MSI WT72 Workstation MOBILE WORKSTATION Manual

Add to My manuals
49 Pages

advertisement

MSI WT72 Workstation MOBILE WORKSTATION Manual | Manualzz

1

Алғысөз

Ноутбук

Пайдаланушы нұсқаулығы

G52-17811XM

Алғысөз

Мазмұны

1тарау : Алғысөз

Мазмұны ......................................................................... 1-2

Ережелер мен мəлімдемелер ..................................... 1-4

FCC-B радио жиілікті кедергілер туралы мəлімдемесі ............................................................... 1-4

FCC шарттары ........................................................... 1-4

CE талаптарына сəйкестік ........................................ 1-4

Батарея туралы ережелер ........................................ 1-5

WEEE мəлімдемесі .................................................... 1-5

Қауіпсіздік туралы нұсқаулар .................................... 1-6

Оптикалық жетек құрылғысы туралы ескерту ....... 1-8

Сауда белгілері ............................................................. 1-8

Нұсқалар журналы ....................................................... 1-8

2тарау : Кіріспе

Нұсқаулық картасы ...................................................... 2-2

Орамадан шығару ........................................................ 2-2

Өнімге шолу ................................................................... 2-3

Үсті ашық көрініс ........................................................ 2-3

Алдыңғы жағының көрінісі ......................................... 2-7

Оң жағының көрінісі ................................................... 2-8

Сол жағының көрінісі ................................................. 2-9

Артқы жағының көрінісі ........................................... 2-11

Төменгі жағының көрінісі ......................................... 2-12

Техникалық сипаттамалар ........................................ 2-13

3тарау : Жұмысты бастау

Ноутбукті пайдалануды бастау ................................. 3-2

Қуатты басқару ............................................................. 3-3

Айнымалы ток қуаты ................................................. 3-3

Батарея қуаты ............................................................ 3-3

1-2

Windows операциялық жүйесінде қуатты басқару ....................................................................... 3-5

Қуатты үнемдеу туралы кеңестер ............................ 3-7

Негізгі əрекеттер ........................................................... 3-8

Қауіпсіздік жəне ыңғайлылық туралы кеңестер ....... 3-8

Пернетақтамен танысу ............................................ 3-10

Сымсыз белсендіру ................................................. 3-14

Тачпадпен танысу ................................................... 3-15

Смартпадпен танысу ............................................... 3-17

Қатты диск туралы ................................................... 3-18

Оптикалық сақтау құрылғысын пайдалану ............ 3-18

Сыртқы құрылғыларды қосу ................................... 3-20

Перифериялық құрылғылар ................................... 3-20

Байланыс құрылғылары .......................................... 3-21

1-3

Алғысөз

Ережелер мен мəлімдемелер

FCC-B радио жиілікті кедергілер туралы мəлімдемесі

Бұл жабдық сыналды жəне оның FCC ережелерінің 15бөлігіне сай В сыныпты сандық құрылғы шектеріне сай екені анықталды . Бұл шектер тұрмыстық орнатымда зиянды кедергілерге қарсы тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған . Бұл жабдық радио жиілікті қуатты жасайды , пайдаланады жəне шығарады жəне нұсқауларға сай орнатылмаса жəне пайдаланылмаса , радио байланысқа зиянды кедергілерді тудыруы мүмкін . Дегенмен , нақты орнатымда кедергілер болмайтынына кепілдік жоқ . Егер бұл жабдық радио немесе теледидар қабылдауына зиянды кедергілер тудырса ( мұны жабдықты өшіру жəне қосу арқылы анықтауға болады ), пайдаланушыға келесі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергілерді түзетуге əрекет жасау ұсынылады :

 Қабылдау антеннасының бағытын немесе орнын өзгерту .

 Жабдық пен қабылдағыш арасындағы қашықтықты арттыру .

 Жабдықты қабылдағыш қосылғаннан басқа тізбектегі розеткаға қосу .

 Анықтама алу үшін дилерге немесе тəжірибелі радио / ТД технигіне хабарласу .

ЕСКЕРТПЕ

 Талаптарға сəйкестікке жауапты тарап анық түрде бекітпеген өзгертулер пайдаланушының жабдықты пайдалану құқығын жояды .

 Шығару шектері талаптарын орындау үшін экрандалған интерфейстік кабельдерді жəне айнымалы ток қуатын пайдалану керек .

FCC шарттары

Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15бөлігіне сай . Пайдалануға келесі екі шарт қолданылады :

 Бұл құрылғы зиянды кедергілерді тудырмауы керек .

 Бұл құрылғы алынған кез келген кедергілерді , соның ішінде , қалаусыз жұмысты тудыруы мүмкін кедергілерді қабылдауы керек .

CE талаптарына сəйкестік

Бұл құрылғы Еуропалық директивада белгіленген негізгі қауіпсіздік талаптарына жəне басқа тиісті шарттарға сай .

1-4

Батарея туралы ережелер

Еуропалық Одақ :

Батареяларды , батарея жинақтарын жəне аккумуляторларды сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс ретінде қоқысқа лақтырмау керек . Қайтару , қайта өңдеуге тапсыру үшін қоғамдық жинау жүйесін пайдаланыңыз немесе оларға қатысты жергілікті ережелерге сай əрекеттер жасаңыз .

Тайвань :

Қоршаған ортаны жақсырақ қорғау үшін қоқыс батареяларды қайта өңдеу немесе арнайы қоқысқа лақтыру үшін бөлек жинау керек .

Калифорния , АҚШ : Таблетка тəрізді батареяда перхлорат материалы болуы мүмкін жəне Калифорнияда қайта өңдегенде немесе қоқысқа лақтырғанда арнайы əрекеттер орындауды қажет етеді .

Қосымша ақпарат алу үшін мына бетке кіріңіз : http://www.dtsc.ca.gov/hazardouswaste/perchlorate/

Литий батареяны пайдалануға қатысты қауіпсіздік туралы нұсқаулар

Батарея дұрыс емес ауыстырылса , жарылыс қаупі бар . Тек бірдей немесе жабдық өндірушісі ұсынған баламалы түрмен ауыстырыңыз . Пайдаланылған батареяларды өндіруші нұсқауларына сай қоқысқа лақтырыңыз .

WEEE мəлімдемесі

Еуропалық Одақтың (« ЕО ») 2005 жылдың 13 тамызында күшіне енетін қоқыс электр жəне электрондық жабдық туралы 2002/96/EC директивасы бойынша « электр жəне электрондық жабдық » өнімдерін енді тұрмыстық қоқыс ретінде қоқысқа лақтыруға болмайды жəне осы тиісті электрондық жабдық өндірушілері қызмет көрсету мерзімінің соңында осындай өнімдерді қайтаруға міндетті .

1-5

Алғысөз

Қауіпсіздік туралы нұсқаулар

Қауіпсіздік туралы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз . Жабдықтағы немесе пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық сақтық ескертулерді жəне ескертулерді ескеру керек .

Бұл жабдықты ылғалдылықтан жəне жоғары температурадан аулақ ұстаңыз .

Орнату алдында бұл жабдықты тұрақты бетке қойыңыз .

Корпустағы саңылаулар ауа конвекциясы үшін жəне жабдықтың қызып кетуін болдырмау үшін пайдаланылады . Саңылауларды жаппаңыз .

 Жабдықты 60 ° Cтан (140 ° F) жоғары немесе 0 ° Cтан (32 ° F) төмен желдетілмейтін ортада қалдырмаңыз , бұл жабдықты зақымдауы мүмкін .

 Бұл құрылғыны 35 ° C (95 ° F) ең жоғары қоршаған орта температурасында пайдалану керек .

 Жабдықты розеткаға қосу алдында қуат кернеуі қауіпсіз ауқымда екенін жəне 100~240 В мəніне дұрыс реттелгенін тексеріңіз .

 Жабдыққа кез келген қосымша картаны немесе модульді орнату алдында айнымалы ток қуат сымын розеткадан суырыңыз .

 Жабдық белгілі бір уақыт бойы пайдаланылмай қалдырылатын болса , қуатты мүлде тұтынбауға жету үшін əрқашан айнымалы ток қуат сымын ажыратыңыз , я болмаса , батарея жинағын немесе қосқышты розеткадан ажыратыңыз .

Ешқашан саңылауға сұйықтық құймаңыз , бұл жабдықты зақымдауы немесе ток соғуына əкелуі мүмкін .

Қуат сымын адамдар басып кетпейтіндей орналастырыңыз . Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз .

Əрқашан күшті магниттік немесе электр заттарды жабдықтан аулақ ұстаңыз .

1-6

ТД тюнеріне коаксиалдық кабельді орнатқан кезде металл қалқан ғимараттың қорғағыш жерге қосу жүйесіне сенімді түрде жалғанғанына көз жеткізу керек .

Кабельді үлестіру жүйесін ANSI/NFPA 70, Ұлттық электр кодексіне (NEC), атап айтқанда 820.93 « Коаксиалдық кабельдің сыртқы өткізгіш қалқанын жерге қосу » бөліміне сай жерге қосу керек .

 Батареяны дұрыс емес ауыстыру тудырған жарылысты болдырмау үшін батареяның тек бірдей немесе өндіруші ұсынған баламалы түрін пайдаланыңыз .

 Əрқашан батареяны қауіпсіз орында сақтаңыз .

Егер келесі жағдайлардың кез келгені пайда болса , жабдықты сервис қызметкерлеріне тексертіңіз :

 Қуат сымы немесе аша зақымдалған .

 Жабдыққа сұйықтық кірді .

 Жабдыққа ылғал əсер етті .

 Жабдық дұрыс жұмыс істемеді немесе оны пайдаланушы нұсқаулығына сай жұмыс істете алмайсыз .

 Жабдық түсіріліп алынды жəне зақымдалды .

 Жабдықты бұзылудың анық нышандары бар .

Жасыл өнім мүмкіндіктері

 Пайдалану жəне күту режимі кезінде азайтылған қуатты тұтыну .

 Қоршаған ортаға жəне денсаулыққа зиянды заттарды шектеулі пайдалану .

 Оңай ажыратылады жəне қайта өңделеді .

 Қайта өңдеуге ынталандыру арқылы табиғат ресурстарын азырақ пайдалану .

 Оңай жаңартулар арқылы кеңейтілген өнімнің қызмет көрсету мерзімі .

 Қайтару саясаты арқылы азырақ қаты қоқысты жасау .

Қоршаған орта саясаты

 Өнім бөліктерді дұрыс қайта пайдалануға жəне қайта өңдеуге мүмкіндік беретіндей жасалған жəне оны лақтырмау керек .

 Пайдаланушылар қызмет көрсету мерзімі біткен өнімдерін қайта өңдеуге тапсыру жəне қоқысқа лақтыру үшін жергілікті өкілетті жинау орнына хабарласуы керек .

1-7

Алғысөз

Оптикалық жетек құрылғысы туралы ескерту

САҚ БОЛЫҢЫЗ : Бұл құрылғы лазерлік жүйені қамтиды жəне «1 СЫНЫПТЫ ЛАЗЕРЛІК

ӨНІМ » ретінде сыныпталған . Бұл үлгіні дұрыс пайдалану үшін пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз жəне осы нұсқаулықта болашақта анықтама алу үшін сақтаңыз .

Осы үлгіде кез келген мəселе болған жағдайда ең жақын « ӨКІЛЕТТІ сервистік бекетке » хабарласыңыз . Лазерлік сəуленің тікелей əсерін болдырмау үшін корпусты бөлшектеуге тырыспаңыз .

Сауда белгілері

 Барлық сауда белгілері — тиісті иелерінің меншіктері .

 SRS Premium Sound, SRS жəне таңба — SRS Labs, Inc. сауда белгілері .

 THX THX TruStudio Pro — THX Ltd. компаниясының кейбір юрисдикцияларда тіркелген болуы мүмкін сауда белгілері . Барлық құқықтар қорғалған .

 Sound ® — Creative Technology Ltd компаниясының тіркелген сауда белгісі .

Нұсқалар журналы

Нұсқа

1.0

Нұсқалар журналы Күн

01, 2015

1-8

2

Кіріспе

Кіріспе

О сы мұқият жобаланған ноутбуктың пайдаланушы болғаныңызбен құттықтаймыз . Бұл мүлде жаңа ноутбук пайдаланғанда тамаша жəне кəсіби болады . Пайдаланушыларымызға осы ноутбук мұқият сыналғанын жəне біздің теңдессіз сенімділік жəне тұтынушылардың қанағаттануы репутациямызбен куəліктендірілгенін мақтан тұтып айтамыз .

Нұсқаулық картасы

Бұл пайдаланушы нұсқаулығында осы ноутбукті пайдалану əдісі туралы нұсқаулар жəне суреттер берілген . Осы ноутбукті пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығу ұсынылады .

1тарау , Алғысөз , пайдаланушыларға осы ноутбукті пайдалануға қатысты негізгі қауіпсіздік туралы ақпаратты жəне сақтық ескертулерді береді . Осы ноутбукті бірінші рет пайдаланғанда осы ақпаратты немесе сақтық ескертулерді оқып шығу ұсынылады .

2тарау , Кіріспе , осы ноутбуктің барлық қосалқы құралдарының сипаттамаларын қамтиды .

Орама қорабын ашқанда барлық қосалқы құралдар қамтылғанын тексеру ұсынылады . Егер осы қосалқы құралдардың кез келгені зақымдалған немесе жоқ болса , осы ноутбукті сатқан жеткізушіге хабарласыңыз . Сондай ақ , бұл тарауда осы ноутбуктің техникалық сипаттамалары берілген жəне функциялық түймелер , жылдам іске қосу түймелері , коннекторлар , ЖШД тар жəне осы ноутбуктің сыртқы құрылғылары көрсетілген .

3тарау , Жұмысты бастау , пернетақтаны , тачпадты , қатты дискіні жəне оптикалық сақтау дискін пайдалану туралы негізгі пайдалану туралы нұсқауларды береді . Бұған қоса , пайдаланушыларға осы ноутбукпен танысуға көмектесу үшін батареяны орнату жəне алу қадамдары , əрі əр түрлі сыртқы құрылғыларды , байланыс құрылғыларын жəне т .

с .

с . жалғау процедуралары берілген .

Орамадан шығару

Алдымен жөнелту қорабын ашыңыз жəне барлық заттарды мұқият тексеріңіз . Егер ішіндегі кез келген зақымдалған немесе жоқ болса , жергілікті дилерге бірден хабарласыңыз . Сондай ақ , құрылғыны болашақта жөнелту қажет болатын болса , қорапты жəне орама материалдарын сақтаңыз . Орамада келесі заттар болуы керек :

 Ноутбук

 Қысқаша бастау нұсқаулығы

 Сыйымдылығы жоғары литий ионды батарея

 Айнымалы ток / тұрақты ток адаптері , айнымалы ток қуат сымы

 Алып жүру сөмкесі ( қосымша )

 Пайдаланушы нұсқаулығының толық нұсқасын , драйверлерді , қызметтік бағдарламаларды жəне қосымша қалпына келтіру функциясын , т .

б . қамтитын барлығы бірде қолданбалар дискі .

2-2

Өнімге шолу

Бұл бөлімде ноутбуктің негізгі аспекттерінің сипаттамасы берілген . Ол пайдалану алдында осы ноутбуктің сыртқы туралы қосымша мəліметтер алуға көмектеседі . Осы бөлімде көрсетілген ноутбук пайдаланушылар сатып алған нақты ноутбуктен басқаша болуы мүмкін екенін ескеріңіз .

Үсті ашық көрініс

Үсті ашық көріністің суреті жəне төменде көрсетілген сипаттама сізді ноутбуктің негізгі жұмыс аумағын шолуға апарады .

Мұнда көрсетілген суреттер тек анықтама ретінде берілген .

2-3

Кіріспе

1. Веб камера / Веб камера ЖШД / ішкі микрофон

 Бұл кірістірілген веб камераны суреттер түсіру , бейне жазу немесе конференциялар жəне кез келен басқа интерактивтік мақсаттарда пайдалануға болады .

 Веб камера жанындағы веб камераның ЖШД индикаторы веб камера функциясы белсендірілгенде жанады ; бұл функция өшкенде ЖШД өшеді .

 Кірістірілген микрофон жəне оның функциясы микрофонмен бірдей .

2. Стерео динамиктер

Стерео жүйе жəне қолдау көрсетілетін Hi-Fi функциясы арқылы жоғары сапалы дыбыс генераторын береді .

3. Күй ЖШД

Caps Lock: Caps Lock функциясы белсендірілгенде жанып тұрған ақ болады .

Num Lock: Num Lock функциясы белсендірілгенде жанып тұрған ақ болады .

4. Тачпад

Бұл — ноутбуктің меңзеу құрылғысы .

5. Жылдам іске қосу түймелері

Жылдам іске қосу түймелерін белгілі бір қолданбаларды немесе құралдарды белсендіру үшін пайдаланыңыз . Келесі жылдам іске қосу түймелері тек SCM қолданбасы орнатылған операциялық жүйеде жұмыс істейді . Оңай жəне ыңғайлы пайдалану үшін орамада келетін барлығы біреуде дискіндегі SCM қолданбасын табыңыз . SCM қолданбасын орнату ұсынылады .

Қуат

Cooler Boost

Графика қосқышы

Қуат түймесі

 Ноутбук қуатын қосу жəне өшіру үшін қуат түймесін басыңыз .

 Ноутбукті ұйқы күйінен ояту үшін қуат түймесін басыңыз .

Қуат ЖШД

 Ноутбук қуаты қосулы кезде ақ түспен жанады .

 Ноутбук ұйқы режимінде болғанда жыпылықтайтын ақ түспен жанады .

 ЖШД ноутбук өшірілгенде өшеді .

 Бұл түймені дискреттік графикалық процессор режимін немесе UMA графикалық процессор режимін таңдау үшін пайдаланыңыз .

 Дискреттік графикалық процессор режимі таңдалғанда түйменің ЖШД ақ түспен жанады .

2-4

Кулерді күшейту

Keyboard LED

Manager

 Бұл түймені ноутбуктің жалпы температурасын салқындату үшін вентилятор жылдамдығын барынша арттыру үшін пайдаланыңыз .

 Вентилятор жылдамдығы ең жоғары деңгейге орнатылғанда түйменің ЖШД ақ түспен жанады ; AUTO ( АВТО ) режимі таңдалғанда ЖШД өшеді .

 Бұл пернетақта астында бекітілетін жарқыл пернетақта

ЖШД тарымен жабдықталған .

 Осы түймені басыңыз , ол бір рет ақ түспен жыпылықтайды жəне KLM (Keyboard LED Manager) қолданбасын ашады .

 Егер KLM қолданбасы жойылса , бұл түйме жұмыс істемейді .

P2

 Нақты қолданбаны іске қосу үшін P2 пернесін басыңыз .

 Егер пайдаланушы бұл пернені анықталмаған күйде қалдырса , бұл пернені басқанда User Define Key

( Пайдаланушы анықтаған перне ) диалогтық терезесі шығады .

6. Пернетақта

Кірістірілген пернетақта толық өлшемді пернетақтаның барлық функцияларын қамтамасыз етеді .

[Fn] жылдам іске қосу түймелері

Белгілі бір қолданбаларды немесе құралдарды белсендіру үшін пернетақтадағы [Fn] пернелерін пайдаланыңыз .

Осы жылдам іске қосу түймелерінің көмегімен пайдаланушылар тиімдірек жұмыс істей алады .

+

Пайдаланушы анықтайды

Бұл түйме пайдаланушыға нақты қолданбаны іске қосуға арналған P1 жылдам іске қосу түймесін анықтауға мүмкіндік береді .

+

ECO Engine

( Қуатты үнемдеу )

Веб -

+ камера

Fn түймесін басып тұрыңыз , содан кейін F5 түймесін қайталап басып ECO механизмі ұсынатын əр түрлі қуатты үнемдеу режимдері арасында ауысыңыз немесе осы функцияны қайта қайта өшіріңіз .

Fn түймесін басып тұрыңыз , содан кейін F6 түймесін басып

Веб камера функциясын қосыңыз . Оны өшіру үшін қайтадан басыңыз .

2-5

Кіріспе

2-6

+

Shift

(optional)

+

Ұшақ режимі

( қосымша )

 « Спорт »/« Ыңғайлылық »/« Жасыл » режимдерінің арасында ауысу жəне өнімділікті өзгерту үшін Fn пернесін басып тұрыңыз , содан кейін F7 пернесін басыңыз .

 Бұл функция тек айнымалы ток қуаты қосылған жəне əдепкі параметр Sport ( Спорт ) режимі болса ғана белсендіріледі .

 Fn басып тұрыңыз , содан кейін F10 пернесін қайталап басып , Ұшақ режимін қайталап қосыңыз немесе өшіріңіз .

 Ұшу қауіпсіздігі үшін əрқашан ұшқан кезде Ұшақ режимін қосу ұсынылады .

 Құрылғы күйін тексеру үшін жұмыс үстелінде [ Бастау /

Параметрлер / ДК параметрлерін өзгерту / Желі / Ұшақ режимі ] тармағында Ұшақ режимін қосу белгішесін қараңыз .

 WLAN Bluetooth функциясын қосу үшін

3тараудағы « Сымсыз белсендіру » бөлімінде берілген нұсқауларды қараңыз .

+

Таңбашалар реттегіші

( қосымша )

« Таңбашалар басып

Жалпы [Fn] пернелері реттегіші тұрыңыз , содан

» қолданбасын кейін F11 ашу пернесін үшін Fn басыңыз . пернесін

+

Пернетақтаның ЖШД жарықтық деңгейін арттыру .

+

Пернетақтаның ЖШД жарықтық деңгейін азайту .

Алдыңғы жағының көрінісі

1. Күй ЖШД

Wireless LAN (Wi-Fi)

 Бұл ЖШД индикаторы Wireless LAN ( Сымсыз жергілікті желі ) (WiFi) функциясы қосылғанда ақ түспен жанады .

 Осы функция өшірілгенде ЖШД индикаторы өшеді .

 Ескерту : Ұшу қауіпсіздігі үшін ұшқан кезде осы сымсыз жергілікті желі ЖШД индикаторы өшкенін тексеріңіз .

 операциялық жүйесінде WLAN функциясын қосу немесе өшіру үшін

3тараудағы « Сымсыз белсендіру » бөлімінде берілген нұсқауларды қараңыз .

 Қажет болса , сымсыз қосылым туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті дистрибьюторға хабарласыңыз .

Батарея күйі

 Батарея зарядталып жатқанда жанып тұрған ақ болады .

 Батарея қуаты біткенде сары түспен жанады .

 Батарея істен шықса , жыпылықтайтын сары болады жəне жаңа батареямен ауыстыру ұсынылады .

 Өндіруші ұсынған батареяның баламалы түрін сатып алу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз .

 Батарея ЖШД толығымен зарядталғанда немесе айнымалы ток / тұрақты ток адаптері ажыратылғанда өшеді .

Қатты диск / оптикалық диск құрылғысы пайдаланылуда

Жүйе қатты дискіге немесе оптикалық жетек құрылғысына қатынасып жатқанда жыпылықтайтын ақ болады .

2-7

Кіріспе

Оң жағының көрінісі

1. Оптикалық диск құрылғысы

Бұл ноутбук оптикалық жетек құрылғысымен жабдықталған . Ноутбукте алдын ала орнатылатын нақты құрылғы сіз сатып алған үлгіге байланысты .

3.0

USB 3.0, SuperSpeed USB, сақтау құрылғылары , қатты дискілер немесе бейнекамералар сияқты əр түрлі құрылғыларды жалғау үшін жоғарырақ интерфейс жылдамдықтарын қамтамасыз етеді жəне жылдамдығы жоғары деректерді тасымалдаумен салыстырғанда қосымша артықшылықтарды ұсынады .

2-8

Сол жағының көрінісі

3.1 ( қосымша )

USB 3.1, SuperSpeed+ USB əр түрлі құрылғыларды жалғау үшін USB 3.0 интерфейсінен 2 есе көбірек жылдамдықты береді .

3.0

USB 3.0, SuperSpeed USB, сақтау құрылғылары , қатты дискілер немесе бейнекамералар сияқты əр түрлі құрылғыларды жалғау үшін жоғарырақ интерфейс жылдамдықтарын қамтамасыз етеді жəне жылдамдығы жоғары деректерді тасымалдаумен салыстырғанда қосымша артықшылықтарды ұсынады .

Charger USB 3.0 порты

Super Charger USB порты ноутбук қуат өшірулі режимде болғанда Apple құрылғылары үшін тезірек қуатты зарядтау функциясын қамтамасыз етеді .

2-9

Кіріспе

4. Аудио порт коннекторлары

Стерео жүйе жəне қолдау көрсетілетін Hi-Fi функциясы арқылы жоғары сапалы дыбыс генераторын жасаңыз .

Құлыққап шығысы / SPDIF шығысы

 Динамиктер немесе құлаққаптар үшін пайдаланылады .

Сондай ақ , оптикалық талшықты кабель арқылы сыртқы динамиктерге сандық аудионы тасымалдау үшін S/PDIF жалғағышы қамтамасыз етілген .

 Мұнда алдыңғы динамиктерді жалғаңыз .

Микрофон

 Сыртқы микрофон үшін пайдаланылады .

 Мұнда орталық жəне сабвуфер динамиктерін жалғаңыз .

Line In

 Сыртқы аудио құрылғы үшін пайдаланылады .

 Мұнда артқы динамиктерді жалғаңыз .

Line Out

 Динамиктерге арналған жалғағыш .

 Мұнда көлемді динамиктерді жалғаңыз .

5. Карта оқу құралы

Кірістірілген карта оқу құралы MMC (Multi-Media Card) жəне SD4.0 (Secure Digital) сияқты əр түрлі жад картасы түрлерін қолдауы мүмкін . Қосымша жəне дұрыс ақпаратты алу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз жəне қолдау көрсетілетін жад карталары ескертусіз өзгертілуі мүмкін екенін ескеріңіз .

2-10

Артқы жағының көрінісі

1. Kensington

Бұл ноутбук Kensington құлпының тесігін қамтамасыз етеді . Ол пайдаланушыларға кілт немесе бір механикалық PIN құрылғысы арқылы ноутбукті орнында бекітуге жəне резеңкеленген металл кабель арқылы жалғауға мүмкіндік береді . Кабельдің соңында бүкіл кабельді ауыр үстел немесе ұқсас жабдық сияқты қозғалыссыз затқа орауға , осылайша , ноутбукті орнында бекітуге мүмкіндік беретін шағын ілмек бар .

Mini DisplayPort — жарамды адаптері бар DisplayPort портының шағын нұсқасы ,

Mini DisplayPort портын дисплейлерді HDMI интерфейсімен басқару үшін пайдалануға болады .

3. RJ-45

Бұл 10/100/1000 коннекторы желілік қосылым үшін жергілікті желі кабелін жалғау үшін пайдаланылады .

4. Вентилятор

Вентилятор жүйені салқындатуға арналған . Ауа айналымы болуы үшін вентиляторды жаппаңыз .

5. HDMI

HDMI (High Definition Multimedia Interface) — бір кабельде стандартты , жақсартылған жəне анықтығы жоғары бейнені , оған қоса , көп арналық сандық аудионы қолдайтын , дербес компьютерлерге , дисплейлерге жəне тұтынушылық электроникаға арналған жаңа интерфейс стандарты .

6. Қуат коннекторы

Айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін жалғауға жəне ноутбукке қуат беруге арналған .

2-11

Кіріспе

Төменгі жағының көрінісі

1. Вентилятор

Вентилятор жүйені салқындатуға арналған . Ауа айналымы болуы үшін вентиляторды жаппаңыз .

2. Сабвуфер динамигі

Сабвуфер динамигі басс ретінде белгілі төмен тембрлік аудио жиіліктерін шығаруға арналған .

3. Батареяны ысыру тесігі

Жүйенің микробағдарламасы (EC) жаңартылғанда немесе жүйе тұрып қалғанда

1) ноутбук қуатын өшіріңіз ; 2) айнымалы ток қуатын қосыңыз ; 3) түзуленген қағаз қыстырғышты осы тесікке кіргізіңіз жəне ноутбукты ысырыңыз ; 4) ноутбуктің қуатын қосыңыз .

2-12

Техникалық сипаттамалар

Техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгеруі мүмкін . Сатылатын нақты өнімдер аумақтарға қарай əр түрлі болады . Егжей тегжейлі техникалық сипаттамаларды жергілікті дилерлерден біліңіз .

Физикалық сипаттамалар

Өлшемдері 428 ( Е ) x 249 ( Д ) x 48 ( Б ) мм

Салмағы <3,85 бар )

Орталық процессор

Процессор түрі Intel ® Shark Bay Haswell 1364 FCBGA

Қолдау көрсетілетін процессор

Intel ® Quad/ Dual-Core процессоры

L3 кэші 8 процессорға негізделген )

Негізгі чип

Негізгі чип Intel ® Lynx Point HM87

Жад

Технология

Жад

Ең көбі

DDR3L 1600 МГц

DDR3L SO-DIMM X 4 слот

4 ГБ /8 ГБ DDR3L SDRAM

32 ГБ дейін

Қуат

( Қолдау көрсетілетін айнымалы ток / тұрақты ток адаптері ескертусіз өзгертілуі мүмкін )

Айнымалы ток ток адаптері

/ тұрақты 230 Вт , 19,5 В

Кіріс : 100~240 В , ~3,2 A 50~60 Гц

Шығыс : 19,5 В 11,8 A

Батарея түрі 9

RTC батареясы Иə

2-13

Кіріспе

Сақтау

( мұнда тізілген заттар ескертусіз өзгертілуі мүмкін )

2,5 дюймдік HDD HDD форм факторы

( қосымша )

SSD ( қосымша ) M.2 ұяшығы x 4

4 SSD құрылғысына дейін қолдау

Super Multi / Blu-ray ( қосымша ) Оптикалық диск құрылғысы

MultiBay Қолдау көрсетіледі

Кіріс / шығыс порты

USB

Mic-in

Line-in

Құлақаспап шығысы

Mini DisplayPort

Side-Out

RJ45

HDMI

Карта оқу құралы x 2 (3.1 нұсқасы ) x 4 (3.0 нұсқасы ) x 1 x 1 x 1 (SPDIF-Out үшін қолдау көрсетіледі ) x 2 x 1 x 1 x 1 x 1 (SD4.0 / MMC)

Қолдау көрсетілетін жад карталары ескертусіз өзгертілуі мүмкін .

Байланыс порты

LAN

Сымсыз жергілікті желі +

Bluetooth ( қосымша )

Дисплей

СКД түрі

Жарықтық

10/ 100/ 1000Mb

M.2 түрі

17,3 дюймдік ЖШД панелі

K/B ыстық пернелері арқылы басқарылады

2-14

Бейне

Графика

VRAM

HDMI шығысы

DisplayPort шығысы

Мульти дисплей функциясы

NVIDIA Quadro дискреттік MXM графикалық картасы немесе Intel HD UMA графикалық картасы .

Дискреттік немесе UMA графикалық картасын GPU

( Графикалық процессор ) жылдам іске қосу түймесі арқылы ауыстыруға болады .

Сіз сатып алған үлгіге байланысты .

Қолдау көрсетіледі

Қолдау көрсетіледі

Қолдау көрсетіледі

Веб камера

CMOS камерасы FHD

Аудио

Ішкі динамик

Дыбыс деңгейі

2 динамик + 1 сабвуфер

Пернетақта ыстық пернесі жəне қосқыштары арқылы реттеледі

Бағдарламалық жасақтама жəне BIOS

USB флеш арқылы жүктеу

BIOS

USB флеш дискінен тек DOS жүктеу

Жылдам жүктеуді қолдау

Басқа

Үйлесімділік

Kensington құлпының тесігі

WHQL x 1

2-15

Кіріспе

2-16

3

Жұмысты бастау

Жұмысты бастау

Ноутбукті пайдалануды бастау

Осы ноутбуктің жаңа пайдаланушысы сізге біз ноутбукті пайдалануды бастау үшін төмендегі суреттерді қарауды ұсынамыз .

3-2

Қуатты басқару

Айнымалы ток қуаты

Осы ноутбукті бірінші рет пайдаланғанда ноутбукке айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін жалғау жəне айнымалы ток қуатын пайдалану ұсынылады , өйткені кейбір үлгілер ноутбукке қауіпсіз жəне дұрыс қуат беру үшін айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін жалғауды қажет етуі мүмкін .

Айнымалы ток қуаты қосылғанда батареяны зарядтау бірден басталады .

Орамада қамтылған айнымалы ток / тұрақты ток адаптері сіздің ноутбук үшін бекітілгенін ескеріңіз , басқа адаптер үлгісін пайдалану ноутбукті немесе оған жалғанған басқа құрылғыларды зақымдауы мүмкін .

Айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін жаппаңыз , өйткені ол пайдаланып жатқанда біраз жылу тудыруы мүмкін . Пайдаланып жатқанда айнымалы ток / тұрақты ток адаптерінен жылу шығады .

Батарея қуаты

Бұл ноутбук сыйымдылығы жоғары литий ионды батареялар жинағымен жабдықталған .

Зарядталмалы литий ионды батареялар жинағы — ноутбуктің ішкі қуат көзі . Бұл батареялар жинағын пайдаланушыларға ауыстыруға болмайды .

Батарея қуатын үнемдеу

Тиімді батарея қуаты қалыпты жұмысты сақтау үшін маңызды . Егер батарея қуаты жақсы басқарылмаса , сақталған деректер жəне теңшелген параметрлер жоғалуы мүмкін .

Батареяның қызмет көрсету мерзімін оңтайландыру жəне кенет қуаттың жоғалуын болдырмау үшін төмендегі кеңестерді оқып шығыңыз :

 Жүйе біраз уақыт бойы жұмыс істемейтін болса , жүйенің жұмысын уақытша тоқтатыңыз немесе уақытша тоқтату таймерінің уақытын қысқартыңыз .

 Біраз уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз , жүйені өшіріңіз .

 Қажет емес параметрлерді өшіріңіз немесе бос тұрған перифериялық құрылғыларды ажыратыңыз .

 Мүмкіндігінше жүйеге айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін жалғаңыз .

3-3

Жұмысты бастау

Батареялар жинағын зарядтау

Батареялар жинағын ноутбукке орнатылған кезінде зарядтауға болады . Батареяны зарядтау алдында келесі кеңестерге көңіл бөліңіз :

 Егер зарядталған батареялар жинағы қол жетімді емес болса , жұмысыңызды сақтаңыз жəне барлық іске қосылған бағдарламаларды жабыңыз жəне жүйені өшіріңіз немесе дискіге сақтаңыз .

 Сыртқы айнымалы ток / тұрақты ток адаптерін қосыңыз .

 Зарядтау процесін үзбестен жүйені пайдалануға , жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға немесе жүйені өшіруге болады .

 Батареялар жинағында « жад əсері » жоқ литий ионды батарея ұяшықтары пайдаланылады . Зарядтау алдында батарея зарядын тауысу қажет емес .

Дегенмен , батареяның қызмет көрсету мерзімін оңтайландыру үшін айына бір рет батарея қуатын толығымен тұтынуды ұсынамыз .

 Нақты зарядтау уақытын пайдаланылып жатқан қолданбалар анықтайды .

3-4

Windows операциялық жүйесінде қуатты басқару

Жеке компьютерлердің жəне мониторлардың қуатты басқаруында электр тогының айтарлықтай мөлшерін үнемдеу , сонымен бірге , қоршаған ортаға пайда əкелу потенциалы бар . Қуатты үнемдеу үшін дисплейді өшіріңіз немесе жеке компьютерді пайдаланушы əрекетсіздігінің кезеңінен кейін күту / гибернация режиміне орнатыңыз .

Windows операциялық жүйесінде қуатты басқару параметрлерін реттеу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз :

Windows операциялық жүйесіндегі « Қуат опциялары » дисплейдің , қатты дискінің жəне батареяның қуатты басқару мүмкіндіктерін басқаруға мүмкіндік береді .

Тінтуір жүгіргісін экранның сол жақ бұрышына сүйреңіз , сонда Бастау белгішесі көрсетіледі .

Таңдау мəзірін көрсету үшін белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз .

Мəзірде Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз .

Жүйе жəне қауіпсіздік тармағын басыңыз .

3-5

Жұмысты бастау

Қуат опциялары тармағын басыңыз .

Содан кейін жеке қажеттіліктерге сай қуат жоспарын таңдаңыз .

Қуат белгішесі əр түрлі жəне салыстырмалы опцияларды келесідей көрсетеді :

3-6

Компьютерді қуатты үнемдеу режимінен қуат түймесін басу арқылы оятуға болады .

Қуатты үнемдеу туралы кеңестер

 Компьютердің қуатты тұтынуын басқару үшін ECO қуатты үнемдеу функциясын белсендіріңіз .

 Пайдаланушы əрекетсіздігінің кезеңінен кейін мониторды өшіріңіз .

 Қуатты үнемдеу режиміне өту үшін Fn жəне F12 ұйқы режимі пернелерін пайдаланыңыз .

 Компьютердің қуатты басқаруын оңтайландыру үшін Windows операциялық жүйесіндегі « Қуат опцияларын » реттеңіз .

 Компьютер белгілі бір уақыт бойы пайдаланылмай қалдырылатын болса , қуатты мүлде тұтынбауға жету үшін əрқашан айнымалы ток қуат сымын ажыратыңыз , я болмаса , батарея жинағын немесе қосқышты розеткадан ажыратыңыз .

Қуатты басқару мүмкіндігі компьютерге пайдаланушы əрекетсіздігі кезеңінен кейін төменірек қуат немесе « Ұйқы » режимін бастауға мүмкіндік береді . Сыртқы ENERGY STAR жарамды мониторда пайдаланғанда бұл мүмкіндік сонымен бірге монитордың ұқсас қуатты басқару мүмкіндіктерін қолдайды . Осы ықтимал қуатты үнемдеудің артықшылығын пайдалану үшін қуатты басқару мүмкіндігі жүйе айнымалы ток қуатымен жұмыс істегенде келесідей əрекет етуге алдын ала орнатылған :

 Дисплейді 5 минуттан кейін өшіру

 Ұйқы режимін 10 минуттан кейін бастау

Қуат / ұйқы түймесі басылғанда компьютер ұйқы режимінен шығады . Wake On LAN (WOL) мүмкіндігі қосылған болса , компьютер сонымен бірге ұйқы режимінен желілік сигналмен шыға алады .

3-7

Жұмысты бастау

Негізгі əрекеттер

Егер ноутбукті бірінші рет пайдаланып жатсаңыз , жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне əрекеттерді орындау кезінде өзіңізді ыңғайлы сезіну үшін төмендегі нұсқауларды оқып шығыңыз .

Қауіпсіздік жəне ыңғайлылық туралы кеңестер

Ноутбук — кез келген жерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін портативті платформа .

Дегенмен , ноутбукпен ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін боблсаңыз , жақсы жұмыс кеңістігін таңдау маңызды .

3-8

1. Жұмыс аумағыңызда жеткілікті жарық болуы керек .

2. Дұрыс үстел мен орындықты таңдап , олардың биіктігін жұмыс істеп жатқандағы қалпыңызға сай реттеңіз .

3. Орындықта отырғанда орындықтың арқасын ( бар болса ) арқаңызды ыңғайлы ұстап тұратындай реттеңіз .

4. Табандарыңызды еденге толығымен жəне ыңғайлы қойыңыз , жұмыс істегенде тізелеріңіз жəне шынтақтарыңыз дұрыс күйде ( шамамен 90 градус ) болуы керек .

5. Білектеріңізді тіреу үшін қолдарыңызды үстелге ыңғайлы қойыңыз .

6. Оңтайлы көрініс алу үшін СКД тақтасының бұрышын / күйін реттеңіз .

7. Ноутбукті сізге ыңғайсыздық тудыруы мүмкін кеңістікте пайдаланбаңыз .

8. Қалпыңызды жиі өзгертіңіз .

9. Жүйелі түрде денеңізді керіңіз жəне жаттығу жасаңыз .

10. Біраз уақыт жұмыс істеуден кейін үзіліс жасауды есте сақтаңыз .

3-9

Жұмысты бастау

Пернетақтамен танысу

Бұл ноутбук толық функциялық пернетақтаны қамтамасыз етеді . Бұл пернетақтаны төрт санатқа бөлуге болады : теру пернелері , жүгіргі пернелері , сандық пернелер жəне функциялық пернелер .

1. Теру пернелері

2. Сандық пернелер

3. Жүгіргі пернелері / функциялық пернелер

3-10

Теру пернелері

Пернетақтаның негізгі функциясын қамтамасыз етуге қоса , бұл теру пернелері сонымен бірге [Ctrl], [Alt] жəне [Esc] пернелері сияқты арнайы мақсаттарға арналған бірнеше пернені қамтамасыз етеді .

Құлыптау пернелері басылғанда сəйкес ЖШД тар жанып , олардың күйін көрсетеді :

Lock: пернені Num Lock функциясын қосу жəне өшіру үшін басыңыз . Бұл функция белсендірілгенде теру пернелеріне ендірілген сандық пернелерді пайдалануға болады .

Lock: пернені Caps Lock функциясын қосу жəне өшіру үшін басыңыз . Бұл функция белсендірілгенде сіз терген əріптер бас əріп болады .

Lock: пернені Scroll Lock функциясын қосу жəне өшіру үшін басыңыз . Бұл функция жеке бағдарламалармен анықталады жəне əдетте DOS жүйесінде пайдаланылады .

Сандық пернелер

Пернетақтада сандық пернелерді табыңыз жəне осы сандық пернелерді сандарды жəне есептеулерді енгізу үшін пайдалану үшін Num Lock функциясын белсендіріңіз .

Жүгіргі пернелері

Төрт жүгіргі ( көрсеткі ) пернесі жəне [Home], [PgUp], [PgDn], [End] пернелері жүгіргі қозғалысын басқару үшін пайдаланылады .

[Backspace] пернесі , жоғарғы оң жақ бұрыштағы [Ins] жəне [Del] пернелері өңдеу мақсатында пайдаланылады .

Функциялық пернелер

Келесі [Fn] пернелері тек SCM қолданбасы орнатылған операциялық жүйеде жұмыс істейді .

 Windows

Windows логотипі пернесін ( ) пернетақтада табуға болады . Ол « Бастау » мəзірін ашу жəне төте жол мəзірін іске қосу сияқты Windows функцияларын орындау үшін пайдаланылады .

 Жалпы [Fn] пернелері

+

Дисплейдің шығыс режимін СКД , сыртқы монитор жəне екеуі арасында ауыстыру .

3-11

Жұмысты бастау

+

+

+

+

+

+

+

+

Тачпад функциясын қосу немесе өшіру .

СКД жарықтығын азайту .

СКД жарықтығын арттыру .

Кірістірілген динамиктің дыбыс деңгейін азайту .

Кірістірілген динамиктің дыбыс деңгейін арттыру .

Компьютердің аудио функциясын өшіру .

Компьютерді ұйқы күйіне мəжбүрлеп енгізу ( жүйенің конфигурациясына байланысты ).

Пернетақтаның ЖШД жарықтық деңгейін арттыру .

Пернетақтаның ЖШД жарықтық деңгейін азайту .

+

 Жылдам іске қосу [Fn] пернелері

Белгілі бір қолданбаларды немесе құралдары белсендіру үшін пернетақтадағы [Fn] пернелерін пайдаланыңыз .

Осы пернелердің көмегімен пайдаланушылар тиімдірек жұмыс істей алады .

+

Пайдаланушы анықтайды

Бұл түйме пайдаланушыға нақты қолданбаны іске қосуға арналған P1 жылдам іске қосу түймесін анықтауға мүмкіндік береді .

3-12

+

ECO Engine

( Қуатты үнемдеу )

Fn түймесін басып тұрыңыз , содан кейін F5 түймесін қайталап басып ECO механизмі ұсынатын əр түрлі қуатты үнемдеу режимдері арасында ауысыңыз немесе осы функцияны қайта қайта өшіріңіз .

+

Веб камера

Fn түймесін басып тұрыңыз , содан кейін F6 түймесін басып

Веб камера функциясын қосыңыз . Оны өшіру үшін қайтадан басыңыз .

+

Shift

(optional)

+

Ұшақ режимі

( қосымша )

 « Спорт »/« Ыңғайлылық »/« Жасыл » режимдерінің арасында ауысу жəне өнімділікті өзгерту үшін Fn пернесін басып тұрыңыз , содан кейін F7 пернесін басыңыз .

 Бұл функция тек айнымалы ток қуаты қосылған жəне əдепкі параметр Sport ( Спорт ) режимі болса ғана белсендіріледі .

 Fn басып тұрыңыз , содан кейін F10 пернесін қайталап басып , Ұшақ режимін қайталап қосыңыз немесе өшіріңіз .

 Ұшу қауіпсіздігі үшін əрқашан ұшқан кезде Ұшақ режимін қосу ұсынылады .

 Құрылғы күйін тексеру үшін жұмыс үстелінде [ Бастау /

Параметрлер / ДК параметрлерін өзгерту / Желі / Ұшақ режимі ] тармағында Ұшақ режимін қосу белгішесін қараңыз .

 WLAN Bluetooth функциясын қосу үшін

3тараудағы « Сымсыз белсендіру » бөлімінде берілген нұсқауларды қараңыз .

+

Таңбашалар реттегіші

( қосымша )

« Таңбашалар реттегіші » қолданбасын ашу үшін Fn пернесін басып тұрыңыз , содан кейін F11 пернесін басыңыз .

3-13

Жұмысты бастау

Сымсыз белсендіру

1. Жұмыс үстелінде Параметрлер белгішесін тауып , басыңыз .

2. ЖК параметрлері басты бетіне « ЖК параметрлерін өзгерту » тармағын басу арқылы кіріңіз .

3. « Желі » астында « Ұшақ режимі » таңдауларын ашыңыз .

4. Осында « Ұшақ режимі » « Өшірулі » күйіне орнатылғанын тексеріңіз .

5. Функция қосқыш жолағын сырғыту арқылы Wi-Fi немесе Bluetooth функциясын қосыңыз / өшіріңіз .

Құрылғы күйін тексеру үшін күй ЖШД қараңыз .

1. « Ұшақ режимі » « ҚОСУЛЫ » күйіне орнатылған босла ,

Wi-Fi жəне Bluetooth функциялары бірден өшіріледі .

2. Мұндағы ақпарат тек анықтама ретінде берілген жəне ескертусіз өзгертілуі мүмкін .

3-14

Тачпадпен танысу

Ноутбукке кірістірілген тачпад — стандартты тінтуірмен үйлесімді меңзеу құрылғысы . Ол экранда жүгіргінің орнын меңзеу жəне екі түймесімен таңдау жасау арқылы сізге ноутбукті басқаруға мүмкіндік береді .

1. Жүгіргінің қозғалу аумағы

Бұл тачпадтың қысымға сезімтал аумағы сізге саусақты қоюға жəне экрандағы жүгіргіні саусақтардың біреуін жылжыту арқылы басқаруға мүмкіндік береді .

2. Оң / сол түймелер

Тінтуірдің оң / сол түймесі ретінде əрекет етеді .

Тачпадты пайдалану

Тачпадты пайдалану əдісі туралы мəліметтер алу үшін келесі сипаттаманы оқыңыз :

 Тачпадты конфигурациялау

Меңзеу құрылғысын жеке қажеттіліктерге сай теңшеуге болады . Мысалы , солақай пайдаланушы болсаңыз , екі түйменің функцияларын ауыстырғыңыз келуі мүмкін . Бұған қоса , экрандағы жүгіргінің өлшемін , пішінін , қозғалу жылдамдығын жəне басқа кеңейтілген мүмкіндіктерін өзгерте аласыз .

Тачпадты конфигурациялау үшін Windows операциялық жүйесіндегі Microsoft немесе

IBM PS/2 драйверін пайдалануға болады . « Басқару тақтасы » ішіндегі « Тінтуір сипаттары » конфигурацияны өзгертуге мүмкіндік береді .

 Орналастыру жəне жылжыту

Саусақты тачпадқа қойыңыз ( əдетте сұқ саусақ ), сонда тіктөртбұрышты тақта дисплейдің кішкентай көшірмесі ретінде əрекет етеді . Саусақ ұшын тақтада жылжытқанда экрандағы жүгіргі бір уақытта бірдей бағытта қозғалады . Саусақ тақтаның жиегіне жеткенде қозғалысты жалғастыру үшін саусақты көтеріңіз жəне тачпадтың тиісті орнына қойыңыз .

3-15

Жұмысты бастау

 Меңзеу жəне басу

Жүгіргіні жылжытып , белгіше , мəзір элементі немесе орындау керек пəрмен үстіне қойғанда таңдау үшін жай тачпадты жай түртіңіз немесе сол жақ түймені басыңыз .

Меңзеу жəне басу деп аталатын бұл процедура ноутбукті пайдаланудың негіздері болып табылады . Тінтуір сияқты дəстүрлі меңзеу құрылғысынан ерекшелігі , бүкіл тачпад сол жақ түйме ретінде əрекет ете алады , осылайша тачпадты əр түрту сол жақ түймені басуға тең болады . Тачпадта тезірек екі рет түрту қос басуды орындайды .

 Сүйреп апарып тастау

Ноутбуктегі файлдарды немесе нысандарды сүйреп апарып тастауды пайдалана отырып жылжытуға болады . Бұлай істеу үшін жүгіргіні қажет элементке қойып , тачпадты жай екі рет түртіңіз , содан кейін екінші түрткенде саусақ ұшын тачпадқа тигізіп тұрыңыз . Енді тачпадта саусақты жылжыту арқылы таңдалған элементті қажет орынға сүйреуге , содан кейін элементті орнына тастау үшін саусақты тачпадтан көтеруге болады . Я болмаса , элементті таңдағанда сол жақ түймені басып тұруға , содан кейін саусақты қажет орынға жылжытуға , соңында , сүйреп апарып тастау əрекетін аяқтау үшін сол жақ түймені жіберуге болады .

1. Жүгіргіні саусақты сырғыту арқылы жылжытыңыз .

2. Білегіңізді үстелге ыңғайлы қойыңыз .

3-16

Смартпадпен танысу

Ноутбукке кірістірілген смартпад пайдаланушыларға ноутбукті пайдаланып жатқанда бірнеше саусақпен түртулер жəне қимылдар арқылы əр түрлі əрекетті орындауға мүмкіндік береді жəне пайдаланушылар орындаған көп саусақты қозғалыстағы өзгерістерді дəл анықтай алады . Бұл маңызды смартпад пайдаланушыларға ноутбукті тиімді ғана емес , сонымен бірге , қызықты пайдалануды да əкеледі .

1. Смартпад функциясын пайдалану əдісі туралы қосымша ақпаратты экранның төменгі оң жағындағы тапсырмалар тізімінде « Смартпад » белгішесін ( арқылы смартпад нұсқауларынан қараңыз .

) қос басу

2. «ELAN » терезесі көрсетіледі . пəрменін таңдау пайдаланушыларға смартпадты пайдалану туралы егжей тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді .

Мұндағы ақпарат тек анықтама ретінде жəне ескертусіз өзгертілуі мүмкін . берілген

3-17

Жұмысты бастау

Қатты диск туралы

Ноутбук 2,5 дюймдік қатты дискімен немесе M.2 SSD ( қосымша ) дискімен жабдықталған .

Қатты диск — флоппи диск жəне оптикалық сақтау құрылғысы сияқты басқа сақтау құрылғыларынан жылдамдығы жоғарырақ жəне сыйымдылығы көбірек сақтау құрылғысы .

Сондықтан , ол əдетте операциялық жүйені жəне бағдарламаларды орнату үшін пайдаланылады .

Жүйеде деректердің күтпеген жерден жоғалуын болдырмау үшін маңызды файлдардың сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасап тұрыңыз .

Қатты дискіні пайдалану ЖШД қосулы кезде ноутбукті өшірмеңіз .

Ноутбук қосулы кезде қатты дискіні ажыратпаңыз немесе орнатпаңыз . Қатты дискіні ауыстыруды тек өкілетті ритейлер немесе сервис өкілі орындауы керек .

Оптикалық сақтау құрылғысын пайдалану

Бұл ноутбук оптикалық жетек құрылғысымен жабдықталған . Ноутбукте алдын ала орнатылатын нақты құрылғы сіз сатып алған үлгіге байланысты .

 DVD Super Multi: Көп функциялы DVD қос жетегі жəне DVD RAM жетегі ретінде жұмыс істейді . Ол CD-R, CD-RW, DVD-R/DVD-RW немесе DVD+R/DVD+RW пішімдерін жəне т .

с .

с . жаза алады .

 Blu-ray: — бір жақты дискіде анықтығы жоғары бейнені (HD) ұстайтын сыйымдылығы жоғары оптикалық диск . Blu-ray озығырақ H.264 жəне VC-1 бейне кодтау алгоритмдерін ( кодектер ), сонымен бірге , DVD үшін пайдаланылатын MPEG-2 кодтау алгоритмін қолдайды . Сондай ақ , ол ең жоғары HDTV ажыратымдылығын қолдайды .

3-18

Дискіні салу

1. Ноутбук қосулы екеніне көз жеткізіңіз .

2. Тақтадағы шығару түймесін басыңыз , сонда диск науасы ішінара шығады .

3. Науаны толығымен ұзарғанша ақырын сыртқа тартыңыз .

4. Дискіні жапсырмасын жоғары қаратып науаға салыңыз . Орнында бекіту үшін дискінің ортасын жай басыңыз .

5. Науаны жетекке қайта итеріңіз .

1. Науаны жабу қойылғанын алдында тексеріңіз . диск науаға дұрыс жəне берік

2. Диск науасын ашық қалдырмаңыз .

3. Мұнда көрсетілген құрылғы тек анықтама алуға арналған .

3-19

Жұмысты бастау

Сыртқы құрылғыларды қосу

Ноутбуктегі кіріс / шығыс порттар сізге перифериялық құрылғыларды жəне байланыс құрылғыларын жалғауға мүмкіндік береді . Мұнда тізілген барлық функциялар жəне құрылғылар тек анықтама ретінде берілген .

Перифериялық құрылғылар

3-20

Байланыс құрылғылары

Мұнда тізілген функцияларға пайдаланушылар сатып алатын үлгіге байланысты қосымша қолдау көрсетіледі .

Егжей тегжейлі ақпарат алу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз .

3-21

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫНА ҚОСЫМША

1 Құрылғы Ноутбук (Notebook PC)

2 Үлгі MS-1781

3 Сауда белгісі

4 Өнім тағайындалуы Тасымалданатын дербес компьютер ретінде пайдалану

5 Қуат кернеуі 230 Вт , 19,5 В

Кіріс параметрлері : 100~240 В , 50~60 Гц

Шығыс параметрлері : 19,5 В 11,8A

6 Өндіруші , мекенжайы MICRO-STAR INTERNATIONAL CO., LTD.

No. 69, Lide Street, Zhonghe District, New Taipei City 235,

Taiwan (R.O.C.)

Китай 7 Өндіруші ел

8 Өкілетті тұлғаның атауы мен орналасуы .

9 Өкілетті тұлғамен байланысу ақпараты

ЖШҚ « ЭмЭсАй

127273, Мəскеу

Компьютер қ .,

»

Березовая

Телефон : +7 (495) 981-4509

Факс : +7 (495) 981-4508 аллея , 5 а , 7ғим , 307 а кеңсе

10 Сəйкестілік белгісі

11 Қауіпсіз пайдалану ережелері мен жағдайлары

« Пайдаланушы нұсқаулығымен жұмысты бастау »

3тарауында , « Қауіпсіздік пен жұмыс ыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша кеңестер »

12 Құрастыру ережелері мен жағдайлары

Айнымалы ток желісінен қуаттандыру

 Компьютерді адаптерді алғаш жалғап , рет пайдалану электр желісінің кезінде қуатын желілік ұсынылады .

 Электр желісіне жалғанған қуат адаптерін қосқан кезде батарея зарядталады .

 Назар аударыңыз , жинақтағы қуат адаптері ноутбукпен бірге пайдалану үшін мақұлданған .

 Өндіруші тарапынан мақұлданбаған басқа адаптер түрлерін пайдалану ноутбук пен оған жалғанған құрылғылардың зақымдалуына əкелуі мүмкін .

 Қуат адаптерін жаппаңыз жəне оның үстіне басқа пайдалану

13 Сақтау ережелері мен жағдайлары

( Пайдаланушы нұсқаулығында берілген ақпаратты айқындау ) заттарды қоймаңыз – ол пайдалану барысында қызады .

 Қуат адаптерінің жұмыс барысында қызатынын есіңізде сақтаңыз .

Батареядан қуаттандыру

 Ноутбук сыйымдылығы жоғары литий ондық батареямен жабдықталған . Аккумуляторлы литий иондық батареясы ноутбуктың ішкі қуат көзі болып табылады .

 Батареяны өз бетіңізбен бөлшектеуге əрекеттенбеңіз .

Бұл оның зақымдалуына немесе кепілдіктің жоғалуына əкелуі мүмкін .

 Батареяны бөлшектеу тек өкілетті оператор тарапынан орындалуы мүмкін .

 Батареяның қате ауыстырылуынан туындайтын жарылысты болдырмау үшін , өндіруші ұсынған дəл сондай немесе оған балама батареяны пайдаланыңыз .

 Қолданылмайтын батареяны əрқашан қауіпсіз жерде сақтаңыз .

 Батареяны жою кезінде жергілікті заңнама мен жою туралы ережелерін сақтаңыз .

 Аса тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін өзіңізбен бірге қосалқы батареяны алып жүру ұсынылады . Ноутбукпен үйлесімді қосымша батареяны сатып алу мақсатында жергілікті жеткізушімен хабарласыңыз .

 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты мұқият əрі толық оқып шығыңыз .

 Құрылғы жəне пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық сақтандырулар мен ескертулерді ескеру қажет .

 Құрылғыны жоғары ылғалдылық пен жоғары температуралардың ісерінен қорғаңыз .

 Құрылғыны теңшеудің алдында оны тұрақты бетке орнатыңыз .

 Құрылғыдағы саңылаулар ауа конвекциясын қамтамасыз етеді жəне құрылғыны қызып кетуден қорғайды .

 Бұл саңылауларды бөгемеңіз .

 Қоршаған орта температурасы 60OC (140OF) жоғары немесе 0OC (32OF) төмен болса , оны қараусыз қалдырмаңыз .

 Бұл құрылғының зақымдалуына əкелуі мүмкін .

14 Тасымалдау ережелері мен жағдайлары

 Жұмыс істейтін құрылғының орта температурасы 35OC

(95OF) артық болмауы тиіс .

 Құрылғыны қуат розеткасына қосудың алдында қуат кернеуі қауіпсіз ауқымда жəне 100~240 В аралығында екендігіне көз жеткізіңіз .

 Модульдер мен кеңейту карталарының қосылу жағдайында қуат кабелін əрқашан электр розеткасынан ажыратыңыз .

 Батареяны əрқашан ажыратыңыз , қуат кабелін электр розеткасынан өшіріңіз немесе құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса оны толығымен токтан ажыратыңыз .

 Бұл электр қуатының үнемделуіне мүмкіндік береді .

 Құрылғы үстіне сұйықтықты түгуге тыйым салынған , бұл оның зақымдалуына жəне электр тогымен соғылуына əкелуі мүмкін .

 Қуат кабелін адамдар үстінен баспайтындай орналастырыңыз .

 Қуат кабеліне ешқандай құралдарды қоймаңыз .

Құрылғыны тасымалдау тек зауыттық қаптамада кез келген көлік түрімен , ешбір қашықтық шектеулерінсіз рұқсат етіледі .

Шектеулер жоқ 15 Сату ережелері мен жағдайлары

16 Жою ережелері мен жағдайлары

( Пайдалану нұсқаулығының

1тарауы ; Кіріспеде берілген ақпаратты айқындау )

17 Құрылғы ақаулығының анықталуы жағдайында

Құрылғының қызметтік мерзімі аяқталған соң , құрылғыны жою туралы ақпаратты алу үшін , MSI қызмет орталығымен хабарласыңыз .

Ақаулық анықталған жағдайда :

1.

Ноутбукты өшіріңіз

2.

Қуат адаптерін жəне батареяны өшіріңіз

3.

Құрылғыны қосыңыз

Өндіру күні қаптама қорабының жапсырмасында көрсетілген 18 Құрылғының өндіру айы мен жылы

19 Жеткізілетін жинақ Жеткізілетін жинақ :

( Пайдалану нұсқаулығының өнімімен танысу 2тарауы :

Кіріспеде берілген ақпаратты айқындау )

 Ноутбук

 Батарея

 Айнымалы ток қуатының адаптері жəне қуат кабелі

 Орнату дискісі

 Kaspersky вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамасының дискісі ( қосымша )

 Ойын дискісі ( қосымша )

 Қысқаша пайдаланушы нұсқаулығы

 F3 пернесінің көмегімен ноутбук бағдарламалық жасақтамасын қалпына келтіру бойынша қысқаша нұсқаулығы

 Пайдаланушы нұсқаулығы

 Windows 8.1 қысқаша нұсқаулығы ( қосымша )

 Кепілдік талоны

 Қызмет көрсету кітапшасы

Өндіруші жеткізілетін жинаққа сəл өзгеріс енгізуге құқылы .

Жеткізілетін жинақтың құрамын жергілікті жеткізушіден жəне

( немесе ) сатушыдан анықтап алыңыз

Құрметті пайдаланушы !

MSI ноутбугын таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз

advertisement

Related manuals

advertisement