Кіріспе. MSI GL62 (6th Gen i5) (GTX 960M), GL62 (6th Gen i7) (GTX 960M), MS-1795, GE72 Apache Pro (6th Gen) (GTX 970M), GP62 Leopard Pro (6th Gen) (GTX 960M), GL72 (6th Gen i5) (GTX 960M), GP72 Leopard Pro (6th Gen) (GTX 960M), MS-1794, GL72 (6th Gen) (GTX 960M), GP62 Leopard Pro (GTX 960M)

Add to my manuals
67 Pages

advertisement

Кіріспе. MSI GL62 (6th Gen i5) (GTX 960M), GL62 (6th Gen i7) (GTX 960M), MS-1795, GE72 Apache Pro (6th Gen) (GTX 970M), GP62 Leopard Pro (6th Gen) (GTX 960M), GL72 (6th Gen i5) (GTX 960M), GP72 Leopard Pro (6th Gen) (GTX 960M), MS-1794, GL72 (6th Gen) (GTX 960M), GP62 Leopard Pro (GTX 960M) | Manualzz

2

Кіріспе

Осы мұқият жобаланған ноутбуктың пайдаланушы болғаныңызбен құттықтаймыз. Осы ерекше ноутбукті пайдаланғанда сізде қызық және кәсіби тәжірибе болады. Пайдаланушыларымызға осы ноутбук мұқият сыналғанын және біздің теңдессіз сенімділік және тұтынушылардың қанағаттануы репутациямызбен куәліктендірілгенін мақтан тұтып айтамыз.

Орамадан шығару

Алдымен жөнелту қорабын ашыңыз және барлық заттарды мұқият тексеріңіз.

Егер ішіндегі кез келген зақымдалған немесе жоқ болса, жергілікті дилерге бірден хабарласыңыз. Сондай-ақ, құрылғыны болашақта жөнелту қажет болатын болса, қорапты және орама материалдарын сақтаңыз. Орамада келесі заттар болуы керек:

▶ Ноутбук

▶ Қысқаша бастау нұсқаулығы

▶ Айнымалы ток/тұрақты ток адаптері, айнымалы ток қуат сымы

▶ Қосымша ұстап жүру сөмкесі

▶ Пайдаланушы нұсқаулығының толық нұсқасын, драйверлерді, қызметтік бағдарламаларды және т.с.с. қамтитын барлығы біреуде қолданбалар дискі

Өнімге шолу

Бұл бөлімде ноутбуктің негізгі аспекттерінің сипаттамасы берілген. Ол пайдалану алдында осы ноутбуктің сыртқы туралы қосымша мәліметтер алуға көмектеседі. Мұнда көрсетілген сандар тек анықтама алуға арналғанын ескеріңіз.

Үсті ашық көрініс

Үсті ашық көріністің суреті және төменде көрсетілген сипаттама сізді ноутбуктің негізгі жұмыс аумағын шолуға апарады.

1. Веб-камера/ Веб-камера ЖШД/ ішкі микрофон

• Бұл кірістірілген веб-камераны суреттер түсіру, бейне жазу немесе конференциялар және т.с.с. мақсаттарда пайдалануға болады.

• Веб-камера функциясы белсендірілгенде веб-камера жанындағы вебкамера ЖШД көрсеткіші жанады; ЖШД осы функция өшкенде өшеді.

• Кірістірілген микрофон және оның функциясы микрофонмен бірдей.

2. Қуат түймесі / Қуат ЖШД / Графикалық процессор режимінің ЖШД

Қуат

Қуат түймесі

• Бұл түймені ноутбук қуатын ҚОСУ және ӨШІРУ үшін пайдаланыңыз.

• Бұл түймені ноутбукті ұйқы күйінен ояту үшін пайдаланыңыз.

Қуат ЖШД/ GPU режимінің ЖШД

• Ноутбук қуаты қосулы кезде және UMA графикалық процессоры режимі таңдалғанда көк түспен жанады.

• Қосымша қолдау көрсетілетін дискреттік графикалық процессор режимі таңдалғанда сары түспен жанады.

• Бұл функция өшкенде ЖШД өшеді.

3. Тачпад

Бұл — ноутбуктің меңзеу құрылғысы.

4. Пернетақта

Кірістірілген пернетақта толық өлшемді пернетақтаның барлық функцияларын қамтамасыз етеді. Мәліметтер алу үшін Пернетақтаны пайдалану әдісі бөлімін қараңыз.

5. Жылдам іске қосу түймелері

Жылдам іске қосу түймелерін белгілі бір қолданбаларды немесе құралдарды белсендіру үшін пайдаланыңыз. Келесі жылдам іске қосу түймелері тек SCM қолданбасы орнатылған операциялық жүйеде жұмыс істейді. Оңай және ыңғайлы пайдалану үшін орамада келетін барлығы біреуде қосымша дискіндегі SCM exe файлын табыңыз немесе оны MSI веб-сайтынан жүктеңіз.

Кулерді күшейту

• Бұл түймені ноутбуктің жалпы температурасын салқындату үшін вентилятор жылдамдығын барынша арттыру үшін пайдаланыңыз.

• Вентилятор жылдамдығы ең жоғары деңгейге орнатылғанда түйменің ЖШД жанады; AUTO (АВТО) режимі таңдалғанда ЖШД өшеді.

SSE

(қосымша)

• Бұл ноутбукте SSE (SteelSeries Engine) бірегей пернетақта реттегіші қолданбасы алдын ала орнатылуы мүмкін. Бұл қолданба арқылы пайдаланушыларда әр түрлі жағдайлар үшін бөлек анықталған бірнеше пернелер тіркесімі бола алады.

• 1-пернетақта (1-қабат), 2-пернетақта (2-қабат),

3-пернетақта (3-қабат) және 4-пернетақта (4-қабат) арасында қайта-қайта ауысу үшін осы түймені қайтақайта басыңыз.

Dragon Gaming

Center

(қосымша)

• Бұл ноутбукте пайдаланушыларға ойын ойнауда тамаша және тиімді шешімді қамтамасыз еттеін

Dragon Gaming Center (Айдаһар ойын орталығы) ойын қызметтік бағдарламасы алдын ала орнатылған болуы мүмкін.

• Бұл түймені Dragon Gaming Center (Айдаһар ойын орталығы) қолданбасын ашу үшін пайдаланыңыз.

True Color немесе User

Defined

(Пайдаланушы анықтаған)

(қосымша)

• Бұл ноутбукте True Color қолданбасы алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Бұл қолданба арқылы пайдалнаушылар ең жақсы көру тәжірибесі үшін әр түрлі түс параметрлерін таңдай алады.

• Бұл түймені True Color қолданбасын ашу үшін пайдаланыңыз.

• Ноутбукте True Color қолданбасы алдын ала орнатылмаған болса, бұл түймені басу User Defined

(Пайдаланушы анықтаған) қолданбаны іске қосады.

Алдыңғы жағының көрінісі

1. Стерео динамиктер

Бұл ноутбук жоғары сапалы дыбысты қамтамасыз ететін және HD аудио технологиясын қолдайтын кірістірілген стерео динамиктермен жабдықталған.

2. Күй ЖШД

WLAN (Wi-Fi)

Wireless LAN (Wi-Fi)

• ЖШД Wireless LAN (WiFi) функциясы қосылғанда жанады.

• Осы функция өшірілгенде ЖШД өшеді.

Батарея күйі

• ЖШД батарея зарядталып жатқанда жанады.

• Батарея істен шықса, үздіксіз жыпылықтайды.

• Өндіруші ұсынған батареяның баламалы түрін сатып алу үшін өкілетті ритейлерге немесе сервистік орталыққа хабарласыңыз.

• Батарея ЖШД толығымен зарядталғанда немесе айнымалы ток/тұрақты ток адаптері ажыратылғанда өшеді.

Жүргізу әрекетінің индикаторы

Жүйе ішкі жад дискілеріне қатынасып жатқанда ЖШД жыпылықтайды .

Bluetooth

• Bluetooth ЖШД индикаторы Bluetooth функциясы қосылғанда жанады.

• Осы функция өшірілгенде ЖШД индикаторы өшеді.

Caps Lock

Caps Lock функциясы белсендірілгенде жанады.

Num Lock

Num Lock функциясы белсендірілгенде жанады.

Ұйқы күйі

• Жүйе ұйқы күйінде болғанда жыпылықтайды.

• ЖШД жүйе өшірілгенде өшеді.

Оң жағының көрінісі

1. Оптикалық диск құрылғысы

Бұл ноутбук оптикалық жетек құрылғысымен жабдықталған. Ноутбукте алдын ала орнатылатын нақты құрылғы сіз сатып алған үлгіге байланысты.

2. Карта оқу құралы

Кірістірілген карта оқу құралы жад карталарының әр түрлі түрлерін қолдайды. Мәліметтерді «Техникалық сипаттамалар» бөлімінен қараңыз.

3. USB 2.0 порты

USB 2.0 порты тінтуір, пернетақта, модем, портативті қатты диск модулі, принтер, т.б. сияқты USB интерфейстік периферилық құрылғыларды жалғауға мүмкіндік береді.

4. Қуат коннекторы

Бұл коннектор айнымалы ток/тұрақты ток адаптерін жалғауға және ноутбукке қуат беруге арналған.

Сол жағының көрінісі

1. Kensington құлпы

Бұл ноутбук пайдаланушыларға ноутбукты орнында бекітуге мүмкіндік беретін Kensington құлпының тесігін қамтамасыз етеді.

2. USB 3.0 порты/ Super Charger USB порты

USB 3.0, SuperSpeed USB, сақтау құрылғылары, қатты дискілер немесе бейнекамералар сияқты әр түрлі құрылғыларды жалғау үшін жоғарырақ интерфейс жылдамдықтарын қамтамасыз етеді және жылдамдығы жоғары деректерді тасымалдаумен салыстырғанда қосымша артықшылықтарды ұсынады.

Super Charger USB порты ноутбук қуат өшірулі режимде болғанда Apple құрылғылары үшін тезірек қуатты зарядтау функциясын қамтамасыз етеді.

3. Mini-DisplayPort

Mini-DisplayPort — DisplayPort портының шағын нұсқасы. Жарамды адаптер арқылы Mini-DisplayPort портын VGA, DVI немесе HDMI интерфейсі бар дисплейлерді басқару үшін пайдалануға болады.

4. USB 3.0/ 3.1 порты (C түрі) (қосымша)

USB 3.0/ 3.1, SuperSpeed(+) USB сақтау құрылғылары, қатты дискілер немесе бейнекамералар сияқты әр түрлі құрылғыларды жалғау үшін жоғарырақ интерфейс жылдамдықтарын қамтамасыз етеді және жылдамдығы жоғары деректерді тасымалдаумен салыстырғанда қосымша артықшылықтарды ұсынады.

Жұқа және тегіс USB C түріне жататын жалғағышта бағыты өзгертілетін ашаны бағдары және кабель бағыты бар, әрі болашақта төзімді шешім үшін масштабталатын өнімділікті қолдайды , соның ішінде, USB 3.x, DisplayPort,

PCIe, Audio және Thunderbolt 3 (қосымша).

5. RJ-45 коннекторы

Бұл коннектор желілік қосылым үшін LAN кабелін жалғау үшін пайдаланылады.

6. HDMI коннекторы

HDMI (High Definition Multimedia Interface) — бір кабельде стандартты, жақсартылған және анықтығы жоғары бейнені, оған қоса, көп арналық сандық аудионы қолдайтын, дербес компьютерлерге, дисплейлерге және тұтынушылық электроникаға арналған жаңа интерфейс стандарты.

7. USB 3.0 порты

USB 3.0, SuperSpeed USB, сақтау құрылғылары, қатты дискілер немесе бейнекамералар сияқты әр түрлі құрылғыларды жалғау үшін жоғарырақ интерфейс жылдамдықтарын қамтамасыз етеді және жылдамдығы жоғары деректерді тасымалдаумен салыстырғанда қосымша артықшылықтарды ұсынады.

8. Аудио порт коннекторлары

Стерео жүйе және қолдау көрсетілетін Hi-Fi функциясы арқылы жоғары сапалы дыбыс генераторын жасаңыз.

Микрофон

Сыртқы микрофон үшін пайдаланылады.

Құлақаспап

Динамиктерге немесе құлақаспапқа арналған коннектор.

Артқы жағының көрінісі

1. Вентилятор

Вентилятор жүйені салқындатуға арналған. Ауа айналымы болуы үшін вентиляторды жаппаңыз.

Төменгі жағының көрінісі

1. Вентилятор

Вентилятор жүйені салқындатуға арналған. Ауа айналымы болуы үшін вентиляторды жаппаңыз.

2. Вуфер динамигі

Вуфер динамигі басс ретінде белгілі төмен тембрлік аудио жиіліктерін шығаруға арналған.

Пернетақтаны пайдалану әдісі

Бұл ноутбук толық функциялық пернетақтаны қамтамасыз етеді.

Пернетақтаның тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пернетақтаның функциялық пернелерін пайдалану алдында SCM қолданбасын міндетті түрде орнату керек.

Windows пернесі

Windows логотипі пернесін пернетақтада табуға болады.

Ол «Бастау» мәзірін ашу және төте жол мәзірін іске қосу сияқты Windows функцияларын орындау үшін пайдаланылады.

Жылдам іске қосу пернелері

Белгілі бір қолданбаларды немесе құралдарды белсендіру үшін пернетақтадағы [Fn] пернелер тіркесімін пайдаланыңыз. Осы пернелердің көмегімен пайдаланушылар тиімдірек жұмыс істей алады.

+

Dragon Gaming

Center (Айдаһар ойын орталығы) немесе пайдаланушы анықтаған

(қосымша)

• Dragon Gaming Center алдын ала орнатылған болса, нақты қолданбаны іске қосу үшін Fn және F4 пернелерін басыңыз. Пайдаланушылар осы түймені анықтамай қалдырса, Fn және F4 түймелерін басу

[Instant Play: Play Key Setting (Лездік ойнату: ойнату пернесін орнату)] қойындысын қайтадан шығарады

• Дегенмен, Dragon Gaming Center (Айдаһар ойын орталығы) орнатылмаған немесе жойылған болса, пайдаланушы анықтаған қолданбаны іске қосу үшін Fn және F4 пернелерін басыңыз.

+

ECO Engine

(Қуатты үнемдеу)

• ECO Engine қамтамасыз ететін әр түрлі қуатты үнемдеу режимдері арасында ауысу немесе осы функцияны қайталап өшіру үшін Fn және F5 пернелерін қайталап басыңыз.

+

Веб-камера

+

Shift

+

Ұшақ режимі

• Веб-камера функциясын қосу үшін Fn және F6 пернелерін басыңыз. Оны өшіру үшін қайтадан басыңыз.

• Әдепкі параметрлерде веб-камера өшірулі болады.

• «Спорт»/«Ыңғайлылық»/«Жасыл» режимдерінің арасында ауысу және өнімділікті өзгерту үшін Fn және

F7 пернелерін басыңыз.

• Бұл функция тек айнымалы ток қуаты қосылған және әдепкі параметр Sport (Спорт) режимі болса ғана белсендіріледі.

• Fn және F10 пернелерін қайталап басып, Ұшақ режимін қайталап қосыңыз немесе өшіріңіз.

• Құрылғы күйін тексеру үшін жұмыс үстелінде [Бастау/

Параметрлер/ ДК параметрлерін өзгерту/ Желі/

Ұшақ режимі] тармағында Ұшақ режимін қосу белгішесін қараңыз.

Тачпадты өшіру немесе қосу

Тачпад функциясын қосу немесе өшіру. (Қосымша)

+

Ұйқы режиміне кіру

+

Компьютерді ұйқы күйіне мәжбүрлеп енгізу (жүйенің конфигурациясына байланысты). Жүйені ұйқы күйінен ояту үшін Қуат түймесін басыңыз.

Дисплейді ауыстыру

+

Дисплейдің шығыс режимін СКД, сыртқы монитор және екеуі арасында ауыстыру.

Бірнеше мониторды пайдалану

+

Пайдаланушылар ноутбукке қосымша мониторды қосса, жүйе қосылған сыртқы мониторды автоматты түрде анықтайды. Пайдаланушыларға дисплей параметрлерін теңшеуге рұқсат етіледі.

• Мониторды ноутбукке қосыңыз.

• Windows пернесін басып тұрыңыз, содан кейін [P] пернесін басып, [Жоба] терезесін шығарыңыз.

• «Тек ДК экраны», «Көшірме», «Кеңейту» және «Тек екінші экран» арасынан екінші экранда дисплей қалай проекциялануы керек екенін таңдаңыз.

Дисплейдің жарықтық деңгейін реттеу

СКД жарықтығын арттыру.

+

СКД жарықтығын азайту.

+

Динамиктің дыбыс деңгейін реттеу

Кірістірілген динамиктің дыбыс деңгейін арттыру.

+

Кірістірілген динамиктің дыбыс деңгейін азайту.

+

Кірістірілген динамиктердің үнін өшіру.

+

Пернетақтаның артқы жарық ЖШД-ының жарықтық деңгейін реттеу

+

Пернетақтаның артқы жарық ЖШД-тарының жарықтық арттыру.

Пернетақтаның артқы жарық ЖШД-тарының жарықтық азайту.

+

Қолданба: True Color (қосымша)

Бұл ноутбукте True Color қолданбасы алдын ала орнатылған болуы мүмкін.

Бұл қолданба арқылы пайдалнаушылар ең жақсы көру тәжірибесі үшін әр түрлі түс параметрлерін таңдай алады.

Егжей-тегжейлі нұсқауларды ноутбук бағдарламалық жасақтамасының нұсқаулығынан қараңыз.

+

True Color

• Fn пернесін басып тұрыңыз, содан кейін True Color қолданбасын іске қосу үшін Z пернесін басыңыз.

+

True Color таңдаулары

• Әр түрлі көрініс режимдерін өзгерту үшін Fn пернесін басып тұрыңыз, содан кейін A пернесін басыңыз.

Бейне: [Fn] түймелерін пайдалану әдісі

Мына мекенжайдағы нұсқаулық бейнені көріңіз : https://www.youtube.com/ watch?v=u2EGE1rzfrQ

YouTube Youku

Техникалық сипаттамалар

Мұндағы техникалық сипаттамалар тек анықтама ретінде берілген және ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Сатылатын нақты өнімдер аумақтарға қарай әр түрлі болады.

Пайдаланушы сатып алған өнімнің дұрыс техникалық сипаттамаларын білу үшін www.msi.com бетіндегі MSI ресми веб-сайтына кіріңіз немесе жергілікті ритейлерлерге хабарласыңыз.

Физикалық сипаттамалар

Өлшемдері

Салмағы

383 (Е) x 260 (Д) x 27-29 (Б) мм (15,6")

419,9 (Е) x 287,8 (Д) x 29,8-32 (Б) мм (17,3")

2,4 кг, батареямен бірге (15,6 дюйм)

2,7 кг батареямен бірге (17,3 дюйм)

Орталық процессор

Орам

Орталық процессор түрі

L3 кэші

FCBGA

Intel ® Quad/ Dual Core Mobile Processor

8 МБ-қа дейін (орталық процессорға енгізілген)

Негізгі чип

Платформа контроллерінің хабы

Жад

Технология

Жад

Ең көбі

Intel ® PCH-H

DDR4,1866/ 2133 МГц

SO-DIMM слоттары x 2

16 ГБ дейін

Қуат

Айнымалы ток/ тұрақты ток адаптері (1)

(қосымша)

Айнымалы ток/ тұрақты ток адаптері (2)

(қосымша)

Батарея түрі

RTC батареясы

Жад

150 Вт, 19,5 В

Кіріс: 100~240 В, 50~60 Гц

Шығыс: 19,5 В

120 Вт, 19,5 В

6 ұяшықты

Иә

7,7 A

Кіріс: 100~240 В, 50~60 Гц

Шығыс: 19,5 В 6,15A

HDD форм-факторы 2,5 дюймдік HDD

SSD (қосымша)

Оптикалық диск құрылғысы

(қосымша)

M.2 2280 SSD

Super Multi / Blu-ray/ BD Writer

Кіріс/шығыс порты

USB

Mic-in x 2 (3.0 нұсқасы) x 1 (2.0 нұсқасы) x 1 (нұсқа: 3.1/3.0, түрі: C) x 1

Құлақаспап шығысы x 1 (S/PDIF-Out үшін қолдау көрсетіледі)

RJ45

HDMI x 1 x 1 (v1.4)

Mini-DisplayPort

Карта оқу құралы x 1 (v1.2) x 1 (SD3.0/ SD/ MMC)

Байланыс порты

LAN

Wireless LAN

Bluetooth

Дисплей

СКД түрі

Бейне

Графика

VRAM

Веб-камера

Full HD түрі

Аудио

Ішкі динамик

Қолдау көрсетіледі

Қолдау көрсетіледі

Қолдау көрсетіледі

15,6 дюйм/ 17,3 дюйм FHD

NVIDIA ® GeForce ® дискреттік графикасы, NVIDIA

Optimus™ үшін қолдау көрсетіледі

®

GDDR5, GPU құрылымына негізделген

30 кадр/сек@1080p

4 динамик + 1 вуфер

2-22

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

Download PDF

advertisement

Table of contents