Қазақша. Philips QC5070, QC5090/00, QC5070/80, QC5070/00


Add to My manuals
112 Pages

advertisement

Қазақша. Philips QC5070, QC5090/00, QC5070/80, QC5070/00 | Manualzz

ҚазаҚша

43 кіріспе

Қадірлі тұтынушы, сіз өте дұрыс таңдау жасадыңыз! Сіздің жаңа, өте жеңіл Филипс шаш қырқатын машинаңыз, басыңыздың жобасына қалыптанып, қолдануға өте ыңғайлы болып келеді. Шаш қырқатын машинаңыздың қолдану рахатын ұзаққа созғыңыз келсе, біз сізге астында берілген ақпаратты, ілтипатпен оқуыңызға кеңес береміз.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

A Үлкен тарақ

B Кішкене тарақ

C Дәлме дәлдік қайшы (тек қана QC5090 түрінде ғана)

D Негізгі қырқатын элемент

E Қосу/өшіру ысырмасы

F Нәтиже көрсеткіш (шаш кесілгеннен кейінгі ұзындықты көрсетеді)

G Ұзындықты бекіту (ұзындық бағдарламасын бекітіп тастайды)

H Тазалайтын тарақ

I Адаптор

J Құралдың тығыны

K Қайшылар

L Үлгілейтін тарақ

Маңызды

- Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.

- Егер адаптор зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны түпнұсқалық түрімен ғана ауыстырған жөн.

- Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.

- Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы

44 ҚазаҚша төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.

- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

- Құралды және адапторды кебу сақтаңыз (Cурет 2).

- Құралды тек 15°C және 35°C температурасы аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.

- Бұл құрал 220 дан 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай береді.

- Сынған адапторды қолдануға болмайды.

- Құралдың өзі немесе оның қосымша бөлшектерінің біреуі сынған немесе зақымдалған болса, онымен қолдануға болмайды, себебі бұл жарақаттауы мүмкін.

- Тек осыған қосымша берілген адапторды ғана қолданыңыз.

- Құралды сөмкеде немесе құнерездікте зарядтауға болмайды.

- Бұл құрал тек адамның шашын қырқуға ғана арналған. Басқа мақсатпен бұл құралды қолдануға болмайды.

- Шу деңгейі: Lc = 61 dB [A]

Электромагниттік өріс (ЭМӨ)

Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.

зарядтау

Құралды ең алғаш қолданар алдында 8 сағат бойы (NiCd батареясымен) немесе 12 сағат бойы (NiMh батареясымен) зарядтаңыз.

Толығымен зарядталған құрал, тоқ сымысыз 35 минут бойы (NiCd батареясымен) немесе 50 минут бойы (NiMh батареясымен) шаш кесе алады.

Құралды 24 сағаттан көп уақыт бойы зарядтауға болмайды.

ҚазаҚша 45

1 Құрал зарядталып жатқанда, міндетті түрде өшіріліп, розеткадан суырылуы тиіс.

2 Тоқ сымын тікелей құралға қосыңыз (Cурет 3).

3 Адапторды қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

, Зарядтайтын жарығы, зарядталып жатқандығын көрсетіп жанып тұрады (Cурет 4).

Құрал толығымен зарядталып болғанда, жарық сөнеді немесе жарық түсі өзгереді.

Батареяның жұмыс жасау қабілетін ұзарту

Құрал алғашқы рет зарядталып болғаннан соң, шаш қырқып жатқан уақытта, қайта зарядтауға болмайды. Онымен қолдануды жалғастыра беріңіз, тек заряд толығымен таусылғанда немесе таусылуға шақ қалғанда ғана қайта зарядтау керек.

- Батареяны жылына екі рет моторы тоқтағанша қолдану арқылы толығымен босатып тұрыңыз.

- Құралды әрдайым қабырғадағы тоққа қосулы етіп ұстауға болмайды.

- Егер құрал көп уақыт бойы қолданылмаған болса, онда оны 8 сағат бойы (NiCd батареясы болса) немесе 12 сағат бойы (NiMh батареясы болса) зарядтау керек.

Тоқ сымы бар кесетін қайшы

Батареясы толығымен зарядталған кезде, құралды қабырғадағы тоққа қосып жұмыс жасамаңыз.

, Тоққа қосылған шаш қырқатын қайшымен қолдану: шаш қырқатын машинаңызды өшіріп, тоққа қосыңыз да, бірнеше секунд бойы күтіп отырып, қайтадан қосыңыз.

Құралды қолдану

Қосымша сайман ретінде берілген тарақпен шаш алу

, Шаштың ұзындығы, қырқып болғаннан кейін, миллиметрге дейін, құралдың нәтиже индикаторында көрсетіледі. (Cурет 5)

46 ҚазаҚша

, Шаш қырқылғаннан кейін қалатын ұзындық, тек тарақ құралға орнатылып тұрғанда ғана көрсетіледі. Кішкентай тарақты 3 тен

21 миллиметр ұзындығына, ал үлкен тарақты 23 тен 41 миллиметр ұзындығына қолданыңыз.

1 Қосымша сайман ретінде берілген тарақты, құралдың бағыттаушы ойысына сырғытып орнатыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 6).

Қосымша сайман ретінде берілген тарақтың тұтқалары, құрал тұтқасындағы екі жағындағы ойысқа дұрыс сырғытып түсірілуі тиіс.

2 Тарақты, шаш ұзындық бекіттемесін бұрау арқылы, қалаған ұзындыққа қойыңыз (Cурет 7).

Кішкене тарақ шашты 3мм, 6мм, 9мм, 12мм, 15мм, 18мм немесе 21мм ұзындықта кеседі.

Үлкен тарақ шашты 24мм, 27мм, 30мм, 33мм, 36мм, 39мм немесе

42мм ұзындықта кеседі.

3 Құралды қосыңыз. (Cурет 8) кеңестер

- Біз сізге шашты үлкен тарақтағы ең ұзын бағдарламадан бастап, шағын қадамдармен қысқартып, керекті ұзындықты жасаңыз деп кеңес береміз.

- Егер тарақта көп шаш жиналып қалған болса, онда қосымша сайман ретінде берілген тарақты құралдан алып, үрлеп немесе сілкіп, тарақтан шашты түсіріңіз. Тарақты құралдан алғанменен, таңдаған шаш ұзындық бағдарламасы өзгермейді.

- Болашақтағы шаш қырқуға ескертпе ретінде, қолданған шаш ұзындық бағдарламаларын жазып алыңыз.

Қосымша сайман ретінде берілген тарақсыз шаш алу:

Сіз шаш қырқатын машинаны қосымша сайман ретінде берілген тарақ құралысыз да, мойын жағы мен құлақ жанын жобалау үшін қолдана аласыз.

, Қосымша сайман ретінде берілген тарақты тартып, құралдан алып тастау керек (Cурет 9).

ҚазаҚша 47

Тарақтың қозғалмалы ұшынан тартуға болмайды. Әрдайым оның төменгі бөлігінен ұстап тартыңыз.

, Қосымша сайман ретінде берілген тарақ, қырқатын бөлікті, сіздің басыңыздан нақты қашықтықта ұстайды. Сондықтан, егер сіз машинканы қосымша сайман ретінде берілген тарақ құралысыз қолданатын болсаңыз, сіздің шашыңыз теріңізге жақын етіп кесілуі мүмкін.

, Дәлме дәл түзулеу үшін немесе нақтылау үшін:

1 Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 10).

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

2 Дәлме дәлдік қайшының құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 11).

Тазалау

Құралды қолданған сайын тазалап тұрыңыз.

Құралды тазалау үшін тегістейтін темір жуғыш немесе спирт, бензин, ацетон тәрізді сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Бұл құрал және адаптор тек қосымша берілген щеткамен ғана тазалануы тиіс.

1 Құралды тазалар алдында оны сөндіріп, тоқтан алып тастаңыз.

2 Қосымша сайман ретінде берілген тарақты тартып, құралдан алып тастау керек (Cурет 9).

3 Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 10).

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

4 Қосымша берілген щеткамен шаш қырқатын бөлікті тазалаңыз (Cурет 12).

5 Сонымен қатар, қосымша берілген щеткамен құралдың ішін де тазалаңыз (Cурет 13).

48 ҚазаҚша

6 Шаш қырқатын бөліктің құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 11).

Бұл құралды майлаудың қажеті жоқ.

алмастыру

Тозған немесе зақымдалған шаш қырқатын бөлік, тек Филипс түп нұсқалы шаш кесетін бөлікпен ауыстырылуы тиіс.

, Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 10).

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

, Дәлме дәлдік қайшының құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 11).

Қоршаған айнала

, Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз.

Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 14).

Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз.

Егер сіз батареяны өзіңіз ала алмасаңыз, құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған айналаға зияны тимейтін жағдайда оның көзін жояды.

Батареяны алып тастау

Батареяны тек толығымен таусылғанда ғана алуға болады.

1 Құралды тоқтан суырып, моторы тоқтағанша жұмыс жасатыңыз.

2 Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 10).

ҚазаҚша 49

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

3 Бұрауыштың көмегімен құралдың жоғарғы негіз бөлігін құралдың ішкі жағынан бұрау арқылы алып тастаңыз (Cурет 15).

4 Құралдан құралдың төменгі негіз бөлігін ажыратыңыз (Cурет 16).

5 Құралдан нәтиже көрсеткішін алып тастаңыз (Cурет 17).

6 Батареяны құралдан суырып алу арқылы шығарыңыз (Cурет 18).

7 Сымдарын кесіп, батареяны қоршаған айналаға қауіп төндірмейтін жолмен тастаңыз.

Құралды ашқаннан кейін, кұралды қайтадан тоққа қосуға болмайды.

кепілдік және қызмет

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде ойландырған мәселе болса, Philips’тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде

Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арызданыңыз.

advertisement

Key Features

  • With storage solution

Related manuals

advertisement

Table of contents