HOTPOINT/ARISTON HAC18 T311 Fridge/freezer combination Пайдаланушы нұсқаулығы

Add to My manuals
4 Pages

advertisement

HOTPOINT/ARISTON HAC18 T311 Fridge/freezer combination Пайдаланушы нұсқаулығы | Manualzz

Қысқа нұсқаулығы

HOTPOINT - ARISTON ӨНІМІН САТЫП

АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ

Толығырақ көмек алу үшін құрылғыңызды www . hotpoint . eu/ register веб-сайтында тіркеңіз

АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ

Құрылғыны орнатылғаннан кейін, қуат көзіне қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз. Құрылғыны қуат көзіне қосыңыз да, ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Тағамға арналған тиісті сақтау температуралары зауытта алдын ала орнатылған.

Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.

КК

Құрылғыны іске қосқаннан кейін қалыпты толтырылған құрылғының сәйкес сақтау температурасы орныққанша 4-6 сағаттай күту қажет. Бактерияға қарсы иісті болдырмайтын сүзгіні оның орамында көрсетілгендей желдеткішке орнатыңыз (бар болса). Егер дыбыстық белгі естілсе, бұл температура дабылының іске қосылғанын білдіреді: дыбыстық белгілерді өшіру үшін түймені басыңыз.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

1 2

3

4

5

6

1. Тоңазытқыш Температурасы / Күту режимі

2. Температура индикатордың параметрі

3. Тоңазытқыш индикаторы

4. Дабыл индикаторы

5. Мұздатқыш индикаторы

6. Мұздатқыш Температурасы /

Тоқтату дабылы

ТЕМПЕРАТУРАНЫ ОРНАТУ

Тоңазытқыш бөлімінің әртүрлі температураны орнату үшін

Тоңазытқыш Түймесін басыңыз.

Тоңазытқыш бөлімі үшін ұсынылған параметрлері ОРТ

Мұздатқыш бөлімінің әртүрлі температураны орнату үшін

Мұздатқыш Түймесін басыңыз.

Мұздатқыш бөлімі үшін ұсынылған параметрлері ОРТ

МИНИМАЛДЫ

СУЫҚТЫҚ

ОРТАША

ЕҢ САЛҚЫН

ТЕМП

FAST

FREEZING

(ТЕЗ

МҰЗДАТУ)

ҚОСУ/КҮТУ

Құрылғыны күту режиміне аудару үшін Тоңазытқыштың температура түймесін 3 секунд басыңыз.

Күту режимінде тоңазытқыш бөлімінің шамы жанбайды.

Құрылғыны қайта іске қосу үшін, түймешікті қайтадан тез басыңыз.

Азық-түлік қалдықтарынан аулақ болу үшін интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығындағы ұсынылған параметрлер мен сақтау мерзімдерін қараңыз.

FAST FREEZE (ТЕЗ МҰЗДАТУ)

Жақсы сақтау үшін, мұздатқыштың қуысына көп мөлшерде тағам салмас бұрын Қатты мұздату функциясын қолданыңыз.

Функцияны орнату үшін барлық үш шам жанғанша (6) түймешігін басыңыз.

Функция 26 сағаттан соң автоматты түрде немесе мұздатқыштың әртүрлі температураны қолмен таңдау арқылы өшеді.

Ескертпе: балғын тамақтардың және қатырылған тамақтардың тікелей ара қатынасына жол бермеңіз. Мұздату жылдамдығын тиімді ету үшін жәшіктерді шығарып, тағамды тікелей бөлімнің астына орналастыруға болады.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

БАЛҒЫН ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ТӘСІЛІ

Шартты белгілер

КІШІ САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ

Тропикалық жемісті, қауашақтарды, сусындарды, жұмыртқаларды, соустарды, маринадталған тағамдарды, сары майды, джемді сақтау үшін ұсынылады

САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ

Ірімшікті, сүтті, күнделікті тағамдарды, таңсық тағамдарды, йогуртты сақтауға арналған

ЕҢ САЛҚЫН АЙМАҚ/ТАРТПА

Туралған ет,тәтті тағамдарды, ет пен балық сақтауға арналған.

ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ

МҰЗДАТҚЫШ ТАРТПАЛАРЫ

МҰЗДАТҚЫШ АЙМАҒЫНЫҢ ТАРТПАСЫ

(Макс салқын жер)

Балғын/пісірілген тағамдарды мұздату үшін ұсынылған

Жүктеме шектері белгілі бір конструкциямен (себеттер, контейнерлер, қақпақтар, тартпалар, сөрелер және т.б.) анықталады, немесе жүктеме шектері табиғи жүктеме шектерімен анықталады.

ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ

Көп Ағынды Ауа Тарату

Көп Ағынды тамақты жақсы сақтау үшін салқын ауаны камерада біркелкі таратуға көмектеседі. Өнімдерді құрылғының кез-келген сөресіне қоюға болады. Еркін қозғалысты қамтамасыз ету үшін желдету саңылауларын жаппауға тырысыңыз.

Humidity control (Ылғалдылықты басқару)*

Егер жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз келсе, ылғалдылықты реттегішті ашыңыз (B бағыты) немесе тағамды ылғалдау ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (A бағыты).

A B

Multi Fresh Zone*

Оңтайлы сақтау үшін 3 температуралық таңдау: Ет/Балық;

Сүт өнімдері; Жемістер/Көкөністер, балғын шөптерді сақтау үшін қосымша орын ұсынады.

Параметрлер:

ТӨМЕН = Ет пен Балық

ОРТ = Сүт өнімдері (Ірімшік және Йогурт)

ЖОҒАРЫ = Жемістер және көкөністер

"Multi Fresh zone" бөлімінің дұрыс жұмыс істеуі үшін, мыналар қажет:

• құрылғының қосулы тұруы

• келесі арнайы функциялардың бірі таңдалмаған: Күту режимі, Салқындатқышты Сөндіру, Тоқтата тұру (бұл жағдайда оның ішіндегі тағамды алып тастаңыз).

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

Жарық жүйесі (құрылғының үлгісіне қарай)

Бұл өнімде энергия тиімділігі класындағы G жарық шамы бар

Бұл өнімде энергия тиімділігі класындағы G жарық шамы бар

Бұл өнімде энергия тиімділігі класындағы F 2/4 бүйірлік жарық шамы және ең жоғарыда орналасқан класындағы G жарық шамы бар

Бұл өнімде энергия тиімділігі класындағы G ең жоғарыда орналасқан жарық шамы бар

МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІ

Total No Frost (толық мұз жоқ) жүйесі

Total No Frost жүйесі мұздатқышта да, тоңазытқышта да қолмен еріту қиындықтарынан аулақ болып, мұздың пайда болуын тиімді түрде болдырмайды.

Оның желдету жүйесі екі қуыста да суық ауаның мінсіз айналымын қамтамасыз етеді, бұл мұздың пайда болуына жол бермейді.

Мұз текшелері*

Мұз науасының 2/3 бөлігін сумен толтырып, мұздату бөліміне қайта салыңыз.

Мұзды шығару үшін ешбір жағдайда үшкір немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.

12 және 24 сағат ішінде мұздатуға болатын балғын тағамның мөлшері тақтайшада көрсетілген.

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Егер осы нұсқаулығында өзгеше көрсетілмесе тартпалар, себеттер мен сөрелер ағымдағы күйінде сақталуы керек.

Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі жарық жүйесінде дәстүрлі шамға қарамастан жарықтың жақсы жануына мүмкіндік беретін, соған байланысты қуаттың аз жұмсалуын қамтамасыз ететін жарықдиодты шамдар пайдаланылады.

ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ

Қоқыс тастайтын жерге апармас бұрын тоңазытқыштың есіктері мен қақпақтарын балалар мен жануарлардың ішіне кіріп кетпес үшін алып тастау керек.

Оңай қолжетімді науа *

Мұздатқыш науа жиі қолданылатын тағамдарға оңай қолжеткізуге, қалдықтарды немесе ұсақ заттарды мұздатуға немесе жай сақтауға пайдалы.*

ТАРТПАЛАРДЫ ШЕШІП АЛУ

Жәшіктерді мүмкіндігінше алыс етіп сыртқа тартыңыз, жоғары көтеріп алыңыз. Қосымша көлемге қол жеткізу үшін мұздатқыш бөлімі жәшіктерсіз пайдаланыла алады.

Тамақты қайта торға/сөрелерге қайта орнатқаннан кейін есіктің тиісінше жабылғанына көз жеткізіңіз.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

** ISO 22196 стандартын қолданып, IMSL-мен (Өндіріс

Микробиологиялық Қызметі ЖАС, ҰБ) тәуелсіз түрде тексерілген

АҚАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ

Келесі жағдайларда не істеу керек...

Мүмкін себептері

Басқару тақтасы өшірулі, құрылғы жұмыс істемейді.

Құрылғы Қосу/Күту режимінде тұрған болуы мүмкін.

Құрылғыны қуатпен қамтамасыз етуде мәселе бар болуы мүмкін.

Шешімдер

Құрылғыны 1 түймесімен белсенді қылу.

Келесілерді тексеріңіз:

• қуат іркілісінің жоқтығын

• айыр электр розеткасына дұрыс енгізілгенін және желілік розетканың екі полюсты қосқышының (бар болса) дұрыс позицияда тұрғанын (яғни, құрылғыға қуат алуға мүмкіндік беретінін)

• тұрмыстық электр жүйесін қорғау құралдары жұмыс істейтінін

• қуат кабелі бұзылмаған.

Қызмет Орталығына хабарласыңыз.

Ішкі шам жұмыс істемейді.

Бөлімдердің ішіндегі температураның төмендігі жеткіліксіз.

Шамды ауыстыру қажет болуы мүмкін.

Құрылғы Қосу/Күту режимінде тұрған болуы мүмкін.

Мұның себептері әртүрлі болуы мүмкін ("Шешімдер" бөлімін қараңыз).

Құрылғыны 1 түймесімен белсенді қылу.

Келесілерді тексеріңіз:

• есіктердің дұрыс жабылғанын

• құрылғы жылу көзінің жанына орнатылмағандығын

• орнатылған температура сәйкес екенін

• құрылғы астындағы желдету саңылаулары арқылы жасалатын ауа циркуляциясы бөгелмегенін.

Күтім қажет емес.

Есік таянышының тығыздауышындағы, құрылғының алдыңғы шеті ыстық.

Дыбысты сигнал естіледі.

!

!

!

Бұл ақаулық емес. Бұл конденсаттың түзілуін болдырмайды.

Ашық есік дабылы

Есік ұзақ уақыт бойы ашық қалған кезде іске қосылады.

Қуатты Өшіру дабылы

Ол қатырғыш бөлімі температурасының күшеюіне себеп болатындай ұзақ уақыт қуат іркілісі болған жағдайда іске қосылады.

Ескертпе: Қуатты Өшіру дабылы ажырамайынша басқа өнім температурасын орнату мүмкін емес.

Мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл

Мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл бөлімнің оңтайлы температурада емес екендігін көрсетеді. Бұл мынандай жағдайларда болады: ерітуден және/немесе тазалаудан соң бірінші рет пайдаланған кезде қатырғыш ішіне көп мөлшердегі тағам қойылса немесе қатырғыш есігі дұрыс жабылмаған кезде.

Дыбысты сигналды өшіру үшін өнімнің есіктерін жабыңыз.

Дыбыстық сигналды өшіру алдында, қуат көзінен ажырау кезінде мұздатқыш бөлімінде қол жеткізілген ең жоғары температураға сәйкес келетін, мұздатқыш температура дисплейінде көрсетілген температураға назар аударғаныңыз жөн. Дыбысты сигналдарды өшіру үшін, “Stop Alarm”

(Дабылды тоқтату) түймесін басыңыз. Түймешікті басқаннан кейін, температура дисплейі орнатылған температураны қайта көрсетеді. Егер мұздатқыш бөлімі тағамды сақтауға арналған оңтайлы температураға әлі жетпеген болса, қатырғыш бөлімі температурасына арналған дабыл іске қосылуы мүмкін (қатырғыш бөлімінің температурасына арналған дабыл бөлімін қараңыз). Тамақты пайдаланбас бұрын тексеріңіз.

1 немесе 6 түймесін дыбыстық дабылын кейінге қалдыру үшін басыңыз.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

Саясат пен стандарт туралы толық құжаттама және өнім туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз:

• Біздің веб-сайтымызды қараңыз docs . hotpoint . eu

• Құрылғының QR-коды қолданыңыз

• Немесе, біздің Сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін кепілдеме шарттарынан қараңыз). Кепілдік бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласқанда, өнімнің техникалық кестесінде көрсетілген кодтарды хабарлаңыз.

Үлгіге қатысты ақпаратты энергетикалық затбелгіде көрсетілген QR-коды көмегімен қарауға болады. Сондай-ақ, бұл затбелгіде үлгі сәйкестендіргіші бар, оны https://eprel.ec.europa.eu мекенжайындағы тіркеу дерекқор порталынан кеңес алу үшін қолдануға болады.

400011549123/B

advertisement

Related manuals

Download PDF

advertisement