңіз.
2
2
1
1
H<1m
KZ
А суреті
18
В суреті
Кептіргішті шкаф ішіне орнату жөн
емес, алайда оны құлыпталатын есік,
сырғыйтын есік немесе топсасы кептіргіш
есігінің топсасына қарама-қарсы жақта
орналасқан есік артына ешқашан
орнатуға болмайды.
Электр қосылымдары
Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын
төмендегі жағдайларды тексеріңіз:
Қолыңыз құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Розетка жерге тұйықталған болуы тиіс.
Розетка техникалық деректер
тақтасында көрсетілген құрылғының ең
көп қуат шығысына төтеп бере алуы
тиіс (Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ток желісінің кернеуі техникалық
деректер тақтасында көрсетілген
мәндер ауқымында жатуы тиіс
(Кептіргіш сипаттамасын қараңыз).
Ұзартқыш сымдарды пайдаланбаңыз.
Қуат сымынан тартпаңыз. Құрылғы
ашамен жабдықталған болса, бірнеше
розеткалы тармақтауышты
пайдаланбаңыз. Берілген аша өзінің
розеткасымен үйлесімді болмаса,
білікті маманға хабарласыңыз.
Жабық жер болса да, кептіргішті
сыртта орнатпау қажет.
Кептіргішті орнату аяқталғаннан кейін
ток сымы мен айыры қол жететін жерде
болуы керек.
Ток сымын майыстыруға немесе оған
қысым түсіруге болмайды.
Ауыстырылатын айыр балқытып
орнатылған түрлі болса, оны қауіпсіз
түрде тастау керек. Оны розеткаға қосуға
болатын жерде қалдырып КЕТПЕҢІЗ,
себебі ток соғу қаупі бар.{}
Кабельді жүйелі түрде тексеріп отыру
қажет. Ток кабелі зақымдалған болса,
оның қызмет көрсету бойынша өкілі
ауыстыруы тиіс. (Көмек алу тарауын
қараңыз).
Ең көп жүк өлшемдері: 9 kg
Техникалық ақпарат
Өнім
Кептіргіш
Сауда белгісі
Осы нұсқаулар орындалмаса, өндіруші
барлық жауапкершіліктен бас тартады.
Өндірушінің сауда
белгісі
Модель
FTCD 97B 6H (EU)
Жоғарыдағы көрсетілімдер туралы
күмән бар болса, білікті электр маманға
хабарласыңыз.
Өндіруші
Вирпул ИМЭА С.п.А.
Өндіру елі (шыққан
жері)
Ұлыбританияда жасалған
Ең көп жүк
9 кг
Бастапқы ақпарат
Кернеу мен кернеу
ауқымының
номиналды мәні
220-240 В ~
Ток немесе ток жиілігінің
шартты белгісі
50 Гц
Тұтынылатын қуат
2300-2700 Вт
Тұтынылатын қуаттың
орташа мәні
615,8 кВт/жыл
Ток соғудан қорғау
класы
I қорғау класы
Кептіргіш орнатылғаннан кейін, оны қолданбас бұрын
барабанының ішін тазалап, тасымалдау кезінде
жиналған кез келген кірді жойыңыз.
Сақтау және көлікпен тасымалдау
талаптары
• Орамаланған құрғату машинасы табиғи желдетілген
кезде үй-жайда
80 %-дан аса ауаның ылғалдығы кезінде
сақталуы тиіс.
• Егер құрғату машинасы ұзақ уақыттың ішінде
қолданылмаса және от жағылмайтын үй-жайда
сақталса, онда құрғату машинасынан барлық суды жою
қажет.
• Құрғату машинасын көлікпен тасымалдау тік тұрған
жағдайда бекітумен, кез келген жабық автокөлікте кез
келген зақымдалулардан, автомобильдің қозғалыс
немесе ішіне құлаудан аулақ болуымен жүргізіледі
• Көлікпен тасымалдау уақытында құрғату машинасын
соққыға ұшыратуға тыйым салынады.
КАПТАМАЛЫК ЗАТТАЦБАДАТЫ БЕЛГІ
КЕЗ
КЕЛГЕН КАПТАМАЛЫК БѲЛШЕКТІЦ ТАГАММЕН
ЖАНАСТЫРУГА АРНАЛМАГАНДЫГЫН БІЛДІ
РЕДІ
KZ
Келесі электрондық
пошта мекенжайына
өтінім жіберіп,
куәландыру
туралы ақпарат
немесе сәйкестік
сертификаттарының
көшірмесін алуға
болады: cert.rus@
indesit.com.
Өндіру күнін
сериялық нөмірден
(С/н XXXXXXXXX *
XXXXXXXXXXX) келесі
жолмен табуға болады:
- С/н 1-саны өндіру жылының соңғы
саны,
- С/н 2- және 3-саны өндіру айының
реттік нөмірі,
- С/н 4- және 5-саны өндіру күнінің
реттік нөмірі.
Өндіруші құрылғының өнімділігіне әсер етпейтін дизайн
мен өнім параметрлеріне қатысты алдын ала ескертусіз
өзгеріс енгізу құқығын сақтайды. Осы нұсқаулықта берілген
кейбір параметрлер шамаланып көрсетілген. Өндіруші
осы мәндерден сәл ауытқуға жауапты болмайды. Бұл
кітапшадағы басып шығару немесе көшіру қателеріне
жауапты болмаймыз.
Өндіруші:
Вирпул ИМЭА С.п.А.
Карло Писаканэ көшесі н.1, 20016 Пэро
(ЭмАй), Италия
Импорттаушы:
Кез келген сұрақтарыңыз
болса, оларды төмендегі
мекенжайға хатпен
жолдаңыз:
Виа Карло Пизакане 1
20016 Перо (Милан)
Италия
19
Ескертулер
KZ
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай өңделіп шығарылған.
Бұл ескертулер қауіпсіздік үшін берілген,
сондықтан оларды мұқият орындау қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Бұл құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану
бойынша кеңес не нұсқау берілген
және ықтимал қауіп-қатерлерді түсінетін
жағдайда, оны 8-ге толған балалар мен
дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз
адамдар қолдана алады.
• Бұл кептіргіш үйде пайдаланылуға
арналған, кәсіби пайдалануға
арналмаған.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолаяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
• Құрылғыны кабелінен емес, айырынан
ұстап тарту арқылы розеткадан
ағытыңыз.
• Кептіргішті пайдаланғаннан кейін оны
өшіріп, розеткадан ағытыңыз. Балалар
есікті ойыншық ретінде қолданбауы
үшін оны жауып қойыңыз.
• Балалар кептіргішпен ойнамауы үшін
оларды бақылау керек.
• Балаларға бақылаусыз құрылғыны
тазалауға және оған қызмет көрсетуге
болмайды.
• Əрдайым бақылап отырмаған
жағдайда, 3-ке толмаған балаларды
құрылғыдан аулақ ұстау керек.
• Құрылғы дұрыс орнатылуы тиіс және
оның тиісті вентиляциясы болуы керек.
Кептіргіштің алдыңғы жағындағы
ауаның кіріс саңылауларын ешқашан
жауып қоюға болмайды («Орнату»
тарауын қараңыз).
• Кептіргішті кілемге қойып пайдаланушы
болмаңыз, себебі кілем кептіргішке
ауаның астыңғы жақтан кіруіне кедергі
жасайды.
• Кірлерді салмас бұрын кептіргіш бос
екенін тексеріңіз.
•
Кептіргіштің артқы жағы қатты
қызып кетуі мүмкін.
Жұмыс істеп тұрғанда оған тиюші
болмаңыз.
• Сүзгі, су ыдысы және конденсатор
орындарына мықтап қойылғанша
кептіргішті пайдаланбаңыз
(«Техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
20
• Кептіргішке тым көп кір салмаңыз
(Ең көп жүктерді «Кірлер» тарауынан
қараңыз).
• Суы тамып тұрған заттарды кептіргішке
салмаңыз.
• Киім жапсырмаларындағы нұсқауларды
мұқият тексеріңіз («Кірлер» тарауын
қараңыз).
• Үлкен, өте көлемді заттарды
кептіргіште кептірмеңіз.
• Акрилат талшықтарын жоғары
температураларда кептірмеңіз.
• Кептіргіш ішінде жылы заттар болғанда
кептіргішті өшірмеңіз.
• Əрбір қолданудан кейін сүзгіні
тазалаңыз («Жөндеу» тарауын
қараңыз).
• Əрбір қолданудан кейін су ыдысын
босатыңыз («Техникалық қызмет
көрсету» тарауын қараңыз).
• Конденсатор бөлігін мерзімді түрде
тазалап отырыңыз («Техникалық
қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
• Кептіргіш айналасында талшықтардың
жиналуына жол бермеңіз.
• Кептіргіштің үстіне шықпаңыз. Ол
зақымдалуға әкелуі мүмкін.
• Электр стандарттар мен талаптарды
әрдайым орындаңыз («Орнату»
тарауын қараңыз).
• Əрдайым түпнұсқалы қосалқы
бөлшектер мен керек-жарақтарды
сатып алыңыз («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
Кептіргіште өрт шығу қаупін
азайту үшін төмендегі
шарттарды сақтау қажет:
• Заттар жуғыш затпен және сумен
жуылған, шайылған және сығу
циклы арқылы өткізілген болса ғана
заттарды кептіргіште кептіріңіз. Сумен
ЖУЫЛМАҒАН заттарды кептіру өрт
шығу қаупін төндіреді.
• Химиялық өнімдермен өңделген
киімдерді кептірмеңіз.
• Май тамған немесе төгілген заттарды
кептіргіште кептірмеңіз, себебі олар
өрт шығу қаупін төндіреді. Май жұққан
заттар, әсіресе кептіргіш сияқты
қызу көздерінің әсерінен күтпеген
кезде тұтануы мүмкін. Заттар қызып,
майдың тотығу реакциясына себеп
болады, ал тотығу реакциясы қызу
•
•
•
•
•
•
түзеді. Қызу ыдырап кетпесе, заттар
тұтану температурасына дейін қызып
кетуі мүмкін. Май жұққан заттарды
қабаттастыру, үйіп қою немесе сақтау
салдарынан қызу ыдырамай, өрт шығу
қаупі төнеді. Май тамған маталарды
немесе шаш күтіміне арналған
өнімдер жұққан маталарды кептіргіште
кептіру қажет болса, оларды алдымен
қосымша жуғыш зат қосып жуу керек.
Сөйтіп, өрт шығу қаупі азаяды, бірақ
мүлдем жоғалмайды. Ыстық күйде
оларды кептіргіштен шығарып, үйіп не
қабаттастырып қоюға болмайды.
Бензинмен, химиялық тазарту
ерітінділерімен я басқа тұтанғыш не
жарылғыш заттармен тазаланған,
жуылған, олардың ішіне салынып
қойған немесе олар тиген заттарды
кептіргіште кептіруге болмайды.
Тұрмыстық жағдайда қолданылатын
өте тұтанғыш заттарға май, ацетон,
ішуге жарамайтын спирт, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіштер кіреді. Бұлар
жұққан заттарды кептіргішке салмас
бұрын көбірек жуғыш зат салып, ыстық
суда жуыңыз.
Поролон (латекс көбігінен жасалған
материал деп те аталады) немесе
оған ұқсас материалдардан жасалған
заттарды кептіргіште кептірмеңіз.
Пеноматериалдар қызған кезде өзінен
өзі тұтануы мүмкін.
Статикалық зарядтарды кетіру үшін
кептіргіште жұмсартқыш я оған ұқсас
өнімдерді, өндірушісі мұндай мақсатта
қолдануға болатынын анық көрсетпеген
болса, қолданбаңыз.
Металл заттар салынған ішкі киімдерді,
мысалы металл сымдары бар
бюстгальтерлерді кептіргіште кептіруге
болмайды. Кептіру кезінде металл
бөліктер босап кетіп, кептіргішке зақым
келуі мүмкін.
Душ қалпақтары немесе сәбилердің су
өткізбейтін жабындары сияқты резеңке
немесе пластмассалық заттарды,
полиэтилен немесе қағазды кептіргіште
кептіруге болмайды.
Резеңке төселген заттарды, көбік
резеңке төсемдері бар киімдерді,
жастықтарды, галоштарды және
резеңкемен қапталған спорттық аяқ
киімдерді кептірмеңіз.
• Қалталардан барлық заттарды алып
тастаңыз, мысалы шақпақтар немесе
сіріңке.
! ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам
алынып, қызу шашылып кететіндей
таратылмаса, кептіру циклы
аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы
болмаңыз.
Қуатты үнемдеу және қоршаған
ортаны құрметтеу
• Кептіруден бұрын артық суды шығару үшін барлық
заттарды жақсылап сығыңыз (кір жуғыш машинаны
қолдансаңыз, жылдамдығы жоғары сығу циклын
таңдаңыз). Мұның нәтижесінде, кептіру барысында
уақыт пен қуат үнемделеді.
• Əрдайым толық жүк салып кептіріңіз – бұл қуатты
үнемдейді: бір зат немесе аз жүк кебу үшін ұзақ
уақытты қажет етуі мүмкін.
• Қуатты тұтыну шығындарын азайту үшін әрбір
қолданудан кейін сүзгіні тазалаңыз («Жөндеу»
тарауын қараңыз).
Өнімнің сату жағдайлары өндірушімен
анықталған жоқ, бірақ ұлттық, аудандық
және халықаралық стандарттарға сәйкес
болу керек.
21
KZ
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
KZ
Токты ажырату
! Пайдаланбаған кезде, оны тазалаған кезде және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарған кезде
кептіргішті розеткадан ағытып қойыңыз.
Əрбір циклдан кейін сүзгіні тазалау
Сүзгі – кептіргіштің негізгі құрамдас бөлігі:
оның функциясы – кептіру кезінде түзілетін
талшықтар мен түйіршіктерді жинау.
Кептіру аяқталғаннан кейін сүзгіні су
ағыны астында шаю арқылы немесе
шаңсорғышпен
тазалаңыз. Сүзгі
бітеліп қалса, кептіргіш
ішіндегі ауа ағыны
өте нашарлайды:
кептіру уақыттары
ұзарып, көбірек
қуат қолданылады.
Оған қоса, кептіргіш
зақымдалуы мүмкін.
Сүзгі кептіргіштің тығыздағышының
алдында орналасады (Суретті қараңыз).
Сүзгіні алып тастау:
1. Сүзгінің
пластикалық тұтқасын
жоғары қарай
тартыңыз (Суретті
қараңыз).
2. Сүзгідегі
түйіршіктерді
тазалап, оны орнына
дұрыстап қойыңыз.
Сүзгі кептіргіш
тығыздағышымен жабылып, орнына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
! Сүзгі тұтқышына қайта қойылмаған
болса, кептіргішті пайдаланбаңыз.
Əрбір циклдан кейін барабанды
тексеру
Кептіргіш ішінде қалып қою мүмкін кіші заттарды
(кіші орамалдар) алу үшін барабанды қолмен
айналдырыңыз.
Барабанды тазалау
! Барабанды тазалау үшін абразивті заттарды, болат
жүнін немесе тот баспайтын болатты тазартқыш
заттарды қолданбаңыз.
Тот баспайтын болат барабанда түрлі-түсті үлдір пайда
болуы мүмкін: ол су және/немесе кондиционер сияқты
жуудан қалған тазартқыш заттардың қосылуынан
түзілуі мүмкін. Бұл түрлі-түсті үлдір кептіргіштің
тиімділігіне әсер етпейді.
22
Əрбір циклдан кейін су ыдысын босату
2
Су ыдысын шығарып алып,
оны шұңғылшаға немесе
басқа канализацияға ағызу
жеріне босатыңыз, одан кейін
орнына дұрыстап қойыңыз.
Жаңа кептіру бағдарламасын
бастамас бұрын, әрдайым су
ыдысын тексеріп, босатып
отырыңыз.
Су ыдысын босатау төмендегі жағдайларға әкелуі
мүмкін:
- Кептіргіш қызбайды (сондықтан кептіру циклы
аяқталғанда кірлер әлі дымқыл болуы мүмкін).
Су ыдысының толуы
Кептіргіш алғаш рет пайдаланылған кезде су ыдысқа
дереу ақпайды, себебі су сорғы арқылы өтуі тиіс. Бұл
автоматты түрде орындалады және оған бірнеше
минут қажет, бұл мерзім барысында кептіру үдерісінің
тиімділігіне әсер етілмейді.
Конденсор бөлігін тазалау
• Конденсор бөлігін мерзімді түрде (ай
сайын) шығарып алып, конденсордың
артқы жағынан суық сумен шаю арқылы,
тілімшелерін түйіршік қалдықтарынан
тазалап отырыңыз.
Конденсорды шығарып алу:
1. Кептіргішті
розеткадан ағытып,
есікті ашыңыз.
2. Конденсор қақпағын
ашыңыз (Суретті
қараңыз), сағат
тіліне қарама-қарсы
бағытта 90°-қа бұру
арқылы үш ілмекті
босатыңыз, одан кейін
конденсорды шығарып
алу үшін қысқыштан
тартыңыз.
3. Тығыздағыштардың
бетін тазалап,
ілмектері мықтап
жабылғанына көз
жеткізіп, көрсеткілерді
жоғары қаратып
бөлікті орнына салыңыз.
Кептіргішті тазалау
• Метал мен пластиктен жасалған сыртқы жақтарын
және резеңке бөлшектерін дымқыл шүберекпен
тазалауға болады.
• Жиналып қалған кез келген түйіршіктерді,
талшықтарды немесе шаңды тазалап алу үшін
мерзімді түрде (6 ай сайын) алдыңғы ауа кіргізу
торын шаңсорғышпен тазалаңыз. Оған қоса, андасанда шаңсорғышпен конденсордың алдыңғы
жағын және сүзгі аумағын талшық қалдықтарынан
тазалаңыз.
! Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
! Электр және механикалық бөліктер қауіпсіз түрде
жұмыс істейтінін қамтамасыз ету үшін кептіргішті
мерзімді түрде өкілетті техникалық мамандарға
тексертіңіз («Көмек» тарауын қараңыз).
Қысқа кеңестер
Үлгі және
сериялық
нөмірлері
2
KZ
! Есік сүзгісі мен конденсатор сүзгісін
жүктеген сайын тазалауды ұмытпаңыз.
! Жүктеген сайын су ыдысын босатуды
ұмытпаңыз.
! Мұның арқасында құрылғыңыздың
ЖОҒАРЫ өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Деректер кестесі
Су ыдысы
Сүзгі
Шүмек
Артқы жағы
Конденсор
бөлігі
Конденсор
бөлігі
Ауа
кіргізу
Ілмектер
Тұтқа
Конденсор
қақпағы
Алдыңғы
жағы
23
Панель управления
Кнопки
ВЫБОРА ПРОГРАММ
KZ
Кнопка
ВКЛ./ ВЫКЛ.
Кнопка ВКЛ. / ВЫКЛ.
При нажатии кнопки во время
работы сушилки: если дисплей покажет ВЫКЛЮЧЕНИЕ,
машина будет выключена, если дисплей покажет
НАЖАТЬ И ДЕРЖАТЬ, на дисплее отобразится
обратный отсчет (3, 2, 1) и затем сушилка выключится.
Чтобы включить сушилку, снова нажмите и удерживайте
кнопку нажатой более 3-х секунд, на дисплее коротко
загорится ВКЛЮЧЕНО.
Кнопками выбора ПРОГРАММ устанавливается
программа: нажмите кнопку желаемой программы, чтобы
установить ее (см. Запуск и программы).
Кнопки / индикаторы ОПЦИЙ служат для выбора опций,
доступных для выбранной программы (см. Средства
управления). Индикаторы на дисплее (расположены над
соответствующими кнопками) загораются, показывая, что
опция была выбрана.
Кнопка / индикатор ПУСК / ПАУЗА
запускает
выбранную программу. Когда Вы нажмете эту кнопку во
время работы программы, будет подан один звуковой
сигнал, на дисплее появится ОСТАНОВЛЕНО и работа
машины будет остановлена. Индикатор горит зеленым
цветом, когда программа работает; мигает - желтым,
если программа остановлена, или зеленым цветом,
если сушилка находится в режиме ожидания запуска
программы (см. Запуск и программы).
Примечание. Также этот индикатор вспыхивает
желтым цветом во время выполнения этапа программы
«Обработка после сушки».
Дисплей отображает предупреждения и информацию о
программе (см. Дисплей).
Кнопка / пиктограмма «БЛОКИРОВКА ОТ ДЕТЕЙ»
: нажмите и удерживайте кнопку нажатой после
выбора программы и любых опций - это предотвратит
изменение программных установок, на дисплее коротко
загорится БЛОКИРОВАНО. Если пиктограмма горит,
другие кнопки блокированы. Нажмите кнопку для отмены
блокировки, пиктограмма погаснет, на дисплее вспыхнет
РАЗБЛОКИРОВАНО.
Примечание. В соответствии с новыми нормами
энергосбережения сушилка оснащена автоматической
системой ожидания, которая включается примерно
24
ДИСПЛЕЙ
Кнопка и индикатор
Кнопка
ПУСК / ПАУЗА
БЛОКИРОВКА ОТ
ДЕТЕЙ
Кнопки / индикаторы ОПЦИЙ
через 30 минут, если не обнаружено никакакого
функционирования машины. Удерживайте нажатой
кнопку ВКЛ./ВЫКЛ., пока на дисплее не вспыхнет
ВКЛЮЧЕНО, затем машина перейдет в рабочий
режим.
Кірлер
Кірлерді сұрыптау
• Киімдерді қауіпсіз түрде кептіргіште кептіруге
болатынын тексеру үшін әртүрлі киімдердің күтім
жапсырмаларындағы таңбаларды қараңыз.
• Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз.
• Қалталарды босатып, босап кеткен түймелерді тексеріңіз.
• Ілгектер мен ілмектерді жабыңыз және белдіктер мен
бауларды қатты мықтамай байлаңыз.
• Мүмкін болғанша көп суды шығару үшін киімдерді сығыңыз.
! Кептіргішке суы тамып тұрған киімдерді салмаңыз.
Ең көп жүк өлшемдері
Барабанға шамадан тыс жүк салмаңыз.
Төмендегі мәндер құрғақ киімдердің салмағын білдіреді:
Табиғи талшықтар: ең көбі 9 кг
Синтетикалық талшықтар: ең көбі 3 кг
! Кептіргішке тым көп жүк салмаңыз, себебі бұл кептіру
тиімділігін азайтуы мүмкін.
Күтім жапсырмалары
Күтім жапсырмаларын әрдайым тексеріңіз, әсіресе
киімдерді кептіргішке алғаш рет салған кезде. Төменде
ең жиі қолданылатын таңбалар берілген:
Кептіргіште кептіруге болады.
Кептіргіште кептіруге болмайды.
Кептіргіште кептіруге болады – жоғары қызу.
Кептіргіште кептіруге болады – төмен қызу.
Дисплей
Выбор языка
При первом включении сушилки следует выбрать желаемый интерфейсный язык из списка имеющихся.
Изменение языка: название установленного языка должно
вспыхивать в первой строке дисплея.
Нажмите и держите нажатыми 5 секунд 3 кнопки:
Уровень
тепла, Сушка по времени и
Уровень высушивания.
- Для просмотра (прокрутки вверх или вниз) списка доступных
языков нажмите кнопку «Высокое тепло» или кнопку «Сушка
по времени» .
- Когда название желаемого языка будет вспыхивать в верхней
строке дисплея, нажмите кнопку «Уровень высушивания»
,
чтобы подтвердить выбор.
Работа дисплея
Выбор программы и дисплей
При нажатии кнопки программы ее название будет показано в первой строке дисплея, это сообщение будет
отображаться, пока программа работает. Каждой из восьми кнопок выбираются 2 программы: нажмите кнопку один раз
для выбора первой программы и нажмите еще раз для выбора второй программы, название выбранной программы
отобразится на дисплее. Последней кнопкой выбирается «Моя программа».
Моя программа. Если Вы выбрали цикл «Моя программа», дисплей покажет название выбранной программы с
буквой «М» перед ним, т. е. М ХЛОПОК (см. Запуск и программы).
Уровни высушивания
Если выбрана автоматическая программа, для которой доступны различные уровни высушивания (см. Таблицу
программ), во второй строке дисплея будет отображаться требуемый уровень высушивания
. При каждом нажатии
кнопки уровня высушивания выбирается и показывается опция из приведенного ниже списка. Для некоторых
автоматических программ невозможно изменить уровень высушивания или данная опция вообще не предусмотрена.
Влажное белье: высушенное белье готово для машинной /
роликовой глажки.
Глажка: высушенное белье можно гладить утюгом.
Повесить+: изделия из деликатных тканей следует повесить и
досушить.
Повесить: высушенные изделия следует повесить и досушить.
ВЛАЖНОЕ БЕЛЬЕ
ГЛАЖКА
ПОВЕСИТЬ+
ПОВЕСИТЬ
ГАРДЕРОБ
Слегка высушено: белье из деликатных тканей можно убрать
в шкаф.
Гардероб: высушенное белье можно убрать в шкаф.
ЭКСТРАСУШКА
Экстрасушка: высушенное белье готово к использованию.
СЛЕГКА ВЫСУШЕНО
Бағдарламаның орындалу барысы
Дисплейдің екінші жолында бағдарламаның орындалу күйі көрсетіледі (ұзын хабарлар жол бойымен жылжиды)
ҚҰРҒАҚ
САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ
ҚЫЗДЫРУ
ДАЙЫН
ЦИКЛ СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ
(Қыртыстарды жазу опциясы таңдалған болса)
ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ
25
KZ
Дисплей
KZ
Уақыты белгіленген кептіру
Уақыты белгіленген кептіру опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін «Уақыты белгіленген» түймесі басыңыз,
сонда осы түймені басқан сайын дисплейде таңдалған уақыт өседі («Бастау жəне бағдарламалар» тарауын
қараңыз).
Басқан сайын ұзақтық азаяды және қолдануға
болатын уақыт опцияларының саны таңдалған
бағдарламаға / материалға байланысты болады.
Уақыт тұсында уақыты белгіленген кептіру
белгішесі көрсетіледі.
Бағдарлама басталғаннан кейін таңдалған уақыт
көрсетіліп тұрады, бірақ оны кез келген уақытта
өзгертуге болады.
Кешіктіру және аяқталуға дейінгі уақыт
Кейбір бағдарламаларда кешіктіріп бастау мүмкіндігі болады. («Бастау жəне бағдарламалар» тарауын қараңыз).
Кешіктіру түймесін басыңыз, сонда белгіше
жыпылықтайды.
Кешіктіру түймесін басқан сайын кешіктіру
параметрі 1 сағаттық қадаммен 1 сағ
параметрінен 24 сағ параметріне, одан кейін
ӨШІРУЛІ параметріне артады, одан кейін бірнеше
секундта кешіктіру жойылады.
Кешіктіру уақыты Кешіктіру түймесінің жанында
дисплейде көрсетіледі.
Бастау/тоқтата тұру түймесі
басылғаннан кейін дисплейде кешіктіру
мерзімінің минуттері кері саналады. Дисплейдің екінші жолында БАСТАЛУҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТ жазуы
көрсетіледі
Одан кейін, қажет болса, таңдалған кешіктіру уақытын кез келген кезде өзгертуге не жоюға болады.
Бастау/тоқтата тұру түймесі басылғаннан кейін кешіктіру не аяқталуға дейінгі уақыт сағаттар мен минуттер ретінде
көрсетіліп, минуттері кері саналады.
Аяқталуға дейінгі уақыт
Кешіктіру мерзімі аяқталғаннан немесе кешіктіру таңдалмаса, бағдарлама толығымен аяқталғаннан кейін. Автоматты
бағдарламалар үшін бағдарламаның аяқталуына дейінгі есептелген уақыт немесе уақыты белгіленген бағдарлама
барысында қалған нақты уақыт дисплейдің осы бөлігінде көрсетіледі.
Уақыты белгіленген бағдарламалар таңдалғанда, цикл бойынша көрсетілетін уақыт нақты қалған уақыт болып
табылады.
Автоматты бағдарлама таңдалған кезде, көрсетілетін уақыт қалған уақыттың шамалы мәні болып табылады.
Бағдарлама таңдалғанда, дисплейде толық жүкті кептіруге қажетті уақыт көрсетіледі, шамамен 10 минуттан кейін
контроллер цикл уақытын одан дәлірек анықтайды және бағдарлама барысында ол жаңартылады. Уақыт артқа
«Менің циклым» түймесі
Бұл түймені бірінші рет басқанда дисплейде САҚТАУ ҮШІН БАСЫП ҰСТАП ТҰРЫҢЫЗ жазуы көрсетіледі
Таңдаулы бағдарлама мен опцияларды таңдағаннан кейін бұл параметрлерді Жад түймесін кем дегенде 5 секунд
басып тұру арқылы сақтауға болады. Жоғарғы жолда белгішесі жыпылықтайды және оның жанында таңдалған
бағдарлама көрсетіледі. Одан кейін сигнал беріледі және дисплейдің екінші жолында ЖАД сөзі көрсетіледі.
Бұл бағдарлама таға қажет болған кезде, түймесін, одан кейін Бастау/тоқтата тұру
түймесін басыңыз, сонда осы
бағдарлама қосылады.
Қаласаңыз, жаңа бағдарламаны және/немесе опцияларды таңдап, түймесін басып тұру арқылы таңдаулы бөлікті
өзгертуге болады (жоғарыдағыдай).
26
Бастау және бағдарламалар
Бағдарламаны таңдау
1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.
2. Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз («Кірлер»
тарауын қараңыз).
3. Есікті ашыңыз және сүзгі таза әрі орнында, сондайақ, су ыдысы бос әрі орнында екеніне көз жеткізіңіз
(«Жөндеу» тарауын қараңыз).
4. Кірлерді құрылғыға салыңыз және есікте ешбір зат
қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті жабыңыз.
5. Дисплей жанбаса; Қосу/өшіру
түймесін басыңыз.
6. Бағдарламалар кестесін («Бағдарламалар» тарауын
қараңыз) және әр матаға қатысты қолдану шарттарын
(«Кірлер» тарауын қараңыз) тексеру арқылы кептірілетін
матаға сәйкес келетін Бағдарламаны таңдау түймесін
басыңыз. M түймесі таңдалған болса, 7- және
8-қадамдар қажет емес (төменнен көріңіз).
7. Уақыты белгіленген кептіру немесе Құрғақтық деңгейі
опциясын таңдаңыз.
Уақыты белгіленген кептіру таңдалса, дисплейде
қажетті уақыт көрсетілгенше «Уақыты белгіленген»
түймесін басып тұрып, жіберіңіз. Немесе әдепкі
құрғақтық параметрінен басқа параметрді орнату
керек болса, қажетті деңгей көрсетілгенше Құрғақтық
деңгейі түймесін басып тұрып, жіберіңіз.
! Құрғақтық деңгейлерін, уақыты белгіленген кептіруді
және опцияларды қолдану мүмкіндігін тексеру үшін
Бағдарламалар кестесін қараңыз.
8. Қажетінше кешіктіру уақыты мен басқа опцияларды
таңдаңыз («Дисплей» тарауын қараңыз).
9. Бастау үшін «БАСТАУ»
түймесін басыңыз.
Дисплейде есептелген аяқталуға дейінгі уақыт
көрсетіледі. Кептіру бағдарламасы барысында,
кірлерді тексеріп, кепкен заттарды шығарып алуға, ал
қалғандарын әрі қарай кептіруге болады. Есікті қайтадан
жапқан кезде, кептіруді жалғастыру үшін БАСТАУ
түймесін басыңыз.
10. Бағдарлама аяқталудан бұрын Кептіру
бағдарламасының соңғы бірнеше минутында соңғы
САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ кезеңі орындалады (маталар
салқындатылады), бұл кезең әрқашанда аяғына дейін
орындалуы керек.
11. Кептіру циклының соңында хабар көрсетіледі. ЦИКЛ
СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН
БОСАТУ жазуы көрсетілсе, 3 рет сигнал беріледі
(ескертпе: ДЫБЫС опциясы таңдалған болса, 5 минут
бойы 30 секунд сайын 3 рет сигнал беріледі). ЦИКЛ
СОҢЫ, ҚЫРТЫСТАРДЫ ЖАЗУ көрсетілсе, демек
қыртыстарды жазу таңдалған. Киімдерді шығарып
алмасаңыз, олар 10 сағат бойы немесе есік ашылғанша
кейде айналдырылып тұрады, одан кейін бағдарлама
аяқталғанын білдіру үшін 3 рет сигнал беріледі.
12. Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, сүзгіні
тазалап, оны орнына қойыңыз. Су ыдысын босатып,
оны орнына қойыңыз («Техникалық қызмет көрсету»
тарауын қараңыз).
13. Кептіргішті розеткадан ағытыңыз.
KZ
Кептіру уақыттары
Кептіру уақыттары шамамен берілген және төмендегі жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін:
• Сығу циклынан кейін заттарда қалған су мөлшері: орамалдар мен нәзік бұйымдар көп су ұстап қалады.
• Мата: бір матадан жасалған, бірақ текстурасы мен қалыңдығы әртүрлі заттар әртүрлі уақытта кебуі мүмкін.
• Кірлердің мөлшері: бір зат және аз жүк кебу үшін ұзақ уақытты қажет етуі мүмкін.
• Кептіру: заттар үтіктелетін болса, әлі де сәл дымқыл болған кезде оларды кептіргіштен шығарып алуға болады.
Толығымен кептірілуі қажет заттарды ұзағырақ кептіруге болады.
• Қызу параметрі.
• Бөлме температурасы: бөлме температурасы неғұрлым төмен болса, кептіру үшін соғұрлым көбірек уақыт кетеді.
• Көлем: кейбір көлемді заттар кептіру үдерісі барысында арнайы күтімді қажет етеді. Бұл заттарды кептіргіштен шығарып
алып, сілкіп, қайта салуды ұсынамыз: кептіру циклы барысында мұны бірнеше рет қайталаңыз.
! Заттарды тым кептіріп жібермеңіз.
Барлық талшықтарда біраз табиғи ылғалдылық болады, ол заттарды жұмсақ әрі көлемді ұстауға көмектеседі.
27
KZ
n°
Бағдарлама
Бағдарламалар кестесі
Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.1.
•
•
Бұл – мақтадан жасалған заттарға арналған бағдарлама.
Стандартты мақта бағдарламасы ЕО 392/2012 ережесіне сәйкес Жоғары құрғақтық және Құрғақтық деңгейлері
Шкафқа қойылатындай құрғақ (стандартты/әдепкі іске қосу конфигурациясы) параметрлерімен таңдалатын
1-бағдарлама. Бұл - қуатты тұтыну ережелеріне сәйкес (EU.392/2012) ең үйлесімді бағдарлама.
•
•
Бұл бағдарлама мақтадан жасалған көйлектер үшін арналған.
«Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер
немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа
уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
•
•
Бұл бағдарлама мақта орамалдар пен ақжаймалар үшін арналған.
«Аса құрғақ» параметрімен кептірілген заттар әдетте пайдалануға дайын болады; шеттер немесе бүктелу
жерлері сәл дымқыл болуы мүмкін, әсіресе үлкен заттарда. Бұл орын алса, оларды ашып, қысқа уақыт
бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
•
Бұл бағдарламаға «Allergy UK» ұйымы «Мақұлданған» деген баға берген, яғни осы арнайы Аллергияға қарсы
циклы киімдерден аллергендерді тиімді түрде азайтады және жояды. Ұзақ уақыт тұрақты температураны
ұстап тұру арқасында бұл бағдарламаның көмегімен кең тараған аллергендердің көбісінің (оның ішінде кене
мен тозаң) әсері жойылады.
Толық көлемдегі ылғал заттарды кептіріп өңдеу немесе 4 кг құрғақ заттарды тек өңдеу үшін қолдануға болады.
Дисплейде АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ФУНКЦИЯ ЖҰМЫС ІСТЕУІ ҮШІН СҮЗГІНІ ЗАЛАҢЫЗ жазуы көрсетілсе,
сүзгіні тазалап, бағдарламаны қайтадан бастаңыз.
Cтандартты
мақта
бағдарламасы
1
max
Мақта
көйлектер
3 кг
Төсек пен
ванна
max
2
Аллергияға
қарсы
бағдарлама
•
max or 4 кг
•
Бұл бағдарлама төмен қызу параметрімен кептірілетін синтетика заттар немесе орташа қызу параметрімен
кептірілетін синтетика / мақта аралас заттарды кептіруге арналған.
•
Бұл бағдарлама синтетикалық материалдан немесе полиэфир мен мақта сияқты табиғи және снтетика аралас
материалдан жасалған көйлектер үшін арналған.
«Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер
немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа
уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
Синтетика
3 кг
3
Синтетика
көйлектер
•
3 кг
•
Джинсы
3 кг
4
Бағдарлама
-
•
•
•
Бұл бағдарлама джинсы матасынан жасалған джинсы үшін арналған. Джинсы шалбарларын кептірмес бұрын,
алдыңғы қалталардың ішін сыртқа қаратыңыз.
Қою және ашық түсті заттарды араластырмаңыз.
Оны сол материалдан жасалған пиджактар сияқты басқа киімдермен де қолдануға болады.
«Аса құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері
сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, джинсы шалбарларының ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт
бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
! Джинсы шалбарында эластикалық белбеу, ілмек немесе кесте болса, бұл бағдарламаны қолдануды
ұсынбаймыз.
! Бұл бағдарламаларды пайдаланғанда абай болыңыз, зақымдалған заттарды кептірмеңіз, себебі мамық сүзгі мен
ауа жолдарын бітеп, өрт қаупін туғызуы мүмкін.
• Тек бір адамға арналған мамық көрпелер үшін қолданылуы тиіс; қос немесе өте үлкен өлшемді көрпелер үшін
қолданбаңыз.
• Бұл бағдарламамен кептірілетін кірлер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір жерлері дымқыл
болуы мүмкін. Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ішін сыртқа қаратып сілкілеп жіберіңіз, одан кейін қысқа
уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
• Сондай-ақ, мамықпен толтырылған кеудешелерге қолдануға болады.
• Мақта мамық көрпелер үшін жоғары және синтетикалық мамық көрпелер үшін орташа қызу параметрін
қолданыңыз.
Ескертпе:
1 - Осы бағдарламалардың ұзақтығы жүктеменің өлшеміне, материалдың түрлеріне және кез келген қосымша таңдалған
опцияларға байланысты болады.
28
n°
Бағдарлама
Бағдарламалар кестесі
•
Жүн
бағдарламасы
5
1 кг
Жібек
6
Бұл бағдарлама таңбасы бар, кептіргіште кептіруге болатын киімдер үшін арналған
.
• Кептіруден бұрын киімдердің ішін сыртқа қаратқан абзал.
• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері сәл
дымқыл болуы мүмкін. Бұларды табиғи түрде кептіріңіз, себебі шамадан тыс кептіру киімдерді зақымдауы мүмкін.
! Басқа материалдар сияқты жүннің қысқаруы қайтымсыз үдеріс болып табылады; яғни, ол бастапқы өлшемі мен
пішініне қайтпайды.
! Бұл бағдарлама акрилат киімдер үшін қолайлы емес.
• Бұл бағдарлама нәзік жібек бұйымдарды кептіруге арналған.
• «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен кептірілген киімдер әдетте қолдануға дайын болады, бірақ ауыр
киімдердің шеттері сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ішін сыртқа қаратып,
қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
0,5 кг
Нәзік
киімдер
KZ
Жуу циклдарының мерзімін дисплейде көруге болады.1.
• Бұл бағдарлама нәзік бұйымдарды, мысалы акрилаттан жасалған, кептіруге арналған.
• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір киімдер сәл
дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ашып немесе ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт
бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.
2 кг
• Бұл бағдарлама сәбидің кішкентай нәзік киімдерін, төсек орын бұйымдарын (мақта және шашақ жіп) және
өзіңіздің нәзік киімдеріңізді кептіруге арналған.
Сәби
бағдарламасы
• Пластикалық қабаты бар сәби көкірекшелері мен түкті дамбалдарын кептіруге болмайды.
• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте қолдануға дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері
сәл дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, олардың ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны
қайталап көріңіз.
2 кг
•
Жұмсақ
ойыншық
бағдарламасы
7
2,5 кг
Жұмсақ ойыншық бағдарламасының көмегімен бұрынғыдан жиі жұмсақ ойыншықтардың шаңын кетіруге
және оларды жууға болады, себебі әдеттегідей кептіргенмен салыстырғанда кептіру уақыты айтарлықтай
азаяды. Ол – жүннің бастапқы қалпы мен жарқылын сақтау үшін төмен температурада аз механикалық әсер
қолданатын нәзік кептіру циклы.
Ескертпе: Аллергиядан қорғау үшін жұмсақ ойыншықтарды 24 сағатқа мұздатып, одан кейін жуып кептірсеңіз
болғаны. 6 аптада бір рет қайталаңыз.
• Кептірмес бұрын киімдер, жағалар не дыбыс қораптары сияқты керек-жарақтарды алып тастаңыз және
пластикалық көздерді сүртіп алып, изолентамен қорғаңыз.
• Бағдарлама ұзақтығы кірлердің құрамына байланысты әр түрлі болады. Максималды кірлер салмағы 2,5 кгнан және бөлек бір зат 600 г-нан аспауы тиіс.
•
Қызу және
қолдану
Бұл бағдарлама орамалар мен халаттарды жылытып, ванна не душтан кейін жылы сезінуге көмектеседі.
Сондай-ақ, қыс кезінде киімдерді жылыту үшін қолдануға болады. Цикл киімдерді 37 °С-қа дейін жылытады
(дене температурасы); дисплейде ЖЫЛЫТУ жазуы көрсетіледі және бұл температурада ең көбі 4 сағат
немесе дисплейде ДАЙЫН жазуы көрсетілген кезде есікті ашу арқылы тоқтатқанша жұмыс істейді.
Ескертпе: Бұл бағдарлама барысында Бастау/тоқтата тұру түймесі ажыратылады.
3 кг
! Үрлеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.
Жаңарту
• Оны кез келген жүкпен пайдалануға болады, бірақ одан азырақ жүкті қолдану тиімдірек болады.
• Кептіргішті шамадан тыс толтырмаңыз («Кірлер» тарауын қараңыз).
• Желдететін 20 минуттық бағдарлама: киімдер салқын ауамен желдетіледі. Сондай-ақ, жылы киімдерді
-
салқындату үшін қолданылады
•
8
Оңай үтіктеу
бағдарламасы
-
Оңай үтіктеу – бір қалыпта/орында ұзақ уақыт тұрған киімдердің талшықтарын түтуге арналған қысқа 10 минуттық
бағдарлама (8 минут қыздыру, одан кейін 2 минут салқын айналдыру кезеңі). Цикл талшықтарды жұмсартып, оларды
үтіктеуді және бүктеуді жеңілдетеді.
! Оңай үтіктеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.
• Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:
1. Ең көп сыйымдылықтан көп жүктемеңіз. Мына сандар құрғақ салмақ үшін берілген (Мата-Макс. салмақ) Мақта және
аралас мақта-2.5 кг; Синтетика-2 кг; Джинсы-2 кг.
2. Кептіру циклы аяқталғаннан кейін дереу кірлерді алыңыз, оларды іліп қойыңыз, бүктеңіз немесе үтіктеңіз де, шкафқа
салып қойыңыз. Бұл мүмкін болса, бағдарламаны қайталаңыз.
Ескертпе:
1 - Осы бағдарламалардың ұзақтығы жүктеменің өлшеміне, материалдың түрлеріне және кез келген қосымша таңдалған
опцияларға байланысты болады.
29
Бастау және бағдарламалар
KZ
Басқару элементтері
! Бастау түймесін басқаннан кейін бағдарламаны өзгерту
мүмкін емес.
Бағдарламаны өзгерту үшін START/PAUSE (Бастау/тоқтата)
түймесін басып бағдарламаны тоқтатып қойыңыз,
тұру
сол кезде шам сарғылт түспен жыпылықтайды, жаңа
бағдарлама мен кез келген опцияны таңдаңыз, сол кезде
шам жасыл түспен жыпылықтайды. START/PAUSE (Бастау/
түймесін басыңыз, сонда жаңа бағдарлама
тоқтата) тұру
басталады.
• Опция
түймелері
Бұл түймелер таңдалған бағдарламаны жеке
талаптарға сәйкес дербестендіру үшін қызмет
атқарады.
Кейбір опциялар барлық бағдарламалар үшін
қолжетімді емес. Кейбір опциялар алдында
орнатылғандарымен үйлесімді болмайды. Егер
қандай да бір қолжетімсіз опцияның түймесі
басылса, қоңырау 3 рет дыбыстық сигнал береді.
Егер опция қолжетімді болса, опция жарығы
жанып тұрады.
Кешіктіру (кешіктіру таймері)
Кейбір бағдарламалардың басталуын («Дисплей» жəне
«Бағдарламалар» кестелерін қараңыз) 24 сағатқа дейін
кешіктіруге болады. Кешіктіріп бастауды орнатпас бұрын су
бөтелкесі босатылғанына көз жеткізіңіз.
Қыртыстарды жазу
Алдынғы күтім опциясын кешіктіріп бастау таңдалған болса
ғана, қолдануға болады. Қыртыстардың пайда болуына
жол бермеу үшін кешіктіру мерзімінде киімдер андасанда айналдырылады. Кейінгі күтім опциясы бағдарлама
аяқталғаннан кейін кірлерді алып тастау мүмкін болмаған
жағдайда, кептіру мен салқын айналдыру циклдары
аяқталғаннан кейін қыртыстардың түзілуін болдырмау үшін
киімдер кейде айналдырылады.
шамы бұл
Ескертпе: START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру
кезең барысында сарғылт түспен жыпылықтайды. Бұл опция
таңдалса, сәйкес келген жағдайда, алдыңғы және кейінгі күтім
функциялары қосылады.
Ескертпе: Дыбыс опциясы таңдалған болса, бұл опцияны
қолдану мүмкін емес.
Қызу деңгейінің түймесі, дисплей және белгішелер
Бағдарламалардың барлығы қызу деңгейін өзгертуге рұқсат
бере бермейді және олардың кейбіреуі қызу деңгейінің үш
опциясын да қолдануға мүмкіндік береді. Опция өзгертілген
кезде, осы түйме басылса, таңдалған қызу деңгейі өзгереді
және дисплейде аз уақыт қызу деңгейі көрсетіледі. Түйме
жанындағы дисплейде төмендегі белгішелер көрсетіледі.
ЖОҒАРЫ ҚЫЗУ
ОРТАША ҚЫЗУ
ТӨМЕН ҚЫЗУ
Дыбыс
Барлық бағдарламалармен қолдануға болады. Ол киімдерді
шығарып алуға болатынын еске салу үшін кептіру циклының
соңында сигнал береді.
Ескертпе: Қыртыстарды жазу опциясы таңдалған болса, бұл
опцияны қолдану мүмкін емес.
30
Қосымша күтім
Мақта заттарға арналған осы ескіруге қарсы функция, дұрыс
барабан айналуы (циклдың соңғы бөлігінде азайтылады) мен
дұрыс кептіру температурасын қолдану арқасында, заттардың
өңін ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі. Ескертпе: Оны «Аса
құрғақ», «Шкафқа қойылатындай құрғақ» және «Төмен
құрғақтық» құрғақтық деңгейлерімен қолдануға болмайды.
Жылдам кептіру
Бұл опция 1 кг-ға дейінгі салмақтарға арналған.
Ескертпе: тек «Шкафқа қойылатындай құрғақ» параметрімен
қолдануға болады.
• УАҚЫТ ДИСПЛЕЙІ
Дисплейде қалған кешіктіру уақыты немесе бағдарлама
басталған кезден өткен уақыт көрсетіледі («Дисплей» тарауын
қараңыз). Сондай-ақ, дисплейде кептіргішке қатысты ақаулықтар
көрсетіледі. Мұндай кезде дисплейде «F» әрпі және қатенің коды
көрсетіледі («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).
• Бос су ыдысы
(Кептіргішті тікелей канализацияға қосқан болсаңыз, босату
туралы хабарларды елемеуге болады, себебі су ыдысын
босатудың қажеті жоқ). Ыдысты босату туралы еске салу
не ескерту үшін хабарлар көрсетіледі («Дисплей» тарауын
қараңыз). Бағдарлама барысында су ыдысы толып кетсе,
қыздырғыш өшіп, кептіргіш салқын айналдыруды орындайды.
Одан кейін ол тоқтап, хабар
СУ БӨТЕЛКЕСІН БОСАТУ керек екенін
жеткізеді. Ыдысты босатып, кептіргішті қайта қосу керек,
әйтпесе киімдер кеппейді. Кептіргіш қайта іске қосқаннан
кейін, хабар бірнеше секундтан кейін өшеді.
Мұның алдын алу үшін, кептіргіш әрбір пайдаланған кезде су
ыдысын босатып отырыңыз («Жөндеу» тарауын қараңыз).
• Есікті ашу
Бағдарлама барысында есік ашылса, кептіргіш тоқтап, келесі
әсерлер орын алады.
шамы
Ескертпе: START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру
бағдарламаның Кейінгі күтім кезеңінде де ашық сары түспен
жыпылықтайды.
Дисплейде ТОҚТАТА ТҰРУ жазуы көрсетіледі.
•
• Кешіктіру кезеңі барысында кешіктіру артқа санала
береді. Кешіктіру бағдарламасын жалғастыру үшін бастау
түймесін басу керек. Дисплейде ағымдағы күй көрсетіледі.
• Бағдарламаның кептіру бөлігінде уақыттың кері саналуы
тоқтағанын білдіру үшін дисплейдегі қос нүкте жыпылықтауын
тоқтатады. Бағдарламаны жалғастыру үшін START/PAUSE
түймесін басу керек. Дисплейде
(Бастау/тоқтата) тұру
ағымдағы күй көрсетіледі, қос нүкте жыпылықтап, кері санақ
жалғасады.
• Кейінгі күтім кезеңінде бағдарлама аяқталады.
түймесі
START/PAUSE (Бастау/тоқтата) тұру
басылса, жаңа бағдарлама басынан басталады.
• Ескертпе
Ток өшіп қалса, құрылғы қуатын өшіріңіз немесе айырды
ағытыңыз, дисплейде POWER ON жазуы көрсетілгенше ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесін басып тұрыңыз, сонда кептіргіш қайта қосылады.
Одан кейін бастау түймесі басылса, бағдарлама жалғасады.
Ақаулықтарды жою
Бір күні кептіргіш дұрыс жұмыс істемейтіндей болады. Қызмет көрсету орталығына хабарласпас («Қызмет көрсету»
тарауын қараңыз) бұрын төмендегі ақаулықтарды жою ұсыныстарын қарап шығыңыз.
Ақаулық:
Кептіргіш қосылмайды
Кептіру циклы басталмайды.
Кептіру үшін ұзақ уақыт керек
KZ
Ықтимал себептері / шешімдері:
• Айыр розеткаға қосылмаған немесе тимей тұр.
• Ток өшкен.
• Сақтандырғыш жанып кеткен. Розеткаға басқа құрылғыны қосып көріңіз.
• Ұзартқыш сымды пайдаланып отырсыз. Кептіргіштің ток сымын розеткаға
тікелей қосып көріңіз.
• Есік мықтап жабылмаған.
• Бағдарлама дұрыс орнатылмаған («Бастау жəне бағдарламалар» тарауын
қараңыз).
БАСТАУ түймесі басылмаған («Бастау жəне бағдарламалар» тарауын
қараңыз).
• Кешіктіру уақытын орнатқансыз («Бастау жəне бағдарламалар» тарауын
қараңыз).
• Сүзгі тазаланбаған («Жөндеу» тарауын қараңыз).
• Су ыдысын босату керек пе? Су ыдысын босату туралы хабар көрсетіледі
ме? («Техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
• Конденсорды тазалау керек («Жөндеу» тарауын қараңыз).
• Кептіріп жатқан мата түрі үшін температура параметрі қолайлы емес
(«Бастау жəне бағдарламалар» жəне «Кірлер» тарауларын қараңыз).
• Осы жүк үшін дұрыс кептіру уақыты таңдалмаған («Кірлер» тарауын
қараңыз).
• Ауа кіретін тор бітелген («Орнату» жəне «Техникалық қызмет көрсету»
тарауларын қараңыз).
• Заттар тым дымқыл («Кірлер» тарауын қараңыз).
• Кептіргішке тым көп зат салынған («Кірлер» тарауын қараңыз).
Суды төгу хабары көрсетіледі, бірақ
кептіргіш біраз ғана жұмыс істеді.
Суды төгу хабары көрсетіліп тұр,
бірақ су ыдысы толы емес.
Су ыдысы бағдарламаның басында босатылмаған болуы мүмкін. Суды төгу
сигналы берілгенін күтпеңіз, әрқашан жаңа кептіру бағдарламасын бастаған
кезде ыдысты тексеріп, босатыңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
• Бұл – әдеттегі ЦИКЛ СОҢЫ, СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ СУ БӨТЕЛКЕСІН
БОСАТУ хабары. Ол ыдысты босату туралы еске салу үшін көрсетіледі
(«Дисплей» тарауын, «Бастау жəне бағдарламалар» тарауын қараңыз)
Бағдарлама аяқталады, бірақ киімдер
күтілгендей құрғақ емес
! Қауіпсіздік мақсатында, кептіргіште ең көп бағдарлама уақыты – 5 сағат. Егер
автоматты бағдарлама қажетті соңғы дымқылдықты сезбесе, бұл уақытта
кептіргіш бағдарламаны аяқтап, тоқтайды. Жоғарыдағы жағдайларды
тексеріп, бағдарламаны қайтадан іске қосыңыз, егер кірлер әлі де тым
дымқыл болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз («Қызмет
көрсету» тарауын қараңыз).
Дисплейде «F» әрпі мен бір не екі
саннан тұратын ақаулық коды
көрсетіледі
• Дисплейде қате көрсетілсе, құрылғыны өшіріп, айырды ағытыңыз; сүзгі
мен конденсор бөлігін тазалаңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз). Одан кейін айырды қайта қосып, құрылғыны қосыңыз да, басқа
бағдарламаны бастаңыз. Қате көрсетілсе, нөмірді жазып алып, қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз («Қызмет көрсету» тарауын қараңыз).
Дисплейде 6 секунд сайын аз ғана
уақыт ДЕМО РЕЖИМІ ҚОСУЛЫ жазуы
көрсетіледі.
• Кептіргіш «Демо» режимінде. Қосу/өшіру және бастау/тоқтата тұру
түймелерін бірге басып, 3 секунд ұстап тұрыңыз. Дисплейде 3 секунд ДЕМО
РЕЖИМІ ӨШІРУЛІ жазуы көрсетіліп тұрады, одан кейін кептіргіш қалыпты
режимде жұмыс жалғастырады.
Кептіргіштің басқару тақтасындағы
шамдар өшіп тұр, бірақ кептіргіш
қосулы.
• Қуатты үнемдеу үшін кептіргіш күту режиміне өткен. Кептіргішті қосып кеткен
болсаңыз немесе ток өшкен болса, бұл орын алады.
- бағдарламаны бастамай, кептіргішті қалдырып кетсеңіз;
- кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.
- Кептіру бағдарламасы аяқталғаннан кейін.
Қосу/Өшіру түймесін басып ұстап тұрыңыз, сонда шамдар қайтадан
жанады.
31
Көмек
19513238103
03/2017 - Xerox Fabriano
KZ
Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас
бұрын:
• Ақаулықтарды өзіңіз шеше алатыныңызды не шеше
алмайтыныңызды тексеру үшін ақаулықтарды жою
нұсқаулығын қараңыз («Ақаулықтарды жою» тарауын
қараңыз).
• Олай болмаса, кептіргішті өшіріп, сізге ең жақын
Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық көмек көрсету орталығына
хабарласқан кезде мына деректерді беріңіз:
Қосалқы бөлшектер
Бұл кептіргіш күрделі құрылғы болып табылады. Өзіңіз
немесе өкілетті емес адамның көмегімен жөндетуге
тырыссаңыз, ол қауіпсіздікке немесе адамдарға қауіп
төндіруі, құрылғының зақымдуы немесе қосалқы
бөлшектер кепілдігінің күшін жоюына әкелуі мүмкін.
Құрылғыға қатысты ақаулықтарға тап болсаңыз,
білікті техникалық маманға хабарласыңыз. Қосалқы
бөлшектер осы құрылғыға арнайы жасалған, олар
басқа мақсатта қолданылуға арналмаған.
• атыңыз, мекенжайыңыз және пошталық индекс
• телефон нөмірі
• ақаулық түрі
• сатып алу күні
• құрылғының моделі (Мод.)
• кептіргіштің сериялық нөмірі (С/н).
Бұл ақпаратты есіктің артында орналасқан техникалық
деректер тақтасынан табуға болады.
Қайта өңдеу және қоқысқа тастау жөнінде ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау ынтамыздың бір бөлігі ретінде, тұтынушы шығындарын төмендету және материалдардың ысырап болуын
барынша азайту үшін қайта өңделген сапалы құрамдас бөліктерді пайдалану құқығын қалдырамыз.
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: орама материалдарын қайта өңдеуге мүмкіндік беру үшін жергілікті
заңдарды орындаңыз.
• Балалардың жарақаттану қаупін барынша азайту үшін есік пен айырды алып тастаңыз, ток сымын қиып алып,
құрылғымен бірге тастаңыз. Құрылғыны қайтадан розеткаға қосу мүмкін болмауын қамтамасыз ету үшін бұл
бөлшектерді бөлек тастаңыз.
Ескі үй құрылғыларын қоқысқа тастау
Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына (WEEE) қатысты 2012/19/EC Еуропа заңнамасына сәйкес
үй құрылғылары қалыпты толық қалалық қалдық айналымын пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен халық
денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, құрылғылардың ішіндегі материалдарды қайта пайдалану және
қайта өңдеу құнын оңтайландыру мақсатында қолданылған құрылғылар бөлек жиналуы керек. Барлық өнімдердегі сызылған
шеңбер ішіндегі қоқыс жәшігінің таңбасы өнім иесінің бөлек қоқыс жинауға қатысты міндетін еске салады.
Үй құрылғыларын дұрыс қоқысқа тастау жөнінде ақпарат алу үшін иелер жергілікті басқару мекемелеріне немесе
сатушыларына хабарласулуы керек.
Tento spot�ebi� byl navr�en, vyroben a dodán na trh v souladu s po�adavky evropských
sm�rnic:
- LVD 2014/35/EU EMC 2014/30/EU a RoHS 2011/65/EU.
32
Was this manual useful for you? yes no
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the work of artificial intelligence, which forms the content of this project

Download PDF

advertising