Nikon COOLPIX B500 Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы


Add to my manuals
48 Pages

advertisement

Nikon COOLPIX B500 Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы | Manualzz
САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА
Жұмысты жылдам бастау нұсқаулығы
Кіріспе
Фотокамераның бөліктері
Жұмысқа кірісу
Негізгі суретке түсіру жəне қарау əрекеттері
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
Басқа функциялар
Техникалық ескертпелер
ii
1
2
8
13
19
24
• Фотокамераны пайдалану алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
• Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін
«Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (vi-бет) оқып шығыңыз.
• Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама
алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз.
Кіріспе
Алдымен осыны оқып шығыңыз
Nikon COOLPIX B500 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рақмет.
«Анықтамалық нұсқаулық» жүктеу
Анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімінде) осы өнімді пайдалану туралы
мәліметтер әртүрлі тілде берілген. Анықтамалық нұсқаулықты төмендегі URL
мекенжайындағы жүктеп алу орталығымыздан жүктеп алып, анықтама алу үшін
оны смарт құрылғыда немесе компьютерде сақтаңыз.
• Анықтамалық нұсқаулықты Adobe Acrobat оқу құралы (Adobe веб-сайтынан жүктеп
алуға болады) немесе iBooks (iOS қолданбасы) қолданбасынан көруге болады.
Nikon бағдарламалық жасақтамасын жүктеп алу
Компьютер үшін
Төмендегі URL мекенжайындағы жүктеп алу орталығынан бағдарламалық
жасақтаманы жүктеп алыңыз.
• ViewNX-i: Бұл бағдарламалық жасақтама кескіндер мен бейнефильмдерді
көру және өңдеу үшін компьютерге тасымалдауға мүмкіндік береді.
Смарт құрылғы үшін
• SnapBridge: Сымсыз байланыс орнатқанда, осы қолданба кескіндер мен
бейнефильмдерді смарт құрылғыға жүктеуге мүмкіндік береді. Қолданбаны
жүктеп алу және байланыс орнату әдісі туралы ақпаратты «Смарт
құрылғыға жалғау (SnapBridge)» (A13) бөлімінен қараңыз.
Жүктеп алу орталығына кіру
http://downloadcenter.nikonimglib.com
Nikon кескіндеу өнімдері, компьютердің бағдарламалық
жасақтамасы немесе микробағдарламаға арналған
нұсқаулықтарды веб-сайтымыздан жүктеп алыңыз.
Nikon пайдаланушысына қолдау көрсету
Фотокамераны тіркеу үшін келесі сайтқа өтіңіз және өнім туралы соңғы
мәліметтерден хабардар болып отырыңыз. Жауаптарды жиі қойылатын сұрақтардан
(ЖҚС) табуға болады және техникалық қолдау алу үшін бізге хабарласыңыз.
http://www.europe-nikon.com/support
COOLPIX B500 Model Name: N1516
ii
Кіріспе
Қаптаманың ішін түгендеу
Кез келген бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге
хабарласыңыз.
COOLPIX B500
Сандық фотокамера
Фотокамера бауы
LR6/L40 (AA өлшемді)
сілтілі батареялар (×4)*
Объектив қабы LC-CP31
(бауы бар)
USB кабелі UC-E16
Жұмысты жылдам
бастау нұсқаулығы
(осы нұсқаулық)
Кепілдік (осы нұсқаулық мұқабасының артқы
жағында басылған)
* Ішінде тұрған батареялар тек сынақ үшін пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТПЕ: Жад картасы фотокамерамен бірге берілмейді. SD, SDHC және
SDXC жад карталары осы нұсқаулықта «жад карталары» деп аталады.
Кіріспе
iii
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойы білім алу ұстанымы
Nikon компаниясының «Өмір бойы білім алу ұстанымы» міндеттемесінің бөлігі
ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету және ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз
жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қолжетімді:
• АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
• Еуропадағы пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
• Азиядағы, Океаниядағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы пайдаланушылар
үшін: http://www.nikon-asia.com/
Осы веб-сайттарға өтіп соңғы өнімдердің ақпаратын, кеңестерін, жиі қойылатын
сұрақтардың (ЖҚС) жауаптарын және сандық бейнелеу мен фотосурет түсіруге
қатысты жалпы кеңестерді алыңыз. Қосымша ақпаратты аймағыңыздағы Nikon
өкілінен алуға болады. Байланыс мәліметтерін алу үшін төмендегі веб-сайтқа кіріңіз.
http://imaging.nikon.com/
Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдарды ғана
пайдаланыңыз
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған және күрделі
электрондық схеманы қамтиды. Nikon осы Nikon фотокамерасымен арнайы
пайдалануға мақұлдаған Nikon маркалы электрондық қосалқы құралдар (соның
ішінде, зарядтау құрылғылары, батареялар мен айнымалы ток адаптерлері) ғана
осы электрондық схемалардың жұмыс және қауіпсіздік талаптары бойынша
пайдалану үшін шығарылған және тексерілген.
NIKON МАРКАЛЫ ЕМЕС ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
ФОТОАППАРАТҚА ЗАҚЫМ КЕЛТІРУІ ЖӘНЕ NIKON КЕПІЛДІГІНІҢ КҮШІН ЖОЮЫ
МҮМКІН.
Nikon маркалы қосалқы құралдар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon
жергілікті өкілетті сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды оқиғаларда (мысалы үйлену тойларында немесе фотокамераны саяхатта
алып жүргенде) сурет түсірмес бұрын, сынап түсіріп фотокамераның дұрыс істеп
тұрғанын тексеріңіз. Өнімнің істемеуі нәтижесінде пайда болған зақымдар немесе
жоғалған табыстар үшін Nikon жауапты болмайды.
iv
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы ақпарат
• Nikon компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы өніммен берілген
нұсқаулықтардың ешбір бөлігін ешбір түрде ешбір жолмен қайта шығаруға,
тасымалдауға, қайта жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға немесе кез келген тілге
аударуға болмайды.
• Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
• Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдықтың және бағдарламалық
жасақтаманың техникалық сипаттарын кез келген уақытта алдын ала ескертусіз
өзгертуге құқылы.
• Nikon компаниясы осы өнімді пайдаланудың нәтижесінде орын алған зақымдар
үшін жауапты болмайды.
• Осы нұсқаулықтардағы ақпараттың дәл әрі толық болуына барлық күш-жігер
жұмсалғанмен, кез келген қатені немесе жетіспеушілікті аймағыңыздағы Nikon
уәкіліне (мекенжай бөлек беріледі) хабарлауыңыз көп септігін тигізер еді.
Авторлық құқық туралы ескертулердің талаптарын орындау
Авторлық құқықтар туралы заңға сай авторлық құқықтармен қорғалған еңбектердің
фотокамерамен жасалған фотосуреттерін немесе жазбаларын авторлық құқық
иесінің рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жеке пайдалануға ерекшеліктер
қолданылады, бірақ көрмелердің немесе нақты уақыттағы орындаулардың
фотосуреттері немесе жазбалары жағдайында тіпті жеке пайдалану да шектелуі
мүмкін екенін ескеріңіз.
Дерек сақтау құрылғыларын қоқысқа тастау
Суреттерді жою және дерек сақтау құрылғыларын (мысалы, жад карталары немесе
ішкі фотокамера жады) пішімдеу бастапқы сурет деректерін толығымен
жоймайтынын ескеріңіз. Жойылған файлдар сатылатын бағдарламалық
жасақтаманың көмегімен қоқысқа тасталған сақтау құрылғыларынан қалпына
келтіріліп, жеке суреттер деректері қаскүнемдік жасау мақсатында қолданылуы
мүмкін. Осындай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету пайдаланушының
міндеті болып келеді.
Деректерді сақтау құрылғысын шығарудан немесе иелік ету құқығын басқа адамға
беруден бұрын орнату мәзірінің (A22) Reset all (Барлығын қалпына келтіру)
бөліміндегі фотокамераның барлық параметрлерін қалпына келтіріңіз. Қалпына
келтіргеннен кейін сатылатын жою бағдарламалық жасақтамасының көмегімен
барлық деректерді өшіріңіз немесе орнату мәзірінің (A22) Format memory (Жадты
пішімдеу) не Format card (Картаны пішімдеу) бөлімінде құрылғыны пішімдеңіз,
содан кейін жеке ақпаратты қамтымайтын кескіндермен (мысалы, ашық аспанның
кескіндері) толықтай қайта толтырыңыз.
Жад карталарын жою кезінде жарақат алу немесе мүлікке зақым келтіруді
болдырмау үшін абай болыңыз.
Conformity Marking (Растауды белгілеу)
Фотокамера сәйкес келетін стандарт белгілерінің кейбіреуін көрсету үшін
төмендегі әрекеттер ретін орындаңыз.
d түймешігін M z мәзір белгішесін M Conformity marking (Растауды
белгілеу) M k түймешігін басыңыз
Кіріспе
v
Қауіпсіздік шаралары
Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды
болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары»
бөлімін толығымен оқыңыз.
Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың
барлығы оқитын жерде сақтаңыз.
ҚАУІП
бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау өлім немесе
ауыр жарақат қаупін тудырады.
ЕСКЕРТУ
бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау өлімге немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ
ЕСКЕРТУ
бұл белгішемен белгіленген сақтық
шараларын қолданбау жарақатқа немесе
мүліктің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
• Жүріп бара жатқанда немесе моторлы көлікті жүргізіп келе жатқанда пайдаланбаңыз. Бұл
сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Құлау немесе басқа сәтсіз
жағдай нәтижесінде ашылатын ішкі бөліктерге тимеңіз. Бұл сақтық
шараларын қолданбау ток соғуына немесе басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Өнімнен түтін, жылу немесе әдеттен тыс иістер шығуы сияқты кез келген
дұрыс емес нәрселерді байқасаңыз, батареяларды немесе қуат көзін
дереу ажыратыңыз. Пайдалануды жалғастыру өртке, күйіктерге немесе
басқа жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Құрғақ күйде ұстаңыз. Ылғалды қолдармен ұстамаңыз. Ашаны ылғалды қолдармен
ұстамаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Осы өнім қосулы кезінде немесе розеткаға қосулы кезінде терінің өнімге
ұзақ тиіп тұруына жол бермеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау төмен
температуралық күйіктерге әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш шаң немесе пропан сияқты газ, бензин немесе аэрозольдар бар
жерде бұл өнімді пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
• Жарқылды моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
vi
Кіріспе
• Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Бұған қоса,
кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің
кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
• Осы өніммен бірге пайдалануға арналмаған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын немесе айнымалы ток адаптерлерін пайдаланбаңыз. Осы
өніммен бірге пайдалануға арналған батареяларды, зарядтау
құрылғыларын және айнымалы ток адаптерлерін пайдаланғанда
мыналарды істемеңіз:
- Сымдарды немесе кабельдерді зақымдамаңыз, өзгертпеңіз, күшпен
тартпаңыз немесе майыстырмаңыз, ауыр заттардың астына қоймаңыз, я
болмаса, оларға жылу немесе жалын әсерін тигізбеңіз.
- Бір кернеуді екіншісіне түрлендіруге арналған саяхатқа арналған
түрлендіргіштерді немесе адаптерлерді, я болмаса, тұрақты
ток-айнымалы ток инверторларын пайдаланыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Найзағай барысында айнымалы ток адаптерін пайдалану кезінде ашаны
ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау ток соғуына әкелуі мүмкін.
• Өте жоғары немесе төмен температуралар әсер ететін орындарда ашық
қолдармен ұстамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе
үсуге әкелуі мүмкін.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
• Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты
пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл
өнім тудыратын радиожиілікті сәулеленулер ұшақтағы, я болмаса,
ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа
кедергілер келтіруі мүмкін.
• Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяларды
алыңыз және айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін.
• Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге
тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа әкелуі мүмкін.
• Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып
жақпаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке әкелуі
мүмкін.
• Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер ететін жерде
қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте немесе тік күн сәулелерінің
астында. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
әкелуі мүмкін.
Кіріспе
vii
Батареялар үшін ҚАУІПТІ
• Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз. Келесі сақтық шараларын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін:
- Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтауға әрекеттенбеңіз.
- Батареяларға жалын немесе артық жылу әсерін тигізбеңіз.
- Бөлшектемеңіз.
- Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу арқылы
түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
- Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты соққылардың
әсерін тигізбеңіз.
• Төрт пакеттің әрбіріндегі барлық EN-MH2 қайта зарядталатын батареяларын бір
уақытта қайта зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз және
дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Әрекетті кешіктіру көз
жарақаттарына әкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ
• Батареяның корпусын алмаңыз немесе зақымдамаңыз. Корпусы
зақымдалған батареяларды ешқашан пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шарасын
қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе
өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып
қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Бұл өнімге су не жаңбыр тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке
немесе өнім ақаулығына әкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен
немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
• Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-MH2 қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне
әкелуі мүмкін.
• Батареяларды дұрыс бағытта салыңыз. Ескі және жаңа батареяларды
немесе түрлері бірдей емес батареяларды араластырмаңыз. Бұл сақтық
шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына
немесе өртенуіне әкелуі мүмкін.
• Қоқысқа лақтыру алдында батареяның түйіспе тұстарын лентамен
оқшаулаңыз. Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу
немесе өрт туындауы мүмкін. Батареяларды жергілікті ережелерге сай
қайта өңдеуге тапсырыңыз немесе қоқысқа лақтырыңыз.
viii
Кіріспе
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, әсер етілген
аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау
терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін.
Кіріспе
ix
x
Кіріспе
Фотокамераның бөліктері
Фотокамераның корпусы
2
3
4 5
10
6
11 12 13
1
14
15
16
7
9
18
8
17
10
Монитор
1
Масштабты таңдау
f : Кең бұрышты күй
g : Телефото
h : Сурет нобайын қарау
i : Ойнатуды масштабтау
11
s (индикаторларды көрсету)
түймешігі
12
Жарқыл шамы
2
Ысырманы босату түймешігі
13
b (e бейнефильмді жазу)
түймешігі
3
Қуат ажыратқышы/іске қосылу
шамы
14
c (қарау) түймешігі
4
Режимді таңдау дискі
15
Мульти селектор
5
Жарқыл
16
k (таңдау жасау) түймешігі
6
m (жарқыл шығару) түймешігі
17
l (өшіру) түймешігі
7
N-Mark (NFC антеннасы)
18
d (мәзір) түймешігі
8
Бүйірлік масштабтауды басқару
тетігі
9
q (қайтпа масштаб) түймешігі
Фотокамераның бөліктері
1
Жұмысқа кірісу
Фотокамера бауын жəне объектив қақпағы
бекіту жолы
Объектив қақпағын фотокамера бауына байлап, бауды фотокамераға
тағыңыз.
Бауды екі жерден тағыңыз.
B
Объектив қақпағы
• Фотокамера пайдаланылмай тұрғанда объективті қорғау үшін объектив қақпағын
жабыңыз.
• Объектив қақпағын алмай фотокамераны қосқанда «Turn the camera off and then
on again. (Фотокамераны өшіріп, қайтадан қосыңыз.)» хабары көрсетіледі.
Объектив қақпағын алып тастап, фотокамераны өшіріңіз, содан соң қайта
қосыңыз.
2
Жұмысқа кірісу
Батареялар мен жад картасын салу
3
1
4
6
5
2
78
Жад картасының ұяшығы
• Батареялар құлап кетпес үшін фотокамераны төңкеріп ұстаңыз да,
батареялардың оң (+) және сол (–) түйіспе тұстары дұрыс бағытталғанына
көз жеткізіп, батареяларды салыңыз.
• Жад картасын орнына (5) сырғытып түсіріңіз.
• Батареяларды немесе жад картасын төңкеріп немесе арт жағымен салып
қоймаңыз, себебі ол дұрыс жұмыс істемеуге себеп болады.
• Қақпақты жауып жатқан кезде, оны 7 белгісі бар аумақты абайлап ұстап
тұрып сырғытыңыз.
B
Жад картасын пішімдеу
Осы фотокамераға басқа құрылғыда қолданылған жад картасын алғаш салғанда,
оны фотокамерамен пішімдеу керек болады.
• Жад картасын пішімдесе, ондағы бүкіл кескіндер мен басқа деректер
жойылатынын ескеріңіз. Жад картасын пішімдемес бұрын, қажет кескіндердің
көшірмелерін жасап алыңыз.
• Жад картасын фотокамераға салып, d түймешігін басыңыз да, Format card
(Картаны пішімдеу) тармағын параметрлер мәзірінен (A22) таңдаңыз.
Қолданылатын батареялар
• Төрт LR6/L40 (AA өлшемді) сілтілі батарея (батареялар бірге жеткізіледі)
• Төрт FR6/L91 (AA өлшемді) литий батареясы
• Төрт EN-MH2 қайта зарядталмалы Ni-MH (никель-металлгидридті) батарея
EN-MH1 қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареяларын
пайдалануға болмайды.
Жұмысқа кірісу
3
B
Батареялар туралы ескертпелер
• Ескі және жаңа, сондай-ақ әр түрлі үлгідегі немесе түрдегі батареяларды бірге
пайдаланбаңыз.
• Төмендегі ақаулары бар батареяларды пайдалануға болмайды:
Сыртқы қабығы
сыдырылған
батареялар
B
Оқшаулағышы теріс
түйіспе тұсты
жаппайтын батареялар
Теріс түйіспе тұсы
жалпақ болып
келетін батареялар
EN-MH2 қайта зарядталмалы зарядталатын никель-металлгидридті
батареялары туралы ескертпелер
EN-MH2 батареяларын фотокамерамен пайдаланған кезде, MH-73 батареяларды
зарядтау құрылғысымен (A28) төртеуден зарядтаңыз.
C
Сілтілі батареялар
Сілтілі батареялардың жұмысы брендіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Батареяларды немесе жад картасын шығару
Фотокамераны өшіріп, іске қосылу шамы мен экран өшірілгендігін тексеріңіз,
содан кейін батарея бөлімінің/жад картасы ұясының қақпағын ашыңыз.
• Фотокамерадағы жад картасын сәл басқанда, ол жартылай шығады.
• Фотокамераны пайдаланғаннан кейін дереу фотокамераны, батареяларды
және жад картасын ұстаған кезде абай болыңыз, олар ыстық болуы мүмкін.
Жад карталары жəне ішкі жад
Фотокамера деректерін, соның ішінде кескіндерді және бейнефильмдерді жад
картасында да, фотокамераның ішкі жадында да сақтауға болады.
Фотокамераның ішкі жадын пайдалану үшін жад картасын шығарып алыңыз.
4
Жұмысқа кірісу
Монитор бұрышын өзгерту
Монитор бұрышын шамамен 85°-қа төмендетуге немесе шамамен 90°-қа
жоғарылатуға болады.
B
Монитор туралы ескертпелер
• Монитор бұрышын өзгерту кезінде, оған күш түсірмеңіз.
• Мониторды солға не оңға жылжыту мүмкін емес.
• Қалыпты жағдайларда пайдаланылған кезде, мониторды бастапқы күйіне
қайтарыңыз.
Жұмысқа кірісу
5
Фотокамераны баптау
Фотокамераны қосудың алдында объектив қақпағын алып тастаңыз.
1
Фотокамераны қосу үшін қуат ажыратқышын басыңыз.
• Параметрлерді таңдау және реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз.
Қуат ажыратқышы
Мульти селектор
Жоғары
Солға
k түймешігі
(таңдау жасау)
d түймешігі
• Тілді таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі.
Тілді белгілеу үшін мульти селекторда
HI түймешігін басыңыз және таңдау үшін k
түймешігін басыңыз.
• Реттеу мәзіріндегі (A22) M Language (Тіл)
параметрін пайдаланып, тілді кез келген
уақытта өзгертуге болады.
Оңға
Төмен
Language
Cancel
2
Оң жақтағы диалогтық терезе
көрсетілгенде, төмендегі
нұсқауларды орындап, d
түймешігін немесе k түймешігін
басыңыз.
Use SnapBridge to send photos to your
smart device and share them online.
To skip this screen and set SnapBridge
later from the Network menu, press
MENU.
• Егер смарт құрылғысымен сымсыз байланыс
Later
Set
орнатқыңыз келсе: 3-қадамға өту үшін d
түймешігін басыңыз.
• Егер смарт құрылғысымен сымсыз байланыс орнатсаңыз: k түймешігін
басыңыз. Реттеу процедурасы туралы ақпарат алу үшін «Смарт құрылғыға
жалғау (SnapBridge)» (A13) бөлімін қараңыз.
3
6
Фотокамера сағатын орнату сұралғанда, Yes (Иə)
параметрін белгілеу үшін HI түймешігін, содан кейін k
түймешігін басыңыз.
Жұмысқа кірісу
4
Жергілікті уақыт белдеуін белгілеп,
k түймешігін басыңыз.
• Жазғы уақытты орнату үшін H түймешігін
басыңыз. Ол қосылғанда, уақыт бір сағат
артқа жылжып, W белгішесі картаның жоғарғы
жағында көрсетіледі. Жазғы уақытты өшіру
үшін I түймешігін басыңыз.
5
6
London, Casablanca
Back
Күн пішімін таңдау үшін HI түймешігін, содан кейін k
түймешігін басыңыз.
Ағымдағы күн мен уақытты енгізіп, k
түймешігін басыңыз.
• Элементтерді белгілеу үшін JK түймешігін
басыңыз және өзгерту үшін HI түймешігін
басыңыз.
• Сағатты орнату үшін k түймешігін басыңыз.
Date and time
D
M
Y
01 01 2016
h
m
00 00
Edit
7
Сұралғанда, Yes (Иə) параметрін таңдап, k түймешігін
басыңыз.
• Фотокамера түсіру режимінің экранына ауысқанда реттеу аяқталады.
• Реттеу мәзіріндегі (A22) M Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күн)
параметрін пайдаланып, уақыт белдеуін және күнді кез келген уақытта
өзгертуге болады.
Жұмысқа кірісу
7
Негізгі суретке түсіру жəне қарау
əрекеттері
Кескіндерді түсіру
A (автоматты) режимі мұнда мысал ретінде пайдаланылған. A (автоматты)
режимі әртүрлі суретке түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру
мүмкіндігін береді.
1
Режим таңдау дискін A белгішесіне қарай айналдырыңыз.
• Батарея қуатының индикаторы
b: Батарея қуаты жоғары.
B: Батарея қуаты төмен.
• Қалған кадрлар саны
Фотокамераға жад картасы салынбағанда,
C жазуы көрсетіледі, кескіндер ішкі жадқа
сақталады.
• Экранда көрсетілетін ақпаратты ауыстыру
үшін s (индикаторларды көрсету) түймесін
басыңыз.
2
25m 0s
3200
Батарея қуатының индикаторы
Қалған кадрлар саны
Фотокамераны қозғалтпай ұстаңыз.
• Объективтің, жарқылдың, АФ қосымша шамының, микрофонның және
динамиктің саусақтармен және басқа заттармен жабылып қалмағанын
тексеріңіз.
8
Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері
3
Суретті жақтауға алыңыз.
• Масштабтау объективінің күйін өзгерту үшін масштабты таңдау тетігін немесе
бүйірлік масштабтауды басқару тетігін жылжытыңыз.
• Телефото күйінде объектив арқылы суретке түсіру кезінде нысан көрінбей
қалса, нысанды жақтауға оңай енгізу мақсатында көрінетін аумақты уақытша
кеңейту үшін q (қайтпа масштаб) түймешігін басыңыз.
Кішірейту
Ұлғайту
Ұлғайту
Кішірейту
q түймешігі
4
Ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз.
• Ысырманы босату түймешігін «жартылай»
басу деп түймешікті басқанда жеңіл қарсылық
байқалатын жерге дейін түймешікті басып
тұруды айтамыз.
• Нысан фокусқа алынғанда, фокустау аумағы
немесе фокустау индикаторы жасыл болып
көрінеді.
• Сандық масштабтауды пайдаланғанда,
фотокамера жақтаудың ортасын фокусқа
алады, ал фокустау аумағы көрсетілмейді.
• Фокустау аумағы немесе фокустау
индикаторы жыпылықтаса, бұл
фотокамераның фокустай алмайтындығын
білдіреді. Кадр жиектемесін өзгертіп,
ысырманы босату түймешігін қайтадан
жартылай басыңыз.
5
B
1/250
F3
Фокустау аумағы
Саусағыңызды көтермей, ысырманы
босату түймешігін толық басыңыз.
Кескіндерді жəне бейнефильмдерді сақтауға қатысты ескертпелер
Қалған кадрлар санын немесе қалған жазу уақытын көрсететін индикатор кескіндер
немесе бейнефильмдер сақталып жатқанда жыпылықтайды. Индикатор
жыпылықтағанда, батарея бөлімінің/жад картасы ұяшығының қақпағын
ашпаңыз немесе батареяларды не жад картасын шығармаңыз. Олай істемеген
жағдайда, деректер жоғалады немесе фотокамера не жад картасы зақымдалады.
Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері
9
C
Auto Off (Автоматты өшу) функциясы
• Бір минут ішінде ешбір операция орындалмаса, экран өшіп, фотокамера күту
режиміне өтеді және іске қосылу шамы жыпылықтайды. Күту режимінде шамамен
үш минут тұрған соң, фотокамера өшеді.
• Фотокамера күту режимінде болғанда экранды қайта қосу үшін қуат ажыратқышын
не ысырманы босату түймешігін басу сияқты операцияны орындаңыз.
C
Штативті пайдаланғанда
• Фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті келесі жағдайларда пайдалану
ұсынылады:
- Жарқыл қараңғы орындарға қарай төменге қаратылғанда немесе жарқыл
қосылмайтын режимде суретке түсіргенде
- Масштаб телефото күйінде болғанда
• Суретке түсіру кезінде фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті қолданғанда,
осы функция себебінен туындайтын ықтимал ақаулықтарды алдын алу
мақсатында параметрлер мәзірінде Photo VR (Фотосурет ДА) параметрін Off
(Өшірулі) мәніне орнатыңыз (A22).
Жарқылды пайдалану
Қараңғы жерлерде не нысанның артынан жарық түсуі
сияқты жарқыл қажет болған жағдайларда жарқылды
ашу үшін m (жарқыл шығару) түймешігін басыңыз.
• Жарқылды пайдаланбағанда, оны төмендету үшін
сырт етіп орнына түскенше абайлап басыңыз.
Бейнефильмдерді жазу
Суретке түсіру экранын көрсетіңіз және
бейнефильм жазу үшін b (e бейнефильмді
жазу) түймешігін басыңыз. Жазуды аяқтау үшін
b (e) түймешігін басыңыз.
10
Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері
Кескіндерді қарау
1
Қарау режиміне өту үшін c (қарау)
түймешігін басыңыз.
• Фотокамера өшіп тұрғанда, c түймешігін
басып тұрсаңыз, фотокамера қарау
режимінде іске қосылады.
2
Мульти селектормен көрсетілетін
кескінді таңдаңыз.
Алдыңғы кескінді көрсету
• Кескіндерді жүгірту үшін HIJK түймешігін
басып тұрыңыз.
• Экранда көрсетілетін ақпаратты ауыстыру
үшін s (индикаторларды көрсету) түймесін
басыңыз.
• Түсірілген бейнені ойнату үшін k түймешігін
Келесі кескінді көрсету
басыңыз.
• Суретке түсіру режиміне қайту үшін
c түймешігін немесе ысырманы босату түймешігін басыңыз.
• Толық өлшемде қарау режимінде
4/4
e көрсетілсе, кескінге әсер қолдану үшін
k түймешігін басуға болады.
0004. JPG
15/11/2016 15:30
• Кескінді ұлғайту үшін масштабты
таңдау тетігін g (i) күйіне толық
өлшемде қарау режимінде
бұраңыз.
3.0
• Сурет нобайын қарау режиміне
ауысу үшін толық өлшемде қарау
режимінде масштабты таңдау
тетігін f (h) бағытына бұрап,
экранда бірнеше кескінді
көрсетіңіз.
Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері
1/20
11
Кескіндерді өшіру
1
2
Экранда көрсетіліп тұрған кескінді
өшіру үшін l (өшіру) түймешігін
басыңыз.
Қажетті өшіру əдісін таңдау үшін
мульти селектордың
HI пайдаланып, k түймешігін
басыңыз.
• Өшірмей шығу үшін d түймешігін басыңыз.
3
Delete
Current image
Erase selected images
All images
Yes (Иə) параметрін таңдап,
k түймешігін басыңыз.
• Өшірілген суреттерді қайтару мүмкін емес.
Erase 1 image?
Yes
No
B
Реттіліктегі кескіндерді жою
• Үздіксіз түсірілген немесе бірнеше эксп.
жарығымен, шығармашыл режиммен немесе
өздігінен түсірілетін коллаж функциясымен
түсірілген кескіндер реттілік ретінде сақталады және
қарау режимінде реттіліктің тек бір кескіні (негізгі
сурет) көрсетіледі (әдепкі параметр).
• Егер кескіндер ретінде негізгі сурет көрсетілген
0004.JPG
15/11/2016 15:30
кезде, l түймешігін бассаңыз, сол реттегі барлық
кескіндер жойылады.
• Тізбектегі жеке кескіндерді жою кезінде, оларды бір-бірден көрсету үшін
k түймешігін басып, кейін l түймешігін басыңыз.
C
Суретке түсіру режимінде болғанда түсірілген суретті жою
Суретке түсіру режимін пайдаланғанда, сақталған соңғы кескінді l түймешігін
басып өшіріңіз.
12
Негізгі суретке түсіру және қарау әрекеттері
1/5
Смарт құрылғыға жалғау
(SnapBridge)
SnapBridge қолданбасын орнату
SnapBridge қолданбасын орнатқанда және SnapBridge қолдау
көрсетілетін фотокамера мен смарт құрылғы арасында сымсыз
байланыс орнатқанда, фотокамерамен түсірілген кескіндерді
смарт құрылғыға жүктеуге немесе фотокамера ысырмасын
босату үшін смарт құрылғыны пайдалануға болады (A17).
• Процедуралар 2.0 нұсқадағы SnapBridge қолданбасы арқылы сипатталған.
SnapBridge қолданбасының ең соңғы нұсқасын пайдаланыңыз. Жұмыс
процедуралары фотокамераның микробағдарламасына, SnapBridge
қолданбасының нұсқасына немесе смарт құрылғының OS жүйесіне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
• Пайдалану әдісі туралы ақпаратты смарт құрылғымен берілген құжаттамадан қараңыз.
1
SnapBridge қолданбасын смарт құрылғыда орнатыңыз.
• Қолданбаны iOS жүйесі үшін Apple App Store® және Android™ жүйесі үшін Google
Play™ дүкенінен жүктеп алыңыз. «snapbridge» мәтінін іздеп, оны орнатыңыз.
• Қолдау көрсетілетін OS нұсқалары туралы қосымша ақпаратты
қолданылатын жүктеп алу сайтынан қараңыз.
• «SnapBridge 360/170 қолданбасын» осы фотокамерамен пайдалану мүмкін емес.
2
Смарт құрылғыда Bluetooth жəне Wi-Fi іске қосыңыз.
• Фотокамераға жалғау үшін SnapBridge қолданбасын пайдаланыңыз. Смарт
құрылғыдағы Bluetooth параметрлер экранынан жалғау мүмкін емес.
C
SnapBridge қолданбасындағы экрандар
1 Ескертулерді Nikon бөлімінен және SnapBridge
қолданбасының анықтамасынан көруге, сондайақ қолданбаның параметрлерін
конфигурациялауға болады.
2 Ең алдымен, смарт құрылғылар мен фотокамералар
үшін байланыс реттеулерін орындаңыз.
3 Фотокамерадан жүктеп алынған кескіндерді
көруге, жоюға немесе бөлісуге болады.
1
2
3
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
13
Фотокамераны жəне смарт құрылғыны
жалғау
• Процедура барысында фотокамера өшпес үшін, жеткілікті түрде
зарядталған батареяны пайдаланыңыз.
• Бос орны жеткілікті жад картасын фотокамераға салыңыз.
1
Фотокамера: Network menu (Желі
мəзірі) (A22) M Connect to smart
device (Смарт құрылғысына
қосылу) параметрін таңдап, k
түймешігін басыңыз.
Airplane mode
Connect to smart device
Send while shooting
Wi-Fi
Bluetooth
Restore default settings
• Фотокамераны бірінші рет қосқанда 2-қадамда
диалогтік терезе көрсетіледі. Бұл қадам келесі
жағдайларда қажетті емес.
2
Фотокамера: Оң жақтағы диалог
көрсетілген кезде, k түймешігін
басыңыз.
Use SnapBridge to send photos to your
smart device and share them online.
To skip this screen and set SnapBridge
later from the Network menu, press
MENU.
Later
• NFC функциясын пайдалануды не
пайдаланбауды сұрайтын диалогтық терезе
көрсетіледі. Егер NFC функциясын
пайдалансаңыз, смарт құрылғының NFC
антеннасын фотокамерадағы Y (N-Mark)
белгісіне тигізіңіз. Смарт құрылғыда Start
pairing? (Жұптастыруды бастау керек пе?)
мәні көрсетілгенде, OK мәнін түртіп, 6-қадамға
өтіңіз. Егер NFC функциясын
пайдаланбасаңыз, k түймешігін басыңыз.
3
Фотокамера: Оң жақта диалогтік
терезе көрсетілетінін тексеріңіз.
• Смарт құрылғыны дайындап, келесі қадамға
өтіңіз.
NFC enabled devices: touch
the camera to the smart device.
Non-NFC enabled devices: press OK.
Cancel
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
Next
App
SnapBridge
Camera
On your smart device, go to the app
store and search for SnapBridge. After
installing, open the SnapBridge app.
Cancel
14
Set
4
Смарт құрылғы: SnapBridge қолданбасын
іске қосып, Pair with camera
(Фотокамерамен жұптастыру) түймешігін
түртіңіз.
• Фотокамераны таңдау үшін диалогтік терезе
көрсетілгенде, жалғанатын фотокамераны түртіңіз.
• Егер SnapBridge қолданбасын бірінші рет іске
қосқанда, экранның жоғарғы оң жағындағы Skip
(Өткізіп жіберу) түймешігін түрту арқылы
фотокамераны жалғамасаңыз, A қойындысындағы
Pair with camera (Фотокамерамен жұптастыру)
түймешігін түртіп, 5-қадамға өтіңіз.
5
Смарт құрылғы: Pair with camera
(Фотокамерамен жұптастыру)
экранында фотокамера атауын түртіңіз.
• iOS жүйесі үшін, жалғағанда процедура сипатталатын
диалогтік терезе көрсетілсе, мәліметтерді тексеріп,
Understood (Түсінікті) түймешігін түртіңіз (егер ол
көрсетілмесе, экранды төмен жүгіртіңіз). Керек-жарақ
таңдау үшін экран көрсетілген кезде, фотокамера атауын қайта түртіңіз
(фотокамера атауының көрсетілуіне біраз уақыт кетуі мүмкін).
6
Фотокамера/смарт
құрылғы: Фотокамера
мен смарт құрылғы
бірдей нөмір (алты
цифр) көрсететінін
растаңыз.
Auth. code
123456
Confirm that the same authentication
code is displayed on the smart device
and press OK.
Cancel
OK
• iOS жүйесі үшін нөмір OS
нұсқасына байланысты смарт құрылғыда көрсетілмеуі мүмкін. Мұндай
жағдайларда 7-қадамға өтіңіз.
7
Фотокамера/смарт құрылғы:
Фотокамерадағы k түймешігін
жəне SnapBridge
қолданбасында PAIR
(ЖҰПТАСТЫРУ) түймешігін
басыңыз.
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
15
8
Фотокамера/смарт құрылғы: Байланыс реттеулерін аяқтаңыз.
Фотокамера: Оң жақтағы диалог көрсетілген
кезде, k түймешігін басыңыз.
Смарт құрылғы: Жұптастыру аяқталғандығын
көрсететін диалогтік терезе көрсетілгенде, OK
түймешігін түртіңіз.
Your camera and smart device are
connected!
SnapBridge will send your photos to
your smart device as they are taken.
Next
9
Фотокамера: Баптау процесін аяқтау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
• Фотосуреттері бар орын деректерін жазу үшін, сұралғанда Yes (Иə) параметрін
таңдап, орын деректері мүмкіндіктерін қосыңыз. Смарт құрылғыдағы орын
деректері мүмкіндіктерін қосып, SnapBridge қолданбасының A қойындысында
M Auto link options (Авто байланыс опциялары) M Synchronize location
data (Орналасу деректерін синхрондау) мүмкіндігін қосыңыз.
• Сұралғанда Yes (Иə) жауабын таңдау арқылы фотокамера сағатын смарт
құрылғы жазған уақытпен синхрондауға болады. SnapBridge қолданбасының
A қойындысында M Auto link options (Авто байланыс опциялары) M
Synchronize clocks (Сағаттарды синхрондау) мүмкіндігін қосыңыз.
Фотокамера мен смарт құрылғыны жалғау аяқталды.
Фотокамерамен түсірілген фотосуреттер смарт құрылғыға автоматты түрде жүктеледі.
C
SnapBridge қолданбасын жəне фотокамераны пайдалану туралы
қосымша ақпарат алу
• SnapBridge қолданбасын пайдалану әдісі туралы мәліметтерді онлайн анықтамадан қараңыз
(жалғағаннан кейін SnapBridge қолданбасының M Help (Анықтама) мәзірін қараңыз).
https://nikonimglib.com/snbr/onlinehelp/en/index.html
• Пайдалану жолы туралы мәліметтерді фотокамерамен берілген «Анықтамалық нұсқаулық»
құжаттамадан (PDF пішімінде) қараңыз. Оны жүктеп алу орталығынан жүктеп алуға болады.
http://downloadcenter.nikonimglib.com
C
Егер байланыс сəтсіз аяқталса
• Жалғаған кезде, фотокамерада Could not connect. (Қосылу мүмкін болмады.) мәні көрсетілсе
- k түймешігін басып, қайта жалғау үшін «Фотокамераны және смарт құрылғыны
жалғау» бөліміндегі процедураны 2-қадамнан (A14) қайталаңыз.
- Байланыстан бас тарту үшін d түймешігін басыңыз.
• Қолданбаны қайта іске қосу арқылы ақауды шешуге болады. SnapBridge
қолданбасын толық жауып, оны іске қосу үшін қолданба белгішесін қайта түртіңіз.
Қолданба іске қосылғанда, «Фотокамераны және смарт құрылғыны жалғау»
бөліміндегі процедураны 1-қадамнан (A14) қайталаңыз.
• Егер фотокамераны жалғау мүмкін емес және iOS жүйесінде қате пайда болса,
iOS жүйесінде фотокамераны құрылғы ретінде тіркеуге болады. Мұндай
жағдайларда, iOS реттеулер қолданбасын іске қосып, құрылғыны (фотокамера
атауы) тіркеуден шығарыңыз.
16
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
Сымсыз байланысты ажырату немесе қосу
Байланысты ажырату немесе қосу үшін келесі әдістердің кез келгенін пайдаланыңыз.
• Фотокамерадан Network menu (Желі мəзірі) M Airplane mode (Ұшақ режимі)
параметрін ауыстырыңыз. Сымсыз байланыс құрылғысына тыйым салынатын орындарда
барлық байланыс функцияларын өшіру үшін, оны On (Қосулы) күйіне орнатуға болады.
• Фотокамераның Network menu (Желі мəзірі) M Bluetooth M Connection
(Байланыс) ішіндегі параметрді ауыстырыңыз.
• SnapBridge қолданбасында A қойындысындағы M Auto link options (Авто
байланыс опциялары) M Auto link (Авто байланыс) параметрді ауыстырыңыз.
Осы параметрді өшіру арқылы смарт құрылғының батарея тұтынуын азайта аласыз.
Кескінді жүктеу жəне қашықтан фотосурет түсіру
Кескінді жүктеу
Кескіндерді жүктеудің үш әдісі бар.
1
2
3
Фотосуреттерді түсірген
сайын смарт құрылғыға
автоматты түрде жүктеңіз1, 2
Network menu (Желі мəзірі) фотокамерада M Send
while shooting (Түсіру кезінде жіберу) M Still images
(Фотосуреттер) параметрін Yes (Иə) күйіне орнатыңыз.
Бейнефильмдерді автоматты түрде жүктеу мүмкін емес.
Фотокамерада кескіндерді
таңдап, оларды смарт
құрылғыға жүктеңіз1, 2
Playback menu (Ойнату мəзірі) кескіндерді таңдау
үшін фотокамерада M Mark for upload (Жүктеп
алу үшін белгілеу) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Жүктеу үшін бейнефильмдерді таңдау мүмкін емес.
Фотокамерада кескіндерді
таңдау жəне оларды смарт
құрылғыға жүктеп алу үшін
смарт құрылғыны пайдаланыңыз
SnapBridge қолданбасында A қойындысы M Download
pictures (Суреттерді жүктеп алу) түймешігін түртіңіз.
Wi-Fi байланыстарына қатысты диалогтік терезе
көрсетіледі. OK3 түймешігін түртіп, кескіндерді таңдаңыз.
Жүктелетін кескіндердің өлшемі — 2 мегапиксел.
Камерадан Network menu (Желі мəзірі) M Bluetooth M Send while off (Өшірулі
болғанда жіберу) параметрі On (Қосулы) күйіне орнатылса, кескіндер
фотокамера өшірулі кезде де смарт құрылғыға автоматты түрде жүктеледі.
iOS нұсқасына байланысты OK түймешігін түрткенде фотокамераның SSID
идентификаторын таңдауыңыз керек.
«Егер iOS жүйесінде Wi-Fi байланыстарына қатысты диалогтік терезе көрсетілсе»
(A18) бөлімін қараңыз.
B
Wi-Fi байланысында болған кездегі туралы ескертпелер
• Егер смарт құрылғы ұйқы режиміне өтсе немесе SnapBridge қолданбасынан
басқа қолданбаға ауыстырсаңыз, Wi-Fi байланысы ажыратылады.
• Wi-Fi байланысы барысында SnapBridge қолданбасының
кейбір функцияларын пайдалану мүмкін емес. Wi-Fi
байланысынан бас тарту үшін A қойындысын M F M
Yes (Иə) түймешігін түртіңіз.
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
17
Қашықтан фотосурет түсіру
Смарт құрылғы арқылы фотокамераның ысырмасын босату үшін SnapBridge
қолданбасында A M Remote photography (Қашықтан фотосурет түсіру)
белгішесін түртуге болады.
• Wi-Fi байланысына ауысу үшін SnapBridge қолданбасындағы нұсқауларды
орындаңыз. iOS жүйесінде Wi-Fi байланыстарына қатысты диалогтік терезе
көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда «Егер iOS жүйесінде Wi-Fi
байланыстарына қатысты диалогтік терезе көрсетілсе» (A18) бөлімін
қараңыз.
Егер iOS жүйесінде Wi-Fi байланыстарына
қатысты диалогтік терезе көрсетілсе
SnapBridge қолданбасы әдетте фотокамераны және смарт құрылғыны
Bluetooth арқылы жалғайды. Дегенмен, Download pictures (Суреттерді
жүктеп алу) немесе қашықтан фотосурет түсіру мүмкіндігін пайдаланғанда,
Wi-Fi байланысына ауысыңыз. iOS нұсқасына байланысты қолмен
ауыстыруыңыз қажет. Мұндай жағдайда байланысты орнату үшін келесі
процедураны пайдаланыңыз.
1
Смарт құрылғыда көрсетілген құпия сөзді
жəне SSID идентификаторын (əдепкі
бойынша фотокамера атауы) жазып алып,
View options (Опцияларды көру)
түймешігін түртіңіз.
• Фотокамерадағы Network menu (Желі мəзірі) M WiFi M Network settings (Желі параметрлері)
пайдаланып SSID немесе құпия сөзді өзгертуге
болады. Құпиялықты қорғау үшін, құпия сөзді жүйелі
түрде өзгерту кеңес береміз. Құпия сөз өзгергенде,
сымсыз байланысты ажыратыңыз (A17).
2
Байланыстар тізімінен 1-қадамда жазған
SSID кодын таңдаңыз.
• Бірінші рет жалғағанда, бас әріп пен кіші әріп
таңбаларын ескеріп, 1-қадамда жазған құпия сөзді
енгізіңіз. Алғаш рет қосылғаннан кейін, құпия сөзді
енгізу қажет емес.
• G белгішесі фотокамераның SSID кодының қасында
оң жақтағы экранда көрсетілгендей көрсетілгенде,
Wi-Fi байланысы аяқталады. SnapBridge
қолданбасына оралып, қолданбаны пайдаланыңыз.
18
Смарт құрылғыға жалғау (SnapBridge)
Басқа функциялар
Суретке түсіру режимін таңдау
Фотокамера корпусында индикатор белгісі бар қажетті суретке түсіру режимін
туралау үшін режим таңдау дискін айналдыруға болады.
• A (Автоматты) режимі
Әртүрлі суретке түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру үшін осы
режимді таңдаңыз.
• y, o, j, e, o, d (Көрініс) режимдері
Суретке түсіру жағдайларының негізінде көрініс режиміндерінің бірін
таңдап, айтылған жағдайлар үшін тиісті параметрлерге ие суреттерді
түсіріңіз.
- y: d түймешігін басып, көрініс режимін таңдаңыз.
- o (көріністі автоматты таңдағыш): суреттің жақтауын реттеу кезінде
фотокамера суретке түсіру жағдайларын анықтайды және жағдайларға
байланысты суретке түсіруге болады.
- j (түнгі ландшафт): осы режимді түнгі ландшафтыларды суретке түсіру
үшін пайдаланыңыз.
- e (түнгі портрет): осы режимді фондық ландшафтыны қамтитын кеш
және түнгі портреттерді суретке түсіру үшін пайдаланыңыз.
- o (артқы жарықтандыру): артқы жағы жанып тұрған нысандарды суретке
түсіру үшін осы режимді пайдаланыңыз.
- d (спорт): спорттық фотосуреттерді түсіру үшін осы режимді
пайдаланыңыз.
• s (Шығармашыл) режимі
Фотокамера бір түсіргенде әсерлері бар төрт кескінді және әсерсіз бір
кескінді сақтайды.
• F (Smart portrait (Смарт портрет)) режимі
Суретке түсіру кезінде адам беттерін жақсарту үшін әсерлі өңдеуді
пайдаланыңыз және суреттер түсіру үшін жымию таймері немесе өздігінен
түсірілетін коллаж мүмкіндігін қолданыңыз.
• M (Short movie show (Қысқа кино көрінісі)) режимі
Фотокамера жазу және бірнеше секундқа созылатын бірнеше бейнефильм
клипін біріктіре отырып, ұзындығы 30 секундқа созылатын (e 1080/30p
немесе S 1080/25p) қысқаметражды бейнефильмді жасайды.
Басқа функциялар
19
C
Анықтама дисплейі
Суретке түсіру режимдерін ауыстыру немесе параметрлер экранын көрсету кезінде
функциялардың сипаттамалары көрсетіледі.
Суретке түсіру режиміне жылдам ауыстыру үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз. Орнату мәзірінің Monitor settings (Монитор параметрлері)
бөліміндегі Help display (Анықтаманы көрсету) көмегімен сипаттамаларды
көрсетуге не жасыруға болады.
20
Басқа функциялар
Суретке түсіру функцияларын
мультиселектор арқылы орнату
Суретке түсіру экраны көрсетілген кезде, H (m) J (n) I (p) K (o) мульти
селекторын төменде сипатталған функцияларды орнату үшін баса аласыз.
• m Жарқыл режимі
Жарқыл көтерілген кезде жарқыл режимі суретке түсіру жағдайларына
сәйкес орнатыла алады.
• n Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер), Self-portrait timer
(Өздігінен портрет түсіруді реттейтін таймер)
Ысырманы босату түймешігін басқаннан кейін кететін секунд мөлшерін
орнатқанда, фотокамера ысырманы босатады.
• p Macro mode (Макро режимі)
Суреттерді жақыннан түсірген кезде, макро түсіру режимін пайдаланыңыз.
• o Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі)
Суреттің жалпы жарықтығын реттеуге болады.
Суретке түсіру режиміне қарай функцияларды әр түрлі етіп орнатуға болады.
Басқа функциялар
21
Мəзір операциялары
d (мәзір) түймешігін басу арқылы төмендегі тізімде көрсетілген мәзірлерді
орната аласыз.
•
•
•
•
•
A Shooting menu (Суретке түсіру мəзірі)1, 2
D Бейнефильм мəзірі1
G Playback menu (Ойнату мəзірі)3
J Network menu (Желі мəзірі)
z Орнату мəзірі
1
2
Суретке түсіру экраны пайда болған кезде d түймешігін басыңыз.
Мәзір белгішелері мен қолжетімді параметр опциялары суретке түсіру режиміне
байланысты әртүрлі болады.
Ойнату экраны пайда болған кезде d түймешігін басыңыз. Мәзір белгішелері
мен қолжетімді параметр опциялары суреттерді көрсету режиміне байланысты
әртүрлі болады.
3
1
d (мəзір) түймешігін басыңыз.
• Мәзір көрсетіледі.
2
J мульти селекторын
басыңыз.
• Ағымдағы мәзір белгішесі
сарымен көрсетіледі.
Shooting menu
Image mode
White balance
Continuous
ISO sensitivity
AF area mode
Autofocus mode
Мəзір белгішелері
3
Мəзір белгішесін таңдап,
k түймешігін басыңыз.
• Мәзір параметрлерін таңдауға
болады.
Set up
Time zone and date
Monitor settings
Date stamp
Photo VR
AF assist
Digital zoom
22
Басқа функциялар
4
Мəзір параметрін таңдап,
k түймешігін басыңыз.
• Ағымдағы суретке түсіру режиміне
немесе фотокамера күйіне
байланысты нақты мәзір
параметрлерін орнату мүмкін
емес.
5
Параметрді таңдап,
k түймешігін басыңыз.
• Таңдалған баптау қолданылады.
• Мәзірді пайдаланып болғаннан
кейін, d түймешігін басыңыз.
• Мәзір көрсетілгенде ысырманы
босату түймешігін немесе b (e)
түймешігін басу арқылы суретке
түсіру режиміне ауыстыруға болады.
Time zone and date
Monitor settings
Date stamp
Photo VR
AF assist
Digital zoom
Date stamp
Date
Date and time
Off
Басқа функциялар
23
Техникалық ескертпелер
Ескертулер
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескерулер
Бұл белгі электр және электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы
керектігін білдіреді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына ғана қатысты:
• Бұл өнім тиісті жинау орнында бөлек жинауға арналған.
Тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
• Бөлек жинау және қайта өңдеу табиғи ресурстарды сақтауға
және дұрыс емес лақтырудан пайда болуы мүмкін адам денсаулығына
және қоршаған ортаға теріс салдарларды болдырмауға көмектеседі.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын қадағалайтын
жергілікті басқару органдарынан алыңыз.
Батареялардағы бұл белгі батареяларды бөлек жинау керек екенін көрсетеді.
Төмендегі жағдайлар Еуропа елдерінің пайдаланушыларына ғана қатысты:
• Осы белгімен белгіленген де, белгіленбеген де бүкіл батареялар
тиісті жинау орнында бөлек жиналуға арналған. Тұрмыстық
қоқыспен бірге тастамаңыз.
• Қосымша ақпаратты сатушыдан немесе қоқыстың жиналуын қадағалайтын
жергілікті басқару органдарынан алыңыз.
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация) үшін
ақпарат/сертификат
COOLPIX B500
Жасап шығарушы : Қолданушы нұсқаулығының артқы
мұқабасын қараңыз
Өндіруші : "Никон Корпорейшн",
Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан,
Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония,
Телефон: +81-3-6433-3600.
Импортер : ЖШС "Никон",
Мекен жайы: Ресей, Мәскеу қаласы,
Сыромятнический -2 көшесі,1 үй.
Телефондар: +7 (495) 663-77-64
Шығарушы ел : Қытай
Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме : ТС N RU Д-JP.АЯ46.B.82384
Жарамдылық мерзімі : 18.12.2015 бастап 17.12.2018 жылға дейін
Сертификаттау мүшесі : Федералды бюджеттік мекеме "РОСТЕСТ – Мәскеу"
24
Техникалық ескертпелер
Сымсыз байланыс функциялары бойынша
ескертпелер
Сымсыз құрылғыларға қатысты шектеулер
Осы өнімнің құрамындағы сымсыз қабылдағыш-таратқыш сатылатын белгілі
бір елдегі сымсыз желіге қатысты ережелерге сай келеді және оны басқа
елдерде пайдалануға болмайды (Еуропалық Одақ және Еуропалық еркін
сауда ассоциациясы елдерінде сатып алынған өнімдерді кез келген
Еуропалық Одақ және Еуропалық еркін сауда ассоциациясы елінде
пайдалануға болады). Nikon компаниясы басқа елдерде пайдалануға қатысты
жауапты болмайды. Пайдаланушылар өнім сатылған ел туралы білмесе, олар
өздерінің жергілікті Nikon қызмет орталығымен немесе рұқсаты бар Nikon
қызмет өкілімен хабарласа алады. Осы шектеу тек сымсыз желіге ғана
қатысты және ол осы өнімнің басқа бөліктеріне қолданылмайды.
Қауіпсіздік
Бұл өнім артықшылықтарының бірі—өз ауқымында басқаларға деректерді
сымсыз алмасу үшін тегін қосылу мүмкіндігін береді, дегенмен, қауіпсіздік іске
қосылмаса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін:
• Деректердің ұрлануы: қаскүнем үшінші тарап пайдаланушы
идентификаторын, құпиясөздерді және басқа да жеке ақпараттарды ұрлау
үшін сымсыз хабар алмасуды қағып алуы мүмкін.
• Рұқсатсыз кіру: рұқсатсыз пайдаланушылар желіге кіріп, деректерді
өзгертуі немесе басқа да зиянды әрекеттерді орындауы мүмкін. Сымсыз
желілердің құрылымына байланысты қауіпсіздік қосылған кезде де, рұқсаты
жоқ пайдаланушылар арнайы шабуылдар арқылы желіге кіруі мүмкіндігін
ескеріңіз. Деректерді тасымалдау барысындағы деректердің не ақпараттың
таралуына Nikon жауапты емес.
• Смартфон не планшетіңізде көрініп тұрса да, пайдалануға рұқсат етілмеген
желілерге кірмеңіз. Мұндай әрекет рұқсатсыз кіру ретінде қарастырылуы
мүмкін. Тек рұқсат етілген желілерге ғана кіріңіз.
Жеке ақпаратты басқару жəне олардан бас тарту
• Сымсыз жергілікті желі байланысы параметрлерін және басқа да жеке
мәліметтерді қоса, осы өнімде тіркелген немесе конфигурацияланған
пайдаланушы ақпараты пайдалану қатесінің, статикалық электрдің,
апаттың, ақаулықтың, жөндеудің немесе басқа да пайдалану түрінің
нәтижесінде өзгеруі және жоғалуы мүмкін. Әрқашан маңызды ақпараттың
бөлек көшірмелерін сақтап жүріңіз. Nikon компаниясына қатысты емес кез
келген тікелей немесе жанама түрде болатын зақым немесе шығын үшін
Nikon компаниясы жауапты болмайды.
• Осы өнімді қоқысқа тастамас немесе басқа пайдаланушыға өткізбес бұрын,
осы өнімде тіркелген немесе конфигурацияланған барлық пайдаланушы
мәліметтерін, жергілікті желі байланысы параметрлерін және кез келген
жеке ақпаратты жою үшін Reset all (Барлығын қалпына келтіру) әрекетін
параметрлер мәзірінде (A22) орындаңыз.
• Өнім ұрланғанда не жоғалғанда оны үшінші тараптың рұқсатсыз
пайдалануынан келген кез келген зақымдар үшін Nikon жауапты емес.
Техникалық ескертпелер
25
Бұл өнімді шетелге экспорттау немесе апару кезіндегі сақтық шаралары
Бұл өнім АҚШ экспортты басқару қағидалары (ЭБҚ) бойынша бақыланады.
Эмбарго қойылған немесе арнайы бақылауларға ие келесі елдерден басқа
елдерге экспорттау үшін АҚШ мемлекетінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран,
Солтүстік Корея, Судан және Сирия (бұл тізім өзгеріп отыруы мүмкін).
Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескерту
Сəйкестік туралы мəлімдеме (Еуропа)
Осымен, Nikon Corporation COOLPIX B500 деген радиожабдық түрі 2014/53/EU
директивасының талаптарына сай екенін жариялайды.
ЕО сәйкестік декларациясының толық мәтіні келесі интернет мекенжайында
қолжетімді: https://imaging.nikon.com/support/pdf/DoC_B500.pdf.
• Ең көп шығыс қуат:
- Wi-Fi: 16,8 дБм (EIRP)
- Bluetooth: 7,8 дБм (EIRP)
- Bluetooth Low Energy: 7,8 дБм (EIRP)
• Жұмыс жиілігі:
- Wi-Fi: 2412–2462 МГц (1–11 арна)
- Bluetooth: 2402–2480 МГц
- Bluetooth Low Energy: 2402–2480 МГц
- NFC: 13,56 МГц
26
Техникалық ескертпелер
Өнімнің күтімі
Құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде «Қауіпсіздік шаралары»
(Avi–ix) бөліміндегі ескертулерге қосымша төменде сипатталған сақтық
шараларын сақтаңыз.
Фотокамера
Фотокамера қатты соққыға ұшырамасын
Өнімге қатты соққы тисе немесе діріл әсер етсе, ол істемей қалуы мүмкін. Сонымен
қатар объективті ұстамаңыз немесе оған күш түсірмеңіз.
Құрғақ күйде сақтаңыз
Құрылғы суға түсіп кетсе немесе ылғалдылық деңгейі жоғары жерлерде сақталса,
ол зақымдалуы мүмкін.
Температураның кенет өзгеруіне жол бермеңіз
Суық күнде жылытылған ғимаратқа кіру немесе одан шығу сияқты жағдайлардағы
температураның кенет өзгеруі құрылғының ішінде конденсаттың жиналуына себеп
болуы мүмкін. Конденсацияға жол бермеу үшін температура кенет өзгеретін
жерлерге апармас бұрын, құрылғыны тасымалдауға арналған қапқа немесе
пластикалық дорбаға салыңыз.
Күшті магниттік өрістерден аулақ ұстаңыз
Құрылғыны күшті электромагниттік радиацияны немесе магниттік өрістерді
шығаратын жабдықтың жанында пайдаланбаңыз әрі сақтамаңыз. Олай ету
деректердің жоғалуына немесе фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне себеп
болуы мүмкін.
Объективті ұзақ уақыт бойы күшті жарық көздеріне бағыттамаңыз
Фотокамераны пайдаланғанда немесе сақтағанда, объективті күнге немесе басқа
күшті жарық көздеріне ұзақ уақыт бойы бағыттамаңыз. Қатты жарық фотосуреттерге
кескін сенсорының жұмысын нашарлатуы немесе ақ бұлдырату әсерін беруі мүмкін.
Қуат көзін немесе жад картасын алып тастаудың немесе ажыратудың
алдында өнімді өшіріңіз
Өнім қосулы болғанда немесе кескіндер сақталып немесе жойылып жатқанда,
батареяларды алып тастамаңыз. Бұл жағдайларда қуатты күштеп үзу деректердің
жоғалуына немесе жад картасына не ішкі тізбекке зақым келтіруі мүмкін.
Монитор туралы ескертпелер
• Мониторлар (электрондық көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дәлдікпен
құрастырылған; кем дегенде, 99,99% тиімді нүкте нәтижесін береді, көрінбейтін
немесе ақауы бар нүктелер 0,01% аспайды. Сондықтан осы дисплейлерде
әрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк және жасыл) немесе әрдайым өшірулі
болатын (қара) нүктелердің болуы мүмкін екеніне байланысты, бұл ақаулық болып
табылмайды және осы құрылғымен жазылған кескіндерге еш әсер етпейді.
• Кескіндерді күшті жарықта монитордан көру қиын болуы мүмкін.
• Мониторға күш түсірмеңіз, себебі ол зақымдануға немесе дұрыс жұмыс істемеуге
әкеліп соқтырады. Монитор сынса, сынған әйнектен жарақат алу және
дисплейдегі сұйық кристалдың теріге тию, көзге не ауызға кіру қаупі
болатындықтан, абай болыңыз.
Техникалық ескертпелер
27
Батареялар
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
• Қолданыстан кейін батареялар ыстық болуы мүмкін.
• Батареяларды ұсынылған қызмет мерзімінен асыра пайдаланбаңыз.
• Заряды жоқ батареялар фотокамераға салынған жағдайда, фотокамераны
қайта-қайта қосып, өшірмеңіз.
Қосалқы батареяларды қол астында ұстау
Түсіру жеріне байланысты қосалқы батареяларды алып жүрген жөн. Кейбір
аймақтарда батареяларды сатып алу қиынға соғуы мүмкін.
Батареяларды зарядтау
Қосымша қайта зарядталмалы батареялар пайдаланылса, батареяларды суретке
түсіру алдында зарядтап алыңыз. Батареяларды сатып алған кезде, олар толық
зарядтаулы болмайды.
Пайдалану нұсқаулығындағы ескертулерді және зарядтау құрылғысымен бірге
берілетін пайдалану нұсқауларын оқуды және орындауды ұмытпаңыз.
Қайта зарядталмалы батареяларды зарядтау
• Қалған заряд деңгейі немесе үлгісі не түрі әр түрлі батареяларды бірге
пайдаланбаңыз.
• EN-MH2 батареяларын фотокамерамен пайдаланған кезде, батареяларды MH-73
зарядтау құрылғысымен төртеуден зарядтаңыз. EN-MH2 батареяларын тек MH-73
зарядтау құрылғысымен ғана зарядтаңыз.
• MH-73 зарядтау құрылғысын қолданғанда, тек EN-MH2 батареяларын ғана
зарядтаңыз.
• EN-MH1 қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареяларын пайдалануға
болмайды.
Қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареялар туралы
ескертпелер
• Біраз заряды қалған қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареяларды
қайта-қайта зарядтаса, батареялар қолданылғанда, Battery exhausted. (Батарея
заряды бітті.) хабары алдын ала көрсетілуі мүмкін. Бұл «жад әсеріне»
байланысты болады, яғни батареялар сақтай алатын заряд көлемі уақытша азаяды.
Батареяларды ішінде заряд қалмағанша пайдаланыңыз, сонда бәрі қалыпты
жағдайға қайтады.
• Қайта зарядталмалы никель-металлгидридті батареялардың заряды
қолданылмағанда да таусылады. Батареяларды пайдаланудың дәл алдында
зарядтауды ұсынамыз.
Батареяларды салқын кезде пайдалану
Суық күндері батареяның сыйымдылығы тез азаяды. Егер заряды біткен батареялар
төменгі температураларда пайдаланылса, фотокамера іске қосылмауы мүмкін.
Қосалқы батареяларды жылы жерде сақтаңыз және қажет кезде ауыстырып
салыңыз. Жылыған соң, батареялардың біршама заряды қалпына келеді.
Батареялардың түйіспе тұстары
Батареяның түйіспе тұстарындағы кір фотокамераның жұмысына кедергі келтіруі
мүмкін. Батарея түйіспе тұстары кірлесе, оларды пайдалану алдында таза, құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
Батареядағы қалған заряд
Заряды біткен батареяларды фотокамераға салса, фотокамера батареяларда
жеткілікті заряд қалғанын білдіруі мүмкін. Бұл—батареяларға лайықты сипат.
28
Техникалық ескертпелер
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастау
Батареяларда мүлдем заряд қалмаған кезде, оларды ауыстырыңыз. Қолданылған
батареялар бағалы ресурс болып келеді. Қолданылған батареяларды жергілікті
заңдарға сәйкес қайта өңдеңіз.
Техникалық ескертпелер
29
Тазалау жəне сақтау
Тазалау
Спирт, еріткіш немесе басқа буланатын химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Объектив
Саусағыңызды әйнек бөлшектерге тигізбеңіз. Шаңды немесе
ұлпабасты ауа үргішпен кетіріңіз (әдетте бір шетінде резеңкелі баллон
екінші шетінен ауаны алу үшін пайдаланатын кішігірім құрылғы). Ауа
үргішпен кетпейтін саусақ іздері немесе басқа да дақтарды кетіру үшін
объективті жұмсақ шүберекпен, объективтің ортасынан оның
шеттеріне қарай айналмалы қозғалыспен сүртіңіз. Егер бұл
көмектеспесе, объективті тазалауға арналған сұйықтыққа сәл
малынған шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Шаңды немесе ұлпабасты ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздерін
немесе басқа да дақтарды кетіру үшін мониторды жұмсақ шүберекпен
қатты күш түсірмей тазалаңыз.
Корпус
Шаңды, кір немесе құмды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан
соң жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіңіз. Фотокамераны
жағажайда немесе басқа құмды немесе шаңды жерде қолданғанда,
құмды, шаңды немесе тұзды таза суға сәл малынған құрғақ
шүберекпен сүртіңіз де, мұқият кептіріп алыңыз. Фотокамераның
ішіндегі бөгде зат кепілдікке кірмейтін зақым келтіруі мүмкін
екенін ескеріңіз.
Сақтау
Фотокамера ұзақ қолданылмайтын болса, батареяларды шығарыңыз. Зең
басып кетпеуі үшін фотокамераны сақтау орнынан кем дегенде айына бір рет
шығарып тұрыңыз.
Фотокамераны сақтау орнына қайта қою үшін фотокамераны қосып,
ысырманы бірнеше рет босатыңыз. Фотокамераны мына орындардың
ешқайсысында сақтамаңыз:
• Нашар желдетілетін немесе ылғалдылығы 60%-дан жоғары жерлерде
• 50°C-тан төмен немесе –10°C-тан жоғары температурада
• Теледидарлар немесе радио қабылдағыштар сияқты күшті электр магнитті
өрістер шығаратын жабдықтың жанында
30
Техникалық ескертпелер
Ақауларды жою
Фотокамера күткендей жұмыс істемесе, сатушыға немесе Nikon
компаниясының өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын,
төмендегі жалпы ақаулықтар тізімін қарап шығыңыз.
Сонымен қатар осы фотокамераны (Aii) пайдалану жолы туралы толық
мәліметтерді Анықтамалық нұсқаулықтан (PDF пішімінде) көріңіз.
Ақаулық
Себеп/шешім
A
Фотокамера
қосылады, бірақ
жауап бермейді.
• Жазбаның аяқталуын күтіңіз.
• Егер ақаулық қайталанса, фотокамераны өшіріңіз.
Егер фотокамера өшпесе, батареяны немесе
батареяларды алып, қайта салыңыз немесе егер
айнымалы ток адаптерін пайдалансаңыз,
айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз және қайта
қосыңыз.
Жазылып жатқан деректердің жоғалатынына
қарамастан, бұрын жазылған деректерге ток көзін
өшіру немесе ажырату әсер етпейтінін ескеріңіз.
–
Фотокамера іске
қосылмайды.
Батареялар заряды біткен.
3, 28
• Қуатты үнемдеу үшін фотокамера автоматты түрде
өшеді (автоматты өшу функциясы).
• Фотокамера мен батареялар төменгі
температураларда дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Фотокамераның іші қызып кетті. Фотокамераның ішкі
жағы суығанша оны өшірулі қалдырыңыз, содан соң
оны қайта қосып көріңіз.
10
Фотокамера
ескертусіз өшіп
қалады.
6
10
Монитор бос.
• Фотокамера өшіп тұр.
• Қуатты үнемдеу үшін фотокамера автоматты түрде
өшеді (автоматты өшу функциясы).
• Жарқыл шамы жарқыл зарядталу кезінде
жыпылықтайды. Зарядтау аяқталғанша күтіңіз.
• Фотокамера теледидарға немесе компьютерге
жалғанған.
• Фотокамера Multiple exp. Lighten (Бірнеше
экспозиция. Жарықтандыру) көрініс режимінде
суретке түсіруде.
Фотокамера
қызады.
Фотокамера бейнефильмдерді түсіру сияқты
сәттерде ұзақ уақыт бойы қолданылғанда немесе
ыстық ортада пайдаланылғанда ысып кетуі мүмкін;
бұл ақаулыққа жатпайды.
Техникалық ескертпелер
28
–
–
–
–
–
31
Пайдаланылатын жад карталары
Фотокамера SD, SDHC және SDXC жад карталарын қолдайды.
• Бейнефильмдерді түсіруге SD Speed Class рейтингі 6 немесе одан артық
болатын жад карталары ұсынылады. Speed Class рейтингі төменірек жад
картасын пайдаланғанда, бейнефильм түсіру күтпеген жерден тоқтауы
мүмкін.
• Егер жады картасын оқу құралын пайдалансаңыз, ол жад картаңызбен
үйлесімді екенін тексеріңіз.
• Мүмкіндіктер, операциялары және пайдалану шектеулері туралы ақпарат
алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.
Сауда белгісі туралы ақпарат
• Windows—Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-тағы және/немесе
басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.
• Bluetooth® сөз белгісі және логотиптері Bluetooth SIG, Inc. иелігіндегі
тіркелген сауда белгілері болып табылады Nikon корпорациясы мұндай
белгілерді тек лицензия бойынша пайдаланады.
• Apple®, App Store®, Apple логотиптері, Mac, OS X, macOS, iPhone®, iPad®,
iPod touch® және iBooks—Apple Inc. компаниясының АҚШ және басқа
елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
• Android, Google Play және Google Play логотипі Google LLC компаниясының
сауда белгілері болып табылады. Android роботы Google жасап, бөліскен
туынды негізінде дайындалған және ол Creative Commons 3.0 авторлық
лицензиясына сай пайдаланылады.
• IOS—АҚШ және басқа елдердегі Cisco Systems, Inc. компаниясының сауда
белгісі не тіркелген сауда белгісі болып, лицензия негізінде
пайдаланылады.
• Adobe, Adobe логотипі және Reader—Adobe Systems Incorporated
корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа
елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
• SDXC, SDHC және SD логотиптері—SD-3C, LLC компаниясының сауда
белгілері.
• PictBridge—сауда белгісі.
• HDMI, HDMI логотипі және High-Definition Multimedia Interface—HDMI
Licensing, LLC сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері.
• Wi-Fi және Wi-Fi логотипі—Wi-Fi Alliance сауда белгілері немесе тіркелген
сауда белгілері.
• N-Mark—NFC Forum, Inc. корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы
және басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі.
• Осы нұсқаулықта немесе Nikon өнімімен бірге берілген басқа құжатта
аталған барлық басқа сауда атаулары тиісті иелердің сауда белгілері
немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
32
Техникалық ескертпелер
“Made for iPod,” “Made for iPhone,” and “Made for iPad” mean that an electronic
accessory has been designed to connect specifically to iPod, iPhone, or iPad, respectively,
and has been certified by the developer to meet Apple performance standards. Apple is
not responsible for the operation of this device or its compliance with safety and
regulatory standards. Please note that the use of this accessory with iPod, iPhone, or iPad
may affect wireless performance.
AVC Patent Portfolio License
Бұл өнімге AVC Patent Portfolio License лицензиясымен тұтынушының жеке
және коммерциялық емес мақсатта (i) бейнені AVC стандартына («AVC
бейнесі») сай кодтау және/немесе (ii) жеке және коммерциялық емес
іс-әрекетпен айналысатын тұтынушы кодтаған және/немесе AVC бейнесін
қамтамасыз ету үшін лицензия алған бейне жеткізушісінен алынған AVC
бейнесін кодсыздандыру үшін рұқсат етілген. Кез келген басқа мақсат үшін
лицензия берілмейді немесе тұспалданбайды.
Қосымша ақпаратты MPEG LA, L.L.C. компаниясынан алуға болады
http://www.mpegla.com торабын қараңыз.
FreeType лицензиясы (FreeType2)
Осы бағдарламалық жасақтама бөліктері авторлық құқықпен қорғалған ©
2012 The FreeType Project
(http://www.freetype.org). Барлық құқықтар қорғалған.
MIT лицензиясы (HarfBuzz)
Осы бағдарламалық жасақтама бөліктері авторлық құқықпен қорғалған ©
2016 The HarfBuzz Project
(http://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz). Барлық құқықтар
қорғалған.
Техникалық ескертпелер
33
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі
Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы!
Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік
бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен
немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/
басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен
хабарласыңыз. Мәліметтерді мына беттен қараңыз:
http://www.europe-nikon.com/support
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен немесе өкілетті
қызмет көрсету желісімен хабарласудан бұрын пайдаланушы
нұсқаулықтарын мұқият оқып шығуға кеңес береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір жылға
қандай да бір өндірістік ақауларға кепілдік беріледі. Кепілдік
берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға немесе жасалу
сапасына байланысты істен шығатын болса, Nikon Europe B.V. сату
аумағындағы біздің өкілетті қызмет көрсету желісіміз төменде
көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес жұмысы және
бөлшектері үшін ақы алмай, өнімді жөндейді. Nikon компаниясы
өнімді ауыстыру немесе жөндеу құқығын (өзінің қарауына) өзінде
қалдырады.
1. Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін және дилердің атыжөнін көрсететін дайын кепілдік талоны және бастапқы есепшот
немесе сатып алғандығын дәлелдейтін түбіртектің негізінде ғана
беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы жоғарыда айтылған
құжаттар көрсетілмесе немесе оның ішінде мәліметтер толық
болмаса немесе оқуға түсініксіз болса, кепілдік бойынша тегін
қызмет көрсетуден бас тарту құқығын сақтайды.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі:
• қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті
түрде техникалық қызмет көрсету және жөндеу немесе
ауыстыру.
• пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon
компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін
жаңарту үшін өзгерту.
• тасымалдау шығындары және өнімдердің кепілдігімен тікелей
немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
34
Техникалық ескертпелер
• өнім бастапқыдан жасалған және/немесе өндірілген елдерден
басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті
немесе техникалық ережелеріне сәйкес Nikon компаниясының
жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің немесе
реттеулердің нәтижесінде келтірілген қандай да бір зақым.
3. Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады:
• дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты жағдайда
немесе пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөнінде
пайдаланушы нұсқаулықтарына сәйкес пайдаланбау және
өнімді пайдаланылған елдің қауіпсіздік ережелеріне сәйкес
орнатпаудың немесе пайдаланбаудың нәтижесінде келтірілген
зақым.
• апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс
пайдаланбау немесе немқұрайдылықтың нәтижесінде
келтірілген зақым.
• өнім үлгісін немесе сериялық нөмірін өшіру, оның анық
болмауы немесе алып тастау.
• өкілетті емес қызмет көрсететін ұйымдар немесе тұлғалар
жасаған жөндеулер немесе реттеулердің нәтижесінде
келтірілген зақым.
• өнім қосылған немесе бірге пайдаланылған қандай да бір
жүйедегі ақаулар.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық
заңдарға сәйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып
алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін
тұтынушының құқықтарына да әсер етпейді.
Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету
орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға
болады (http://www.europe-nikon.com/service/ ).
Техникалық ескертпелер
35
36
Техникалық ескертпелер
Техникалық ескертпелер
37
Осы нұсқаулықты, тұтас не жартылай (сыни мақала мен
шолуда қысқаша мəлімдеме жасаған жағдайдан тыс),
NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша
рұқсатынсыз қайта шығаруға тыйым салынады.
CT8K08(Y7)
6MN667Y7-08

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

Download PDF

advertisement