Prestigio Grace Жылдам бастау нұсқаулығы

Prestigio  Grace Жылдам бастау нұсқаулығы

1 2 3 4

Micro SIM Standard SIM Nano SIM

Octa core 1.7GHz

RAM 2GB + 16GB eMMC Android 4.4

5” FHD Super AMOLED Gorilla Glass 3 1920*1080 5MP FF + 13MP BSI AF

UMTS: 900/1900/2100 MHz GSM: 850/900/1800 /1900 MHz

Wi-Fi (802.11 a/b/g/n) 3G, Bluetooth 4.0

GPS, A-GPS 2300 mAh 145.1*70.2*5.55 mm (H*W*D) 133 g

жылдам бастау нұсқаулығы Prestigio MultiPhone

Сатып алған затыңыз құтты болсын және Prestigio компаниясына қош келдіңіз. Соңғы Android 4.4 KitKat орнатылған PSP7557 құрылғыңыздан ләззат алыңыз.

PSP7557 құрылғысының толық нұсқаулығын жүктеу үшін

www.prestigio.com/support

сайтына кіріңіз.

Қоңырау шалу

1.

Басты экранда немесе тізім мәзірінде опциясын түртіңіз.

2.

Тергішті ашу үшін түртіңіз.

3.

Телефон нөмірін енгізіңіз, содан кейін опциясын түртіңіз.

Басты экран

Басты экран барлық телефон мүмкіндіктеріне қол жеткізуге арналған бастапқы нүкте. Басты экранда бірнеше тақта болуы мүмкін. Басқа тақталарды қарау үшін солға немесе оңға жанап өтіңіз.

Басты экранға қолданба белгішесін қосу

Басты экранда опциясын түртіп тізім мәзірін ашыңыз, қолданба белгішесін түртіп, ұстап тұрыңыз, содан кейін тақтаны алдын ала қарауға сүйреңіз.

Қолданбаларды пайдалану

Басты экранда немесе тізім мәзірінде қолданбаны ашу үшін белгішесін түртіңіз. Телефонда орнатылған барлық қолданбаларды тізім мәзірінде табуға болады.

Виджеттерді табу

1.

Басты экранда опциясын түртіңіз.

2.

Виджеттер тізімін ашу үшін опциясын түртіңіз.

3.

Виджеттер тақтасында солға немесе оңға жанап өтіңіз.

4.

Басты экранға қосу үшін қажетті виджетті түртіп ұстап тұрыңыз.

Жылдам параметрлерді пайдалану

Жылдам параметрлер қойындысы ұшақ режимін, Wi-Fi және басқа функцияларды оңай қосуға және өшіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол режимдер арасында ауысу, экранның жарықтығын және бағдарын орнату төте жолын береді.

1.

Басты экранда немесе тізім мәзірінде экранның жоғарғы жағынан төмен сырғытыңыз.

2.

Жылдам параметрлер тізімін ашу үшін опциясын түртіңіз.

SIM картасы

Құрылғы micro-SIM картасын пайдаланады.

Үйлесімді емес SIM карталарын, қолмен кесілген SIM карталарын немесе SIM картасы адаптерлерін пайдалану карталарды немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін және карталарда сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін.

SIM карталарына сызат түсіру немесе оларды бүгу контактілердің және ақпараттың жоғалуына әкелуі мүмкін, сондықтан карталарды ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.

SIM картасын орнату үшін бірге жеткізілетін SIM шығару құралын пайдаланыңыз.

Prestigio өнімдерін үздіксіз жаңартатындықтан және жақсартатындықтан, құрылғының бағдарламалық құралында және жабдығында осы жылдам бастау нұсқаулығында берілгеннен басқа аздап басқаша сыртқы түр немесе өзгертілген функциялар болуы мүмкін.

жылдам бастау нұсқаулығы Prestigio MultiPhone

Prestigio компаниясы осымен осы құрылғының 1999/5/ EC ЕО директивасы белгілеген негізгі талаптарға және басқа тиісті ережелерге сай екенін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясының толық нұсқасы мына бетте қол жетімді:

www.prestigio.com/certificates

.

Есту қабілетінің ықтимал зақымдалуын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейлерінде ұзақ кезеңдер бойы тыңдамаңыз.

SAR (нақты сіңіру дәрежесі) туралы ақпарат алу үшін мына бетке өтіңіз:

www.prestigio.com/catalogue/MultiPhones/MultiPhone_7557

.

Was this manual useful for you? yes no
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the work of artificial intelligence, which forms the content of this project

Download PDF

advertisement