FCC-B радио жиілікті кедергілер туралы мәлімдемесі. MSI MS-16L4, GT63 Titan (Intel 8th Gen)

Add to My manuals
68 Pages

advertisement

FCC-B радио жиілікті кедергілер туралы мәлімдемесі. MSI MS-16L4, GT63 Titan (Intel 8th Gen) | Manualzz

1-4

Пайдаланушының нұсқаулығы

FCC-B радио жиілікті кедергілер туралы мәлімдемесі

Бұл жабдық сыналды және оның FCC ережелерінің 15-бөлігіне сай В сыныпты сандық құрылғы шектеріне сай екені анықталды. Бұл шектер тұрмыстық орнатымда зиянды кедергілерге қарсы тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл жабдық радио жиілікті қуатты жасайды, пайдаланады және шығарады және нұсқауларға сай орнатылмаса және пайдаланылмаса, радио байланысқа зиянды кедергілерді тудыруы мүмкін. Дегенмен, нақты орнатымда кедергілер болмайтынына кепілдік жоқ.

Егер бұл жабдық радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергілер тудырса

(мұны жабдықты өшіру және қосу арқылы анықтауға болады), пайдаланушыға келесі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергілерді түзетуге әрекет жасау ұсынылады:

▶ Қабылдау антеннасының бағытын немесе орнын өзгерту.

▶ Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру.

▶ Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан басқа тізбектегі розеткаға қосу.

ЕСКЕРТПЕ

▶ Талаптарға сәйкестікке жауапты тарап анық түрде бекітпеген өзгертулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығын жояды.

▶ Шығару шектері талаптарын орындау үшін экрандалған интерфейстік кабельдерді және айнымалы ток қуатын пайдалану керек.

FCC шарттары

Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөлігіне сай. Пайдалануға келесі екі шарт қолданылады:

▶ Бұл құрылғы зиянды кедергілерді тудырмауы керек.

▶ Бұл құрылғы алынған кез келген кедергілерді, соның ішінде, қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы керек.

CE талаптарына сәйкестік

Бұл құрылғы Еуропалық директивада белгіленген негізгі қауіпсіздік талаптарына және басқа тиісті шарттарға сай.

1-5

advertisement

Related manuals

Download PDF

advertisement

Table of contents