Whirlpool NLM11 823 WK RU пайдаланушы нұсқаулығы

Add to my manuals
13 Pages

advertisement

Whirlpool NLM11 823 WK RU пайдаланушы нұсқаулығы | Manualzz
Пайдаланушы нұсқаулығы
www.hotpoint.eu/register
Қысқаша нұсқаулық
KZ
HOTPOINT ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗҒА АЛҒЫС
БІЛДІРЕМІЗ.
Толық қолдау алу үшін құрылғыны www.hotpoint.eu/
register сайтында тіркеңіз
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ
Құрылғыны қолданудан бұрын, Денсаулық және қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз.
Құрылғыны қолданудан бұрын, тасымалдау болттарын міндетті түрде алып
тастау керек. Оларды алып тастауға қатысты толық нұсқауларды Орнату
нұсқаулығынан қараңыз.
1. ҚОСЫМША ШАЮ / ДЫБЫСТЫ ӨШІРУ түймесі
2. FINAL CARE / ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ түймесі
3. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
4. БУМЕН ӨҢДЕУ түймесі мен индикатор шамы
5. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі
6. ЖЫЛДАМ түймесі
7. СЫҒУ түймесі
8. КЕЙІН ҚОСУ түймесі
9. ТЕМПЕРАТУРА түймесі
10. ЖУУ ЦИКЛІН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ
11. Циклдер анықтамасы
1
2
3
ДИСПЛЕЙ
11
10
8
9
4
7
6
5
ЖУУ ЦИКЛДЕРІНІҢ КЕСТЕСІ
Максималды жүктеме 8 кг
Өшірілген режимдегі қуат тұтыну мөлшері: 0,5 Вт / қосылып тұрған күйдегі қуат тұтыну мөлшері: 8 Вт
Температура
Жуу циклі
Әдепкі
1
40 °C
Эко Мақта
(1)
60 °C
− 40 °C
40 °C − 60 °C
Макс. сығу
Максималды Ұзақтығы
жылдамдығы
жүктеме (кг) (минут)
(айн/мин)

–

1200
8

–





–





–





–


–


–


–


–





–





 (***)




–
–
–
–
–
–

–


–

8
4
Синтетика
40 °C
− 60 °C
1200
4,5
5
Ұқыпты жуу
40 °C
− 40 °C
1000
4,5
40 °C
− 40 °C
800
2
1200
5
4,5
7
Антиаллергия
60 °C
8
Дақты кетіру 40°
40 °C
− 40 °C
1000
− 90 °C
1200
8
–
2
4,5
9
Ақ түсті
40 °C
10
Бумен жаңарту
–
11
Жылдам жуу 30’
30°C
− 30 °C
800
12
Төсек-орын тысы және сүлгі
60 °C
− 60 °C
1200
8
13
Жейде
40 °C
− 40 °C
600
2
14
Сығу + Ағызу *
–
–
1200
8
15
Шайқау + Сығу
–
–
1200
8
 Қажетті мөлшерлеме
–
3

1200
40 °C − 60 °C
2
–
− 60 °C
Жүн
1

40 °C
6
Киім қосу
Алдын
(
)
Жуу Кондиционер
ала жуу
Ұнтақ Сұйықтық
8
Мақта (2)
3
Ұсынылған
жуғыш зат
1200
Жуу циклдерінің ұзақтығын дисплейден көруге болады.
2
Аралас
Ауқым
Жуғыш заттар мен
қосындылар

–





–


–

–
–
–
–
–
–
–
–
–

–
–
 Қосымша мөлшерлеме
Дисплейде немесе нұсқаулықта көрсетілген цикл ұзақтығы — стандартты шарттар
негізінде есептелген мөлшер. Іс жүзіндегі ұзақтық құбырдан алынатын судың
температурасы мен қысымы, қоршаған орта температурасы, жуғыш зат мөлшері,
жүктеме мөлшері мен түрі, жүктемені теңестіру және таңдалған кез келген қосымша
опциялар сияқты бірнеше факторға байланысты әр түрлі болады.
Сынақтан өткізетін барлық мекемелер үшін:
1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 2 жуу циклын 60°C
температурасымен таңдаңыз..
2) Ұзақ мақта-мата циклі: 3-циклді 40°C температурасына орнатыңыз.
* 14 -циклді таңдап, сығу циклін алып тастасаңыз, кір жуғыш машина тек суды
ағызады.
*** Алдын ала жуу үшін "Температура" түймесін
тұрыңыз (тек 90°).
ЖУҒЫШ ЗАТ ТАРТПАСЫ
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ
1. Үсті
2. Жуғыш зат тартпасы
3. Басқару тақтасы
4. Тұтқа
5. Есік
6. Ағызу сорғысы (ернеулік артында)
7. Ернеулік (алынбалы)
8. Реттелетін аяқтар (2)
таңбасы жанғанша басып
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
1-бөлік: Алдын-ала жууға арналған жуғыш
A
B
зат (ұнтақ)
2-бөлік: Жуу цикліне арналған жуғыш зат
(ұнтақ немесе сұйықтық)
Сұйық жуғыш зат қолданылса, дұрыс
1
мөлшерлеу үшін ауыстырмалы пластикалық А
2
3
бөлігін (берілген) қолданған жөн.
Ұнтақ жуғыш зат қолданылса, бөлікті B ұясына
қойыңыз.
3-бөлік: Қосындылар
(кондиционерлер және т.б.)
Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.
! Ақ заттар, алдын ала жуу және 60°С-тан асатын температураларда жуу
үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.
! Жуғыш заттың орамасында берілген нұсқауларды орындаңыз.
! Жуғыш зат диспенсерінің ішінде орналасқан «Циклдер анықтамасында»
қолдануға болатын барлық жуу циклдері және диспенсердің бөліктерін
қолдану жөніндегі сызбалық нұсқаулық көрсетілген.
ЖУУ ЦИКЛДЕРІ
Заттардың күтім көрсету жапсырмаларындағы
таңбалардағы нұсқауларды орындаңыз. Таңбада көрсетілген
мән — затты жууға ұсынылған максималды температура.
Аралас
Аздап ластанғаннан бастап, орташа ластанған, мақта-матадан,
зығырдан, синтетикалық талшықтардан және аралас талшықтардан
жасалған төзімді киімдерді жууға арналған.
Эко Мақта 60°/40°
Орташа кірленген мақта-мата заттарды жууға жарамды. 40°C және
60°C-та бұл — мақта-матта заттарды жууға арналған стандартты цикл,
сондай-ақ ол тұтынылатын су мен электр тогы мөлшері тұрғысынан ең
тиімді цикл.
Мақта
Орташа ластанғаннан бастап, қатты ластанған төзімді мақта-мата заттар.
Синтетика
Синтетикалық талшықтардан (мысалы, полиэфир, полиакрил, вискоза,
т.б.) немесе аралас синтетикалық-мақта-мата талшықтарынан жасалған,
орташа кірленген заттарды жууға жарамды.
Ұқыпты жуу
Өте нәзік киімдерді жууға арналған. Жумас бұрын киімдердің ішін сыртқа
қаратқан жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін нәзік киімдермен сұйық
жуғыш затты пайдаланыңыз.
Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:
"Жүн" жуу циклі киім жапсырмасындағы нұсқаулар және осы кір жуғыш
машина өндірушісінің нұсқауларын орындау шарты сақталған жағдайда,
The Woolmark Company тарапынан "қолмен жуылатын" деп белгіленген
жүн киімдерін жууға расталған. (M1127)
Антиаллергия
Тозаң, кенелер және мысық не ит жүні сияқты негізгі аллергендерді
жоюға жарамды.
Дақты кетіру 40°
Бағдарлама түстері төзімді қатты ластанған киімдер үшін қолайлы. Ол
стандартты сыныптан жоғары жуу сыныбын қамтамасыз етеді (А
сыныбы). Бағдарламаны іске қосқан кезде түстері әртүрлі киімдерді
араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты қолданған абзал. Кетпей қоятын
дақтар бар болса, арнайы қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.
Ақ түсті
Орташадан бастап қатты ластанған заттарға дейін, төзімді мақта-матадан
және зығырдан жасалған орамалдар, іш киім, асжаулық және төсек орын
бұйымдары, т.б. 90°C температурасы таңдалған кезде ғана циклде негізгі
жуу кезеңінен бұрын алдын ала жуу кезеңі болады. Мұндай жағдайда
жуғыш затты алдын ала жуу бөлігіне де, негізгі жуу бөлігіне де қосқан жөн.
Бумен жаңарту
Цикл аяқталған кезде киімдер дымқыл болады, сондықтан оларды іліп қою
керек (2 кг, шамамен 3 зат). Бұл бағдарлама жаман иісті кетіріп,
талшықтарды жұмсарту арқылы киімдерді жаңғыртады. Құрғақ (кір емес)
заттарды ғана салып, "Бумен жаңғырту" бағдарламасын таңдаңыз. Цикл
аяқталған кезде, заттар сәл дымқыл болады, оларды бірнеше минуттан
кейін киюге болады. "Бумен жаңғырту" бағдарламасы үтіктеуді жеңілдетеді.
! Жұмсартқыш немесе жуғыш зат қоспаңыз.
! Жүн немесе жібек киімдермен қолданбау керек.
Жылдам жуу 30’
Аздап кірленген заттарды тез жууға арналған. Бұл цикл 30 минутта-ақ
орындалып, уақыт пен қуатты үнемдейді.
Төсек-орын тысы және сүлгі
Зығырдан жасалған үй заттарын бір циклде жууға арналған. Ол қолданылатын
мата кондиционерінің мөлшерін оңтайландырады және уақыт пен электр тогын
үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұнтақ жуғыш затты қолданған абзал.
Жейде
Мүмкін болғанша жақсы күтім көрсету үшін әр түрлі маталардан жасалған
және түстері әр түрлі жейделерді жуу үшін арнайы жуу циклін
қолданыңыз.
Сығу + Ағызу
Жүктемені сығып, одан кейін суды ағызады. Төзімді заттарға арналған.
Сығу циклін алып тастасаңыз, құрылғы тек суды ағызады.
Шайқау + Сығу
Шаяды, одан кейін сығады. Төзімді заттарға арналған.
ДИСПЛЕЙ
Дисплей кір жуғыш машинаны бағдарламалаған кезде пайдалы болады
және ол өте көп ақпарат береді.
B
DEMO
C
END
C
Бар жуу циклдерінің ұзақтығы мен іске қосылған циклдің аяқталуына
дейін қалған уақыт A бөлімінде көрсетіледі (дисплейде таңдалған циклдің
максималды ұзақтығы көрсетіледі, бірақ бағдарламаның нақты ұзақтығы
жуу жүктемесі мен таңдалған параметрлерге байланысты болғандықтан,
ол бірнеше минуттан кейін азаюы мүмкін); КЕЙІН ҚОСУ опциясы
орнатылған болса, таңдалған жуу циклінің басталуына дейінгі кері санақ
көрсетіледі.
Тиісті түймені басу арқылы о.3рнатылған жуу циклі барысында
құрылғыда қолданылатын ең жоғары сығу жылдамдығы мен температура
мәндерін немесе, орнатылған жуу циклімен сыйысымды болса, ең соңғы
таңдалған мәндерді көруге болады.
Таңдалған жуу цикліне сәйкес келетін “жуу циклінің кезеңдері” және іске
қосылған жуу циклінің “жуу циклінің кезеңі” B бөлімінде көрсетіледі:
Негізгі жуу
Шаю
Сығу + сорғымен ағызу
C сілтемелері қолжетімді жуу опцияларын білдіреді (“Опциялар” бөлімін
қараңыз).
“Кешіктіру” таңбасы
жанып тұрған кезде, орнатылған “КЕЙІН ҚОСУ”
мәні дисплейде көрсетілгенін білдіреді.
таңбасы жуу бағдарламасы басталғаннан кейін қосымша киім салу
мүмкіндігін білдіреді (“Киім қосу” бөлімін қараңыз).
таңбасы түймені дыбыстарын өшіру мүмкіндігін білдіреді
Дыбысты өшіру режимі қосылып тұрғанда, дыбыстардың барлығы дерлік
өшіріледі. Дыбыстық сигналдар мен дабылдар, сондай-ақ циклдің аяқталу
дыбысы ғана қосылып тұрады.
Дыбысты өшіру режимін қосу/өшіру үшін
түймесін басып тұрыңыз.
ДИСПЛЕЙДЕГІ ИНДИКАТОРЛАР
Ақаулық: Қолдау қызметіне қоңырау шалыңыз
Ақаулықтарды жою бөлімін қараңыз
Ақаулық: Су сүзгісі бітелген
Суды ағызу мүмкін емес; су сүзгісі бітелген болуы мүмкін
Ақаулық: Су жоқ
Кіріс су жоқ немесе жеткіліксіз.
Кез келген ақаулық пайда болған жағдайда, "Ақаулықтарды жою" бөлімін
қараңыз.
Түймелерді құлыптау
Басқару панелін құлыптау үшін
түймесін шамамен 3 секунд басып
тұрыңыз. Дисплейде
таңбасы жанып, басқару панелі ("ҚОСУ/
ӨШІРУ"
түймесін қоспағанда) құлыпталғанын білдіреді. Ол
бағдарламалардың байқаусызда өзгертілуіне жол бермейді (әсіресе
құрылғы жанында балалар болғанда). Басқару панелінің құлпын ағыту
үшін
түймесін шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
Құлыптаулы есік индикаторы
Жанып тұрған кезде, таңба есіктің құлыптаулы екенін білдіреді. Кез келген
зақымның алдын алу үшін есікті ашпас бұрын таңбаның сөнгенін күтіңіз.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз
;
таңбасы өшіп тұрса, демек есікті ашуға болады.
АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНУ
Құрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас бұрын, 9
(60°) жуу циклін қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ, жуу
циклін іске қосыңыз.
КҮНДЕЛІКТІ ҚОЛДАНУ
“АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР" бөліміндегі ұсыныстарды орындау
арқылы кірлерді дайындаңыз.
- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз .
- Есікті ашыңыз. Жуу циклдерінің кестесінде көрсетілген максималды
жүктеме мөлшерінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
- Жуғыш зат тартпасын ашып, "ЖУҒЫШ ЗАТ ДИСПЕНСЕРІНІҢ
ТАРТПАСЫ" тарауында айтылғандай жуғыш затты тиісті бөлікке құйыңыз.
- Есікті жабыңыз.
Таңдалған циклдің ең әдепкі температурасы мен сығу жылдамдығының
мәндерін немесе таңдалған циклмен үйлесімді болса, ең соңғы рет
қолданылған параметрлерді құрылғы автоматты түрде көрсетеді.
- Қажетті жуу циклін таңдаңыз.
- Қажетті опцияларды таңдаңыз.
- Жуу циклін бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басыңыз;
есік құлыпталады ( таңбасы жанады).
ЦИКЛДІ ТОҚТАТА ТҰРУ
Жуу циклін тоқтатып қою үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін
қайтадан басыңыз. Жуу циклін тоқтатылған жерінен бастау үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін тағы бір рет басыңыз.
ҚАЖЕТ БОЛСА, ЕСІКТІ АШУ
Цикл басталғаннан кейін
таңбасы есік ашылмайтынын білдіру үшін
жанады. Жуу циклі орындалып жатқан кезде есік құлыпталып тұрады.
Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін, мысалы, тағы зат салу
немесе алу үшін, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басып, циклді
тоқтатып қойыңыз.
таңбасы жанып тұрмаса, демек есікті ашуға
болады. Циклді жалғастыру үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін
қайтадан басыңыз.
КИІМ ҚОСУ
A
C
h
C
C
Жуу тиімділігін азайтпай, кір жуғыш машинаға қосымша киім салуға
болатын кезді көрсету үшін дисплейде белгіше көрсетіледі. Киім қосу үшін
алдымен кір жуғыш машинаны БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен
тоқтатыңыз, одан кейін есікті ашып, заттарды салыңыз.
Жуу циклін тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ
түймесін тағы бір рет басыңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН ЖУУ ЦИКЛІН ӨЗГЕРТУ
Орындалып жатқан жуу циклін өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз, одан кейін қажетті
циклді таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін қайта басыңыз.
! Басталып қойған циклді доғару үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басып
тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.
ЖУУ ЦИКЛІ АЯҚТАЛҒАН КЕЗДЕ
Мұны дисплейдегі «
» сөзі білдіреді;
таңбасы өшкеннен кейін есікті
ашу мүмкін болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін баспасаңыз, кір жуғыш машина шамамен 15
минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
ОПЦИЯЛАР
- Таңдалған опция орнатылған жуу циклімен үйлесімді болмаса,
индикатор шамы жыпылықтап, дыбысты сигнал беріледі және опция
қосылмайды.
- Таңдалған опция орнатылған бұрын таңдалған басқа опциямен
үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтап, дыбысты сигнал
беріледі және опция қосылмайды.
Қосымша шаю (Доп. полоскание)
Бұл опцияны таңдау арқылы шаюдың тиімділігі артады және жуғыш затты
оңтайлы түрде шығару орындалады. Ол әсіресе сезімтал тері үшін
пайдалы.
Final Care (Доп. уxод)
Кір жуғыш машина барабанды баяу айналдыру арқылы ақырындап
айналады. Final Care опциясы цикл аяқталғаннан кейін ең көбі 6 сағат
орындалады, оны басқару панеліндегі кез келген түймені басу немесе
тұтқаны бұрау арқылы кез келген уақытта тоқтатуға болады.
Жылдам (Быстро)
Осы опцияны таңдау арқасында таңдалған циклге байланысты жуу
циклінің ұзақтығын азайтуға, осылайша су мен қуаттың үнемделуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі. Бұл циклді аз кірленген киімдер
үшін қолданыңыз.
Бумен өңдеу (Обработка паром)
Бұл опция жуылатын талшықтардан бактерияларды жою үшін жуу циклі
барысында бу өндіру арқылы жуу өнімділігін арттырады. Кірді барабанға
салып, үйлесімді бағдарламаны таңдап, одан кейін Бумен өңдеу
опциясын таңдаңыз.
! Кір жуғыш машина жұмыс істегенде өндірілетін будан есік шынысы
булануы мүмкін.
Отложенный запуск (Кейін қосу)
Таңдалған циклге кешіктіріп бастауды орнату үшін қажетті кешіктіру
мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция
қосылғанда, дисплейде
таңбасы жанады. Кейін қосу функциясын
алып тастау үшін дисплейде "OFF" сөзі көрсетілгенше түймені басыңыз.
Температура
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген температурасы бар.
Температураны өзгерту үшін "Температура" түймесін басыңыз. Мән
дисплейде көрсетіледі.
Сығу
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген сығу жылдамдығы бар. Сығу
жылдамдығын өзгерту үшін "Скорость отжима" түймесін басыңыз. Мән
дисплейде көрсетіледі.
ҚАҚ КЕТІРУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ПРОЦЕДУРАСЫ
Кір жуғыш машинаны тазалауға және қақ жиналу мен жағымсыз иістердің
пайда болуына жол бермеуге арналған техникалық қызмет көрсету
циклін орындау уақыты келгенін пайдаланушыларға еске салу үшін
белгішесі дисплейде жүйелі түрде көрсетіледі (шамамен 50 цикл сайын).
Қақ кетіру дабылын жою үшін тұтқаны бұраңыз немесе кез келген түймені
(ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қосқанда) басыңыз.
Оңтайлы техникалық қызмет көрсету нәтижелеріне қол жеткізу үшін
WPRO қақ және май кетіргішін қаптамадағы нұсқауларға сәйкес
қолдануды ұсынамыз.
Өнімді техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласу немесе www.
whirlpool.eu сайты арқылы сатып алуға болады.
Whirlpool компаниясы нарықтағы басқа кір жуғыш машиналарға арналған
тазалау өнімдерін қолдану салдарынан құрылғыға келген қандай да бір
зақымға жауапты болудан бас тартады.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер). Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті
заттардан бөлу, жаңа түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек). Нәзік заттар
(кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ ілмектері бар заттар,
мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа салу керек).
Қалталарды босату керек:
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және электр тогын жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш
машинаның ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су
ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.
Есік пен барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою
керек.
АНТИМИКРОБТЫҚ ТЫҒЫЗДАҒЫШ
Есікті айналдыра орнатылған тығыздағыш микробтардан қорғауды
қамтамасыз етіп, бактериялардың өсуін 99,99 % азайтатын арнайы
қоспадан жасалған.
Тығыздағыштың құрамында дақтардың, жағымсыз иістердің пайда
болуына және өнімнің нашарлауына себеп болатын бактериялар мен мүк
сияқты зиянды микробтардың (*) өсуін азайтатын биоцидтік зат — цинкпиритион бар.
(*) Италиядағы Перуджа университеті өткізген сынақтарға сәйкес:
Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Candida
albicans, Aspergillus niger, Penicillium digitatum
Сирек кездесетін кейбір жағдайларда, тығыздағыш адам терісіне ұзақ
уақыт тисе, аллергиялық реакция байқалуы мүмкін.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы жағына
бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп, кептіргішті салу және
шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және жуғыш зат
диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз. Су құю түтігін
су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу түтігін ағытыңыз. Түтіктерде
қалған суды төгіп, оларды тасымалдау кезінде зақымдалмайтындай етіп
бекітіңіз. Тасымалдау болттарын қайта орнатыңыз. "Орнату нұсқаулары"
тарауында сипатталған тасымалдау болттарын шешіп алу процедурасын
керісінше орындаңыз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ШАРТТАРЫ
Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде желдетілетін,
ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық жайда сақталуы тиіс.
Кір жуғыш машина ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса және
жылытылатын жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның барабанына зақым
келмеуі үшін, тасымалдау бұрандаларын машинадағы төлкелерге
бекіту керек. Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген кездегі қалпы)
тасымалдануы тиіс. Тиеген және түсірген кезде кір жуғыш машинаға
механикалық соққы тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Техникалық деректері
Үлгі
NLM11 823 WK
Өлшемдері
ені 59,5 см
биіктігі 85 см
тереңдігі 60,5 см
Сыйымдылығы
1 - 8 кг
Электр
қосылымдары
құрылғыға бекітілген техникалық
деректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдары
ең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)
ең төмен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)
барабан сыйымдылығы 62 литр
Айналдыру
жылдамдығы
1200 айналым/мин мәніне дейін
Қуатты есептеу
бағдарламалары
мына стандартқа
сәйкес: EN 60456
2 бағдарламасы; температура
60°C; 8 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендегі ЕО
директиваларына сәйкес келеді:
- EMC - 2014/30/EU (Электр
магниттік үйлесімділік)
- LVD - 2014/35/EU (Төмен кернеу)
- 2012/19/EU (WEEE)
- TC 004/2011, TC 020/2011
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласпас бұрын ("Қызмет көрсету"
тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып, ақаулық оңай жөнделмейтініне көз жеткізіңіз.
Әдеттен тыс жағдайлар
Ықтимал себептері / шешімі
Кір жуғыш машина
қосылмайды.
Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.
Үйде ток жоқ.
Кір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ
Жуу циклі басталмайды.
түймесі басылмаған.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесі басылмаған.
Су шүмегі ашылмаған.
Бастау уақыты үшін Кейін қосу уақыты орнатылған.
Демонстрациялық режим қосылған (өшіру жолын төменде көрсетілген).
Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.
Кір жуғыш машинаға
су толтырылмайды
(дисплейде " " таңбасы
көрсетіледі).
Түтік майыстырылған.
Су шүмегі ашылмаған.
Үйде су жоқ.
Қысым тым төмен.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесі басылмаған.
Ағызу түтігі еденнен 65–100 см биіктікте орналастырылмаған.
Түтіктің бос шеті суға батып тұр.
Кір жуғыш машина суды
толтырып, оны ағызып
тұра береді.
Кір жуғыш машина
суды ағызбайды және
таңбасы (F9E1)
көрсетіледі.
Кір жуғыш машина сығу
циклі барысында көп
дірілдейді.
Кір жуғыш машинадан су
ағады.
Таңба жыпылықтап,
дисплейде қате коды
көрсетіледі (мысалы:
F1E1, F4...).
Тым көп көбік болады.
"
" кезеңінің белгішесі
жыпылықтап, "0" сығу
жылдамдығы көрсетіледі.
Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шүмегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де,
Техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын
болсаңыз, суды қайта тартуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның салдарынан кір жуғыш
машина суға толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде су тартуға жол бермейтін арнайы
клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Сорғы сүзгісін тазалаңыз (Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз)
Ағызу түтігі майысқан.
Ағызу түтігі бітелген.
Орнату кезінде тасымалдау болттары дұрыс алынбаған.
Кір жуғыш машина түзу қойылмаған.
Кір жуғыш машина шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған.
Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасына бірдеңе кедергі жасап тұр.
Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген.
Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан
қосыңыз.
Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда "кір жуғыш машиналарға арналған", "қолмен
жууға және кір жуғыш машинаға арналған" немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).
Тым көп жуғыш зат қолданылған.
Кір жуғыш машинаны қорғау үшін кір жүктемесінің тепе-тең болмауы салдарынан сығу циклі
орындалған жоқ.
Ылғал кірді сығу керек болса, өлшемдері әр түрлі заттарды қосып, "Сығу + Ағызу" бағдарламасын
бастаңыз. Бірнеше үлкен, суды сіңіріп алатын заттардан тұратын кіші кір жүктемелерін қолданбаған
жөн / бір жүктемеде өлшемдері әр түрлі заттарды жуған дұрыс.
ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ РЕЖИМДІ өшіру: Мына әрекеттер тоқтамай, бірінен кейін бірі орындалуы қажет. Құрылғыны ҚОСЫП, одан
кейін оны қайтадан ӨШІРІҢІЗ. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін дыбысты сигнал естілгенше басып тұрыңыз. Құрылғыны
қайта қосыңыз. "ДЕМО" индикаторы жыпылықтап, одан кейін ӨШЕДІ.
КҮТІП ҰСТАУ & ТАЗАЛАУ
Тазалау және техникалық қызмет үшін жуу машинасын өшіріп ажыратыңыз.
Жуу машинасымен жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
ЖУУ МАШИНАСЫ СЫРТЫН ТАЗАЛАУ
Жуу машинасының сыртқы бөлшектерін тазалау үшін
ылғалды матаны пайдаланыңыз.
Басқару тақтасын тазалау үшін шыныны немесе
жалпы мақсатқа арналған тазалау құралдарын,
ұнтақты немесе ұқсас құралдарды пайдаланбаңыз –
осы заттар басып шығаруға зақым келтіруі мүмкін.
СУ КӨЗІ ШЛАНГІСІН ТЕКСЕРУ
Кіріс шлангісін сызаттарға және сынықтарға тексеріңіз.
Зақымдалған жағдайда Сатылымнан кейінгі қызмет
орталығында немесе маман дилерінде бар жаңа
шлангімен ауыстырыңыз.
Шлангі түріне байланысты:
Егер кіріс шлангісінде мөлдір қабат болса, түс
өзгерістерін тексеріңіз. Егер иә болса, шлангіде кему
болып, ауыстырылуы керек.
Суды тоқтату шлангілері үшін: кішкентай қауіпсіздік
клапанды тексеру терезесін тексеріңіз (көрсеткіні
көріңіз). Егер қызыл болса, суды тоқтату функциясы
іске қосылып, шлангіні жаңа біреуімен ауыстыру қажет.
Осы шлангіні босату үшін шлангіні босату кезінде
босату түймесін басыңыз (қолжетімді болған
жағдайда).
СУ КӨЗІ ШЛАНГІСІНДЕГІ ТОРЛЫ СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. Су арнасын жауып, кіріс шлангісін бұрап
босатыңыз.
1
3. Жуу машиасы артына кіріс шлангісін кері
босатыңыз. Жуу машинасының артындағы
клапаннан қысқыштармен торлы сүзгіні тартып
алып, мұқият тазалаңыз.
2
2. Шлангі шетіндегі торлы сүзгіні мұқият қылшақпен
тазалаңыз.
4. Торлы сүзгіні қайта салыңыз. Кіріс шлангісін су
арнасына және жуу машинасына қайта қосыңыз.
Кіріс шлангісін қосу үшін құралды пайдаланбаңыз.
Су арнасын ашып, барлық байланыстардың
бекітілгенін тексеріңіз.
2
1
ЖУУ ҚҰРАЛЫ ДОЗАТОРЫН ТАЗАЛАУ
Диспенсерді көтеріп, тарту
арқылы шығарып алыңыз
(суретті қараңыз).
Оны су ағыны астында жуыңыз;
бұл әрекетті жиі қайталап тұру
керек.
1
2
СУ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ / ҚАЛДЫҚ СУДЫ ТӨГУ
Су сүзгісін тазалау немесе қалдық суды ағызу алдында жуу машинасын өшіріп ажыратыңыз. Егер
ыстық жуу бағдарламасы пайдаланылса, суды төгу алдында судың сууын күтіңіз.
Су сүзгісінің бітелуіне байланысты жуудан соң суды төгу мүмкін болмайтын жағдайды болдырмау
үшін су сүзгісін жүйелі түрде тазалаңыз.
Егер су төгілмесе, дисплей су сүзгісі бітелгенін көрсетеді.
1. Іске қосылатын панелін алып тастаңыз: Келесіне
не істеу үшін, суретте көрсетілгендей, бұрағышты
пайдаланыңыз.
1. Сүзгіні алып тастаңыз: Қалған су мөлшерін сіңіретін
мақтадан жасалған матаны су сүзгісі астына
қойыңыз. Одан кейін сағат тіліне қарсы бұрау
арқылы су сүзгісін алып тастаңыз.
2. Ағызу суға арналған контейнер:
Артық суды жинау үшін су сүзгінің астында тапал
және кең ыдысты қойыңыз.
2. Су сүзгісін тазалау: сүзгідегі қалдықтарды жойып,
ағын суда тазалаңыз.
3. Суды төгу:
Сүзгісін сағат тіліне қарсы барлық су шығып болған
дейін баяу бұраңыз. Сүзгісін алмастан суға ағып
кетуі үшін мүмкіндік беріңіз. Контейнер толған кезде,
сағат тілі бойынша бұрап, су сүзгі жабыңыз. Ыдысты
босатыңыз. Барлық су төгілгенше осы процедураны
қайталаңыз.
3. Су сүзгісін салып, негізін қайта орнатыңыз:
Сағат тілі бағытында бұрау арқылы су сүзгісін қайта
салыңыз. Барынша бұралғанын тексеріңіз; сүзгі
тұтқасы тік күйінде болуы қажет. Су сүзгісі беріктігін
сынау үшін жуу құралы дозаторына шамамен 1
литр су құюға болады. Одан кейін негізін қайта
орнатыңыз.
2
1
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
Жуу машинасын ешқашан үстінен ұстап көтермеңіз.
1. Электр тығынын тартып, су арнасын жабыңыз.
2. Есік пен жуу құралы дозаторы дұрыс жабылғанын
тексеріңіз.
3. Су арнасынан кіріс шлангісін ажыратып, төгу
нүктесінен төгу шлангісін алып тастаңыз.
Шлангілерден барлық қалған суды жойып,
тасымалдау барысында зақымдалмауы үшін
бектіңіз.
4. Тасымалдау болттарын қайта бекітіңіз. “Орнату
нұсқаулығындағы” тасымалдау бұрандамаларын
жою нұсқауларын кері ретпен орындаңыз.
Маңызды: : Жуу машинасын бекітілген тасымалдау
болттарынсыз тасымалдамаңыз.
КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
САТУДАН КЕЙІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРНЫНА
ХАБАРЛАСПАС БҰРЫН
2. Құралды өшіріп, ақаулықтың бар-жоғын қайта қосу
арқылы тексеріңіз.
ЕГЕР ЖОҒАРЫДАҒЫ ТЕКСЕРІСТЕР АҚАУЛЫҒЫ
ОРЫН АЛСА, ЕҢ ЖАҚЫН САТЫЛЫМНАН
КЕЙІНГІ ҚЫЗМЕТКЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ
•
1. Мәселені АҚАУЛЫҚТЫ АҢЫҚТАУ берілген
ұсыныстар арқылы шешу мүмкіндігін тексеріңіз
Көмек алу үшін, кепілдік кітапшасында берілген
нөмірге қоңырау шалыңыз немесе www.hotpoint.eu
сайтындағы нұсқауларды орындаңыз
Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына
хабарласқан алдында, әрқашан көрсетіңіз:
• ақаулықтың қысқаша сипаттамасы;
• құрылғының түрі мен нақты үлгісі;
XXXXXXXXXX
қызмет көрсету нөмірі (техникалық тақтайшадағы
Service (Қызмет көрсету) сөзінен кейінгі нөмір).
• толық мекенжайыңыз;
• телефон нөміріңіз.
Егер жөндеу жұмыстары талап етілсе, өкілетті Сатудан
кейінгі қызметке хабарласыңыз (түпнұсқалы қосалқы
бөліктердің пайдаланылғанын және дұрыс жөндеу
жұмыстары орындалғанын тексеру).
10 mm - 0,39 inch
3.
2.
1.
150 ml
100 ml
50 ml
4.
2 cm - 0,7 inch
6.
5.
7.
8.
9.
max 0,5 cm
max 0,2 inch
10.
11.
12.
max 100 cm
39 inch
min 65 cm
25 inch
max 100 cm
39 inch
min 65 cm
25 inch
max 100 cm
39 inch
min 65 cm
25 inch
13.
14.
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы
нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды
болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Бұл
нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану
қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін
қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік
нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс
пайдаланбау немесе басқару параметрлерін
дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық
үшін жауапты болмайды.
Кішкентай
сәбилерді
(0-3
жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау
болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы)
құрылғыға жақындатпау керек. 8 жас және
одан үлкен жастағы балалар және физикалық,
сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері
жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі
жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару
бойынша
арнайы
қауіпсіз
пайдалану
нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам
болмаса, балалардың тазалау және жөндеу
жұмыстарын орындауына болмайды. Есікті
ешқашан күштеп ашпаңыз немесе оны
баспалдақ ретінде пайдаланбаңыз..
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы
таймер немесе бөлек қашықтан басқару
құралы сияқты алмастыру қондырғысымен
пайдаланылуға арналмаған.
Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты
қолданыстарда пайдаланылуға арналған,
мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс
орталарындағы қызметкерлерге арналған
асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары;
қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын
мейманханалардың және басқа тұрғын
жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
Машинаны ақпарат тақтасында белгіленген
максималды сыйымдылықтан (кг құрғақ
қиіммен) жоғары жүктемеңіз.
Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға
арналмаған.
Бұл
құрылғыны
сыртта
пайдаланбаңыз.
Ешқандай еріткішті (мысалы, скипидар,
бензин), құрамында еріткіші бар сұйықтықтар,
қырғыш ұнтақ, шыныға немесе жалпы
қолданысқа арналған тазартқыштар немесе
тұтанғыш сұйық заттар; ерітінділер немесе
тұтанғыш заттар сіңген маталарды кір
жуғышта жумаңыз.
KZ
ОҚЫЛУЫ ЖӘНЕ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК
МАҢЫЗДЫ НӘРСЕ
ОРНАТУ
Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және
орнатуы керек - жарақат алу қатері. Қорабынан
шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды
кесіп алу қатері.
Егер кіржуғыштың үстіне құрғатқыш құрылғыны
қойғыңыз келсе, алдымен біздің Қызмет
Орталығымызбен немесе өзіңіздің арнайы
дилеріңізбен хабарласып, олай ету мүмкіндігінің
бар-жоғын біліп алыңыз. Бұлай етуге тек
құрғатқыш құрылғы кір жуғышқа біздің Қызмет
Орталығымыздан немесе өз дилеріңізден алуға
болатын тиісті қабаттасып орнату құралдар
жиынтығы көмегімен бекітілгенде ғана рұқсат
етіледі.
Құрылғыны үстінгі тақтасын немесе қақпасын
көтермей қайта орналастырыңыз.
Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды
(егер болса) және электр сымдарын жалғауды
білікті техник маман жүзеге асыруы керек.
Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы
нұсқаулығында солай деп жазылмаса. Құрылғы
орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны орамнан шығарған соң, оның
тасмалдау барысында зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Ақаулық орын алса, дилерге немесе
маңайдағы тұтынушыға Қызмет Көрсету
орталығына хабарласыңыз. Орнатылғаннан
кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті
полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез
келген орнату жұмысының алдында құрылғыны
қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу
қатері. Орнату барысында құрылғының қуат
сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз
- өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері.
Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң
ғана іске қосыңыз.
Құрылғыны
мынау
сияқты
қолайсыз
жағдайларға ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз:
нашар желдетілу, 5°C-тан төмен немесе
35°C-тан жоғары температура.
Құрылғыны орнату барысында төрт аяғының
мықты және еденге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз,
қажет болса оларды реттеп, деңгейді өлшеу
құралымен құрылғының түзу тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ағашка немесе паркет немесе
ламинат үстіне қою үшін, оның бетіне фанера
парақты 60 х 60 х 3 см (кеммімен) бекітіп,
құрылғыны оның үстіне орнатыңыз.
Су кіру шлангілерін су көзіне жергілікті су
жөніндегі мекеме ережелеріне сай жалғаңыз.
Салқын сумен толтыратын тек қана кейбір
үлгілер: ыстық су көзіне жалғамаңыз.
Ыстық сумен толтырылатын үлгілер үшін:
кіріс ыстық су температурасы 60 °C-тан
аспауы керек.
Кір жуғыш тасымалдау барысында
зақымдалмауы
үшін
тасымалдау
болттарымен
бекітіледі.
Машинаны
пайдалану алдында тасымалдау болттарын
босату қажет. Оларды алып тастаған соң,
тесіктерді берілген 4 пластик қақпақпен
жабыңыз.
Құрылғыны орнатқан соң іске қоспас бұрын
бөлме жағдайларына бейімделуі үшін
бірнеше сағат күтіңіз.
Кіржуғыштың негізіндегі (егер үлгіңізде
болса) желдету саңылауларын кілем немесе
басқа материал жауып қалмасын.
Құрылғыны су көзіне жалғау үшін тек жаңа
шлангілерді пайдаланыңыз. Ескі шлангілер
жиыны қолданылмауы керек.
Кіріс су қысымы 0,1 -1 МПа ауқымында
болуы керек.
ЭЛЕКТРИКАЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР
Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін
болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы
немесе электр сымдар жүйесі ережесімен
бойынша ол розеткадан қажет.
Ұзартқыштарды,
бірнеше
розетканы
немесе
адаптерлерді
пайдаланбаңыз.
Электр құрамдастары орнатудан кейін
пайдаланушы қатынаса алатындай болуы
қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ
болсаңыз,
құрылғыны
пайдалануға
болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе
ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе
немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны
пайдаланбаңыз.
Егер ұзартқыш зақымдалса, қауіпке жол
бермеу үшін оны өндіруші, оның қызмет
көрсету делдалы немесе сол сияқты білімді
тұлғалары
соған
ұқсас
ұзартқышпен
алмастыруы тиіс - электр тоғының соғу қаупі.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ
ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден
бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз - электр
тоғымен зақымдану қаупі бар; бумен тазалау
жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз - электр
тоғымен зақымдану қаупі бар.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орауыш материал 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу
белгісімен таңбаланған
.
Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін
жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және
жауапкершілікпен берілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП
БОЛҒАН
ТҰРМЫСТЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы
материалдардан жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау
ережелеріне сәйкес қоқысқа тастаңыз. Тұрмыстық электр
құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға
тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті
билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне
немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл
құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау
(WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай
белгіленген. Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған ортаға
және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының
алдын алуға көмектесесіз.
Құрылғыдағы немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы
белгісі бұл құрылғы тұрмыстық қоқыс болып есептелмеуі
керек және электрлік және электрондық жабдықты қайта өңдеуге
арналған арнайы жинау орталығына өткізілуі тиіс екендігін
көрсетеді.

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

Download PDF

advertisement