Тачпадты пайдалану әдісі . MSI MS-17A3, GT75 Titan (Intel 8th Gen)

Add to My manuals
68 Pages

advertisement

Тачпадты пайдалану әдісі . MSI MS-17A3, GT75 Titan (Intel 8th Gen) | Manualzz

Жұмысты бастау әдісі

Тачпадты пайдалану әдісі

Ноутбукке кірістірілген тачпад — стандартты тінтуірмен үйлесімді меңзеу құрылғысы.

Ол экранда жүгіргінің орнын меңзеу және екі түймесімен таңдау жасау арқылы сізге ноутбукті басқаруға мүмкіндік береді.

▶ Тачпадты конфигурациялау

Меңзеу құрылғысын жеке қажеттіліктерге сай теңшеуге болады. Мысалы, солақай пайдаланушы болсаңыз, екі түйменің функцияларын ауыстырғыңыз келуі мүмкін. Бұған қоса, экрандағы жүгіргінің өлшемін, пішінін, қозғалу жылдамдығын және басқа кеңейтілген мүмкіндіктерін өзгерте аласыз.

Тачпадты конфигурациялау үшін Windows операциялық жүйесіндегі Microsoft немесе IBM PS/2 драйверін пайдалануға болады. «Басқару тақтасы» ішіндегі

«Тінтуір сипаттары» конфигурацияны өзгертуге мүмкіндік береді.

▶ Орналастыру және жылжыту

Саусақты тачпадқа қойыңыз (әдетте сұқ саусақ), сонда тіктөртбұрышты тақта дисплейдің кішкентай көшірмесі ретінде әрекет етеді. Саусақ ұшын тақтада жылжытқанда экрандағы жүгіргі бір уақытта бірдей бағытта қозғалады. Саусақ тақтаның жиегіне жеткенде қозғалысты жалғастыру үшін саусақты көтеріңіз және тачпадтың тиісті орнына қойыңыз.

3-12 3-13

3-12

Пайдаланушының нұсқаулығы

▶ Меңзеу және басу

Жүгіргіні жылжытып, белгіше, мәзір элементі немесе орындау керек пәрмен үстіне қойғанда таңдау үшін жай тачпадты жай түртіңіз немесе сол жақ түймені басыңыз. Меңзеу және басу деп аталатын бұл процедура ноутбукті пайдаланудың негіздері болып табылады. Тінтуір сияқты дәстүрлі меңзеу құрылғысынан ерекшелігі, бүкіл тачпад сол жақ түйме ретінде әрекет ете алады, осылайша тачпадты әр түрту сол жақ түймені басуға тең болады.

Тачпадта тезірек екі рет түрту қос басуды орындайды.

▶ Сүйреп апарып тастау

Ноутбуктегі файлдарды немесе нысандарды сүйреп апарып тастауды пайдалана отырып жылжытуға болады. Бұлай істеу үшін жүгіргіні қажет элементке қойып, тачпадты жай екі рет түртіңіз, содан кейін екінші түрткенде саусақ ұшын тачпадқа тигізіп тұрыңыз. Енді тачпадта саусақты жылжыту арқылы таңдалған элементті қажет орынға сүйреуге, содан кейін элементті орнына тастау үшін саусақты тачпадтан көтеруге болады. Я болмаса, элементті таңдағанда сол жақ түймені басып тұруға, содан кейін саусақты қажет орынға жылжытуға, соңында, сүйреп апарып тастау әрекетін аяқтау үшін сол жақ түймені жіберуге болады.

3-13

advertisement

Related manuals

Download PDF

advertisement

Table of contents