KitchenAid KRVX 6010 Instruction for Use
PDF
Document
Publicité
Publicité
Қолдану нұсқаулықтары
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары
4
Қоршаған ортаны сақтау
5
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
5
Қуатты үнемдеу кеңестері
6
Құрылғыны қолданар алдында
6
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
6
Шараппен танысу
7
Құмыраларды сақтау
9
Шараптарды құюдың ең жақсы температуралар кестесі
10
Құрылғы сипаттамасы
10
Құрылғымен жұмыс істеу
11
Тазалау және күтіп ұстау
13
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
14
Кепілді қызмет көрсету
15
Орнату
16
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулықтары Түпкі нұсқаулықтар ағылшын тілінде
берілген. Басқа тілдегі барлық нұсқаулықтар түпнұсқалық үлгіден аударылған.
• ЕСКЕРТУ: құрылғы
тұрақсыздығынан болатын қауіпті
болдырмас үшін, орнату немесе
бекіту шаралары өндірушінің
нұсқаулықтарына сай етіп
орындалуы тиіс.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының желдету
саңылауларына ешнәрсе кедергі
келтірмейтіндей етіп ұстаңыз.
• ЕСКЕРТУ: құрылғының
тоңазытқыш затының айналым
түтіктерін зақымдап алмаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Жібіту үрдісін
жылдамдату үшін өндіруші
ұсынған құралдардан басқа
механикалық, электрлік немесе
химиялық құралдарды қолдануға
болмайды.
• ЕСКЕРТУ: Егер, Өндіруші электр
аспаптарының белгілі бір түрлерін
арнайы рұқсат етпеген болса,
оларды құрылғы камераларының
ішінде қолдануға немесе қоюға
болмайды.
Ақпарат: Бұл құрылғының
құрамында хлорфтор көміртегі жоқ.
Тоңазытқыш зат айналымының
құрамына R404a кіреді
(құрылғының ішіндегі техникалық
кестені қараңыз).
• Бұл өнімнің құрамында Киото
протоколында қарастырылған
Фторлы Жылыжай Газы болуы
мүмкін; тоңазытқыш газ
герметикалық жабылған жүйе
ішінде орналасқан. Тоңазытқыш
газ: R404a газының Жаһандық
Жылыну Шамасы (ЖЖШ) бойынша
көрсеткіші - 3210.
• C-Пентан оқшаулау пенопласының
құрамына үрлегіш заттегі ретінде
кіреді және тұтанғыш газ болып
табылады. Жою жұмыстары
кезінде ерекше назар аударыңыз.
• Бұл құрылғы үй шаруасында
қолдануға және төмендегі
орталарда қолдануға арналған:
- дүкендерде, кеңселерде және
басқа жұмыс орындарындағы
жұмысшыларға арналған ас
үйлер аймағында;
- фермаларда және конақ үй,
мейманхана және басқа да
тұрғын үй тектес мекемелерінің
клиенттеріне;
- жатақ және таңғы ас тектес
орындарда;
- қоғамдық тамақтандыру және сол
тектес көтерме сауда
орындарында.
• Ішінде жанғыш заты бар, бүріккіш
қалбырлар сияқты жарылғыш
заттарды осы құрылғының ішінде
сақтауға болмайды.
• Құрылғыны қауіпсіздік
ережелерімен танысқан жасы 8-ге
толған балалар мен ересектер,
сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі
немесе тәжірибесі жеткіліксіз
тұлғалар, қауіпсіз қолдану, қатерлі
жағдайлар туралы нұсқау алған
жағдайда немесе тиісті адамның
қадағалауы бойынша пайдалана
алады.
• Балаларға ересектердің
бақылауынсыз тазалауға және
құрылғыны қолдануға тыйым
салынған.
• Балалардың қамалып қалуын және
тұншығып қалуын болдырмас
үшін, оларға құрылғымен ойнауға
және оның ішіне тығылуға тыйым
салынады.
• Тоқ істікшесі қолжетімді болған
жағдайда, құрылғыны тоқ көзінен
суырып алу арқылы ажырату
мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс,
немесе тоқ ұяшығының жоғарғы
жағындағы ұлттық қауіпсіздік
4
стандарттарына сәйкес құрылған
көп полюсты қосқыш арқылы
ажыратылуы тиіс.
• Құрылғыны жерге тұйықталған
ұяшыққа қосыңыз: құрылғы
рұқсат етілген жерге тұйықтау
жүйесіне дұрыс қосылуы тиіс.
• Жалғыз/көп көзді бейімдеуіштерді
немесе ұзартқыш сымдарын
қолданбаңыз.
• Орнату барысында құрылғының
тоқ сымына зақым келтірмеуін
қадағалаңыз.
• Құрылғының тоқ сымын тартпаңыз
• Құрылғыны екі немесе бірнеше
адам қозғауы және орнатуы тиіс.
• Орнату және күту, сонымен қатар
қуат сымын ауыстыру шараларын
өндіруші немесе білікті техник
өндірушінің нұсқаулықтарына
және жергілікті қолданыстағы
қауіпсіздік ережелеріне сай
орындауы тиіс. Қатерге ұшырамас
үшін, пайдаланушы
нұсқаулығында ерекше атап
көрсетілген болмаса, құрылғының
кез келген бөлшегін, соның ішінде
қуат сымын жөндеуге немесе
ауыстыруға болмайды.
Қоршаған ортаны сақтау
жоюға қатысты жергілікті нормативтік
ережелерді сақтап, арнайы жинау
орталығына өткізіңіз; құрылғыны бірнеше
күнге де қараусыз қалдырмаңыз, себебі ол
балалар үшін ықтималды қауіп көзі болып
табылады.
Осы құрылғыны қолдану, қалпына келтіру
және қайта өңдеу туралы толық ақпарат
алу үшін жергілікті құзырлы мекемеге,
тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне
немесе осы құрылғыны сатып алған
дүкенге хабарласыңыз.
1. Қаптау
Қаптау материалы 100% қайта өңделмелі
және қайта өңдеу белгісімен таңбаланған
. Жою барысында жергілікті
нормативтік ережелерді сақтаңыз. Орауыш
материалдарын (пластмасса қаптар,
полистиролдан жасалған бөлшектер, т.с.с.)
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз, себебі олар ықтимал қатер көзі
болып табылады.
2. Арылу/Жою
Құрылғы өңделетін материалдан жасалған.
Бұл құрылғы Электрлік және электрондық
жабдықтардың қалдықтары (ЭЭЖҚ) туралы
2002/96/EC еуропалық нұсқауларға сәйкес
таңбаланған. Осы құрылғыдан дұрыс
арылуды қамтамасыз ету арқылы сіз
қоршаған ортаға және адамдардың
денсаулығына келтірілетін ықтимал кері
әсерді азайтуға көмектесе аласыз.
Құрылғыдағы немесе оған қоса берілетін
құжаттардағы мына белгі
осы
құрылғының тұрмыстық қалдық ретінде
тасталмауға тиіс екенін, электрлік және
электрондық жабдықты қайта өңдеуге
арналған арнайы жинау орталығына
тапсырылуға тиіс екенін білдіреді.
Құрылғыдан арылған кезде балалар ішіне
оңай кіріп қамалып қалмас үшін, оның
есіктерін, сөрелерін және қуат сымын
жарамсыз етіп кесіп тастаңыз.
Құрылғыдан арылған кезде, қалдықты
Сәйкестік сертификаты
• Бұл құрылғы тағам сақтау үшін
құрастырылған және № 1935/2004
Ережесіне (CE) сәйкес өндірілген.
• Бұл құрылғы төмендегі нұсқауларға
сәйкес жасақталған, жасап шығарылған
және нарыққа ұсынылған:
- 2006/95/CE “Төмен кернеу” нұсқауының
қауіпсіздік мақсаттары (ол 73/23/CEE
нұсқауын және туындайтын өзгерістерді
алмастырады); және 2006 жылдың 17
мамырындағы ЕУРОПАЛЫҚ ПАРЛАМЕНТ
ЖӘНЕ КЕҢЕСТІҢ 2006/42/EC
НҰСҚАУЫНДАҒЫ “машина жасау”
саласының қауіпсіздік қағидаларымен
біріктірілген.
- “EMC” 2004/108/EC Нұсқауының
қауіпсіздік талаптары.
• Құрылғының шығаратын дыбыс деңгейі 70
дБ(A) мөлшерінен аспайды.
5
Қуатты үнемдеу кеңестері
• Құрылғыны құрғақ, жақсы желденетін, кез
келген жылу көзінен алшақ (мысалға,
радиатор, пеш және т.б.) және күн көзі
тікелей түспейтін жерге орнатыңыз.
Қажет болса, оқшаулағыш тілімшені
қолданыңыз.
• Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін
орнату нұсқаулықтарын орындаңыз.
Құрылғыны қолданар алдында
Құрылғыны мүмкіндігінше дұрыс
пайдалану үшін, өнімнің сипаттамасы мен
пайдалы кеңестері жазылған жұмыс
істеу нұсқаулықтарын мұқият оқыңыз.
Болашақта қолдану үшін осы
нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
2. Тоңазытқыш айналымының толықтай
дайындығына сенімді болу үшін,
құрылғыны екі сағаттан соң ғана іске
қосыңыз.
3. Құрылғыны қолданбас бұрын ішін
тазалап алыңыз.
4. Бұл өнім тағам сақтағыш емес “тез
суытқыш” болғандықтан, ол тағам сақтау
үшін қолданыла алмайды. Таңдалған
бағдарлама аяқталғаннан соң, тағамды
алып шығып, тоңазытқышқа не
мұздатқышқа салу қажет.
1. Құрылғыны ашқаннан кейін, оның
зақымданбағанына және есігінің дұрыс
жабылатындығына көз жеткізіңіз. Кез
келген зақым жайлы, құрылғы
жеткізілгеннен кейін, сатушыға 24 сағат
ішінде хабарлау қажет.
Сақтық шаралары және жалпы кеңестер
немесе газдарды сақтамаңыз және
қолданбаңыз. Бұлар өрттің немесе
жарылыстың түрткісі болуы мүмкін.
• Мұз текшелерін немесе мұз таяқшаларын
мұздатқыштан алған бетте пайдалануға
болмайды, себебі олар үсік шалуға әкелуі
мүмкін.
• Кез келген техникалық қызмет көрсету
немесе тазалау жұмыстарын жүргізбес
бұрын, құрылғы істекшесін суырып, қуат
көзінен ажыратыңыз.
• Ішіне сұйықтық құйылған шыны
ыдыстарын мұздатқыш бөлімшесінде
сақтамаңыз, себебі олардың сынып кетуі
мүмкін.
• Қапталмаған тағамдарды мұздатқыш
бөлімшесінің ішкі бетіне тікелей
жанастырып сақтамаңыз.
• Егер мұздату кезінде есікті ашу қажет
болса немесе тағамды мұздатқыштан
алып шығу қажет болса, оның ішкі
қабырғалары мен мұздатылған
тағамдарды тікелей қолмен ұстамаңыз,
себебі қолыңызды үсітіп алуыңыз мүмкін.
ОРНАТУ
• Еденге (мысалы: паркет) зақым келтірмеу
үшін құрылғыны жылжытқан кезде сақ
болыңыз.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын
мейілінше мықты еденге және оның көлемі
мен қолданысына сай жерге түзу
орнатыңыз.
• Бұл құрылғы техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген климаттық
класқа сәйкес төмендегі ауқымдағы
температурасы бар жерлерде жұмыс
істеуге арналып жасалған. Құрылғы
көрсетілген ауқымнан тыс температурада
ұзақ уақыт қалып қойса, дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Климаттық класс
3
4
5
Орта температура Салыстырмалы
(°C)
ылғалдылық (%)
25
60
30
55
40
40
• Техникалық кестеде көрсетілген кернеу
мөлшері сіздің үйіңіздегі кернеуге сай
екеніне көз жеткізіңіз.
Егер жоғарыдағы кеңес пен сақтық
шаралары орындалмаса, Өндіруші
адамдарға, жануарларға немесе мүлікке
тиген зақым үшін жауапты болудан бас
тартады.
ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНЫС
• Осы немесе өзге де электр
құрылғыларының айналасында
жанармайды, тұтанғыш сұйықтықтарды
6
Шараппен танысу
Шарапты сақтау
Шарапты ұзақ уақыт сақтауға болатындығы бәрімізге жақсы
мәлім; егер қолайлы жерде сақталса, ақ шарапты жеміс
жиналғаннан кейін екі жыл бойы сақтауға болады, бірақ бір жыл
ішінде ішіп бітіру қажет. Жеңіл шараптарды екі жыл бойы
сақтауға болады, ал қаныққан қызыл шараптардың кейбіреуін он
жылға дейін сақтауға болса, қара жүзім шараптарын тіпті
жиырма жылға дейін сақтауға болады. Шарапты сатып алған
кезде оны бірден қоймаға немесе басқа қолайлы жерге қойыңыз.
Жүзімнің өсу, пісіп жетілу, оны жинау және одан шарап жасау
барысында үш фактор өте маңызды болып есептеледі: жарық,
ауа ылғалдығы және бөлме температурасы. Шарап дәмінің толық
жетіліп, өзінің хош иісін жоғалтпауы үшін, оны осы үш фактор мінсіз түрде
әрекеттесетіндей етіп сақтау қажет.
Сақтау орны
Қойма ретінде қолдануға болатын жер асты кеңістігі
әркімде бола бермейді. Технология классикалық шарап
қоймасын алмастыруға лайықты құрылғыны жақын
арада ғана ұсынды. Сіз сатып алған шарап қоймасы
шарапты орналастыруға және сақтауға арналған
ерекше құрылғы болып табылады. Негізінде бұл
құрылғы жемістерді, көкөністерді немесе қоспаларды
сақтауға арналмаған, тек қана сіздің сүйікті шарап
құмыраларын сақтау үшін арналған. Осылайша, қойма кеңістігі болмаса да, кез келген
шараптың түрін дұрыс сақтауға, жетілдіруге және рахаттанып ішуге болады.
Сақтау ережелері
Сіздің сүйікті құмыраларыңызды сақтаудың өте маңызды шартының бірі, ол - оларды
бүйіріне жатқызып немесе ішіндегі шарап тығынға тиетіндей етіп еңкейтіп қойыңыз. Көп
адамдар осы әрекет бәріне мәлім “тығын” иісін тудырады деп сенеді. Шын мәнісінде, шарап
пен тығынның жанасуы тығынның тығыздығын сақтауына көмектесіп, оның жарамдылығына
кепіл болады. Құмыраларды қолдануға оңай алуға, оны байқамай шайқап алудан сақтайды,
өйткені кез-келген діріл құмыраның тұнбасын бетіне көтеріп, оның түсуін күтуге
мәжбүрлейді, ол соңынан шараптың түсінің өзгеруіне әкеледі. Құмыраларды барынша аз
қозғап, шараптың тынығуына мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ, құмыралардың төменгі
қабырғамен жанасуына жол бермеңіз, өйткені ол тек жібіту барысының дұрыстығына ғана
емес, жібіту кезінде жиналатын су тамшыларының кесірінен заттаңбаның да зақымдануына
әкелуі мүмкін. Құмыраларды қоятын сөрелер ағаштан жасалуы тиіс, себебі ондай сөрелер
кез келген дірілді жақсы сіңіреді және суық шығаратын қабырғадан қорғайды.
Құмыраларды иісі қатты шығатын жерлерден немесе заттардан алшақ ұстау қажет, себебі
иістер шарапқа оңай жұғады.
Температура
Температура шараптың барлық кезеңдеріндегі өте маңызды фактор болып трабылады.
Шарап құмырада жетіліп жатқан кезде, оның жақсы дамуын температура анықтайды.
Сақтауға қолайлы ең жақсы жағдай 8 және 12°C аралығындағы тұрақты температура
болып табылады. Температурадағы жылдам және үлкен өзгерістерді болдырмау қажет:
тым жоғары температура сұйықтықтар көлемін ұлғайтады және шараптың жетілуін
тездетеді, ал тым суық температура (4 – 5°C төмен) шарап қышқылы тұзының бөлінуіне
әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде шараптың түсіне әсер етеді. Температура 0°C төмен түскен
жағдайда шарап мұздап, тығынның атылуы мүмкін.
Тығын
Тығын шарап құмырасының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады: өндіруші таңдаған
тығынның сапасы шараптың жетілуі үшін өте маңызды. Сатып алынатын құмыралардағы
тығынның мінсіз күйі, тек өндірушінің немесе құмыра жасау құрылғысының қолдану және
сақтау стандарттарына ғана байланысты болады.
7
Құмыраларды сақтау
Классикалық сақтау - 36 құмыра
Егер сіз шарап сақтау құмыраларын көрінетіндей және алуға оңай қылып
орналастырғыңыз келсе, біз сізге 36-құмыра конфигурациясын қолдануды ұсынамыз
(Бордо құмырасы, аралас Бордо құмырасы және Неміс үлгісіндегі құмыра). Әрбір 5 ағаш
сөресінің текшелеріне көп дегенде 6 құмырадан қойыңыз; қалған 6 құмыра қойманың
төменгі жағындағы қуыстарға орналастырылып, барлығы 36 құмыраны құрай алады.
Ағаш сөрелер құлыптау жүйесімен жабдықталған, ол құмыралардың жазатайым құлап
кетуінен сақтандырады. Үлкендеу құмыраларды(Неміс құмырасы) жантайтып бүйіріне
жатқызып қою керек.
Шампан құмыраларымен бірге сақтау.
Шампан құмыралар әдепкі құмыралардан үлкенірек болғандықтан, қойманың түбіне ең
көп дегенде 5 құмыра қоюға болады. Егер сіз Шампан құмыраларынан көбірек
сақтағыңыз келсе, онда 5-ші сөрені алып тастап, оларды қойманың түбіндегі
құмыралардың үстіне қарама-қарсы бағытта жатқызып қойыңыз. Осы әдіспен 9 Шампан
құмырасына дейін сақтауға болады.
Ағаш сөрелерін алып шығу
Ағаш сөрелерін алып шығу үшін төмендегідей жасаңыз:
1. Сөренің алдыңғы бөлігін қолмен ұстап тұрыңыз.
2. Сөрені барлық жолдың 1/3 бөлігіне дейін, өзіңізге қарай жайлап тарту арқылы алып
тастаңыз.
Егер бірнеше құмыра ғана қалса
Егер шарап қоймасын толтыратын жеткілікті құмыралар болмаса, оларды бос сөрелердің
барлық жағына таратып қою керек; барлығын сөрелердің үстіне немесе астына ғана
қоймаңыз. Оларды сыртынан оңай көру үшін, құмыралар барлық сөрелердің ортасына
таман орналасуы қажет.
8
Құмыраларды сақтау
Құмыраларды сақтаудың басқа да нұсқалары
СТАНДАРТ
36 құмыра
(100% бүйірінде)
5 сөре қолданылады
ҚОЙМА
44 құмыра (100% бүйірінде)
1 сөре қолданылады
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
42 құмыра
(50% бүйірінде және 50% тік)
3 сөре қолданылады
}
4 қатар (6x4)
МАКСИМУМ ҚОЙМА
46 құмыра (48% бүйірінде
және 52% тік)
1 сөре қолданылады
4 қатар (6x4)
{
ШАМПАН ҚҰМЫРАЛАРЫН САҚТАУ
Ешқашан сырғымалы сөрелердің бірнешеуін бір мезетте алып шықпаңыз.
9
Шараптарды құюдың ең жақсы температуралар кестесі
Кесте шарап құю кезіндегі температураның шамасын көрсетеді.
Егер шарапты қоймада орнатылған температурадан жоғары температурада құю керек
болса, оның жылуына қажетті уақыт өткенше шығарып қойыңыз.
17° C
Вердиккио
Барбареско
17° C
Трентино Ақ шарабы
11° C
Божоле
13° C
Франчикорта Ақ шарабы
11° C
Бароло
8° C
Құрғақ ақ шарап
17° C
Фриули шарабы
11° C
Рона шарабы
15° C
Құрғақ Ақ Луара шарабы
10° C
Ақ Құрғақ Бордо
Қызыл Бордо
Ақ Бургундия
11° C
Қызыл Бургундия
18° C
Брунелло
Луара ликер шарабы
17° C
Шампан
Кьянти Классика
8° C
6° C
16° C
Пассито ди Пантеллерия
6° C
Алқызыл Кот де Прованс
12° C
Құрғақ Тәтті Спуманте
6° C
Құрылғы сипаттамасы
1. Электронды Басқару Панелі
2. Сөрелі жоғарғы бөлімше
3. Алынатын бөлгіш (қара)
4. Төменгі бөлімше
5. Техникалық ақпарат тақтайшасы
10
8° C
7° C
Луара қызыл шарабы
14° C
Ликер жүзім шарабы
8-18° C
Винс Нова
12° C
Aз танинді Жеңіл Қызыл шарап
14° C
Қаныққан Қызыл шарап,
танинді
16° C
Құрылғымен жұмыс істеу
Құрылғыны қолдануға дайындау
Құрылғыны тоққа қосу
Құрылғыны іске қосу үшін істікшені енгізіңіз де, алдыңғы панелден температураны
реттеңіз. Құрылғының қосылғанын көрсететін жасыл сынақ шам жанады.
Өнімнің ішінде де шам болады, бірақ ол есік ашылғанда автоматты түрде қосылмайды,
оны басқару панелінен қажетті түймеге басу арқылы керегінше жағып алуға болады.
Температураны реттеу
Құрылғының дұрыс жұмыс жасауы үшін, біз температураны “Шараппен таныстыру”
бөлімінде айтылып кеткен талаптарға сай реттеп алуды ұсынамыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Бөлменің температурасы, есіктің ашылу жиілігі және құрылғының жайғасымы ішкі
температураға әсерін тигізуі мүмкін.
Басқару панелінің сипаттамасы
i
h
a)
b)
c)
d)
e)
f)
g)
h)
i)
e
g
f
b
d
a
c
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: құрылғы қосылған/өшірілген
құрылғының жұмыс істеуінің сынақ шамы
(+) температураны жоғарылататын түйме (max +18°C)
(-) температураны төмендететін түйме (min +6°C)
салқындатуды іске қосу сынақ шамы
қыздыруды іске қосу сынақ шамы
ішкі бөлімшедегі температура дисплейі
ішкі шам түймесі
ішкі шам сынақ шамы
Екі немесе жалғыз температура аймағымен жұмыс істейтін Қойма
Қойма екі температура аймағымен жұмыс жасауға арналған, бірақ, балама ретінде, сатып
алушының талабына орай, жалғыз аймақпен де жұмыс жасайды. Екі температуралы
жұмыс үшін қара құмыра ұстағыш сөрені төртінші сөренің (жоғарыдан бірінші болып
санағанда) рельсіне қойыңыз, содан соң жоғарғы бөлімшеге қажетті температураны
реттеңіз, бірақ, қажетті температураға жеткен кезде астыңғы бөлімшенің температурасы
реттелгеннен 6 градус жоғары болатынын есте сақтаңыз (астыңғы аймақтың
температурасы жеке реттелмейді).
11
Құрылғымен жұмыс істеу
Ескерту:
Шарапты дұрыс сақтау үшін термостаттың температурасын 10°C-ға (жоғары бөлімше)
қойсаңыз, 15 –16°C аласыз. Бір аймақтық температурамен жұмыс жасау үшін қара
құмыра ұстағыш сөре алынып, оның орнына қосымша сөре қойылады (орнатылған ағаш
түстес сөрелерге ұқсас). Қолданылмаған сөрені құрғақ әрі салқын жерде ұстаңыз, ол
ылғал мен басқа да атмосфералық агенттердің салдарынан зақым келіп, болашақта
жарамсыз болып қалудан сақтайды.
Температураны реттеу
Құрылғының температурасы өндіріс орнында реттелген және де ол 15°C (жоғарғы
бөлімше).
Қажет болғанда жоғарғы бөлімшенің температурасын төмендегідей өзгертуге болады:
1. Қуат көзіне қосылғанда, дисплей бөлімшенің ішіндегі температураны көрсетіп тұрады.
2. Бір секундтай (+) түймесін басып ұстап тұрыңыз; температура көрсеткіші жыпылықтай
бастайды.
3. Қажетті температура орнағанша (+) немесе (-) түймелерін басыңыз.
4. Көрсеткіштің тұрақты жануы үшін 5 секунд күтіңіз; температура орнатылды.
5. Температура өзгергенше күтіңіз және құмыраларды қоймаға салыңыз. Орнатылған
температура өз деңгейіне тезірек жетуі үшін және ішкі температура 24°C жоғары
болғанда, ішкі шам жанбайды (немесе уақытша өшеді).
Температураны орнату
Жоғарғы аймақ: төменгі аймақтың температурасы әдетте басқару дисплейінде
көрсетіледі.
Төменгі аймақ: төменгі аймақтың температурасын жеке реттеу мүмкін емес, бірақ әдетте
ондағы температура үстіңгі бөлімге қарағанда 5°- 6°C жоғары болады. Төменгі аймақтың
температурасын көру үшін жай ғана (-) түймесін бір секунд бойы бассаңыз, төменгі
аймақтың температурасы үш секундқа көрсетіледі.
Төменгі аймақтың температурасын тексеру үшін осы жұмысты бірнеше рет қайталауға
болады.
Бөлгішті алып тастап, жалғыз аймақтық температура жұмысын таңдаған кезде, ешбір
түймені баспай ақ, басқару дисплейінде көрсетілген температураны қараңыз.
12
Тазалау және күтіп ұстау
Кез келген күтіп ұстау немесе тазалау шарасын атқармас бұрын, құрылғы
істікшесін суырып, оны қуат көзінен ажыратыңыз.
Шарап қоймасы толықтай автоматты түрде ериді.
• Құрылғының ішіндегі артқы қабырғасында анда-санда пайда болатын су тамшылары
автоматты жібіту сатысын білдіреді. Жібітілген су автоматты түрде ағызба қуысына
ағып кетеді, содан кейін сауытқа жиналып буланады.
Қажет болса…
1. Шарап қоймасын түгел босатыңыз.
2. Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
3. Көгерудің, жаман иістердің және тотығудың пайда болуын болдырмас үшін
құрылғының есігін сәл ашық қалдыру керек (шамамен 3 – 4 см).
4. Құрылғыны тазалаңыз.
• Ішін жылы суға және/немесе бейтарап тазалау заттегіне малынған ысқышты қолданып,
тұрақты түрде тазалаңыз.
• Жұмсақ матаны пайдаланып шайыңыз және сүртіңіз. Абразивтерді қолданбаңыз.
• Сыртын ылғалды жұмсақ матамен сүртіңіз. Абразивті ұнтақты, ысқышты және дақ
кетіргішті (мысалы ацетон, трихлорэтилен) немесе сірке суын қолданбаңыз.
• Сыртқы әйнекті арнайы әйнек тазалағышын қолданып сүртіңіз, ал ішкі әйнекті жай
ғана дымқыл матамен сүртіңіз; шараптар сақталып тұрған жерлерде тазалағыш
заттарды қолданбаңыз.
Сөрені тазалау
Ағаш сөрелерін тазалау үшін дымқыл матаны қолданыңыз. Сөрені құрылғыдан алып
шыққан кезде төсеуді зақымдап алмаңыз. Есікті барынша айқара ашыңыз.
Жарық диодын ауыстыру
Жарық диодын ауыстыру үшін кепілдік қызметіне хабарласыңыз.
Жарық диоды жанып тұрған кезде оған қарамаңыз: көру қабілетіңізге зиян тиюі
мүмкін.
13
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын…
Жұмыс істеу мәселелерінің себептері көбінесе қарапайым болады және оларды ешбір
құралдарды қолданбай анықтауға және шешуге болады.
Құрылғының дыбыстар шығаруы қалыпты жағдай, себебі оның желдеткіштері мен
компрессорлары автоматты түрде қосылады және өшеді.
Кейбір дыбыстарды келесідей азайтуға болады:
• құрылғыны түзетіп қою және тегіс жерге орнату
• құрылғы мен бөлшектерді бөлек қою және олардың жанасуын болдырмау
• ішкі құрамдас бөліктердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу
• құмыралар мен сауыттардың жанаспай тұрғанына көз жеткізу.
Кейбір ықтималды жұмыс дыбыстары:
• құрылғы алғашқы рет немесе ұзақ уақыт қолданылмағаннан кейін қосылғандағы гуіл.
• салқындату сұйықтығы түтіктерге барған кездегі шалп еткен дыбыс.
• желдеткіш іске қосылғандағы ызың.
• компрессор іске қосылғандағы сыртылдаған дыбыс.
• компрессор қосылғандағы және өшкендегі күтпеген тықылдау.
Сіз осы дыбыстарды естігенде…
...құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын білдіреді!!!
14
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
1.
•
•
•
•
Құрылғы жұмыс істемей тұр.
Электр қуаты бар ма?
Істекше тоқ ұяшығына дұрыс сұғылып тұр ма?
Екі-полюсті электр желісі қосылып тұр ма?
Үйде орнатылған электр жүйесінің сақтандырғыш жабдықтары толық қанды жұмыс
істеп тұр ма?
• Қуат кабеліне зақым келген бе?
2.
•
•
•
•
•
Шарап қоймасының ішіндегі температура жеткілікті түрде суық емес.
Есік дұрыс жабылды ма?
Есіктің жабылуына құмыралар кедергі келтіріп тұр ма?
Құрылғы жылу көзінің жанында тұр ма?
Дұрыс температура таңдалды ма?
Желдету қуыстары арқылы өтетін ауа айналымы бөгеттеліп тұр ма?
3. Шарап қоймасының ішіндегі температура тым суық.
• Дұрыс температура таңдалды ма?
4. Құрылғы дыбысы тым қатты шығып тұр.
• Құрылғы дұрыс орнатылды ма?
• Артқы бөліктегі түтіктер жанасып тұр ма әлде дірілдеп тұр ма?
5. Құрылғының түбінде су бар.
• Су жібіткіштің ағызбасы бөгеттеліп тұр ма?
Кепілді қызмет көрсету
• құрылғының түрі және сериялық нөмірі
(ақпараттық кестеде берілген).
• ақаулық түрі.
• модель.
• Қызмет көрсету нөмірі (ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ нөмірі құрылғы ішіндегі
ақпараттық кестеде берілген).
• толық мекен-жайыңыз
• телефон нөміріңіз бен аймақтық индекс
Тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласпас бұрын…
Мәселенің шешілгенін не шешілмегенін
көру үшін құрылғыны қайта қосыңыз. Егер,
мәселе шешілмесе, оны қайта өшіріп,
шараны бір сағаттан кейін қайталаңыз.
Егер ақаулықтарды жою нұсқаулығында
тізімделген тексерістерді орындағаннан
кейін және құрылғыны қайта қосқаннан
кейін, ол сол қалпы дұрыс жұмыс
істемесе, тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласып, мәселені
сипаттап, келесідей ақпаратты беріңіз:
15
Орнату
• Құрылғыны сызбаларда көрсетілгендей,
ауа айналымы дұрыс жүретіндей етіп
құрастырыңыз.
• Осы шарап қоймасындағы есікті басқа
жаққа бағыттап орнатуға келмейді.
• Құрылғыны жылу көздерінен аулақ
жерге орнатыңыз.
• Құрылғыны ыстық бөлмеде, күн
сәулелері тікелей түсетін жерге немесе
жылу көздерінің жанында (радиаторлар,
пештер) орнату қуат қолданысын
ұлғайтады және олайша орнатылмауы
тиіс.
• Бұлайша істеу мүмкін емес болған
жағдайда, кем дегенде келесідей бөліп
қою қажет:
- көмір немесе май пештерден 30 см;
- электр немесе/және газ пештерден
30см.
• Оны таза әрі жақсы желдетілетін жерде
орнатыңыз.
• Ішін тазалаңыз (“Тазалау және күтіп
ұстау” тарауын қараңыз).
• Берілген жабдықтарды орнатыңыз.
16
Орнату
555
17
Орнату
A) Ас үй жабдықтарының немесе шкафтардың жанына орнату
Есіктің 90° ашылуын қамтамасыз етіңіз, өнімді кез келген іргелес тұрған ас үй
жабдықтары/шкафтар немесе электр құрылғыларының бүйіргі шеттері мен есіктері
арасында кем дегенде 3,5 мм ара қашықтық сақталатындай етіп орнатыңыз (1 сызбада
көрсетілгендей).
ШКАП ЕСІГІ
ШЕТІ
ШКАП ЕСІГІ
Сурет 1
B) Қабырға жанында орнату
Есіктің 90° ашылуын қамтамасыз етіңіз, өнімді іргелес тұрған қабырғаның бүйірі арасында
кем дегенде 60 мм ара қашықтық сақталатындай етіп орнатыңыз (2 сызбада
ҚАБЫРҒА
60 mm
ШЕТІ
Сурет 2
көрсетілгендей).
18
Электр тоғына жалғау
• Электр тоғына қосу шаралары жергілікті ережелерге сай жасалуы тиіс.
• Кернеу мен қуатты тұтыну жайлы деректер құрылғының ішіндегі ақпараттық кестеде
берілген.
• Құрылғыны жерге тұйықтау заң бойынша міндеттелген.
• Жоғарыда берілген ережелерді орындамаудың нәтижесінде адамдарға, жануарларға
немесе заттарға тиген зақымға өндіруші жауапты болудан бас тартады.
• Егер істікше мен ұяшық бір тектес болмаса, ұяшықты білікті электр жөндеушіге
ауыстырғызыңыз.
• Ұзартқыштарды немесе бірнеше беймдеуіштерді қолданбаңыз.
Электр тоғынан ажырату
Электрден ажырату істікшелерді суыру арқылы немесе ұяшықтың жоғары жағында
орналасқан 2-полюсті желі ауыстырғышы арқылы мүмкін болу керек.
19
n
Италияда басып шығарылған
r 05/16
400010895006
KK
">
/
Télécharger
Juste un petit rappel. Vous pouvez consulter le document ici même. Mais surtout, notre IA l''a déjà lu. Il peut expliquer des choses complexes en termes simples, répondre à vos questions dans n''importe quelle langue et vous aider à naviguer rapidement même dans les documents les plus longs ou les plus compliqués.
Publicité
Fonctionnalités clés
Built-in
39 dB
100 W
260 kWh
Built-in display