Whirlpool SP40 802 EU Fridge/freezer combination Пайдаланушы нұсқаулығы

Add to My manuals
4 Pages

advertisement

Whirlpool SP40 802 EU Fridge/freezer combination Пайдаланушы нұсқаулығы | Manualzz

Қысқаша нұсқаулық

WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ

ҮШІН РАХМЕТ

Толығырақ көмек алу үшін құрылғыңызды www. whirlpool .eu/register веб-сайтында тіркеңіз

Құрылғыны пайдаланбас бұрын Қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият оқыңыз.

KZ

ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ

АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ

Құрылғыны орнатылғаннан кейін, қуат көзіне қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз. Құрылғыны желіге қосыңыз да, ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Тағамға арналған тиісті сақтау температуралары зауытта алдын ала орнатылған.

Құрылғыны іске қосқаннан кейін қалыпты толтырылған құрылғының сәйкес сақтау температурасы орныққанша 4-6 сағат күту қажет. Бактерияға қарсы иісті болдырмайтын сүзгіні оның орамында көрсетілгендей желдеткішке орнатыңыз (бар болса). Егер дыбыстық белгі естілсе, бұл температура дабылының іске қосылғанын білдіреді: дыбыстық белгілерді өшіру үшін түймені басыңыз.

БАСҚАРУ ПАНЕЛІ

7.

1.

2.

1. Температура дисплейі

2. Мұздатқыш температурасы

3. Fast freeze (Тез мұздату) - Қосу/күту

4. Дыбыстық дабылды өшіру

5. Қуатты өшіру сигналы индикаторы

6. Fast cool (Тез суыту) - Vacation

(Тоқтата тұру)

7. Тоңазытқыш температурасы

6. 5.

4.

3.

6 TH SENSE FRESH CONTROL ЖӘНЕ FREEZE CONTROL

Құрылғы автоматты түрде оңтайлы ішкі сақтау температурасына жылдам жетеді. The 6 th Sense Fresh Control басқару функциясы арқылы құрылғының ылғалдықты да басқару мүмкін. 6 th Sense Freeze Control функциясы мұздатқыш бөлімдегі температураны орнықты күйде ұстайды.

Осы мақсатта дұрыс жұмыс істеуі үшін, желдеткіш те іске қосулы болуы тиіс. Функцияны іске қосуға/өшіруге болады

(Желдеткіш сипаттамасын қараңыз).

ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІНІҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ

Құрылғының басқа температурасын түймесін басу арқылы орнатуға болады.

FAST COOL (ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ)

Тоңазытқыш бөліміне жас тағамның үлкен мөлшерін салардан бұрын түймесін басыңыз. Функция іске қосылғанда белгіше жанады. Функция автоматты түрде

6 сағат өткенде, немесе түймесін қайтадан басу арқылы қолдан өшіріледі.

ЖЕЛДЕТКІШ*

Желдеткіш өнім ішіндегі температура таратылуын жақсартып, тоңазытқыштағы тағамның жақсырақ сақталуына және артық ылғал төмендетуге мүмкіндік береді. Әдепкі ретінде, желдеткіш қосулы болады. Желдеткішті Тез мұздатқыш

және Мұздатқыш пернелерін 3 секунд басу арқылы қосуға/өшіруге болады. Егер желдеткіш өшірулі болса, дисплейдің шамы жыпылықтайды да, бір рет дыбыстық белгі беріледі және егер желдеткіш қосылса, дисплейдің шамы жыпылықтайды да, екі рет дыбыстық белгі беріледі.

Егер қоршаған ортаның температурасы 27°C артса немесе әйнек сөрелерінде су тамшылары пайда болса, тағамдардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ету үшін желдеткішті қосу қажет. Желдеткішті өшіру қуаттың тұтынылуын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ескертпе: қуат үзілгеннен кейін немесе құрылғыны өшірген соң желдеткіш автоматты түрде қайта іске қосылады. Ауаның кіру аймағын тағамдармен бөгемеңіз .

БАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ СҮЗГІ*

Оны Жеміс және Көкөніс сақтау бөлімінің тартпасында орналасқан жәшіктен шығарып, желдеткіш қақпағына орнатыңыз. Ауыстыру процедурасы сүзгі жәшігінде қамтылған.

ҚОСУ/КҮТУ

Құрылғыны өшіру үшін түймешігін 3 секунд басыңыз. Күту режимінде дисплейде екі үзік сызық жарықтанады. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, түймешікті қайтадан тез басыңыз.

Ескертпе: бұл құрылғыны қуат көзінен ажыратпайды.

ДЫБЫСТЫҚ ДАБЫЛДЫ ӨШІРУ

Дыбыстық дабылды өшіру үшін,

Құрылғының басқа температурасын орнатуға болады.

түймеcін сәл басыңыз.

МҰЗДАТҚЫШ БӨЛІМІНІҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫ

FAST FREEZE (ТЕЗ МҰЗДАТУ)

түймесін басу арқылы

Мұздату аймағына тағамның үлкен мөлшерін салардан бұрын

24 сағат түймесін басыңыз. Функция іске қосылғанда белгішесі жанады. Функция автоматты түрде 48 сағат өткенде, немесе түймесін қайтадан басу арқылы қолдан өшіріледі.

VACATION (ТОҚТАТА ТҰРУ)

Бұл функцияны ұзақ уақытқа жоқ болған кезіңізде қолдануыңызға болады. Функцияны іске қосу үшін түймесін 3 секунд басыңыз. Дисплей тоңазытқыш бөлімінің температурасын (+12°C) көрсетеді және белгішесі жанады.

Функцияны іске қосқаннан кейін, тағамды тоңазытқыш бөлімінен алып, екі есікті де жабық күйінде ұстаңыз - тоңазытқыш иістердің пайда болуын болдырмау үшін қолайлы температураны сақтайды. Алайда мұздатқыш орнатылған температурада қалады. Функцияны өшіру үшін

түймесін 3 секунд басыңыз.

ТЕМПЕРАТУРА ДИСПЛЕЙІ

Дисплей тоңазытқыш бөлімінің температурасын (2°C және

8° C аралығы) немесе мұздатқыш бөлімінің температурасын

(-16°C және -24°C аралығы) кезекпен көрсетуі мүмкін.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

МҰЗДАТУ ЖҮЙЕСІН ТОҚТАТУ*

Мұздату жүйесін тоқтату мұздатқыш бөлімін жібіту процессін жеңілдетуге көмектеседі.

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралы қатыру бөлімінде түзілетін қырауды жинау үшін жасалған және оны алып, тазалау оңай, сондықтан ол мұздату бөлімінің еріту уақытын қысқартады.

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралындағы қырауды алып тастау үшін төменде көрсетілген тазалау рәсімін орындаңыз.

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ ҚҰРАЛЫН ТАЗАЛАУ РӘСІМІ

1. Мұздатқыш бөлімінің есігін ашыңыз және жоғарғы жәшікті алыңыз.

5. Құралды кептіріңіз және пластик бөліктерін жұмсақ матамен сүртіңіз.

2. МҰЗДАТУ ТОҚТАТУ бөлшегін шешіп, төмендегі шыны сөресіне түсіруді болдырмау жолымен оны алып тастаңыз.

Ескертпе: егер құрал қыстырылып қалса немесе алынуы қиын болса, оны алуға тырыспаңыз, бірақ мұздату бөлімінің толық ерітілуін жалғастырыңыз.

6. Суретінде көрсетілген шығыңқы жерлерге құралды орнату арқылы қайта енгізіңіз және құралдың тетігін жоғарыдағы ұстағыштармен бекітіңіз.

3.

4.

Мұздату бөлімінің есігін жабыңыз. .

Құралдағы қырауды ағын (ыстық емес) судың астында шаю арқылы тазалаңыз.

7. Жоғарғы жәшікті қайта енгізіңіз де, мұздатқыш бөлімінің есігін жабыңыз.

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын өздігінен, мұздатқыш бөлімін ерітусіз тазалау мүмкін болады.

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралын жүйелі түрде тазалау мұздату бөлімін толық еріту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.

Ескертпе: өнім сипаттамалары, соның ішінде көлемі және қуаты

ҚЫРАУДЫ ТОҚТАТУ құралынсыз есептеледі.

БАЛҒЫН ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ ЖОЛЫ

Шартты белгілер

ТЕМПЕРАТУРА АЙМАҒЫ

Тропикалық жемісті, қауашақтарды, сусындарды, жұмыртқаларды, соустарды, маринадталған тағамдарды, сары майды, джемді сақтау үшін ұсынылады

САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ

Ірімшікті, сүтті, күнделікті тағамдарды, таңсық тағамдарды, йогуртты сақтауға арналған

ЕҢ СУЫҚ АЙМАҒЫ

Туралған ет,тәтті тағамдарды, ет пен балық сақтауға арналған

ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ

ҚАТЫРҒЫШ ТАРТПАЛАРЫ

ҚАТЫРУ АЙМАҒЫНЫҢ ТАРТПАСЫ

(Макс салқын жер)

Балғын/пісірілген тағамдар үшін ұсынылған

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

ТАРТПА МЕН “SLIDING TRAY” (“СЫРҒЫМАЛЫ ТАБАҚТЫ”) (АЛМАЛЫ СӨРЕ) АЛЫП ШЫҒУ

1 2

1 2

1 1 2

ҚАҚПАҚТЫ СӨРЕ (БҰЛ ҚҰРАМДАСТЫ ТҮРЛІ БИІКТІКТЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА БОЛАДЫ)

A B C

Қақпақты сөре

ЖАС ТАҒАМ ЖӘШІГІ 0°*

Бұл тартпа жас тағамды (мысалы, жаңа піскен макарон, қаймақ, песто/сальса, үйде пісірілген тағамдар, пісірілген крем, пуддинг, кілегейлі ірімшік, туралған ет, тәтті тағам, ет пен балық) ұзақ уақыт бойы сақтау үшін арнайы жасалған.

Тартпаның ішіндегі температура +3 °C және -2 °C аралығында. Тартпа дұрыс жұмыс істеуі үшін Демалыс режимі параметрі таңдалмаған болуы керек.

HUMIDITY CONTROL (ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУ)*

Жеміс-жидек пен көкөніс тартпасындағы ылғалдылық деңгейін таңдау: ішіндегі тағам барынша жақсы сақталуы үшін ылғалдылықтың дұрыс деңгейін реттеу мақсатында селектоcream cheeseтаңдау тетігін сырғытыңыз.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

АҚАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ

Келесі жағдайларда не істеу керек...

Басқару тақтасы өшірулі, құрылғы жұмыс істемейді.

Ішкі шам жұмыс істемейді.

Бөлімдердің ішіндегі температураның төмендігі жеткіліксіз.

Мүмкін себептері

Құрылғы Қосу/Күту режимінде болуы мүмкін.

Құрылғыны қуатпен қамтамасыз етуде мәселе бар болуы мүмкін.

Шамды ауыстыру қажет болуы мүмкін.

Құрылғы Қосу/Күту режимінде болуы мүмкін.

Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін

("Шешімдер" бөлімін қараңыз).

Ерітілген судың науасы бөгелген.

Бұл ақаулық емес. Бұл конденсаттың түзілуін болдырмайды.

Шешімдер

Құрылғыны On/Stand-by түймешігі арқылы іске қосыңыз. Келесілерді тексеріңіз:

• қуат іркілісінің жоқтығын;

• айыр электр розеткасына дұрыс енгізілгенін және желілік розетканың екі полюсты қосқышының (бар болса) дұрыс позицияда тұрғанын (яғни, құрылғыға қуат алуға мүмкіндік беретінін)

• тұрмыстық электр жүйесін қорғау құралдары жұмыс істейтінін;

• қуат кабелі бұзылмаған.

ЖД шамдары бар үлгілер: өкілетті Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

түймесін тез басу арқылы құрылғыны іске қосыңыз (On/Stand-by

(Қосу/күту) функциясын қараңыз).

Келесілерді тексеріңіз:

• есіктердің дұрыс жабылғанын;

• құрылғы жылу көзінің жанында орнатылмаған;

• орнатылған температура сәйкес;

• құрылғының негізіндегі желдету торлары арқылы жасалатын ауа циркуляциясы бөгелмеген.

Еріген суды ағызу саңылауын тазартыңыз ("Құрылғыға техникалық қызмет көрсету және тазалау" бөлімін қараңыз).

Шешім қабылдаудың қажеті жоқ.

Тоңазытқыш бөлімінің астында су жиналды.

Есік таянышының тығыздауышындағы құрылғының алдыңғы шеті ыстық.

Қызыл белгішесі жыпылықтайды және дыбыстық дабыл белсендіріледі

Қызыл белгіше жыпылықтайды, дыбыстық сигнал іске қосылады және

белгішесі белсендіріледі.

Қызыл белгіше жанады

(жыпылықтамайды), дыбыстық белгі естіледі де, мұздатқыш температурасының дисплейі жыпылықтайды.

Қызыл дыбыстық дабыл іске қосылады және дисплейде "F" әрпі жыпылықтайды.

Ашық есік дабылы

Ол тоңазытқыш және (немесе) камераларының есігі ұзақ уақыт бойы ашық қалған кезде іске қосылады.

Дыбыстық сигналды өшіру үшін, өнімдің ашу есігін жабыңыз.

Өшірілу дабылы

Бұл мұздатқыш бөліміндегі температураның көтерілуіне алып келетін қуат көзінен ұзаққа созылған үзіліс жасалғанда белсендіреді.

Ескертпе: өшірілу дабылы ажыратылғанша, өнімге арналған басқа температураны орната алмайсыз.

Мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл

Мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл бөлімнің оңтайлы температурада емес екендігін көрсетеді.

Бұл мына жағдайларда орын алуы мүмкін: алғашқы рет қолдану кезінде, мұзын ерітіп және/немесе тазалағаннан кейін, тағамның үлкен мөлшерлерін мұздату кезінде немесе мұздатқыштың есігі толығымен жабылмаған жағдайда.

Ақаулық дабылы

Дабыл техникалық құрамдастың ақаулығын көрсетеді.

Дыбыстық сигналды өшіру алдында, қуат көзінен ажырату кезінде мұздатқыш бөлімінде қол жеткізілген ең жоғары температураға сәйкес келетін, температура дисплейінде көрсетілген температураға назар аударғаныңыз жөн. Дыбыстық сигналды өшіру үшін, "Дыбыстық дабылды өшіру" түймешігін сәл басыңыз.

Түймешікті басқаннан кейін, температура дисплейі орнатылған температураны қайта көрсетеді. Егер мұздатқыш бөлімі тағамды сақтауға арналған оңтайлы температураға әлі жетпеген болса, мұздатқыш бөлімі температурасына арналған дабыл іске қосылуы мүмкін (мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабылды қараңыз). Тағамды пайдаланбас бұрын, оның күйін тексеріңіз.

Дыбыстық сигналды өшіру үшін, “Дыбыстық дабылды өшіру” түймесін сәл басыңыз (температура дисплейі жыпылықтауын тоқтатады). Оңтайлы температура шарттарына қол жеткізілген кезде, қызыл белгіше автоматты түрде өшеді. Егер мұздатқыш бөлімінің температурасына арналған дабыл тоқтамаса, Өкілетті техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Өкілетті Техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. Дыбыстық сигналды өшіру үшін, "Дыбыстық дабылды өшіру" түймешігін сәл басыңыз.

* Кейбір үлгілерде ғана қолжетімді

Қауіпсіздік Нұсқаулығын, Пайдаланушы Нұсқаулығын, Өнім қағазын және Қуат деректерің жүктеу аласыз:

• Біздің веб-сайтымызды қараңыз docs . whirlpool . eu

• QR кодың қолдаңыз

• Кері жағдайда, біздің Сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз (телефон нөмерің кепілдеме шарттарда қараңыз). Сатудан кейінгі қызметіне хабарласу кезінде өнімнің техникалық кестесінде көрсетілген кодтарды хабарлаңыз.

400011225409

advertisement

Key Features

  • White Built-in 395 L
  • 294 L Fridge interior light
  • 101 L Bottom-placed 4* 12 kg/24h
  • 274 kWh 35 dB

Related manuals

Download PDF

advertisement