Aeg-Electrolux F88015IM Пайдаланушы нұсқаулығы


Add to my manuals
36 Pages

advertisement

Aeg-Electrolux F88015IM Пайдаланушы нұсқаулығы | Manualzz
FAVORIT 88015 I
Қолдану туралы
нұсқаулары
Ыдыс жуғыш
машина
2
Мазмұны
Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға
алғысымызды білдіреміз.
Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете
меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет
жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты
сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға
берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
Мазмұны
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Дұрыс пайдалану
Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Бала қауіпсіздігі
Орнату
Бұйым сипаттамасы
Басқару панелі
Сандық бейнебет
Функция түймешіктері
Параметрлерді орнату күйі
Бірінші қолдану
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Қолмен баптау
Электрондық тәсілмен баптау
3
3
3
4
4
4
5
6
7
7
7
8
8
9
9
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
10
Шаю бұйымдары
11
Шайғыш заттың қосылу мөлшерін
баптау
12
Әркүндік қолдану
12
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
12
Астыңғы себет
13
Ас құралдарына арналған қорапша
14
Үстіңгі себет
15
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
16
Тазалау бұйымдарын қолдану
17
Жуғыш затты салу
17
Мульти таб функциясы
18
Multitab функциясын белсенді күйге
көшіру/ажырату
19
Жуу бағдарламалары
20
Жуу бағдарламасын таңдау және
бастау
22
Ыдыс жуу машинасын босату
23
Күту менен тазалау
24
Сүзгілерді тазалау
24
Бүріккіш түтіктерді тазалау
25
Сыртын тазалау
25
Ішін тазалау
25
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
25
Мұздап кетуден сақтау
26
Машинаны көшіру
26
Не істерсіңіз, егер...
26
Техникалық сиппатама
28
Орнату туралы нұсқаулар
29
Орнату
29
Іргелес орналасқан заттарға
жанастыра бекіту
29
Тіктеп орнату
29
Суға қосу
30
Су келетін құбырды жалғау
30
Қауіпсіздік клапаны бар су келетін
түтік
30
Су келетін түтікті жалғау
31
Электртоғына қосу
32
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар
32
Орам материалдары
3
33
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Ыдыс жуғыш машинаны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз
қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға
арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде кеңестері мен ескертулеріне
назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны пайдаланатын адамдардың
барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу
үшін,оның пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы
нұсқаулықты сақтап қойыңыз және ыдыс жуғыш машинаны басқа
адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда, оны пайдаланатын әрбір
адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған қатысты
пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін
нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз.
117961062-00-112009
Дұрыс пайдалану
• Бұл ыдыс жуғыш машина тек қана ыдыс жуғышта жууға болатын
тұрмыстағы ыдыс-аяқтарды жууға арналған.
• Ыдыс жуғыш машинаға ешқандай еріткіштерді салмаңыз. Ол
құрылғының жарылып кетуіне алып келуі мүмкін.
• Пышақтар және басқа да үшкір заттарды ас құралдарына арналған
себетке олардың өткір ұштарын төмен қаратып салып, не болмаса
үстіңгі себетке көлденең жатқыза салу қажет.
• Ыдыс жуғыш машинада пайдалануға арналған өнімдерді (жуғыш
ұнтақтарды, тұзды және шайғыш заттарды) ғана қолданыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде, оның есігін ашпаңыз, ыстық бу
шығып кетуі мүмкін.
• Ыдыс жуу циклы аяқталғанға дейін ешбір ыдысты ыдыс жуғыш
машинадан алуға болмайды.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан соң, оны электр желісінен
ажыратыңыз да оған су беруді тоқтатыңыз.
• Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек қызмет көрсетуге арналған рұқсатқа ие
уәкілетті маман жүзеге асыру керек, және құрылғының нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.
• Құрылғыны ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген
жөндеу жұмыстары құрылғыға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс
жұмыс істемеуіне алып келеді. Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Әрқашан осы фирма шығарған бөлшектерді
пайдалануды талап етіңіз.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты қолдана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда) пайдаланбауға тиіс. Олар пайдалану туралы ерекше
нұсқаулар алуға не өз қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауында болуға
тиіс.
• Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және қолқаны
химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай жағдай өміріңізге қатер
төндіреді! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды
өндірушінің қауіпсіздік туралы нұсқауларын орындаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинадағы су ішуге жарамсыз. Құрылғының ішінде
жуғыш зат қалдықтары әлі де бар болуы мүмкін.
• Егер құрылғының ішіне ыдыстарды салып, не оларды алып
жатпасаңыз, ыдыс жуғыш машина есігі әрдайым жабық болуы керек.
Осылайша, кез келген адамның ашылып тұрған есікке сүрініпшалынып, бір жерін жарақаттап алуына жол бермейсіз.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл машина тек ересек адамдардың пайдалануға арналған. Балаларға
ыдыс жуғыш машинаны үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға
рұқсат бермеңіз.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Барлық жуғыш заттарды балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
• Ыдыс жуғыш машина есігі ашық тұрған кезде, балалардың жақын
келуіне жол бермеңіз.
Орнату
• Ыдыс жуғыш машинаны көлікпен тасымалдау барысында, оның ешбір
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз. Бұзылған құрылғыны ешқашан
электр желісіне қоспаңыз. Ыдыс жуғыш машина бұзылып қалса, осы
құрылғыны сатушымен хабарласыңыз.
• Пайдаланар алдында оның барлық орауыштары мен қорабын алып
тастау қажет.
• Осы құрылғыны орнатуға қатысты электрлік және су жіберу мен
қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған
және білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Қауіпсіздік мақсатында осы құрылғының техникалық сипаттарына
өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен
өзгертуге болмайды.
• Электр кабелі ақаулыққа ұшырағанда немесе су түтігі бұзылған
жағдайда; немесе басқару панелі, үстіндегі жұмыс алаңы, не ең
астыңғы қатары бұзылып қалып, оның ішкі жағы ашық қалған жағдайда
Бұйым сипаттамасы
5
машинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-қатердің алдын алу үшін,
жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Гидравликалық және электрлік құрамдас бөліктерге зиян келтірмес
үшін, ыдыс жуғыш машинаның қабырғаларын ешқашан бұрғымен
теспеңіз.
Назарыңызда болсын!
Электр желісіне және су құбырына қосарда, арнайы бөлімдерде берілген
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Бұйым сипаттамасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Үстіңгі себет
Су кермектігінің дискісі
Тұз сауыты
Жуғыш зат үлестіргіші
Шайғыш зат үлестіргіші
Техникалық сипаттар тақтайшасы
Сүзгілер
Астыңғы бүріккіш түтік
Үстіңгі бүріккіш түтік
6
Басқару панелі
Басқару панелі
7
10
9
8
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Қосу/Өшіру түймешігі
RESET түймешігі
Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер
NIGHT CYCLE түймешігі
MULTITAB түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігі
Сандық бейнебет
Функция түймешіктері
Анықтағыш шамдар
Бағдарлама шамдары
Анықтағыш шамдар
MULTITAB
Мультитаб функциясының қосылғанын/
ажыратылғанын көрсетеді MULTITAB (қараңыз:
MULTITAB функциясы)
Басқару панелі
7
Анықтағыш шамдар
Тұз
Арнайы тұз таусылғанда жанады. 1)
Шайғыш зат
Шайғыш зат бітіп қалғанда жанады. 1)
1) Тұз және шайғыш заттың анықтағыш шамдары, жуу бағдарламасы орындалып тұрған
кезде, тіпті тұз және/немесе шайғыш затты салу қажеттігі туса да жанбайды.
Сандық бейнебет
Сандық бейнебетте мына ақпараттар көрсетіледі:
• су жұмсартқыш орнатылған су кермектігінің деңгейі,
• орындалып тұрған бағдарламаның соңына дейін қалған уақыт,
• шайғыш зат үлестіргішінің қосылып/ажыратылып тұруы (ТЕК Multitab
функциясы қосылып тұрған кезде),
• жуу бағдарламасының соңы (бейнебетте нөл пайда болады),
• кешіктіріп бастау функциясының кері санағы,
• ыдыс жуғыш машинаға қатысты ақаулық кодтары.
NIGHT CYCLE түймешігі
Night Cycle тіптен ұйықтап жатсаңыз да мазаңызды алмайтын, ыдысаяқтарды еш шуылсыз жуатын бағдарлама. Бұны түнде не басқа уақытта
неғұрлым үнемді қуат параметрін қосып орнатуыңызға болады.
Мына Night Cycle цикл орындалып тұрғанда, шуылдың деңгейін
көрсетілген параметрлерімен салыстырғанда 25% пайызға дейін азайту
үшін сорғыш өте баяу жұмыс істейді. Нәтижесінде, бұл бағдарлама ұзаққа
созылады.
Функция түймешіктері
Осы түймешіктер арқылы келесі функцияларды орнатуға болады:
• су жұмсартқышты орнату,
• Multitab функциясы қосылып тұрған кезде, шайғыш затты үлестіргішті
қосу/ажырату.
Параметрлерді орнату күйі
БАРЛЫҚ бағдарлама шамдары жанып тұрғанда, машина параметрлерді
орнату күйінде болады.
Келесі әрекеттерді орындаған кезде, әрдайым есіңізде болсын:
– жуу бағдарламасын таңдағанда,
– су жұмсартқышты баптағанда,
– шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда,
құрылғы міндетті түрде параметрлерді орнату күйінде болуға ТИІС .
Егер бағдарлама шамы жанып тұрса, соңғы орындалған не таңдалған
бағдарлама әлі де орнатылып тұр дегенді білдіреді. Осы жағдайда
8
Бірінші қолдану
параметрлерді орнату күйіне қайтып оралу үшін бағдарламаны біржола
тоқтату керек.
Орнатылған бағдарламаны немесе орындалып тұрған бағдарламаны
болдырмау үшін
RESET түймешігін басып барлық бағдарлама шамдары жанғанша ұстап
тұрыңыз. Бағдарлама тоқтатылып, машина енді параметрлерді орнату
күйіне көшірілді.
Бірінші қолдану
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
• Электр желісіне және су жүйелеріне қосу жұмыстарының құрылғыны
орнату нұсқауларына сай жүзеге асырылғанын тексеріңіз.
• Құрылғының ішінен барлық орауыштарды алыңыз
• Су жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз сауытының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін ыдыс жуғыш
машинаға арналған тұзды салыңыз
• Шайғыш зат үлестіргішті толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын
пайдалансаңыз: "3 in 1", "4 in 1", "5 in 1" т.б. заттарды пайдалансаңыз,
Multitab функциясын орнатыңыз (" Multitab функциясы" бөлімін оқыңыз).
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Бұл ыдыс жуғыш, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян
келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік
минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды
жұмсартқышпен жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса,
судың кермектігі да соғұрлым жоғары болады. Су кермектігі балама
өлшемдер арқылы өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH), Францияның
өлшемі (°TH) және ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су кермектігін
өлшейтін халықаралық өлшем).
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы су кермектігіне сәйкес бапталу керек.
Аймағыңыздағы су кермектігі туралы мәліметтерді жергілікті су
шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Су жұмсартқыш екі тәсіл бойынша бапталынады: су кермектігі деңгейін
өзгертетін сандық диск арқылы қолмен және электрондық тәсілмен.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу
Су кермектігі
Су кермектігіның
параметрін баптау
9
Тұзды
қолдану
°dH
°TH
ммоль/л
қолмен
Электронд
ық
тәсілмен
51 - 70
91 - 125
9,1 - 12,5
2
10-шы
деңгей
иә
43 - 50
76 - 90
7,6 - 8,9
2
9-шы
деңгей
иә
37 - 42
65 - 75
6,5 - 7,5
2
8-ші деңгей
иә
29 - 36
51 - 64
5,1 - 6,4
2
7-ші деңгей
иә
23 - 28
40 - 50
4,0 - 5,0
2
6-шы
деңгей
иә
19 - 22
33 - 39
3,3 - 3,9
2
5-ші деңгей
иә
15 - 18
26 - 32
2,6 - 3,2
1
4-ші деңгей
иә
11 - 14
19 - 25
1,9 - 2,5
1
3-ші деңгей
иә
4 - 10
7 - 18
0,7 - 1,8
1
2-ші деңгей
иә
<4
<7
< 0,7
1
1-ші деңгей
жоқ
Қолмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның өндіруші орнатқан деңгейі - 2.
1. Ыдыс жуғыш машинаның есігін
ашыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинадан астыңғы
себетті шығарыңыз.
3. Су кермектігі дискісін 1-ші немесе
2-ші орынға орнатыңыз (кестеге
қараңыз).
4. Астыңғы себетті орнына қойыңыз.
Электрондық тәсілмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның әдепкі деңгейі - 5.
1. On/Off түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруға тиіс.
2. Мына түймешіктерді бір уақытта басып ұстап тұрыңыз: B және C
түймешіктерін, A , B және C жыпылықтай бастағанша.
3. ' A ' түймешігін басыңыз, B және C сөнеді де, A жыпылықтай түседі.
Бейнебетте ағымдық деңгей көрсетіледі.
Мысалы:
көрсетілсе = 5-деңгей
10
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
көрсетілсе = 10-деңгей
4. Деңгейді өзгерту үшін A түймешігін басыңыз. Түймешікті әр басқан
сайын деңгей өзгере түседі (жаңа деңгейді таңдау үшін кестеге
қараңыз).
Мысалы: ағымдық деңгей 5-те тұрса, A түймешігін бір рет басқанда 6деңгей таңдалады. Егер ағымдық деңгей 10 болса, A түймешігін бір
рет басқанда 1-деңгей орнайды.
5. Әрекетті құрылғы жадына енгізу үшін ыдыс жуғыш машинаны On/Off
түймешігін басып сөндіріңіз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс
жуғышқа арналмаған басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа
зиян келтіреді. Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып тоттануды
болдырмауы үшін қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз да астыңғы себетті алып, тұз сауытының қақпақшасын
сағат бағытына қарсы айналдырып ашыңыз.
2. Сауыт ішіне 1 литр су құйыңыз (ең алғаш рет тұзбен толтырғанда ғана
осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, сауытқа әбден толтыра
тұз салыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда
жолақтарында немесе
тығыздағышында тұздың тұрып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің
бағытына қарай "сырт" етіп
тоқтағанға дейін бұрай отырып,
өз орнына келтіріп нықтап
жабыңыз.
Сауытқа тұз салып жатқанда, су шетінен асып төгілсе, абыржымаңыз, бұл
қалыпты жағдай.
Басқару панеліндегі тұз шамы, егер ыдыс жуғыш машина қосылулы тұрса,
тұз салынған соң, 2 сағаттан 6 сағатқа дейін жанып тұрады. Егер ұзақ
еритін тұзды пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы да арта түседі.
Машинаның жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Шаю бұйымдары
11
Шаю бұйымдары
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыштарға арналған сапалы шаю заттарын ғана
пайдаланыңыз.
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты
тазалағыш зат, сұйық тазалағыш заттар) салмаңыз. Бұл құрылғыға нұқсан
келтіруі мүмкін.
Шайғыш зат, ыдыс-аяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз
құрғатылуын қамтамасыз етеді.
Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.
1. Ашуға арналған (A)түймешікті
басып, сауытты ашыңыз.
2. Сауыт ішіне шайғыш заттан
салыңыз. "max" таңбаламасы
шайғыш затты салу мөлшерінің ең
шегін көрсетеді.
Шайғыш зат сауыты осы заттың
қосылу мөлшеріне байланысты
16-40 жуу бағдарламасына
жетерлік, 110 мл жуық шайғыш
затты сыйғыза алады.
3. Әрбір толтырудан соң
қақпақшаның жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Келесі жолы ыдыс жуған кезде
көпіршімес үшін, шайғыш затты
салып жатқанда төгілген затты су тартатын матаға сіңіріп алыңыз.
Әркүндік қолдану
12
Шайғыш заттың қосылу мөлшерін баптау
Жуу және құрғату нәтижелеріне қарап үлестірілетін шайғыш зат мөлшерін
6 орынды таңдауыш арқылы баптаңыз. (1=ең аз, 6=ең көп қосу мөлшері).
Үлестірілу мөлшерінің өндіруші орнатқан деңгейі - 4.
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су
тамшылары немесе әк дақтары қалса,
шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз.
Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса
немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде және
пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар
қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Әркүндік қолдану
•
•
•
•
Шайғыш зат не тұзбен толтыру қажеттігінің бар-жоғын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салыңыз.
Ыдыс жуғышқа жуғыш заттан салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды жууға сай келетін жуу
бағдарламасын таңдаңыз.
• Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген су сорғыш затты
ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
• Ыдыс-аяқты салар алдында:
– Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.
– Жанып жабысып қалған тағам қалдықтарын қазаншаларға салып
жібітіп алыңыз
• Ыдыс-аяқ пен ас құралдарын машинаға салған кезде, келесі кеңестерге
назар аударыңыз:
– Ыдыс-аяқ пен ас құралдары айналып тұратын бүріккіш түтіктерге
кедергі жасамауы керек.
– Су жиналмау үшін кәстрөлдер, стакандар, шыны аяқтар, т, б. сияқты
шұңғыл ыдыстардың ауыздарын төмен қаратып салыңыз.
– Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің ұстінде бірі
жатпауы керек.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
13
– Стакандарға зиян келтірмеу үшін, олар бір-біріне тимеуі керек.
– Кішкентай заттарды ас құралдарына арналған себетке салыңыз.
• Отқа төзімді пластмасса заттардың және кәстрөлдердің қабырғалары
су тамшыларын ұстап қалуға бейім келеді; бұл заттар фарфор немесе
темір заттар сияқты тез құрғамайды.
• Жеңіл заттар (пластик сауыттар, т.б.) үстіңгі себетке салынып,
қозғалмайтындай етіп орналастырылуы керек.
Мына ыдыстарды ыдыс жуғыш машинада жууға
болмайды:
онша сай келмейді:
• Сабы ағаш, мүйіз, фарфор немесе
ақықтан жасалған ас құралдары.
• Қызуға төзімді емес пластик заттар.
• Бір-біріне желімделіп жапсырылған
бөліктері бар ескі ас құралдары.
• Біріктіріле буылған ас құралдары
немесе ыдыстар.
• Қалайы немесе мыстан жасалған
заттар.
• Хрусталь шыны ыдыстар.
• Тоттанып кетуге бейім темір заттар.
• Ағаш табақтар.
• Синтетика талшықтардан жасалған
заттар.
• Керамика заттарды тек өндірушісі
ыдыс жуғыш машинада жууға
болады деп арнайы көрсеткен
жағдайда ғана ыдыс жуғыш
машинада жууға болады.
• Машинада жиі жуылған ыдыс немесе
құралдардың безендірілген жерлері
тез оңып кетуі мүмкін.
• Күміс және алюминий бөліктердің
түсі жуған кезде өзгеріп кетуге бейім
тұрады. Қалдық заттар, мысалы,
жұмыртқаның ақуызы, сарыуызы
мен горчица әдетте күміс заттың өңін
қашырып, оған дақ қалдырады.
Сондықтан да күміс заттарды
пайдаланып болғаннан кейін дереу
жумасаңыз, онда қалған
қалдықтарды жылдам тазалап
алыңыз.
Ыдыс-аяқтарды салу үшін есікті ашып, себеттерді сырғытып шығарыңыз.
Астыңғы себет
Үлкен әрі қатты ластанған ыдыс-аяқтар
мен кәстрөлдерді астыңғы себетке
орналастырыңыз.
14
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
Үлкен ыдыс-аяқтарды салуды жеңілдету
үшін астыңғы себеттің оң жағындағы
тәрелкеге арналған торлардың
барлығын төмен қарай жиып қоюға
болады.
Ас құралдарына арналған қорапша
Назарыңызда болсын!
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар - қауіп-қатердің бірден бір
көзі. Ұзын және/не ет бұзатын не турайтын өткір пышақтар тәрізді
заттарды үстіңгі себетке көлденеңінен орналастыру қажет. Пышақ тәрізді
өткір заттарды салу немесе шығару кезінде абай болғаныңыз жөн.
Ас құралдарының қорапшасындағы барлық заттарға су жақсы тию үшін
келесіні орындаңыз:
1. Торды ас құралдары себетіне
орналастырыңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
2. Шанышқылар мен қасықтарды ас
құралдары қорапшасына
саптарын төмен қаратып
салыңыз.
Піскіш тәрізді үлкенірек
құралдарды салу үшін, тордың бір
бөлігін шығарып тастаңыз.
Үстіңгі себет
Кішкене келген, морт сынғыш ыдыс және
үзын, өткір ас құралдарын үстіңгі себетке
салыңыз.
• Фарфордан жасалған ыдыстарды
шыныаяқтарды салуға арналған
жиылмалы тордың үстіне не астына
салсаңыз, олар бір бірінен алшақ
орналастырылады да су барлығына
да біркелкі тиеді.
• Фарфордан жасалған биік
ыдыстарды салу үшін, шыныаяқ
торларын жоғары қарай жиып қоюға
болады.
• Брэнди немесе шарап бокалдарын,
шыныаяқ торындағы қуыстарға
орналастырыңыз немесе іліп
қойыңыз.
15
16
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs
• Ұзын стакандарды орналастыру
үшін шыны ыдыстар сөресін оңға не
солға жиып қойыңыз.
• Үстіңгі себеттің сол жағындағы
ілгектер қатары да екі бөліктен
тұрады және оларды жиып қоюға
болады.
Ілгектер жиылмаған: стакандарды,
тостақтарды, т.б. үстіңгі себетке
салыңыз.
Ілгектер жиылған: ыдыс-аяқтарды
салу үшін көбірек орын пайда
болады.
Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу
Ыдыс-аяқтың ең үлкен биіктігі:
үстіңгі себет ішінде
Үстіңгі себетті
көтергенде
астыңғы себет ішінде
22 см
30 см
Үстіңгі себетті түсіргенде 24 см
29 см
Үстіңгі себеттің биіктігін ол ыдысқа толтырылып тұрғанда да реттеуге
болады.
Үстіңгі себетті көтеру / түсіру:
Тазалау бұйымдарын қолдану
17
1. Үстіңгі себетті толығымен
шығарып алыңыз.
2. Үстіңгі себетті тұтқасынан ұстап
тұрыңыз да неғұрлым
көтерілгенінше жоғары көтеріңіз,
содан соң оны тігінен
төмендетіңіз.
Үстіңгі себет төменгі не жоғарғы
орынға түсіп қалады.
Назарыңызда болсын!
Ашық тұрған есік қауіп көзі
болғандықтан оны ыдыс-аяқтарды
салғаннан кейін әрқашан жауып отырыңыз.
Есікті жабар алдында бүріккіш түтіктердің айналуына ешнәрсенің кедергі
жасамайтындығына көз жеткізіңіз.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Ыдыс жуғыш машинада пайдалану үшін арнайы шығарылған жуғыш
заттарды ғана пайдаланыңыз.
Жуғыш заттар орамында көрсетілген, өндірушінің оларды пайдалану
мөлшері мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын орындаңыз.
Жуғыш затты көрсетілген мөлшерден артық пайдаланбау арқылы зиянды
заттардың бөлініп, қоршаған ортаны ластамауына өз үлесіңізді қосасыз.
Жуғыш затты салу
1. Қақпақшаны ашыңыз.
18
Мульти таб функциясы
2. Жуғыш зат сауытына (1) жуғыш
заттан салыңыз. Таңбаламалар
жуғыш затты қосу мөлшерін
көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа
тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа
тең.
3. Алдын ала жуу кезеңінен тұратын
барлық бағдарламалар үшін
алдын ала жуғыш зат сауытына
(2) жуғыш заттың қосымша(5/10
г)мөлшерін салу керек.
Жуғыш заттың бұл қосымша
мөлшері алдын ала жуу кезеңінде қосылады.
4. Таблетка тәрізді жуу заттарын
пайдаланғанда оларды
қорапшаға (1) салыңыз
5. Қақпақшаны қойыңыз да
жабылғанға дейін үстінен
басыңыз.
Жуғыш таблеткалар
Әртүрлі өндірушілер өндірген
таблетка тәрізді жуу заттарының еру
уақыты да әртүрлі болады. Сол
себепті, қысқа мерзімдік жуу
бағдарламалары қолданылғанда
кейбір таблетка пішіндес заттарды
пайдалану күткен нәтижеге
жеткізбейді. Сондықтан,таблетка пішіндес жуу заттарын қолданған кезде
жуу заттарының қалдығы әбден кету үшін ұзақ мерзімдік жуу
бағдарламаларын қолданыңыз.
Мульти таб функциясы
Бұл құрылғы " Multitab" құрама жуу таблеткаларын пайдалануға мүмкіндік
беретін " Multitab функциясымен" жабдықталған.
Бұлар - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын
бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар. Таблетка пішіндес жуу
заттарының ("3in1", "4in1", "5in1", т.с.с.) қандай түрін қолданып
отырғаныңызға байланысты, олардың құрамында басқа да қасиетке ие
заттардың бар болуы мүмкін.
Бұл жуу өнімдерінің судың кермектігіне сай келер-келмесін тексеріңіз.
Өндірушінің нұсқауларын оқыңыз.
Мульти таб функциясы
19
Бұл параметрді барлық жуу бағдарламалары үшін таңдауға болады. Бұл
функция таңдалғанда, шайғыш зат мен тұздың сәйкес сауыттардан
қосылуы автоматты түрде тоқтатылады және шайғыш зат мен тұздың
шамдары да өшеді.
" Multitab функциясын" жуу бағдарламасын бастамас бұрын таңдаңыз.
Бұл параметр таңдалғаннан соң(көрсеткіш шамы жанады),ол келесі жуу
бағдарламалары үшін қолдануға да белсенді бола береді.
" Multitab функциясын" қолданған кезде, жуу кезеңдерінің ұзақтығы өзгеруі
мүмкін. Бұл жағдайда сандық бейнебеттен көрсетіліп тұрған жуу
бағдарламасының орындалу уақыты автоматты түрде жаңартылып
көрсетіледі.
Бағдарлама бірден іске қосылып кеткеннен соң, " Multitab функциясын"
өзгертуге БОЛМАЙДЫ. Егер " Multitab функциясын" қолдануды
тоқтатқыңыз келсе, бағдарлама параметрлерін тоқтатып барып, содан
кейін ғана " Multitab функциясын" ажыратасыз.
Бұндай кезде, жуу бағдарламасын (және қалаған параметрлерді)
қайтадан орнатуыңыз қажет.
Multitab функциясын белсенді күйге көшіру/ажырату
Multitabтүймешігін басыңыз: сәйкес келетін анықтағыш шам жанады. Бұл
функцияның қосылулы тұрғандығын білдіреді.
Функцияны ажырату үшін Multitab түймешігін қайта басыңыз: анықтағыш
шам өшеді.
Кептіру нәтижесі көңіліңізден шықпаса:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз.
• Шайғыш зат үлестіргішін тек " Multitab функциясы" қосылулы тұрған
кезде ғана белсенді күйге көшіруге/ажыратуға болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/ажыратуды ұсынамыз
1. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.
2. A , B және C түймешіктерінің шамдары жыпылықтай бастағанға дейін,
B және C түймешіктерін қатар басып ұстап тұрыңыз.
3. В функция түймешігін басыңыз, A және С түймешіктерінің шамдары
өшеді, бірақ В функция түймешігінің шамы жанып-сөнген күйі тұра
береді. Сандық бейнебетте ағымдық параметр пайда болады:
= Шайғыш зат үлестіргіші ажыратылған.
= Шайғыш зат үлестіргіші белсенді күйде.
4. Параметрді өзгерту үшін B түймешігін қайтадан басыңыз, сандық
бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
5. Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып,
ыдыс жуғышты ажыратыңыз.
20
Жуу бағдарламалары
Егер қайтадан жуу заттарын қолданудың стандартты жүйесіне көшкіңіз
келсе, біздің берер кеңесіміз:
1. " Multitab функциясын" ажыратып қойыңыз.
2. Тұз бен шайғыш зат сауыттарын қайтадан толтырыңыз.
3. Су кермектігінің ең жоғарғы деңгейін орнатып, қалыпты жууға
арналған 1 бағдарламаны ыдыс-аяқсыз орындаңыз.
4. Су кермектігінің параметрін аймағыңыздағы су кермектігіне сай
орнатыңыз.
5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
Қатты
Ыдысластанға аяқтар,
н
ас
құралда
ры,
кәстрөлд
ер мен
табалар
-
1,5 -1,7
16 - 18
30 MIN
60°4)
Аз
кірленге
н
0,9
9
12 - 23 Су (литр)
INTENSIV
CARE 70°
1,1 - 1,7 Қуат (кВт/с)
Ыдысаяқтар,
ас
құралда
ры,
кәстрөлд
ер мен
табалар
Ыдысаяқтар
мен ас
құралда
ры
Пайдалану
көлемі 1)
- Ұзақтығы (минут) 2)
Қалыпты
және
қатты
ластанға
н
ыдыстар
аралас
Кептіру
AUTO
45-70°3)
Соңғы шаю
Бағдарлама сипаттамасы
1/2x Аралық шаю
Ыдысты
салу түрі
Негізгі жуу
Бағдарлам
а
Алдын ала жуу
Кірдің
ауқымы
-
Жуу бағдарламалары
Жуу бағдарламалары
12 - 13 Су (литр)
4
13 - 14
14 - 15
1,0 - 1,1 Қуат (кВт/с)
0,8 -0,9
0,1
Қалыпты Ыдыскірленге аяқтар
н
мен ас
құралда
ры
1.2 - 1.3
Кептіру
-
Кез
келген
NIGHT
CYCLE
Жартыл
ай
толтыру
(кешке
дейін
толтыру
ды
аяқтау
үшін) 6)
-
Қалыпты Морт
кірленге сынғыш
н
ыдысаяқтар
мен
шыны
ыдыстар
- Ұзақтығы (минут) 2)
Қалыпты Ыдыскірленге аяқтар
н
мен ас
құралда
ры
Пайдалану
көлемі 1)
-
ECO 50°5)
Соңғы шаю
Бағдарлама сипаттамасы
Аралық шаю
Ыдысты
салу түрі
Негізгі жуу
Кірдің
ауқымы
Алдын ала жуу
Бағдарлам
а
21
1) Тұтыну параметрлері жалпылама ұсыныс ретінде берілген және олар судың қысымы мен
температурасына, электр қуатының өзгеріп тұруына, сондай-ақ ыдыс-аяқтың санына
байланысты.
2) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады.
3) Авто жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда ыдыс-аяқтардың ластану деңгейі судың
қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарламаның ұзақтығы, су мен қуаттың
тұтынылатын мөлшері әр түрлі болуы мүмкін; бұл құрылғының толықтай немесе жартылай
толтырылғандығына және ыдыстардың қатты немесе жеңіл ластанғанына байланысты.
Судың температурасы автоматты түрде 45°C мен 70°C аралығында орнатылады.
4) Жартылай толтырылған ыдыс жуғыш машина үшін тамаша жарайды. Бұл тек таңертеңгі
және кешкі ас ыдыстары мен ас құралдарын жуғысы келетін, 4 адамы бар жанұяға
арналған, күнделікті колдануға тамаша жарайтын бағдарлама.
5) Сынақ мекемелеріне арналған сынақ бағдарламасы.
6) Бұл бағдарлама жуғыш затты қажет етпейді
22
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп бастау функциясын, есікті сәл
ашыңқырап тұрып таңдаңыз. Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
функциясы тек есік жабылғаннан кейін ғана іске қосылады.
Параметрлерді осы кезге дейін өзгертіп үлгеруге болады.
1. Себеттердің дұрыс толтырылғандығын және бүріккіш түтіктердің
дұрыс айнала алатындығын тексеріңіз.
2. Су шүмегінің ашық тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. On/Off түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруға тиіс.
4. Жуу бағдарламасын таңдау үшін екі бағдарлама түймешігінің бірін
басыңыз. («Жуу программалар» тарауын қараңыз).
Бағдарлама таңдалған кезде тиісті шам жанады да, бейнебетте
бағдарлама уақыты жыпылықтайды.
Егер NIGHT CYCLE бағдарламасын орнатқыңыз келсе, NIGHT CYCLE
түймешігін басыңыз, тиісті шам жанады.
5. Ыдыс жуғыш машина есігін жабыңыз, сонда бағдарлама автоматты
түрде басталады.
Бағдарламаға "кідіртіп бастау" функциясын қосып орнату және
баптау
1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін, сандық бейнебетте
бағдарламаны кешеуілдету уақытының сандық мәні пайда болғанша
"кідіртіп бастау" түймешігін басып тұрыңыз. Таңдалған бағдарламаны
1-ден 19 сағатқа дейін кідіртіп бастауға болады.
2. Машинаның есігін жабыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп отырады.
4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді. Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғасады.
5. Кері санақ аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасын және "кідіртіп бастау" функциясын, құрылғының есігі
жабық тұрғанда да таңдауға болады. Жуу бағдарламасының түймешігі
бірден басылып қойғаннан кейін,басқа бағдарламаны таңдауға не кері
санақтың басталуын таңдауға ТЕК 3 секунд қана уақытыңыздың бар
екендігін, бұдан кейін таңдалған бағдарламаның автоматты түрде
басталып кететіндігін естен шығармаңыз.
Назарыңызда болсын!
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын ТЕК аса қажетті жағдайда ғана
үзіңіз немесе біржола тоқтатыңыз. Назар аударыңыз! Есік ашылған кезде
ыстық бу шығып кетуі мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз.
Ыдыс жуу машинасын босату
23
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын не кідіртіп бастау
функциясын болдырмау
• RESET түймешігін басып барлық бағдарлама шамдары жанғанша
ұстап тұрыңыз.
• "Кідіртіп бастау" функциясын біржола тоқтатсаңыз, орнатылған жуу
бағдарламасы да біржола тоқтайды. Бұл жағдайда, жуу бағдарламасын
қайтадан орнатуыңыз қажет.
• Егер жаңа жуу бағдарламасын таңдау қажет болса, жуғыш зат
сауытында жуғыш заттың бар-жоғын тексеріңіз.
Орындалып тұрған жуу бағдарламасын тоқтату
• Машинаның есігін ашыңыз; бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз;
бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса түседі.
• On/Off түймешігін басыңыз, барлық шамдар өшеді. On/Off түймешігін
қайтадан басыңыз; бағдарлама тоқтаған жерінен әрі қарай жалғаса
түседі.
Жуу бағдарламасының соңы
• Ыдыс жуғыш машина автоматты түрде тоқтайды.
• Жаңа ғана аяқталған бағдарламаның шамы жанған қалпы тұрады.
• Бейнебетте нөл пайда болады.
1. Ыдыс жуғыш машинаны On/Off түймешігін басып сөндіріңіз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін құрылғыны сөндіріп қоюды ұсынамыз.
Бұлай істемеген жағдайда, бағдарлама аяқталғаннан кейін шамамен 3
минут уақыт өткеннен кейін барлық анықтағыш шамдар сөнеді. Сандық
бейнебетте 1 көлденең сызық пайда болады.
Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін құрылғыны сөндіруді ұмытып кеткен
немесе қандай да бір себеппен сөндіре алмаған жағдайда қуат шығынын
азайтуға көмектеседі.
Кез келген түймешікті (On/Off түймешігінен басқа) басыңыз, сонда
басқару панелінде бағдарлама аяқталған кездегі көрініс (анықтағыш
шамдар мен сандық бейнебет) орын алады.
2. Ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз да, есікті ашыңқырап қойып,
ыдыстарды алмай бірнеше минут күте тұрыңыз; сонды ыдыстар
салқындап, жақсы кебеді.
Ыдыс жуу машинасын босату
• Ыстық ыдыс елеусіз салмақ әсер етсе де морт сынғыш келеді.
Сондықтан ыдыс-аяқты жуғыштан шығармас бұрын, суытып алу керек.
• Ең алдымен, астыңғы себетті, содан соң үстіңгі себетті босатыңыз;
сонда төмендегі ыдыс-аяққа үстіңгі себеттен су тамып кетпейді.
• Тот баспайтын темір, ыдыс-аяқтарға қарағанда біртіндеп суып
басылатындықтан, ыдыс жуғыш машинаның қабырғалары мен есігі
булануы мүмкін.
24
Күту менен тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Жуу бағдарламасы аяқталған соң ыдыс жуғыш машинаны электр
желісінен ажыратып, су құбырының шүмегін жауып қоюға қенес береміз.
Күту менен тазалау
Сүзгілерді тазалау
Сүзгілерді мезгіл-мезгіл тексеріп және тазалап отыру керек. Кірленген
сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді.
Назарыңызда болсын!
Сүзгілерді тазалауға кіріспес бұрын машинаның ажыратылып
тұрғандығына көз жеткізіңіз.
1. Есікті ашып, астыңғы себетті шығарып алыңыз.
2. Ыдыс жуғыш машинаның сүзгілер
жүйесі, ( A )ірі көзді сүзгіден,( B )
микро-сүзгіден және тегіс сүзгіден
тұрады. Сүзгі жүйесін микросүзгінің үстінде орналасқан
тұтқаның көмегімен ашыңыз.
3. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4
бұрап, сүзгіштер жүйесін шығарып
алыңыз.
4. ( А ) ірі көз сүзгіні, тесігі бар
ұстағышынан ұстап, ( B ) микросүзгіден шығарып алыңыз.
5. Барлық сүзгілерді ағып жатқан
суға ұстап тұрып, мұқият
тазалаңыз.
Күту менен тазалау
25
6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп
жағынан шығарып алып, екі жағын
жақсылап жуыңыз.
7. Тегіс сүзгіні қайтадан жуу
бөлімінің түбіндегі орнына
орналастырыңыз және оның өз
орнына дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. ( A )Ірі көзді сүзгіні микро-сүзгінің
( B ) ішіне салып, екеуін бірге
басыңыз.
9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына
орналастырып, ұстағышын сағат
бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз. Осы кезде тегіс сүзгінің жуу
бөлімінің үстінен шығып қалмасына көз жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер
сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып,
нәтижесінде машинаға нұқсан келуі мүмкін.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер кір қалдықтары су бүріккіштерінің тесіктерін бітеп қалса, оларды
жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал жуғыш затты пайдаланыңыз.
Сырты тегіс емес сызаттандыратын заттарды, түрпілі тазалағыштарды
немесе еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.) пайдаланбаңыз.
Ішін тазалау
Есік айналасындағы тығыздағыштарды, жуғыш және шайғыш зат
сауыттарын мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-аяқтарды
жууға арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-аяқсыз орындап тұруды
ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен ажыратып, содан кейін суды өшіріп
тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
26
Не істерсіңіз, егер...
Мұздап кетуден сақтау
Машинаны температурасы 0°C төмен болатын жерге қоймаңыз. Егер
ондай жағдайға мүмкіншілік жоқ болса машинаны босатыңыз да оның
есігін жауып, су қабылдайтын түтігін ажыратып, оны босатыңыз.
Машинаны көшіру
Егер машинаны көшіру қажет болса, (көшу себептеріне байланысты,
т.с.с.):
1. Электр желісінен ажыратыңыз.
2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
3. Су қабылдайтын және жуынды суды жіберетін түтіктерін ажыратыңыз.
4. Машинаны түтіктерімен бірге шығарып алыңыз.
Тасымалдау кезінде машинаның аударылып кетуіне жол бермеу керек.
Не істерсіңіз, егер...
Ыдыс жуғыш машина жұмысын бастамай жатыр немесе жұмыс жасап
тұрған кезде тоқтап қалады. Кейбір мәселелер қарапайым техникалық
қызмет көрсетілмегендіктен не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайда
болатындықтан, оларды арнаулы маманды шақырмай, кестедегі
нұсқауларды қолданып шешуге болады.
Ыдыс жуғыш машинаны ажыратыңыз да, келесі реттеуші әрекеттерді
орындаңыз.
Ақаулық коды мен дұрыс жұмыс
істемеу
Мүмкін себептері мен түзету жолдары
• орындалып тұрған бағдарлама
• Судың шүмегі бітеліп қалған немесе
шамының үздіксіз жыпылықтауы
оған қақ тұрған.
• бейнебетте
пайда болады.
Су шүмегін тазалаңыз.
• үзік-үзік дыбысты сигнал
• Судың шүмегі жабық тұр. Су шүмегін
Ыдыс жуғыш машинаға су толмай тұр.
ашыңыз.
• Су құятын тығырыққа жалғанған
түтікшедегі сүзгі (бар болса) бітеліп
қалған.
Түтікшенің сүзгісін тазалаңыз.
• Су құятын түтікше дұрыс төселмеген
немесе майысып, жаншылып қалған.
Су құятын түтікшені тексеріңіз.
• орындалып тұрған бағдарлама
• Раковина түтікшесі бітеліп қалған.
шамының үздіксіз жыпылықтауы
Раковина түтікшесін тазалаңыз.
• бейнебетте
пайда болады.
• Су төгетін түтікше дұрыс төселмеген
• үзік-үзік дыбысты сигнал
немесе майысып, жаншылып қалған.
Ыдыс жуғыш машинаның суы ақпайды.
Су төгетін түтікше қосылымын
тексеріңіз.
Не істерсіңіз, егер...
Ақаулық коды мен дұрыс жұмыс
істемеу
27
Мүмкін себептері мен түзету жолдары
• орындалып тұрған бағдарлама
шамының үздіксіз жыпылықтауы
• бейнебетте
пайда болады.
• үзік-үзік дыбысты сигнал
Тасқынға қарсы құрал іске қосылды.
• Судың шүмегін жабыңыз да,
жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Бағдарлама басталмай тұр.
• Ыдыс жуғыш машинаның есігі дұрыс
жабылмаған. Есікті жабыңыз.
• Аша розеткаға жалғанбаған. Ашаны
розеткаға сұғыңыз.
• Сақтандырғыш қорапшадағы
сақтандырғыш жанып кеткен.
Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
• Кешіктіріп бастау функциясы
орнатылған.
Ыдыстарды дереу жуу қажет болса,
кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Осы тексерулер өткізілгеннен соң, машинаны қосыңыз: бағдарлама
тоқтап қалған жерінен әрі қарай жалғасады.
Егер дұрыс жұмыс істемеу не ақаулық кодтары қайта көрсетілсе, жергілікті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, машинаның үлгісін
(Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз.
Бұл мәліметті ыдыс жуғыш машинаның қабырғасында орналасқан
техникалық дерек тақтайшасынан табуға болады.
Осы нөмірлер әрдайым алдыңызда болуы үшін, оларды мына жерге
жазып қоюға кеңес береміз:
Үлгі (Mod.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
PNC (өнім нөмірі): . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сериялық нөмірі (S.N.) : . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
28
Техникалық сиппатама
Ыдыстардың жуылу нәтижесі көңілден шықпайды.
Ыдыстар таза емес.
• Дұрыс емес жуу бағдарламасы
таңдалған.
• Ыдыстар су ыдыстың барлық жеріне
жететіндей орналастырылмаған.
Себеттерге шамадан тыс көп ыдыс
салуға болмайды.
• Ыдыстар дұрыс салынбағандықтан
бүріккіш түтіктер еркін айнала алмай
тұр.
• Жуу камерасының түбіндегі сүзгілер
ластанған немесе дұрыс
салынбаған.
• Жуғыш зат тым аз қолданылған
немесе мүлде қолданылмаған.
• Ыдыстардың үстіне әк тұрып қалса;
тұз сауыты босап қалған немесе су
жұмсартқыштың деңгейі дұрыс
таңдалмаған.
• Су төгетін түтікше дұрыс
қосылмаған.
• Тұз сауытының қақпағы дұрыс
жабылмаған.
Ыдыстардың суы кеппеген және түсі
көкшіл тартқан.
• Шайғыш зат қолданылмаған.
• Шайғыш зат үлестіргіші босап
қалған.
Стакандар мен ыдыстарға жолақ,
ақшыл дақтар түскен немесе олар
көкшіл тартқан
• Шайғыш заттың үлестірілетін
мөлшерін азайтыңыз.
Стакандар мен ыдыстардың бетіне су
тамшылары кеуіп қалған
• Шайғыш заттың үлестірілетін
мөлшерін көбейтіңіз.
• Бұл жуғыш затқа байланысты болуы
мүмкін. Жуғыш затты өндірушінің
сатып алушыға қолдау көрсететін
орталығына хабарласыңыз.
Егер осы тексерулерді өткізгеннен соң, ақаулық тағы да орын алса,
жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық сиппатама
Өлшемі
Ені - биіктігі – тереңдігі
(см)
59,6 x 81,8-89,8 x 57,5
Электртоғына қосу –
Кернеу – Жалпы қуат Сақтандырғыш
Құрылғыны электр желісіне қосу туралы мәліметті,
ыдыс жуғыш машина есігінің ішкі жақ шетіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады.
Құйылатын судың
қысымы
Ең аз – Ең көп (МПа)
0,05 - 0,8
Орнату
Сыйымдылығы
Орын параметрлері
29
12
Орнату туралы нұсқаулар
Орнату
Назарыңызда болсын!
Осы машинаны орнатуға қажет электр және су, канализация жүйесіне
қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман
атқаруы керек.
Машинаны орналастырмас бұрын,орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Мүмкін болса, машинаны су құбырының шүмегі мен канализацияға
қосылатын жердің қасына орналастырыңыз.
Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының ішіне, не үстелдің астында
орналастыруға лайықтап жасалған.
Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың ішіне орнатып,
жиһаз панелін орналастыру туралы қосымша үлгіде берілген
нұсқауларды мұқият сақтаңыз.
Суды беру, суды канализацияға жіберу және электр желісіне қосу сияқты
негізгі жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа өткізетін тесіктерден басқа
ешбір тесікті ойып орнатудың қажеті жоқ.
Жуғыштың биіктігін орнату үшін аяқтарын пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Машинаны кіргізіп орналастырмас бұрын, су беретін және жуынды суды
канализацияға жіберетін түтіктердің, электр желісіне қосатын кабельдің
шиеленісіп, не жаншылып қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Іргелес орналасқан заттарға жанастыра бекіту
Ыдыс жуғышты жантаюдан сақтаңыз.
Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина жиһазының іргелес жатқан
жиһаздарға(көршілес ас үй бөлімдері, қабырға немесе шкаф) берік
жанастырыла бекітілгенін тексеріңіз.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны дұрыс тіктеп орнатудың маңызы
зор. Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның есігі ашылғанда, шкафтың
екі жағы тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз.
30
Суға қосу
Суға қосу
Су келетін құбырды жалғау
Бұл құрылғыны не ыстық (макс. 60°) не суық су құбырына қосуға болады.
Ыстық су құбырына жалғаған кезде тұтынылатын қуат мөлшері едәуір
азаяды. Бұл әрине ыстық судың қандай жолмен алынатындығына
байланысты. (Біз қоршаған ортаға зиянды әсері жоқ басқа қуат түрлерін,
мысалы күн көзінің қуатын, фотоэлектрлі панель не жел қуатын
пайдалануды ұсынамыз).
Тығырық су құбырына қосылымды жүзеге асыру үшін, машинаның су
беретін түтігіне лайықтап жасалған,әрі ¾ бұралып түтікке түйістіруге
немесе жедел жалғастыратын шүмекке қосуға арналған.
Су қысымы "Техникалық ақпарат" бөлімінде берілген шектер шегінен
аспауға тиіс. Аймағыңыздағы су құбырларындағы орташа қысым туралы
ақпаратты жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемеден ала аласыз.
Су беретін түтікті қосып жатқанда ол майысып, жаншылып, не шиеленісіп
қалмауға тиіс.
Ыдыс жуғыш машинатың функциялары,контргайканың көмегі арқылы
солға не оңға қарай бұрыла алатындай етіп орнатылған түтіктерді сумен
толтырып және жуынды судан босатып беріп отырады.
Су жылыстап ақпас үшін контргайка дұрыс орнатылуға тиіс.
( Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыш машина үлгілерінің, су құятын және
төгетін түтікшелерінің барлығы бірдей контргайкамен
ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН. Бұл үлгіде аталмыш құрал қарастырылмаған).
Машина жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт пайдаланылмаған
құбырларға жалғанса, суды су құятын түтікшені жалғамай тұрып бірер
минут ағызып алыңыз.
Ескі машиналарда қолданылған түтіктерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Бұл құрылғыда қамтылған қауіпсіздік мүмкіндіктері онда пайдаланылған
судың ауыз су жүйесіне кері қайтуына кедергі жасайды. Бұл құрылғы су
құбыр жүйесінің қолданыстағы ережелеріне сай келеді.
Қауіпсіздік клапаны бар су келетін түтік
Қос қабырғалы су келетін түтікті жалғағаннан кейін кранның қасында
қауіпсіздік клапаны болады. Сондықтан су ағып жатқанда тек су келетін
түтік қана қысым астында болады. Егер осы кезде су келетін түтіктен су
жылыстап аға бастаса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатып
тастайды.
Су келетін түтікті орнатқан кезде төмендегілерді байқаңыз:
• Қауіпсіздік клапанына арналған электр сымы қос қабырғалы су келетін
түтіктің ішінде. Су келетін түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға
матырмаңыз.
• Егер су келетін түтікке немесе қауіпсіздік клапанына зақым келсе,
электр ашасын дереу суырып тастаңыз.
• Қауіпсіздік клапаны бар су келетін түтікті тек білікті маман немесе
қызмет көрсету орталығының қызметкерлері орнатуға тиіс.
Суға қосу
31
Назарыңызда болсын!
Ескерту! Қатерлі кернеу.
Су келетін түтікті жалғау
Су төгетін түтіктің ұшын төмендегі тәсілдермен жалғауға болады:
1. Раковинаның төлкесіне, бұл үшін оны жұмыс бетінің астыңғы жағына
бекіту керек. Бұл ақаба судың раковинадан машинаның ішіне ағуына
жол бермейді.
2. Желдеткіш саңылаумен жабдықталған су құбырының ең аз диаметрі 4
см болуға тиіс.
Ақаба су құбыры ыдыс жуғыш
машинаның түбінен көп дегенде 60 см
жоғары болуға тиіс.
Су төгетін түтік ыдыс жуғыш машинаның
сол жағына немесе оң жағына қарауы
мүмкін.
Түтіктің бүктеліп немесе жаншылып
қалмағанына көз жеткізіңіз, себебі бұл
судың кетуіне кедергі жасауы немесе
баяулатуы мүмкін.
Машинадан су кетіп жатқанда
раковинаның тығынын жаппау керек,
өйткені бұл судың машинаның ішіне кері
сорылуына себеп болуы мүмкін.
Су төгетін түтіктің, соның ішінде сіз қосуыңыз мүмкін ұзартқыш түтіктің
жалпы ұзындығы 4 метрден аспауға тиіс. Ұзартқыш түтіктің ішкі диаметрі
жинаққа кіретін түтіктің диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Ұзартқыш түтіктің ішкі диаметрі жинаққа кіретін түтіктің диаметрінен кіші
болмауға тиіс.
Жуынды суды канализацияға жіберетін шлангты раковинаның астындағы
ұстайтын түтікке қосқан кезде, оның сыртындағы пласмасса қабығы
(А)тұтастай алынылады. Егер бұл пластамасса қабықты алып
тастамасаңыз, тамақ қалдықтары біртіндеп суды канализацияға жіберетін
шлангты қосатын түтікті толтырып қоюы мүмкін.
32
Электртоғына қосу
Біздің аспаптарымыз лас судың машинаның ішіне
қайта ағуынан қорғайтын қауіпсіздік
құрылғысымен жабдықталады. Егер
раковинаның төлкесіне жалғанған "кері
қайтармау клапаны" болса, бұл ыдыс жуғыш
машинадан судың кетуіне кедергі болуы мүмкін.
Сондықтан біз оны алып тастауды ұсынамыз.
Орнатқаннан кейін судың жылыстауын болдырмас үшін су
жалғастырғыштарының мығым орнағанына көз жеткізіңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік стандарттары бойынша құрылғы жерге қосылған болуға тиіс.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар алдында, жергілікті электр желісінің
кернеуі және оның берілу түрі техникалық талаптар тақтайшасында
көрсетілген талаптарға сай келетініне көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар сақтандырғыш параметрлерін техникалық талаптар
тақтайшасынан табуға болады.
Ашаны әрқашан қысқа тұйықталудан қорғалған, дұрыс орнатылған
розеткаға қосыңыз. Бірнеше бағытты ашаларды, ағытпалар мен
ұзартқыш сымдарды пайдалануға болмайды.
Олар қатты қызып кетіп, өрт шығу қатерін тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр желісінің розеткасын ауыстырыңыз.
Егер электр сымын ауыстыру қажет болса, жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып болғаннан кейін оны токқа қосатын аша қол жетер
жерде болуы керек.
Құрылғыны электр желісінен ажырату үшін ешқашан оның сымынан
тартпаңыз. Ашаны әрдайым қолмен суырыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық шаралары орындалмағандықтан орын
алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар
Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы
белгісі осы бұйым кәдімгі
үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация
арқылы Сіз қоршаған орта менен адам денсаулығына түсіп пайда бола
алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз; осы зиян бұл
бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен,
33
қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге
сатқан дүкенімен хабарласыңыз.
Орам материалдары
Орам материалдары қоршаған ортаға зиян келтірмейді және оларды
қайта өңдеуге болады. Пластмассадан жасалған құрамдас бөліктер
олардағы белгілер бойынша анықталады, мысалы, >PE<, >PS<, т. б.
Буып-түйетін материалдарды аулаңыздағы тиісті қоқыс жәшіктеріне
тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Машина енді қайтып пайдаланылмайтын жағдайда:
• Ашаны розеткадан суырыңыз.
• Сым мен ашаны кесіп алып, қоқысқа тастаңыз.
• Есіктің ілгегін алып тастаңыз. Бұл балалардың машинаның ішіне кіріп
алып, өз өмірлеріне қатер төндіруінен сақтайды.
34
35
www.electrolux.com
117961062-00-112009
www.aeg.kz

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

advertisement