KK. Leitz 65280001

Add to My manuals
124 Pages

advertisement

KK. Leitz 65280001 | Manualzz

Пайдалану нұсқаулықтары

Бума құрамы

Батарея жинағы

Шағын USB кабелі

Осы пайдалану нұсқаулықтары

Өнімнің мүмкіндіктері

A

2 × Смартфондарды, планшеттік компьютерлерді және басқа да құрылғыларды зарядтауға арналған USB порты. (3,1 A макс.)

B Зарядтау деңгейін көрсететін түйме

C

D

Заряд деңгейінің индикаторы (төрт ақ жарық)

Батарея жинағын компьютерден немесе қосымша USB зарядтағышының көмегімен зарядтауға арналған шағын USB порты

Автоматты тоқтату

Артық жүктеме мен қысқа тұйықталуға қарсы электрондық қорғау

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану

Бұл өнім жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалануға арналған. Бұл өнім USB қосқышы арқылы зарядталатын құралдарға арналған. Өнімді тек осы мақсатта ғана және пайдалану нұсқаулықтарындағы көрсетілгендей пайдаланыңыз. Сонымен қатар, өндірушінің деректерін және жекелеген құрылғыларға қызмет көрсету бойынша нұсқамаларды сақтаңыз.

Cіздің қауіпсіздігіңіз үшін

Уақытыңызды бөліп, келесі қауіпсіздік ережелерін мұқият оқып шығыңыз. Барлық нұсқауларды орындаңыз. Бұл өрттің шығуын, жарылыстардың, электр тогының соғуын немесе бұйымның зақымдалуына және/немесе қатты немесе өлім қаупі бар жарақаттарға себеп болуы мүмкін басқа қауіптерді болдырмайды.

Өнімді пайдаланатын барлық адамдар осы ескертулерді және нұсқауларды оқығанына және орындағанына көз жеткізіңіз.

KK

89

90

m

ЕСКЕРТУ!

Бұл өнім бөлме ішінде пайдалануға арналған. Сыртта қолдануға рұқсат етілмейді.

Батарея жинағын айнымалы ток адаптерімен зарядтаған кезде, айнымалы ток адаптерінің қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.

Пайдаланудан бұрын өнімді, кабельді және адаптерді зақымдарға қарсы тексеріңіз. Егер зақымды, күшті иісті немесе құрамдастардың шамадан көп қызып кеткенін байқасаңыз, дереу барлық жалғамаларды ажыратып, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.

Өнімді белгіленген шектік сипаттамаларына сай пайдаланыңыз.

Қызып кету жағдайын болдырмау үшін өнімнің бетін жаппаңыз, жылу көздерінің жанында немесе тікелей күн сәулесінде пайдаланбаңыз және тек 0 °C және

40 °C аралығындағы қоршаған орта температурасында пайдаланыңыз.

Өнімді найзағай кезінде немесе пайдаланылмаған кезде ажыратыңыз.

Біріктірілген литий-ионды батареясы жанғыш болып келеді. Ашық жалыннан қашық сақтаңыз! Өнімді тез жанғыш материалдардың жанында немесе жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.

Құрылғыны ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге тырыспаңыз. Өнімді түсіріп алмаңыз, теспеңіз, сындырмаңыз немесе қатты қысым әсерін болдырмаңыз.

Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде пайдаланыңыз және сақтаңыз.

Өнімді тазалаудан бұрын барлық қосылымдарды ажыратыңыз. Тазалау шүберектер мен химиялық заттектер қолданбаңыз, үстірттің бұзылуы мүмкін.

Өнімнің сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Электрлік/электрондық бөлшектерін тазалауға болмайды.

KK

Батарея жинағын зарядтау

Шағын USB қосқышын компьютердің USB портына немесе USB қуат адаптеріне жалғау үшін берілген кабельді пайдаланыңыз

(

1

-сурет).

Зарядтау үдерісі автоматты түрде қосылады. Зарядтау үдерісінің деңгейін төрт шам жыпылықтау (батарея зарядталу барысында) немесе үздіксіз жанып тұру (батарея жинағы толық зарядталған соң) арқылы білдіреді . Барлық төрт шам бір уақытта жыпылықтаса, зарядтау үдерісінің аяқталғанын білдіреді.

Зарядтау әрекеті аяқталғаннан кейін зарядтағышты желілік розеткадан суырып тастаңыз.

Құралдарды зарядтау

m

САҚТЫҚ!

Құралдарыңызды әрбір құралға арналған нұсқаулық ережелеріне сәйкес зарядтаңыз. Осында берілген барлық нұсқауларды орындаңыз.

Барынша ұйғарынды зарядтау тоғының мәні 3,1 A шегінен асып кетпегеніне көз жеткізіңіз.

Зарядтағыңыз келген құрылғыны батареялар жинағындағы зарядтау портына қосыңыз (

2

-cурет ).

Ол үшін, осы өнімнің өз USB кабелін пайдаланыңыз.

Құрылғы толық зарядталған кезде немесе батарея жинағы толығымен разрядталған кезде батарея жинағы автоматты түрде өшіріледі.

Батарея жинағының зарядтау деңгейін кез келген уақытта төрт заряд деңгейінің индикаторына қарап тексеруге болады. Бұл үшін түймешікті басыңыз (

3

-сурет).

KK

91

Шамадан тыс жүктелген жағдайда не болады

Егер батарея жинағы шамадан тыс жүктелсе, ол автоматты түрде өшеді. Өз мөлшерінен асқанда, заряд индикаторын көрсететін төрт шам 12 секундтай жыпылықтап тұрады. Егер бұл жағдай орын алса, мына әрекеттерді орындаңыз:

Барлық кабельдерді суырып тастаңыз.Заряд индикаторы өшкенін күтіңіз.

Басқа кабель арқылы зарядтап көріңіз. (Кабельде ақау болуы мүмкін.)

Егер осы мәселе қайта туындаса, құрылғы батареядан зарядтала алмайды.

Батарея жинағының өнімділігін жақсарту

Өнімді алғаш рет пайдалану алдында оны зарядтаңыз. Бекітілген батарея бірнеше рет зарядталып, разрядталғаннан кейін ғана толық қуатына жетеді.

Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны қуат көзіне немесе басқа USB қуат көзіне жалғаулы қалдырмаңыз.

Өнімді толық разрядталған күйде ұзақ уақыт бойы сақтауға болмайды. Сақтау орнына қойылған батарея жинағының қалған қуаты шамамен 50–75 % (заряд деңгейінің индикаторында екі немесе үш шаммен көрсетіледі) болуы тиіс.

Өнімді 90 күннен кешіктірмей қайта зарядтаңыз.

Техникалық деректері

Номиналды кіріс кернеуі/ток күші

Номиналды шығыс кернеуі/ток күші

Батарея қуаты

Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы

Өлшемдері (Ұ × Е × Т)

Салмағы

Кепілдеме

DC 5 В, 2 A

DC 5 В, 3,1 A

12000 мАс

0–40 °C

89 мм × 80 мм × 24 мм

260 г

3 жыл шығарушысының кепілдемесі

92

KK

Қосымша ақпарат

Жаңартылған ақпаратты және/немесе пайдалану туралы толық мәліметті http://www.leitz.com/ бетіндегі өнім сипаттамасынан алуға болады.

Электр магниттік үйлесімділік талаптары

Бұл құрылғы Еуропа Қауымдастығының EMC 2004/108/EC

Директивасында көрсетілген шектік мәндерге сәйкестігі сынағынан өткен. Бұл шектік мәндер тұрғын үй аумақтарында зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған.

Егер осы аппарат осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, ол радио немесе теледидар сигналдарын қабылдауға кедергі келтіріп, сонымен қатар, басқа электрондық құрылғыларға әсер етуі мүмкін. Осындай кедергіні болдырмау мақсатында құрамдастарды жалғау үшін тек қапталған кабельді пайдаланыңыз. Орындамау осы жабдықты пайдалану рұқсатын жоққа шығарады.

Жою

Сызылған дөңгелек себеті өнімнің тұрмыстық қоқыспен

(қалдық ластағыш заттар) бірге жоймау талабын білдіреді. Электр және электрондық құрылғыларды және бос батареяларды арнаулы белгіленген орындарда жою керек. Жою үшін ақы алынбайды.

Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қала әкімшілігіне немесе аудан кеңесіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

KK

93

advertisement

Key Features

  • Number of simultaneously connected devices (max): 2 White
  • Mobile phone/Smartphone, Tablet, MP3/MP4, GPS, E-book reader
  • Charging source: USB
  • Lithium-Ion (Li-Ion) 12000 mAh

Related manuals

advertisement

Table of contents