Electrolux ERA40633X Basic Guide
PDF
เอกสาร
โฆษณา
โฆษณา
Қолдану туралы нұсқаулары Тоңазытқыш-мұздатқыш ERA36633X ERA40633X 2 electrolux Electrolux. Thinking of you. Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com вебсайтынан танысыңыз. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді. Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс. Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет. • Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар. • Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз. • Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз. Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды. Жалпы қауіпсіздік Сақтандыру туралы ескерту! Желдеткіш саңылауларды бітемей ұстаңыз. • Бұл құрылғы тек үйде ғана қолдануға арналып жасалған. • Бұл құрылғы тағам және/не сусындарды тұрмыстық жағдайда, нұсқаулық кітапшада көрсетілгендей сақтауға арналған. • Механикалық затты пайдалану немесе жасанды затты қолдану арқылы жібіту үрдісін тездетпеңіз. • Тоңазытқыштың ішіне, өндірушісі осы мақсатта қолдануға болады деп арнайы көрсетпесе, басқа электр құрылғыларын (мысалы, балмұздақ жасайтын құрылғы) салып пайдалануға болмайды. • Тоңазытқыш сұйық жүретін контурға зақым келтірмеңіз. • Құрылғының тоңазытқыш сұйық айналатын контурында, қоршаған ортаға зиянсыз болып табылатын, бірақ тұтанғыш келетін табиғи газ - тоңазытқыш изобутан(R600a) бар. Құрылғыны тасымалдағанда және орнатқанда, оның тоңазытқыш контурының ешбір бөлігіне нұқсан келмегеніне көз жеткізіңіз. Егер тоңазытқыш контурға нұқсан келсе: – ашық от немесе тұтанып кететін заттардан сақ болыңыз – құрылғы орнатылған бөлмені мұқият желдетіңіз • Бұл құрылғының сипатына өзгеріс енгізу немесе оны қандай да бір жолмен өзгерту қауіпті. Сымның бір жері бүлінсе, электр тоғы қысқа тұйықталып, өрт шығып және/ немесе электр қатеріне ұшырап қалу қаупі бар. Назарыңызда болсын! Электр бөлшектерінің кез келгенін (қорек сымы, аша, компрессор) тек ғана уәкілетті қызмет көрсету маманы немесе білікті маман ауыстыруға тиіс. 1. Қорек сымын ұзартуға болмайды. 2. Розеткаға жалғанатын ашаның, құрылғы артында жаншылып немесе electrolux 3 • • • • бүлініп қалмағанын тексеріңіз. Жаншылып немесе бүлініп қалған аша қатты қызып кетіп, өрт қатерін тудыруы мүмкін. 3. Құрылғы ашасының қол жетерлік жерде болуын қамтамасыз етіңіз. 4. Қорек сымын тартпаңыз. 5. Егер аша сұғылатын розетка босап қалса, оған ашаны сұқпаңыз. Электр қатеріне ұшырау немесе өрт шығу қаупі бар. 6. Шамның қақпағы орнында болмаса, құрылғыны іске қосуға болмайды 1) қақпағы бар болса. Бұл құрылғының салмағы ауыр. Құрылғыны жылжытқанда абай болу керек. Қолыңыз дым/су болса, тоңазытқыш камерасында тұрған заттарды алмаңыз, бұл терінің үсіп немесе зақымданып қалуына әкеліп соғады. Күн сәулесінің құрылғыға ұзақ уақыт тікелей түсуіне жол бермеңіз. Осы құрылғыдағы шамдар 2) — тек үй құрылғылары үшін пайдаланылуға арналған арнайы шамдар. Оларды үйді жарықтандыру үшін қолдануға болмайды. Күнделікті қолдану • Құрылғының пластик бөліктеріне ыстық кәстрөл қоймаңыз. • Тұтанғыш газ бен сұйықтарды тоңазытқыш ішінде ұстамаңыз, себебі олар жарылып кетуі мүмкін. • Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығаратын саңылауға тура қарама-қарсы орналастырмаңыз. 3) • Мұздап тұрған тағамды бірден жібітіп алғаннан кейін қайта мұздатуға болмайды. • Орамы бар мұздатылған тағамды, аталмыш өнімнің өндірушісінің нұсқауларына сай сақтаңыз. • Құрылғы өндірушісінің тағам сақтауға қатысты нұсқауларын мұқият орындау қажет. • Газдалған сусындарды тоңазытқыш камераға салмаңыз, себебі сусын сауытына қысым түсіп жарылып кетуі, нәтижесінде құрылғыға зиян келуі мүмкін. • Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте жесе, тілді қарып кетуі мүмкін. Күтім көрсету және тазалау • Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр желісіндегі розеткадан суырып алыңыз. Егер желідегі розеткаға қолыңыз жетпесе, электр қуатын өшіріп қойыңыз. 1) Егер ішкі жарықтама шамының 2) Егер шам қойылған болса 3) Құрылғыға қырау тұрмаса • Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, іші мен барлық ішкі керек-жарақтарын, аздап нейтрал сабын қосылған жылы сумен жуып, ондағы әдетте жаңа затқа тән келетін иісті кетіріңіз, содан кейін мұқият құрғатыңыз. • Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз. • Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты пайдаланыңыз. • Құрылғы мұзын жылдам еріту үшін ешқашан шаш кептіргіш немесе басқа қыздырғыш құрылғыларды қолданбаңыз. Артық қызу құрылғының ішкі пластик бөлшектерін бүлдіруі мүмкін, және электр жүйесіне ылғал кіріп, оның бойына тоқ жүгіруіне себеп болуы мүмкін. • Тоңазытқыштағы еріген суды ағызуға арналған саңылауларды мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса, тазалап отырыңыз. Су ағатын саңылау бітелсе, еріген су құрылғының астына жиналады. Орнату Өте маңызды! Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият орындаңыз. • Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз. • Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде екі сағат күтіңіз. • Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты нұсқауларды орындаңыз. • Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор) ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз. • Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды. • Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын қамтамасыз етіңіз. • Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз. 4) 4 electrolux Қызмет • Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам жүзеге асыруға тиіс. • Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс. материалдарында да озон қабатына зиян келтіретін газдар жоқ. Бұл құрылғыны тұрмыстық қалдық пен қоқыстар тасталатын жерге тастауға болмайды. Оның изоляция қабаттамасында тұтанғыш газдар бар: құрылғыны жергілікті құзырлы мекемелерден алынатын жарамды ережелерге сай тастау қажет. Салқындатқыш құралға, әсіресе оның қызу алмастырғышқа жақын артқы бөлігіне зиян келтірмеңіз. Құрылғыда пайдаланылған белгішесімен белгіленген материалдар қайта өңдеуден өткізуге жарайды. Қоршаған ортаны қорғау Бұл құрылғының салқындатқыш сұйығының құрамында да, изоляция БАСҚАРУ ПАНЕЛІ A B C D E A - Құрылғының ON/OFF (қосу/ажырату) түймешігі D - Функция түймешігі B - Температураны реттеу түймешігі E - Құптау түймешігі C - Температура мен функция индикаторы Бейнебет 10 9 8 1 7 2 3 6 4 5 1 Температура индикаторы. 6 Таймер функциясының индикаторы. 2 Асқын температура туралы ескерту. 7 Оң немесе теріс температура индикаторы. 3 FreeStore функциясының индикаторы. 8 Мұздату функциясының индикаторы. 4 Шопинг функциясының индикаторы. 9 Камера индикаторы. 5 Балалар құлпы функциясының индикаторы. 10 Эко режимі функциясының индикаторы. Алғаш рет Іске қосу Ашаны розеткаға сұққаннан кейін, егер бейнебет жанбаса, (A) пернесін басыңыз, сонда құрылғы іске қосылады. Құрылғы іске қосылғаннан кейін ол ескерту күйінде болады, температура жыпылықтап, ызылдаған дыбыс естіледі. 4) Су жүйесіне қосу қарастырылған ба (E) пернесін басыңыз, сонда ызыл тоқтайды да (сондай-ақ "асқын температура туралы белгішесі әлі ескерту" бөлімін қараңыз), жыпылықтап тұрады, және ең жылы температураға жеткенін көрсететін индикаторы пайда болады. electrolux 5 Тағамды сақтау үшін эко режимі функциясын таңдаңыз, ол мына температуралардың орнатылуын қамтамасыз етеді: тоңазытқышта +5°C мұздатқышта -18°C • Мұздатқыш камераға тағамды салмас бұрын ішкі камераның температурасы -18°C мәніне жеткенше күтіңіз. • Басқа температураны таңдау үшін "Температураны реттеу" тарауын қараңыз. Өшіру Құрылғы (A) пернесін 1 секундтан астам басу арқылы өшіріледі. Осы кезде температураның -3 -2 -1-ден басталатын кері санағы көрсетіледі. Функциялар мәзірі (D) пернесін іске қосу арқылы функциялар мәзірі жұмыс істейді. Әр функцияны (E) түймешігін басу арқылы құптауға болады. Егер бірнеше секундтан кейін құптау берілмесе, бейнебет мәзірден шығады да, қалыпты күйге оралады. Төмендегі функциялар көрсетіледі: Тоңызытқыш бөлікті таңдау Мұздатқыш бөлікті таңдау Эко режимі функциясы FreeStore функциясы Шопинг функциясы Балалар құлпы функциясы Сусын салқындату функциясы Мұздату функциясы Температураны реттеу Камераны таңдау үшін (D) пернесін басыңыз да, қажетті температураны орнату үшін (B) пернесін басыңыз. Таңдауыңызды растау үшін (E) пернесін басыңыз. Температура индикаторы орнатылған температураны көрсетеді. Таңдалған температура 24 сағат ішінде орнайды. "H" демалыс функциясы Демалыс функциясы температураны + 15°C мәніне орнатады. Бұл функция ұзақ демалыста (мысалы, жазғы демалыс) болған кезде, жағымсыз иіс пайда болмастан тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға мүмкіндік береді. Демалыс функциясын іске қосу үшін таңдалған температураны өзгерткен сияқты әрекет етіңіз. Температура индикаторы бейнебеттегі температураны + 8 °C мәніне дейін, әр кез 1 ° градустан өзгерте алады. + 2 °C мәнінен кейін "H " әрпі шығады. Растау үшін E пернесін басыңыз. Енді тоңазытқыш "демалыс" функциясында, қуат үнемдеу режимінде тұрады. Өте маңызды! Демалыс функциясы іске қосулы тұрғанда, тоңазытқыш камерасы бос болуға тиіс. Балалар құлпы функциясы Балалар құлпы функциясы (D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басу арқылы (қажет . болса бірнеше рет) іске қосылады Таңдауыңызды бірнеше секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы құптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Осы күйде пернелер арқылы жасалған кез келген әрекет ешқандай өзгеріс тудырмайды, себебі осы функция іске қосулы. Бұл функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады. Шопинг функциясы Жылы тағамды көп мөлшерде, мысалы, азықтүлік дүкенінен келген бетте салғыңыз келсе, тағамдарды неғұрлым тез тоңазыту үшін, әрі тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп кетпес үшін Шопинг функциясын іске қосуды ұсынамыз. Шопинг функциясы(D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басу арқылы (қажет . болса бірнеше рет) іске қосылады. Таңдауыңызды бірнеше секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы құптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Шопинг функциясы шамамен 6 сағат уақыт өткенде автоматты түрде өшеді. Бұл функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады. Эко режимі функциясы (D) (қажет болса бірнеше рет) пернесін тиісті . белгіше көрсетілгенше басыңыз Таңдауыңызды растау үшін (E) пернесін басыңыз. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Бұл күйде температуралар автоматты түрде (+ 5°C және - 18°C) тағам сақтауға ең жақсы қалыпта орнатылады. Функцияны ажырату камералардың біріне басқа температураны орнатыңыз. FreeStore функциясы (D) (қажет болса бірнеше рет) пернесін тиісті белгіше көрсетілгенше басыңыз 6 electrolux Таңдауыңызды растау үшін (E) пернесін басыңыз. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Өте маңызды! Егер функция автоматты түрде іске қосылса, FreeStore белгішесі көрсетілмейді ("Күнделікті пайдалану" тарауын қараңыз). FreeStore функциясы іске қосылғанда қуат тұтыну көлемі артады. Мұздату функциясы Мұздатқыш камера сату үшін мұздатылған және терең мұздатылған тағамды ұзақ мерзімге сақтау үшін және жас тағамды мұздату үшін қолайлы. 24 сағаттан кейін мұздайтын тағамның ең үлкен мөлшері ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Ақпарат тақтайшасында көрсетілген тағам мөлшерін мұздату үшін тағамды тікелей суытқыш қабатқа (суырманы немесе себетті алып тастаңыз) қойыңыз. Тағам суырмалардың не себеттердің ішінде мұздатылған жағдайда, ең үлкен көлемі сәл азаяды. Жас тағамдарды мұздату үшін Мұздату функциясын іске қосу керек. (D) пернесін индикаторы (қажет болса бірнеше рет) пайда болғанша басыңыз. Таңдауыңызды бірнеше секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы құптау керек. ызылдаған дыбыс естіледі де, бейнебетте сызықтары бар қимыл көрсетіледі. 24 сағаттық алдын ала суыту кезеңінен кейін тағамды мұздатқышқа салыңыз. бөлікке Мұздатылуға тиіс тағамды салыңыз, себебі ол ең суық жер. Мұздату үдерісі 24 сағатқа созылады. Осы уақыт ішінде мұздатқышқа басқа тағам салмаңыз. Бұл функция 52 сағат өткенде автоматты түрде тоқтайды. Функцияны кез келген уақытта (D) пернесін индикаторы жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады. Сусын салқындату функциясы Сусын салқындату функциясы шөлмектерді мұздатқыш камераға қойғанда қауіпсіздік құралы ретінде қолданылады. Бұл функция (D) пернесін тиісті белгіше пайда болғанша басқанда (қажет болса бірнеше рет) іске қосылады . Таңдауыңызды бірнеше секунд ішінде (E) пернесін басу арқылы құптау керек. Ызылдаған дыбыс естіледі де, белгіше жанып тұра береді. Осы күйде бұл таймерді 30 минуттық бастапқы мәні бойынша іске қосады және оны 1 минуттан 90 минутқа дейін өзгертуге болады, (B) пернесін басу арқылы қажетті минут санын таңдайсыз. Таңдалған уақыт аяқталған кезде келесі белгілер көрсетіледі: • индикаторында белгішесі жыпылықтайды • белгішесі жыпылықтайды • белгішесі жыпылықтайды • (E) пернесі басылғанша дыбыстық сигнал естіледі Осы кезде мұздатқыш камерадағы сусындарды алуды ұмытпаңыз. Бұл функцияны кез келген уақытта (D) пернесін тиісті белгіше жыпылықтағанша басып, содан кейін (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады. Асқын температура туралы ескерту Камерадағы температураның артуы (мысалы, электр қуаты үзіліп қалуы себепті) төмендегілер арқылы көрсетіледі: • жыпылықтаған температура • мұздатқыш камера жыпылықтайды • жыпылықтаған белгіше: • ызылдаған дыбыс естілуі Қалыпты жағдайлар қалпына келгенде: • дыбыстық сигнал тоқтайды • температура мәндері жыпылықтай береді ескерту сигналын ажырату үшін (E) пернесін басқанда, камерадағы ең жоғары температура индикаторында бірнеше секундқа пайда болады. Содан кейін таңдалған камераның температурасын көрсетіп, қалыпты жұмыс күйіне оралады. Ескерту сатысында ызылдаған дыбысты (E) пернесін басу арқылы ажыратуға болады. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ Ішін тазалау Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият құрғатыңыз. Өте маңызды! Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына зиян келтіреді. electrolux 7 ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ Мұздатылған тағамды сақтайтын камера Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде, камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз. Жылжымалы сөрелер Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді қажетті қатарға орналастыруға арналған бірнеше бағыттағыш жолдар бар. Өте маңызды! Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет. Жібіту Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме температурасында жылытуға болады. Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады. FreeStore Тоңазытқыш камера тағамдарды жылдам суытып, камера ішіндегі температураны барынша біркелкі ұстауға көмектесетін құралмен жабдықталған. Бұл құрал қажетті болғанда өздігінен іске қосылады, мысалы есік ашылғаннан кейін немесе бөлме температурасы жоғары болған кезде температураны жылдам қалпына келтіреді. Қажет болғанда құралды қолмен қосуға мүмкіндік береді ("FreeStore функциясы" тарауын қараңыз). Өте маңызды! FreeStore құралы есік ашық кезде тоқтайды да, есік жабылғаннан кейін дереу іске қосылады. Бөтелке сөресі Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала орналастырылған сөреге қойыңыз. Өте маңызды! Сөре көлденең орналастырылған болса, тек жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз. Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы бөтелке сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай бұрып, келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға болады. 8 electrolux FreshZone тартпа Тартпа FreshZoneбалық, ет, теңіз өнімдері сияқты жас тағамдарды сақтауға қолайлы, себебі бұл жердің температурасы, тоңазытқыштың басқа жеріндегі температурадан төмен. Есіктің сөрелерін орналастыру Әр түрлі көлемде оралған тағамдарды орналастыру үшін, есіктегі сөрелерді әр түрлі биіктікке қоюға болады. Бұл істеу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз: сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша орнынан шыққанша ақырын тартыңыз да, содан соң қажетті орынға қойыңыз. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР Қалыпты жұмыс шуылы • Тоңазытқыш сұйық түтікшелер арқылы аққан кезде, сылдыраған немесе көпіршіген тәрізді әлсіз шуыл естілуі мүмкін. Бұл дұрыс. • Компрессор қосылып тұрған кезде, тоңазытқыш сұйық жан-жаққа таралады да, компрессордан сылдырлаған, сондайақ дірілдеген дыбыс естисіз. Бұл дұрыс. • Жылу әсерінен кеңею кезінде кенет тырстырс еткен шуыл естілуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай, қауіпті физикалық құбылыс емес. Бұл дұрыс. electrolux 9 КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ Сақтандыру туралы ескерту! Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз. Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да, жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға тиіс. Тоңазытқыш қырауын еріту Құрылғыны қалыпты пайдалану кезінде тоңазытқыш камерасының буландырғышындағы қырау, мотор компрессоры тоқтаған сайын автоматты түрде жойылып отырады. Еріген су құрылғының артындағы, мотор компрессорының үстіндегі арнайы контейнердегі түтікше арқылы жиналады да, осы жерде буға айналады. Су тасып төгіліп тамақтардың үстіне ақпас үшін тоңазытқыш ортасындағы каналдағы еріген суды ағызатын тесікті мезгіл-мезгіл тазалап отырған дұрыс. Арнайы берілген тазалағышты пайдаланыңыз, оны су ағызатын тесіктен таба аласыз. • электр ашасын жардағы розеткадан суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз • ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге қойыңыз • мұздартқыштың тартпаларын алыңыз • тартпалардың айналасына жылу өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы, жамылғылар немесе газеттер. Мұздатқыштың мұзын ерітуді ішіне ыстық су (қайнап тұрмаған) құйылған тостағандарды қою арқылы жылдамдатуға болады. • Ағызу арнасын бекітілген күйінен босатыңыз, оны суретте көрсетілгендей басыңыз және оған су жиналуы үшін мұздатқыштың төменгі тартпасына салыңыз • ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса қырғышты пайдаланыңыз • барлық мұз еріген кезде, камераны тазалаңыз және құрғата сүртіңіз, содан кейін ағызу арнасын өз орнына қойыңыз. • камераны қосыңыз және мұздатылған тағамдарды қайта салыңыз. Жеткілікті сақтау температурасына тез арада жетуі үшін құрылғыны термостатты бақылау тетігін бірнеше сағатқа ең жоғарғы күйге қойып пайдалану ұсынылады. Мұздатқыш камераның мұзын еріту Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде қырау әрқашан жиналады. Мұздатқыш камераның қырауының қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде, оны жібітіңіз. Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз: Өте маңызды! Буландырғыштағы қырауды ешқашан өткір металл қырғышпен қырмаңыз, оны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Мұзды жылдам еріту үшін өндіруші ұсынған құралдардан өзге механикалық немесе басқа жасанды заттарды ешқашан қолданбаңыз. Құрылғының мұзын еріту кезінде, оралып мұздатылған тағамдардың температурасының жоғарылауы олардың қауіпсіз сақталу мерзімін қысқартуы мүмкін. 10 electrolux ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА ERA36633X ERA40633X Өлшемі Биіктігі 1850 мм 2010 мм Ені 595 мм 595 мм Тереңдігі 648 мм 648 мм 20 сағ 20 сағ Температураны көтеру уақыты Техникалық ақпарат құрылғының ішкі сол жағында орналасқан техникалық ақпарат тақтайшасында және қуат мәндері берілген жапсырмада көрсетілген. Орналастыру Бұл құрылғыны температурасы құрылғының техникалық ақпараттар тақтайшасында көрсетілген климат санатына сай келетін жерге орналастыру қажет: Климат санаты Қоршаған орта температурасы SN +10°C бастап + 32°C дейін N +16°C бастап + 32°C дейін ST +16°C бастап + 38°C дейін T +16°C бастап + 43°C дейін Орналасуы Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер, тура түскен күн жарығы сияқты жылу көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату қажет. Құрылғының артқы жағында ауаның еркін айналып тұруын қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы қабырғаға ілулі заттың астына қойылса, құрылғының үсті мен қабырғаға ілулі заттың арасында кем дегенде 100 мм орын қалуға тиіс. Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны қабырғаға ілінетін заттың астына қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының астындағы бір немесе бірнеше аяғын реттеу арқылы оны бір деңгейлеп орнатуға болады. Назарыңызда болсын! Құрылғыны электр желісінен ағытатындай етіп орналастыру керек; сондықтан оны орнатқаннан кейін оның ашасы қол оңай жететін жерде тұруға тиіс. A B 20 mm Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны орнатпай тұрып "Қауіпсіздік туралы ақпаратты" жеке басыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін мұқият оқып шығыңыз. 100 mm min ОРНАТУ Электр желісіне жалғау Электр желісіне қоспас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу мен жиіліктің үйдегі электр желісінің қуатына сай келетіндігін тексеріп алыңыз. Құрылғы жерге қосылуға тиіс. Осы мақсатта қорек сымы контактпен қатар жеткізілген. Егер үйдегі розетка жерге қосылмаған болса, білікті электр маманынан ақыл-кеңес ала отырып, құрылғыны қолданыстағы ережелерге сай жерге жекелей қосыңыз. Жоғарыда айтылып өткен ережелер сақталмаса, өндіруші қандай да бір жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартады. Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай келеді. Артқы шығыршықтар Нұсқаулық салынған қалтаның ішінде, суретте көрсетілгендей орнатылатын екі шығыршық бар. Бұрамаларды босатыңыз да, ұшына тығыздағышты салып қайтадан қатайтыңыз. electrolux 11 2 1 3 Деңгейлеу Құрылғыны орналастырған кезде орнықты болуын қадағалаңыз. Оны алдының төменгі жағындағы реттемелі екі аяғының көмегімен орнықты етуге болады. Есіктің ашылатын жағын өзгерту Назарыңызда болсын! Қандай да бір жұмысты іске асырмас бұрын ашаны электр розеткасынан суырыңыз. Өте маңызды! Төмендегі әрекеттерді жүзеге асыру үшін біз тағы бір адамның болуын ұсынамыз, ол жұмыс барысында құрылғының есіктерін мықтап ұстап тұрады. Есіктің ашылатын бағытын өзгерту үшін мына қадамдарды жасаңыз: 1. Есікті құрылғымен бірге тігінен ашып қойыңыз. Бұрандаларды (t1) ағытып алыңыз да, үстіңгі есіктің пластмасса жақтауын (t2) алыңыз. Есікті жабыңыз. Сөре тіреуіштерін алу Құрылғы тасымал кезінде сөрелерді орнынан жылжыптай ұстауға арналған тіреуіштермен жабдықталған. Тіреуіштерді алу үшін мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Сөре тіреуіштерін көрсеткі(A) бағытымен жылжытыңыз. 2. Сөрені артқы жағынан көтеріңіз де, әбден босағанша алға итеріңіз (B). 3. Тіреуіштерді алыңыз(C). t1 t1 t1 t2 t3 d7 2. Есіктің пластмасса жақтауының кішкене пластмасса қақпағын алыңыз да, қарсы жағына орналастырыңыз (t3). 12 electrolux 3. Панельді (t4) алыңыз. Қажет болса, өте абайлап бұрағышты пайдаланыңыз. Екінші жақтағы бұранданы босатып алыңыз. Үстіңгі есіктің бекітпесін (t5) алыңыз. Оларды бос пластик қапшыққа салыңыз. m1 m5 m2 m6 t4 t5 4. Үстіңгі есікті ағытып алыңыз. 5. Бұранданы ағытып алып, есіктің тығырығын (d1) алыңыз. Оны қарсы жағына бекітіңіз. d1 m3 m4 8. Аралық шектегішті (m6) алыңыз да, топса өзегінің (m5) екінші жағына ауыстырыңыз. 9. Сайманның көмегімен қақпақты (b1) алыңыз. Астыңғы топса өзегін (b2) және аралық шектегішті (b3) бұрап алыңыз да, қарсы жағына салыңыз. 10. Қақпақты (b1) қарама-қарсы жаққа орнатыңыз. b1 6. Ортаңғы топсаны (m2) бұрап алыңыз. Пластмасса аралық шектегішті (m1) алыңыз. 7. Астыңғы есікті ағытып алыңыз. b2 b3 11. Тығырықтарды (d1) алыңыз да, есіктің екінші жағына ауыстырыңыз. 12. Ортаңғы топсаның (m3,m4) сол жақ қақпақ істікшесін алыңыз да, екінші жағына ауыстырыңыз. 13. Ортаңғы топсаның істікшесін (m5) астыңғы есіктің сол жақ тесігіне салыңыз. 14. Астыңғы есікті бұрылмалы істікшеге (b2) қайта орнатыңыз. electrolux 13 15. Ортаңғы топсаны (m1) қарама-қарсы жаққа орнатыңыз. Ортаңғы топсаның астына салынған пластмасса шектегішті (m2) ұмытпаңыз. 16. Үстіңгі есікті ортаңғы топсаға (m5) қайта орнатыңыз. Есіктердің жиектерінің құрылғының бүйір жиегімен қатарлас келетіндігін тексеріңіз. 17. Үстіңгі топсаны қарама-қарсы жаққа салып, бекітіңіз (t6) (оларды пайдаланушы нұсқаулығы салынған қапшықтан таба аласыз). t6 t7 18. Панельді (t7) салыңыз (оны пайдаланушы нұсқаулығы салынған қапшықтан таба аласыз). 19. Үстіңгі есікті ашыңыз да, үстіңгі қақпақты (t2) бұрандалардың (t1) көмегімен бекітіңіз. Магнитті (d7) салыңыз. Есікті жабыңыз. 20. Құрылғыны орнына қойыңыз, деңгейін реттеңіз, кем дегенде төрт сағат уақыт өткеннен кейін электр желісіне жалғаңыз. Төмендегілерді тексеріңіз: • барлық бұрандалардың қатайтып бұралғанын. • Магнитті тығыздауыштың қаптамаға жабысқанын. • Есіктің дұрыс ашылып-жабылатынын. Егер бөлме температурасы салқын болса (мысалы, қыста), тығыздағыш қаптамаға дұрыс келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тығыздағыш өздігінен дәл келгенше күтіңіз. Егер жоғарыда аталған жұмысты атқарғыңыз келмесе, жақын жерде орналасқан қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығының маманы есіктің орнын төлемақыға ауыстырып береді. ҚОРШАҒАН ОРТА МӘСЕЛЕЛЕРІ Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз. 14 electrolux electrolux 15 www.electrolux.com/shop 210621397-A-252010 925032175 925032493 ">
/
ดาวน์โหลด
ขอแจ้งให้ทราบ คุณสามารถดูเอกสารได้ที่นี่ แต่ที่สำคัญที่สุดคือ AI ของเราได้อ่านแล้ว สามารถอธิบายสิ่งที่ซับซ้อนด้วยคำศัพท์ง่ายๆ ตอบคำถามของคุณในทุกภาษา และช่วยคุณนำทางเอกสารที่ยาวหรือซับซ้อนที่สุดได้อย่างรวดเร็ว
โฆษณา