advertisement

Қазақша. Philips QC5099, QC5099/00 | Manualzz

ҚазаҚша

43 кіріспе

Қадірлі тұтынушы, сіз өте дұрыс таңдау жасадыңыз! Сіздің жаңа 3D

Philips шаш қырқатын машинаңыз басыңыздың жобасына қалыптанып, қолдануға өте ыңғайлы болып келеді. Шаш қырқатын машинаңыздың қолдану рахатын ұзаққа созғыңыз келсе, біз сізге астында келтірілген ақпаратты ілтипатпен оқуыңызға кеңес береміз.

Маңызды

Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шағыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.

- Егер адаптор зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны түпнұсқалық түрімен ғана ауыстырған жөн.

- Адапторда трансформер бар. Адапторды кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.

- Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.

- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.

- Құралды және адапторды кебу сақтаңыз (Cурет 1).

- Құралды тек 15°C және 35°C температурасы аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және сақтауға болады.

- Бұл құрал 220 дан 240 вольтқа дейінгі тоқ қуатымен жұмыс жасай береді.

- Сынған адапторды қолдануға болмайды.

- Құралдың өзі немесе оның қосымша бөлшектерінің біреуі сынған немесе зақымдалған болса, онымен қолдануға болмайды, себебі бұл жарақаттауы мүмкін.

- Құралды сөмкеде немесе құнерездікте зарядтауға болмайды.

44 ҚазаҚша

- Тек осыған қосымша берілген адапторды ғана қолданыңыз.

- Бұл құрал тек адамның шашын қырқуға ғана арналған. Басқа мақсатпен бұл құралды қолдануға болмайды.

- Шу деңгейі: Lc = 69 dB [A]

Электромагниттік өріс (ЭМӨ)

Осы Philips құралы Электромагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Бар ғылыми дәлелдерді негізге ала отырып, нұсқауларға сәйкес дұрыс пайдалана отырып аспапты пайдалануға болады.

зарядтау

Құралды ең алғаш қолданар алдында 12 сағат бойы зарядтаңыз.

Толығымен зарядталған құрал тоқ сымысыз 50 минут бойы шаш қырқа алады.

Құралды 24 сағаттан көп уақыт бойы зарядтауға болмайды.

1 Құрал зарядталып жатқанда, міндетті түрде өшіріліп, розеткадан суырылуы тиіс.

2 Тоқ сымын тікелей құралға қосыңыз (Cурет 2).

3 Адапторды қабырғадағы розеткаға қосыңыз.

, Зарядталып тұрғандығын көрсететін жарық, батареялар зарядталып жатқанда жанып тұрады.

Құрал толығымен зарядталып болғанда, жарық сөнеді немесе жарық түсі өзгереді.

Батареяның жұмыс жасау қабілетін ұзарту

Құрал алғашқы рет зарядталып болғаннан соң, шаш қырқып жатқан уақытта, қайта зарядтауға болмайды. Онымен қолдануды жалғастыра беріңіз, тек заряд толығымен таусылғанда немесе таусылуға шақ қалғанда ғана қайта зарядтау керек.

- Батареяны жылына екі рет моторы тоқтағанша қолдану арқылы толығымен босатып тұрыңыз.

ҚазаҚша 45

- Құралды әрдайым қабырғадағы тоққа қосулы етіп ұстауға болмайды.

- Егер құрал көп уақыт бойы қолданылмаған болса, онда оны 12 сағат бойы зарядтаңыз.

Құралды қолдану

Тоқ сымы бар кесетін қайшы

Батареясы толығымен зарядталған кезде, құралды қабырғадағы тоққа қосып жұмыс жасамаңыз.

Тоққа қосылған шаш қырқатын қайшымен қолдану: шаш қырқатын машинаңызды өшіріп, тоққа қосыңыз да, бірнеше секунд бойы күтіп отырып, қайтадан қосыңыз.

Қосымша сайман ретінде берілген тарақпен шаш алу

Керек шаш ұзындығына байланысты, қосымша сайман ретінде берілген кішкене немесе үлкен тарақты таңдаңыз.

шаш ұзындық бағдарламасы

- Шаштың ұзындық орнатулары, миллиметрге дейін, құралға қосымша берілген тарақ сайманынық тұтқаларында көрсетіледі.

Орнатулар, шаштың қырқып болған ұзындығына сәйкес келеді (Cурет 3).

- Кішкене тарақ шашты 3мм, 6мм, 9мм, 12мм, 15мм, 18мм немесе

21мм ұзындықта кеседі.

- Үлкен тарақ шашты 23мм, 26мм, 29мм, 32мм, 35мм, 38мм немесе

41мм ұзындықта кеседі.

1 Қосымша сайман ретінде берілген тарақтың ұстағышын құралдың бағыттаушы ойысына сырғытып орнатыңыз («сырт» ете түсу керек) (Cурет 4).

Қосымша сайман ретінде берілген тарақтың тұтқалары, құрал тұтқасындағы екі жағындағы ойысқа дұрыс сырғытып түсірілуі тиіс.

2 Тарақты талап еткен шаш ұзындығына қою үшін, тарақтағы шаш ұзындық бағдарламасын оңға немесе солға бұраңыз. (Cурет 5)

3 Құралды қосыңыз.

46 ҚазаҚша кеңестер

- Біз сізге шашты үлкен тарақтағы ең ұзын бағдарламадан бастап, шағын қадамдармен қысқартып, керекті ұзындықты жасаңыз деп кеңес береміз.

- Егер тарақта көп шаш жиналып қалған болса, онда қосымша сайман ретінде берілген тарақты құралдан алып, үрлеп немесе сілкіп, тарақтан шашты түсіріңіз. Тарақты құралдан алғанменен, таңдаған шаш ұзындық бағдарламасы өзгермейді.

- Болашақтағы шаш қырқуға ескертпе ретінде, қолданған шаш ұзындық бағдарламаларын жазып алыңыз.

Қосымша сайман ретінде берілген тарақсыз шаш алу

Сіз шаш қырқатын машинаны қосымша сайман ретінде берілген тарақ құралысыз да, мойын жағы мен құлақ жанын жобалау үшін қолдана аласыз.

- Қосымша сайман ретінде берілген тарақты тартып, құралдан алып тастау керек (Cурет 6).

Тарақтың қозғалмалы ұшынан тартуға болмайды. Әрдайым оның төменгі бөлігінен ұстап тартыңыз.

- Қосымша сайман ретінде берілген тарақ, қырқатын бөлікті, сіздің басыңыздан нақты қашықтықта ұстайды. Сондықтан, егер сіз машинканы қосымша сайман ретінде берілген тарақ құралысыз қолданатын болсаңыз, сіздің шашыңыз теріңізге жақын етіп кесілуі мүмкін.

Дәлме дәлдік қайшы

Дәлме дәл түзулеу үшін немесе нақтылау үшін, дәлме дәлдік қайшыны қолданыңыз.

1 Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 7).

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

2 Дәлме дәлдік қайшының құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 8).

ҚазаҚша 47

Тазалау

Құралды қолданған сайын тазалап тұрыңыз.

Құралды тазалау үшін тегістейтін темір жуғыш немесе спирт, бензин, ацетон тәрізді сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Құралды және адапторды тек қана қосымша берліген қылшақты щеткамен тазалаңыз.

1 Құралды тазалар алдында оны сөндіріп, тоқтан алып тастаңыз.

2 Қосымша сайман ретінде берілген тарақты тартып, құралдан алып тастау керек (Cурет 6).

3 Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 7).

Шаш қырқатын бөлік еденге құлап кетпесін.

4 Қосымша берілген щеткамен шаш қырқатын бөлікті тазалаңыз (Cурет 9).

5 Сонымен қатар, қосымша берілген щеткамен құралдың ішін де тазалаңыз.

6 Шаш қырқатын бөліктің құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түскенше) (Cурет 8).

Бұл құралды майлаудың қажеті жоқ.

алмастыру

Тозған немесе зақымдалған шаш қырқатын бөлік, тек Philips түп нұсқалы шаш кесетін бөлікпен ауыстырылуы тиіс.

- Шаш қырқатын бөлікті бас бармағыңызбен жоғары қарай ашылғанша итеріп, құралдан шығарып алыңыз (Cурет 7).

- Дәлме дәлдік қайшының құлақшасын саңылауға орнатып, итеру арқылы құралға қайта орнатыңыз («сырт» ете түседі) (Cурет 8).

48 ҚазаҚша

Қоршаған айнала

- Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. (Cурет 10)

- Ішіне орнатылған қайта зарядталып отыратын батарея құрамында қоршаған айналаға тигізер зиянды заттар бар. Құралды тастар немесе арнайы жинап алатын орынға берер алдында батареяны алып тастаңыз. Батареяны арнайы батареялар жинайтын орынға өткізіңіз. Егер сіз батареяны шағару сіздің қолыңыздан келмесе, құралды Philips қызмет орталығына апаруыңызға болады, ондағы адамдар батареяны сіз үшін алып, оны қоршаған айналаға зияны тимейтін жағдайда оның көзін жояды.

Батареяны алып тастау

Батареяны тек толығымен таусылғанда ғана алуға болады.

1 Құралды тоқтан суырып, моторы тоқтағанша жұмыс жасатыңыз.

2 Кесетін бөлікті ашып, алып тастаңыз («тазалау» тармағын қараңыз).

3 Бұрауыштарын босатып, металды қыстырғыны бұрауышпен алыңыз (Cурет 11).

4 Қыратын фольганы тартып құралдын алып тастау керек (Cурет 12).

5 Шаш ұзындық сәйкестендіруші сақинаны, тарақ ұстағышы өзінің ең ұзын ұстанымына келгенше айналдырыңыз (Cурет 13).

6 Содан соң кішкене күш салып, сәйкестендіруші сақинаны одан да ары бұраңыз, сонда тарақ ұстағышы босап, құралдын шығады (Cурет 14).

7 Екі орын бөліктерін бұрауышпен ажыратыңыз (Cурет 15).

8 Басылған монтажды платаны тартып алыңыз (Cурет 16).

ҚазаҚша 49

9 Басылған монтажды платада орналасқан кішкене тесікшеге бұрауышты тығыңыз. Бұрауышты төмен қарай басылған монтажды плата бөлінгенше итеріңіз (Cурет 17).

10 Пластикалық батарея ұстағышты ашып, қайта зарядталатын батареяны шығарыңыз (Cурет 18).

Құралды ашқаннан кейін, кұралды қайтадан тоққа қосуға болмайды.

кепілдік және қызмет

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде ойландырған мәселе болса, Philips’тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде

Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips’тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор BV бөліміне арызданыңыз.

advertisement

Was this manual useful for you? Yes No
Thank you for your participation!

* Your assessment is very important for improving the workof artificial intelligence, which forms the content of this project

Related manuals

advertisement

Table of contents