Қазақша. Philips AVENT SCF332

Add to My manuals
152 Pages

advertisement

Қазақша. Philips AVENT SCF332 | Manualzz

ҚАЗАҚША 59

Кіріспе

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз!

Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен қолдану үшін өнімді www.philips.com/ welcome сайтында тіркеңіз.

Philips AVENT сүтті сору құралында сауу кезінде ыңғайлырақ күйде отыруға мүмкіндік беретін бірегей дизайн бар. Жұмсақ массаждық жастық* жұмсақ және жылы сезінуге арналған және тез сүт ағынын қамтамасыз ету үшін сәбиіңіздің сору әрекетін имитациялайды — ыңғайлы және жай. Сүтті сору құралы жай режимде іске қосылады, бұл сүт ағынын стимуляциялауға көмектеседі. Содан кейін жеке ыңғайлылығыңызға қарай үш сору режимінің бірін таңдауға болады. Сору құралын құрастыру және пайдалану оңай, емшек сүтіне тиетін бүкіл бөліктерді ыдыс жуу машинасында жууға болады.

Денсаулық сақтау мамандары емшек сүтінің балалар үшін бірінші 6 айдан кейін бүтін тағаммен біріктіргенде бірінші жылы өте жақсы тағам екендігін айтады. Емшек сүті бала қажеттілігі үшін арнайы түрде бейімделген және құрамында инфекция мен аллергиядан қорғауға көмектесетін антибиотиктер бар.

Сүтті сору құралы сізге ұзағырақ емізуге мүмкіндік береді. Өзіңіз емізе алмайтын уақытта да, балаңыз сүтіңізді еме алуы үшін, сүтті сауып, сақтауға болады. Сүтті сору құралы ықшам әрі пайдалану үшін бөлек, оны кез келген жерге өзіңізбен бірге алып шығуға, осылайша сүт қорын сақтай отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүтті саууға болады.

*Осы сүтті сору құралымен берілген жастық көптеген аналарға шақ келетіндей етіп әзірленген.

Дегенмен, үлкенірек емізіктер үшін қажет болғанда жастықты бөлек сатып алу керек.

Жалпы сипаттама (Cурет 1)

1 Силикон түтік пен қақпақ бар мотор*

2 Силикон диафрагма*

3 Сору құралының негізгі бөлігі*

4 Массаждық жастық*

5 Қақпақ*

6 Батарея бөлімі (SCF332 ғана)

7 Қосу/өшіру түймесі

8 Стимуляциялау түймесі

9 Төмен сору түймесі

10 Орташа сору түймесі

11 Терең сору түймесі

12 Адаптер

13 Ақ клапан*

14 Philips AVENT Natural бөтелкесі*

15 Қақпақ*

16 Бұранда сақинасы*

17 Емізік*

18 Тығыздағыш диск*

*Ескертпе: SCF334 моделі екі белгіленген бөлік түрінде келеді, моторды қоспағанда.

60 ҚАЗАҚША

Маңызды

Сүтті сору құралын пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті жағдайлар

Мотор мен адаптерді құрғақ ұстаңыз.

Сүтті сору құралын ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолданбаңыз.

Сүтті сору құралын ванна жанында қоймаңыз немесе сақтамаңыз.

Суға түсіп кеткен өнімді ұстамаңыз. Бірден қуат көзінен ажыратыңыз.

Абайлаңыз!

Әрқашан пайдаланудан кейін бірден сүтті сору құралын қуат көзінен ажыратыңыз.

Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар және физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі, не болмаса тәжірибесі мен білімі аз адамдар басқа адамның қадағалауымен немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады.

Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Қадағалаусыз балалардың оны тазалауына және жөндеуіне болмайды.

Балаларға немесе үй жануарларына мотормен, адаптермен немесе жабдықтармен ойнауға рұқсат етпеңіз, өйткені бұл бөліктер тұншығу қаупін төндіруі мүмкін.

Әр пайдалану алдында сүтті сору құралында, соның ішінде, адаптерде, зақымдану белгілер бар-жоғын тексеріңіз. Адаптер немесе аша зақымдалған болса, дұрыс жұмыс істемесе я болмаса түсіріліп алынса немесе суға батса, сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.

Аэрозольдік спрей өнімдері пайдаланылатын немесе өттегі басқарылатын сыртта сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.

Сүтті сору құралы ауа, оттегі немесе азоттың шала тотығы бар тұтанғыш анестетик қоспалар бар жерде пайдалануға жарамайды.

-

Сүтті сору құралының моторының ішінде пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөліктер жоқ. Сүтті сору құралын өзіңіз ашуға, қызмет көрсетуге немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Олай істесеңіз, кепілдік жарамсыз болып қалады.

Адаптер мен силикон түтіктерді қызған беттерден алыс ұстаңыз.

Адаптерді тек көрсетілген жабдықта пайдаланыңыз.

Вакуум астында болғанда, сору құралын емшектен алуға тырыспаңыз.

Жабдықты өшіріп, емшек пен сору құралының воронкасының арасындағы байланысты саусақпен бұзыңыз. Сору құралын емшектен алыңыз.

ҚАЗАҚША 61

Жүкті кезде сүтті сору құралын ешқашан пайдаланбаңыз, себебі сору босану процесін қиындатуы мүмкін.

Ұйқысырап немесе ұйқылы-ояу кезде ешқашан сүтті сору құралын пайдаланбаңыз.

Сүтті сору құралын қатты ыстыққа тастамаңыз және тікелей күн сәулесі түсетін жерге қоймаңыз.

Абайлаңыз

Сүтті сору құралы бір пайдаланушы тарапынан қайта қолдануға ғана арналған.

Қуат көзіне қосулы кезде, сүтті сору құралын қараусыз қалдырмаңыз.

Ешқандай саңылауларына басқа затты ешқашан түсірмеңіз немесе салмаңыз.

Сүтті сору құралы тиісті EMC директиваларына сай болғанымен, ол әлі де шамадан тыс шығарындылар шығаруы және/немесе сезімталдығы жоғарырақ жабдыққа кедергі жасауы мүмкін.

Басқа өндірушілердің ешқандай жабдықтарын немесе бөліктерін немесе Philips AVENT арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай жабдықтарды немесе бөліктерді қолданған болсаңыз, онда кепілдігіңіз жарамсыз болады.

Әр пайдалану алдында мотор, түтік, қақпақ және адаптерден басқа сору құралының бүкіл бөліктерін тазалаңыз, шайыңыз және зарарсыздандырыңыз.

Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз, өйткені бұл осы бөліктерді қалпына келтіру мүмкіндігінсіз зақымдайды.

Сүтті сору құралының бөліктерін тазалағанда бактерияға қарсы немесе қырғыш тазалау заттарын пайдаланбаңыз.

Силикон диафрагма зақымдалған болса, силикон сүтті сору құралын пайдаланбаңыз. Қосалқы бөліктерді алу туралы ақпаратты «Қосалқы құралдарға тапсырыс беру» тарауында қараңыз.

Ешқандай сүт шықпаса, бір уақытта бес минуттан артық соруды жалғастырмаңыз.

Егер жасалған қысым ыңғайсыз немесе ауру тудырса, кеуде мен сүтті сору құралының арасындағы байланысты саусақпен үзіп, сүтті сору құралын кеудеңізден алыңыз.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

62 ҚАЗАҚША

Пайдалануға дайындау

Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптер тазалау мен зарарсыздандыруды қажет етпейді, өйткені олар емшек сүтіне тимейді.

Бірінші рет пайдалану алдында, сүтті сору құралының барлық бөліктерін «Тазалау және зарарсыздандыру» тарауында сипатталғандай тазалап, зарарсыздандырыңыз. Әрбір қолданыстан соң, осы бөліктерді тазалап, келесі қолданыстан бұрын барлық бөліктерді зарарсыздандырыңыз.

Сүтті сору құралын құрастыру

Ескертпе. Сүтті сору құралының барлық бөліктерін міндетті түрде тазалап, зарарсыздандырыңыз. Тазаланған бөліктерді ұстамастан бұрын қолдарыңызды жуыңыз.

Абайлаңыз, тазаланған бөліктер әлі ыстық болуы мүмкін.

Кеңес. Сүтті сору құралы ылғал кезде оны құрастыру оңай болуы мүмкін.

1 Ақ клапанды сүтті сору құралының корпусына астынан салыңыз. Клапанды мүмкіндігінше ішке қарай итеріңіз (Cурет 2).

2 Сүтті сору құралының корпусын бөтелкеге мықтап бекітілгенше сағат бағытымен бұраңыз

(Cурет 3).

3 Силикон диафрагманы сүтті сору құралының корпусына жоғарыдан салыңыз.

Жақсы байланысты қамтамасыз ету үшін саусақтарыңызбен басу арқылы оның сақина айналасына мықтап бекітілгенін тексеріңіз (Cурет 4).

4 Массаж жастығын сүтті сору құралының түтік кескінді бөліміне қойыңыз.

Массаж жастығының ішкі бөлігін мүмкіндігінше ішке қарай басып, оның сүтті сору құралы сақинасының айналасына жақсы орныққанын тексеріңіз. Қалған ауаны шығару үшін жапырақтар арасын басыңыз (Cурет 5).

Ескертпе. Саууға дайындау кезінде сүтті сору құралын таза ұстау үшін, массаж жастықшасының үстіне қақпақты қойыңыз.

5 Адаптерді розеткаға қосып, екінші соңын моторға қосыңыз (Cурет 6).

Адаптердің анықтамалық коды жабдықтың төменгі жағында көрсетілген. Жабдықпен бірге тек көрсетілген адаптерді пайдаланыңыз.

Батареямен жұмыс істегенде (SCF332 ғана), мотордың төменгі жағын төменде көрсетілген белгілер (1) бағытында бұрып, алыңыз (2). Батарея бөліміне төрт жаңа 1,5В AA батареясын

(немесе қайта зарядталатын болса, 1,2В). Мотордың төменгі жағын қайтадан бекітіңіз (Cурет 7).

Ескертпе. Жаңа батареялар 3 сағатқа дейін жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Егер мотордың батареялар бөліміне батареяларды салып, адаптерді жалғасаңыз, сүтті сору құралы қуат көзінен жұмыс істейді. Батареяларды құрал ішінде зарядтауға болмайды.

6 Диафрагмаға силикон түтік пен қақпақты бекітіңіз. Қақпақты орнына берік отырғанша төмен басыңыз (Cурет 8).

ҚАЗАҚША 63

Сүтті сору құралын пайдалану

Сүтті сауғанда

Емізу жақсы жүрсе, сүт қоры мен емізу кестесі орныққанша (әдетте, босанғаннан кейін 2-4 апта) күтуге кеңес беріледі (денсаулық сақтау маманы/емізу бойынша кеңесші басқаша кеңес бермесе).

Қиыс жағдайлар:

Емізу сізде бірден жұмыс істемесе, тұрақты түрде сауу сүтпен қамтуды орнатып, сақтайды.

Егер ауруханада жатқан балаңызға беру үшін сүтті саусаңыз.

Емшектеріңіз ауырса (ауру немесе іссе): емізуден бұрын немесе арасында сүттің аз мөлшерін сауып, ауруды басуға және балаңызға оңай емуге көмектесуге болады.

Емізіктер ауырса немесе жарылса, олар жазылғанша сүтті саууыңыз керек болуы мүмкін.

Балаңыздан бөлектенсеңіз және қайта қосылғанда емізгіңіз келсе, сүт қорын келтіру үшін, сүтті кезеңді түрде саууыңыз керек.

Сүтті сауу үшін оңтайлы уақыттарды табуыңыз керек, мысалы, емшектер сүтке толы немесе балаңыз екі емшекті де босатқанда, таңертеңгі баланың бірінші емуіне дейін немесе одан кейін.

Жұмысқа шықсаңыз, үзіліс кезінде саууыңыз керек болуы мүмкін.

Сүтті сору құралын пайдалану жаттығуды талап етеді және жетістікке бірнеше әрекеттен кейін жетуге болады. Бақытыңызға қарай, Philips AVENT электр сүтті сору құралын құрастыру және пайдалану оңай, сондықтан онымен саууға көп ұзамай үйреніп кетесіз.

Кеңестер

Сүтті сору құралын бірінші рет пайдаланбастан бұрын, онымен және оны пайдалану жолымен танысыңыз.

Асығыс емес және ешкім кедергі жасамайтын уақытты таңдаңыз.

Балаңыздың суреті әсерлену әрекетін қолдауға көмектесуі мүмкін.

Жылылық та көмектеседі: душ не ванна қабылдаған соң сауыңыз немесе саумастан бұрын, жылы шүберекті немесе Philips AVENT термо жастықшасын кеудеге бес минуттай қойыңыз.

-

Балаңыз басқа емшекті еміп жатқанда немесе еміп болған бойдан сауу оңай болуы мүмкін.

Егер сауу ауру тудырса, тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз.

Сүтті сору құралын пайдалану

1 Қолдарыңызды мұқият жуып, емізіктердің таза екендігін тексеріңіз.

2 Жайлы орындыққа жайғасыңыз (арқаңызға жастықтар қойсаңыз да болады).

Міндетті түрде жақын жерде бір шыны су болуы керек.

3 Құрастырылған сүтті сору құралын кеудеңізге басыңыз. Ұшын ортаға келтіріп, массаж жастығы ауасыз байланысты жасайтындай етіңіз.

SCF334: қос элеткр сүтті сору құралы екі емшектен де бір уақытта сүт саууға мүмкіндік береді.

Бірақ, дәл осылай жабдықты бір емшектен сүтті сауу үшін де пайдалануға болады.

4 Қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 9).

, Сүтті сору құралы стимуляциялау режимінде автоматты түрде іске қосылады және қосу/өшіру түймесі мен стимуляциялау түймесі жанады.

, Емшекте соруды сезе бастайсыз.

5 Сүт аға бастағанда, ең төмен сору түймесін басу арқылы баяуырақ ритмді белгілеуге болады (Cурет 10).

, Бұл түйме стимуляциялау түймесінің орнына жанады.

Ескертпе. Сүт бірден ақпаса, уайымдамаңыз. Босаңсып, соруды жалғастырыңыз.

Алғашқы бірнеше рет сүтті сору құралын пайдаланғанда, сүт ағуы үшін жоғарырақ сору режимін пайдалану керек болуы мүмкін.

64 ҚАЗАҚША

6 Жеке ыңғайлылыққа байланысты тереңірек соруды қамтамасыз ететін жоғарырақ сору режимін пайдаланғыңыз келуі мүмкін. Тиісті түймені басу арқылы кез келген уақытта төменірек сору режиміне оралуға немесе сүтті сору құралын өшіруге болады (Cурет 11).

Ескертпе. Бүкіл сору режимдерін пайдалану керек емес, тек өзіңіз үшін ыңғайлы режимдерді пайдаланыңыз.

Емшектен сүтті сору құралын алу алдында әрқашан сүтті сору құралын өшіріңіз.

Ешқандай сүт шықпаса, саууды 5 минуттан артық жалғастырмаңыз. Күні бойы басқа уақытта сауып көріңіз. Егер процес қолайсыз немесе ауру тудырса, сүтті сору құралын пайдалануды тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз.

7 Орташа жағдайда, емшек сүтінің 60-125 мл (2-4 унция) мөлшерін сауу үшін 10 минут бойы сору қажет. Дегенмен, бұл жай ғана көрсеткіш және әйелден әйелге өзгеріп отырады.

Ескертпе. Егер әр сеанста 125 мл көп сүт саусаңыз, шамадан тыс толу және ағып кетуді болдырмау үшін 260мл/9 сұйық унциялық Philips AVENT бөтелкесін пайдалануға болады.

8 Саууды аяқтағанда, сүтті сору құралын өшіріңіз және сору құралын емшектен абайлап алыңыз.

9 Емізуге/сақтауға дайын сору құралынан бөтелкені бұрап алыңыз. Сүтті сору құралының басқа пайдаланылған бөліктерін «Тазалау және зарарсыздандыру» тарауындағы нұсқауларға сай тазалаңыз.

10 Моторды қуат көзінен ажыратыңыз. Оңай сақтау үшін силикон түтікті мотор айналасына орап, түтікті қақпақпен жабыңыз (Cурет 12).

Пайдаланудан кейін

Емшек сүтін сақтау

Тек зарарсыздандырылған сүтті сору құралымен жиналған емшек сүтін сақтаңыз.

Емшек сүтін тоңазытқышта (есігінде емес) 48 сағат бойы сақтауға болады. Сауылған сүт бірден салқындатылуы тиіс. Күні бойы қосу үшін тоңазытқышта сүтті сақтасаңыз, тек зарарсыздандырылған бөтелкеге немесе емшек сүті контейнеріне сауылған сүтті ғана қосыңыз.

Емшек сүтін мұздатқышта үш айға дейін сақтауға болады, ол үшін зарарсыздандырылған бұранда сақинасымен және бекіту дискісімен бекітілген зарарсыздандырылған бөтелкелерде немесе зарарсыздандырылған қақпағы бар зарарсыздандырылған сақтау шыны аяқтарында сақталуы тиіс.

Бөтелкені сауылған күнімен және уақытымен анық белгілеп, ескілеу емшек сүтін бірінші пайдаланыңыз.

Егер балаңызды сауылған емшек сүтімен 48 сағат ішінде тамақтандыратын болсаңыз, емшек сүтін құрастырылған Philips AVENT бөтелкесінде тоңазытқышта сақтауға болады:

1 Бөтелкені босатып, сүтті сору құралының корпусынан алыңыз.

2 Зарарсыздандырылған емізік пен бұранда сақинасын бөтелкеге бөтелкемен бірге берілген бөлек нұсқауларға сай жинаңыз. Емізікті қақпақпен жабыңыз.

3 Не болмаса, зарарсыздандырылған бұрандаға зарарсыздандырылған тығыздағыш дискіні салып, мұны бөтелкеге бұрап бекітіңіз.

Орындау қажет

Сауылған сүтті әрқашан бірден салқындатыңыз немесе мұздатыңыз.

Зарарсыздандырылған сүтті сору құралымен сауылған сүтті тек зарарсыздандырылған бөтелкелерді сақтаңыз.

ҚАЗАҚША 65

Орындауға болмайды

Ерітілген емшек сүтін ешқашан қайта мұздатпаңыз.

Таза емшек сүтіне мұздатылған емшек сүтін ешқашан қоспаңыз.

Балаға сауылған емшек сүтін беру

Philips AVENT бөтелкелерімен және сақтау шыны аяқтарымен балаңызға емшек сүтін бере аласыз:

1 Егер мұздатылған емшек сүтін пайдалансаңыз, оны ысытпастан бұрын толығымен ерітіңіз.

Ескертпе. Қауырт жағдайда, сүтті бір табақ ыстық суда ерітуге болады.

2 Ерітілген немесе салқындатылған емшек сүті бар бөтелкені немесе шыны аяқты ыстық су құйылған табақта немесе бөтелке жылытқышта ысытыңыз.

3 Бұранда сақинасы мен бекіту дискісін бөтелкеден алыңыз немесе сақтау шыны аяғынан қақпақты алыңыз.

4 Сақтау шыны аяғын пайдалансаңыз, адаптер сақинасын шыны аяққа бұраңыз.

5 Зарарсыздандырылған бұранда сақинасын зарарсыздандырылған емізікпен бөтелкеге немесе сақтау шыны аяғына адаптер сақинасымен бұраңыз.

Орындау қажет

Балаға берместен бұрын әрқашан сүттің температурасын тексеріңіз.

Емізуден кейін қалған сүт қалдығын әрқашан төгіп тастаңыз.

Орындауға болмайды

Сүтті ешқашан қысқа толқынды пеште ысытпаңыз, себебі бұл біркелкі ысытпай, сүтте ыстық бөліктердің болуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, ол сүттің құндылығын бұзуы мүмкін.

Тазалау және зарарсыздандыру

Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптер тазалау мен зарарсыздандыруды қажет етпейді, өйткені олар емшек сүтіне тимейді.

Бірінші рет пайдалану алдында, сүтті сору құралының барлық бөліктерін «Тазалау және зарарсыздандыру» тарауында сипатталғандай тазалап, зарарсыздандырыңыз. Әрбір қолданыстан соң, осы бөліктерді тазалап, келесі қолданыстан бұрын барлық бөліктерді зарарсыздандырыңыз.

Қауіпті. Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз.

1 Сүтті сору құралын толығымен бөлшектеңіз. Сондай-ақ, ақ клапанды алыңыз.

Ақ клапанды алғанда және оны тазалағанда абайлаңыз. Егер ол зақымдалса, сүтті сору құралы дұрыс жұмыс істемейді. Ақ клапанды алу үшін, клапанның шетіндегі резеңкелі құлақшаны жайлап тартыңыз.

2 Мотор, силикон түтік, қақпақ және адаптерден басқа бүкіл бөліктерді ыдыс жуу машинасында (жоғарғы сөреде ғана) немесе біраз жұмсақ жуу сұйықтығы қосылған ыстық суда тазалаңыз, содан кейін мұқият шайыңыз.

Клапанды тазалау үшін, оны біраз жуу сұйықтығы қосылған жылы суда саусақтарыңызбен сүртіңіз. Клапан ішіне заттар салмаңыз, себебі бұл зақым тудыруы мүмкін.

3 Сүтті сору құралының тазаланған бөліктерін Philips AVENT бу зарарсыздандырғышында немесе 5 минут бойы қайнату арқылы зарарсыздандырыңыз.

Моторды немесе адаптерді ешқашан суға немесе зарарсыздандырғышқа салмаңыз.

Қажет болса, моторды жұмсақ, құрғақ матамен сүртуге болады.

66 ҚАЗАҚША

Сақтау

Сүтті сору құралын күн сәулесі тікелей түсетін жерде сақтамаңыз, себебі күннің астында тым ұзақ тұрса, түсі өзгеруі мүмкін.

1 Сүтті сору құралы мен оның жабдықтарын қауіпсіз және құрғақ жерде сақтаңыз.

Үйлесімділік

Philips AVENT электр сүтті сору құралы ауқымдағы Philips AVENT бөтелкелерімен үйлесімді.

Біздің екі бөлікті ауруға қарсы жүйемен жабдықталған бөтелкелерімізді пайдаланғанда, сақинаны сүтті сору құралына жалғамастан бұрын оны әрқашан бөтелкенің үстіне салыңыз. Басқа Philips

AVENT бөтелкелерін пайдаланғанда, бөтелкемен берілген бірдей түрдегі емізікті пайдаланыңыз.

Емізікті құрастыру жолы және жалпы тазалау нұсқаулары үшін бөтелкемен берілген пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Бұл мәліметтерді біздің www.philips.com/support веб-торабымыздан да табуға болады.

Ауыстыру

Батареялар

Сүтті сору құралының (SCF332 ғана) қайта зарядталмайтын батареяларын тек төрт 1,5В AA батареясымен (немесе қайта зарядталатын болса, 1,2В) ауыстырыңыз.

Батареяларды ауыстыру туралы нұсқауларды «Пайдалануға дайындау» тарауынн қараңыз.

Қосалқы құралдарға тапсырыс беру

Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін, www.shop.philips.com/ service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне барыңыз. Сондай-ақ,еліңіздегі Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік парақшасынан қараңыз).

Өңдеу

Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/EU еуропалық директивасы арқылы қамтылатынын білдіреді (Cурет 13).

Өнімдегі бұл таңба өнімде 2006/66/EC еуропалық директивасы арқылы қамтылатын, қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайтын батареялар бар екенін білдіреді

(Cурет 14).

Электрлік және электрондық өнімдер мен батареяларға арналған жергілікті бөлек жинау жүйесі туралы ақпарат алыңыз. Жергілікті ережелерге жүгініңіз және өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Ескі өнімдер мен батареяларды дұрыс тастау қоршаған орта мен адам денсаулығы үшін болымсыз нәтижелерді болдырмауға көмектеседі.

Лақтыруға болатын батареяларды тастау

Бір рет пайдаланылатын батареяларды алу үшін «Пайдалануға дайындау» тарауын,

«Сүтті сору құралын құрастыру» бөлімін қараңыз.

ҚАЗАҚША 67

Кепілдік және қолдау

Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз.

Ақаулықтарды жою

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін проблемалар талқыланады. Проблема төменде берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз немесе www.philips.com/support веб-торабына кіріңіз.

Проблема

Сүтті сору құралын пайдаланғанда ауруды сезінемін.

Сүтті сору құралы шытынаған.

Сүтті сору құралы жұмыс істемейді және қосу/өшіру түймесі жыпылықтайды.

Ешқандай соруды сезінбеймін.

Силикон түтікті ауыстыру керек, бірақ оны алу әдісін білмеймін.

Шешімі

Сүтті сору құралын пайдалануды тоқтатып, емізу бойынша кеңесшімен ақылдасыңыз. Сүтті сору құралы емшектен оңайлықпен алынбаса, емшек пен массаж жастығының арасына немесе емшек пен сүтті сору құралының түтігі арасына саусақты кіргізу арқылы ауа кіргізу керек болуы мүмкін.

Жиі пайдаланған жағдайда, кейбір аз жарықтар қалыпты болып табылады және ешқандай проблема тудырмайды. Дегенмен, сүтті сору құралының бөлігі қатты шытынаса немесе жарылса, оны пайдалануды тоқтатып, Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз немесе қосымша бөлік алу үшін www.shop.philips.com/service веб-торабына кіріңіз. Тазалау заттары, зарарсыздандыру сұйықтығы, жұмсартылған су қосындылары және температура өзгерулері белгілі бір жағдайларда пластмассаның сынуына әкеледі. Пластмассаны зақымдайтындықтан, абразивті немесе бактерияға қарсы тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.

Алдымен сүтті сору құралын дұрыс жинағаныңызды және түтікте майысқан жерлер жоқ екенін тексеріңіз. Егер SCF332 жабдығы батареялардан жұмыс істеп жатса, батареяларды «Пайдалануға дайындау», 5-әрекеттегі нұсқауларға сай ауыстырыңыз. Егер SCF334 немесе SCF332 жабдығы қуат көзінен жұмыс істеп жатса, өніммен бірге берілген адаптер пайдаланылып жатқанын тексеріңіз. Егер мәселе қайталанса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.

«Пайдалануға дайындау» тарауындағы қадамдарды орындау арқылы сүтті сору құралын дұрыс жинағаныңызды тексеріңіз. Силикон түтік моторға, қақпаққа және диафрагмаға берік бекітілгенін тексеріңіз.

Түтікті алу үшін оны моторға жақын жерінен ұстап, айналдыра отырып тартыңыз. Түтікті қайта жалғау үшін түтікті мотордағы қосқышқа жайлап айналдырып отырғызыңыз. Оның берік бекітілгенін тексеріңіз.

68 ҚАЗАҚША

Электрондық сүт сорғышы

Өндіруді бақылаған “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”, Туссендиепен 4, 9206 АД,

Драхтен, Нидерланды

Жасап шығарушы зауыт: “Филипс Электроникс Ю-Кей Лтд.”, Лоуэр Роуд, Глемсфорд,

Садбери, Суффолк, CO1O 7КюЭс, Ұлыбритания.

Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: “Филипс” ЖШҚ, Ресей

Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111.

SCF334, SCF332: 50-60 Hz.

Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған.

Кепiлдiк бойынша қызмет көрсету жөніндегі сұрақтарға жауап алу үшін тауарды сатып алған жерге хабарласыңыз. Өнімнің жарамдылық мерзімі сатып алған күннен бастап 2 жыл. Барлық қосымша ақпаратты 8 75 11 65 01 23 телефонына қоңырау шалу арқылы Ақпарат орталығынан алуға болады (стационарлық телефон арқылы Қазақстан Республикасы аумағына қоңырау шалу тегін). По вопросам гарантийного обслуживания обратитесь по месту приобретения товара.

Срок службы изделия 1 год с даты продажи. Всю дополнительную информацию можно получить в Информационном центре по телефону 8 75 11 65 0123 (бесплатный звонок на территории РК со стационарных телефонов).

advertisement

Related manuals

advertisement